3
.2. Аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін жаза тағайындау
Аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық, сөз жоқ, аяқталған
қылмыстық іс
-
әрекеттен мүлде бөлек, соған сай, қылмыстық жауаптылықтың
шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде заң шығарушы және сот
тарапынан басқаша тұрғыдан қарауды талап етеді. Дегенмен, заң
шығарушының аталған институтқа қатысты көзқарасы барлық уақытта
бірдей болған емес.
Айталық, мәселен, 1845 жылғы
«
Қылмыстық және түзеу жазалары
туралы жинақ
»
аяқталмаған іс
-
әрекет кезінде міндетті түрде жазаны
жеңілдету қағидасын ұстанды және былай беп белгіледі:
«
Қылмыстық құқық
бұзушылық
жасауға оқталғаны үшін жаза, егер бұл оқталу сотталушының өз
ерік
-
жігерімен емес, басқа, оған қатысты емес мән
-
жайлардың салдарынан
тоқтатылса, мұндай оқталудың қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға
қаншалықты алыс
-
жақындығына орай, нақ сол жаза үшін белгіленген
жазаның шегінен екі, үш немесе төрт саты төмен мөлшерде анықталады
».
Аяқталған оқталу үшін «нақ сол қылмыстық құқық бұзушылық
үшін
белгіленген жазадан бір,
екі, немесе үш саты төмен жаза»
қарастырылды.
Одан кейінде, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң бастау алған біздің
тарихымыздың жаңа кезеңінде, біз мұндай қағидадан саналы түрде бас
тарттық. 1919 жылғы РСФСР Жетекші негіздері «жасалмақ қылмыстық
құқық бұзушылықты
жүзеге асу сатысы өзінен өзі қылмыскердің қауіптілік
дәрежесімен анықталатын қудалау шарасына ықпал етпейді»
деп атап
көрсете отырып, аяқталмаған қылмыстық
құқық бұзушылық
іс
-
әрекет үшін
жаза тағайындау проблемасына мүлдем басқаша, мейлінше субъективтік
көзқарасты бекітті.
1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексі жаза шарасын анықтау кезінде
«
оқталудан келген залалдардың жоқтығын немесе болымсыздығын»
есепке
алуды алдыға тарта отырып, аяқталмаған қылмыстық
құқық бұзушылық
іс
-
әрекет үшін жазаны жеңілдетудің факультативтік (мүмкін) қағидасын
қолданды.
90
1924 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық
заңнамаларының жалпы негіздері
«
қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған
адамның қауіптілік дәрежесін және қылмыстық
құқық бұзушылық
ниетті
жүзеге асыру дәрежесін ескерумен»
шектелді.
1926 жылғы РСФСР ҚК бұл тізімге «қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға оқталған немесе дайындалған адамның қауіптілік дәрежесі,
қылмыстық құқық бұзушылықтың
жан
-
жақты ойластырылуы және оның
зардаптарының орын алуының жақындығы, сондай
-
ақ қылмыстық
құқық
бұзушылық
аяғына дейін жасалмағанына себеп болған мән
-
жайларды»
қосып,
шамалы болсын кеңітті.
1960 жылғы РСФСР ҚК және ҚазССР ҚК 15
-
бабы
«
айыпкер жасаған
әрекеттің қауіптілік сипаты мен дәрежесін, қылмыстық
құқық бұзушылық
ниеттің жүзеге асу және соның себебінен қылмыстық құқық бұзушылықтың
ақырына дейін жетпеген мән
-
жайдың дәрежесін»
қылмыстық құқық
бұзушылық
жасауға дайындалғаны және оған оқталғаны үшін жаза тағайындау
кезінде міндетті түрде анықтауға жататын мән
-
жайлар ретінде атады.
Тек қылмыстық
-
құқықтық саясатты реформалау арқылы аяқталған және
аяқталмаған қылмысқа қылмыстық
-
құқықтық ықпал етуді салыстыра қарау
проблемасына мүлдем басқаша сипаттағы мүмкіндік алдық.
Мәселен, 1996 жылғы РСФСР Қылмыстық кодекстің
мұндай қылмыстық
құқық бұзушылықтың
бірдей жазаланушылығы қағидасын толықтай теріске
шығарды. Қазақстандық заң шығарушылар да осы бағытты ұстана отырып, ҚР
Қылмыстық кодекстің
56-
бабында қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға
дайындалғаны, оны жасауға оқталғаны және аяқталған іс
-
әрекет үшін
қылмыстық жазаның түрлі мөлшерін белгіледі.
Бір қарағанда, бұл барыстағы даулар осымен түгелсінгендей. Дегенмен заң
әдебиеттерінде аяқталған және аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін
көзделген қылмыстық жауаптылық пен жазаның арақатынасы проблемасын
түсінуге басқаша тұрғыдан келетін пікірлер де кездесіп қалады.
Мәселен, Н.П. Новоселов қылмыстық әрекеттің аяқталған немесе
аяқталмаған сатысына қатысты түрлі қарым
-
қатынастарды өзінше пайымдайды.
Оның ойынша, қылмыстық заң, «Бір қарағанда, кез келген аяқталмаған қылмыс
үшін жазаны міндетті түрде жеңілдетуді белгілейді. Дегенмен, ҚР Қылмыстық
кодексінің
түрлі диспозициялармен мазмұндалғанын әрдайым есте ұстау керек:
олардың бірі аяқталған қылмыстық
құқық бұзушылық
белгілерімен, екіншісі
-
аяқталмаған (оқталу немесе дайындалу) қылмыстық
құқық бұзушылық
белгілерімен болуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылықты
ақырына дейін
жеткізбеуге себеп болған мән
-
жайлар айыпкер адамның ерік
-
жігеріне қатысты
болмайды, сондықтан да оның
өзінің және жасаған әрекетінің салыстырмалы
түрдегі шамалы қоғамдық қауіптілігіне куәлікке жүре алмайды. Егер
қылмыстық құқық бұзушылықты
ақырына дейін жеткізуге кедергі болған
себептердің бірқатары жазаны міндетті түрде жеңілдетуге әкеліп соғатын болса,
онда оларды жеңілдететін мән
-
жайлардың тізіміне енгізу қажет»
(81).
Одан әрі ол былай деп жазады:
«
Ақыр соңында, аталған қағиданың
бекітілгендігі туралы тұжырымды заңда белгіленген, қылмыстық құқық
бұзушылыққа
дайындалғаны және оқталғаны үшін тағайындалатын жаза
мерзімі немесе мөлшері Ерекше бөлімнің тиісті бабында көзделген жазаның ең
жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің тиісінше жартысынан және төрттен
91
бірінен аспауы керек»
-
деген ережемен байланыстырудың ешқандай негізі жоқ.
Заңды нақты, сөзбе
-
сөз түсінетін болсақ, бұл ереже сотқа тек жазаның
қылмыстық
-
құқықтық санкциялармен көзделген бірқатар шараларын белгілеуге
тыйым салатындығын, бірақ
түпкілікті, типтік шараның ауырлығына ешқандай
ықпал етпейтіндігін көреміз. Мәселені мұндай жүйемен реттеу кезінде,
дұрысында, сөз жеңілдетілген жаза тағайындау туралы емес, ал қылмыстық
заңның санкциясында белгіленген бірқатар шараларды таңдауға тыйым салу
туралы болуы керек.
Жазаны жеңілдетудің міндеттілігі немесе факультативтігі қағидасы туралы
мәселені бұл жағдайда жоғарыда аталған ереженің үдесінен шыға отырып емес,
жеңілдететін мән
-
жайлар тізімінің мазмұны тұрғысынан келе отырып шешу
керек. Соңғысы ашық сипатты болуына байланысты, әлбетте, соттың
қылмыстық
құқық бұзушылықтың
аяқталмағандығын жеңілдететін мән
-
жай
ретінде тану құқығын жоққа шығармайды. Бірақ мәселенің мәнісі сот солай
істеуге құқылы ма, жоқ па екендігінде емес, неліктен заң шығарушы
қылмыстық
құқық бұзушылықтың
аяқталмағанын жазаны жеңілдету үшін негіз
деп тану қажет деп ескермегенінде. Келтірілген тізімнің ашықтығы онда
аталған мән
-
жайларды, жоғарыда айтылып кеткендей, сот жеңілдететін мән
-
жай ретінде танымауы мүмкін дегенді мүлдем білдірмейді. Оның үстіне бұл заң
шығарушының жазаны жеңілдетудің сот тәжірибесі бетпе
-
бет келетін немесе
болашақта соқтығысуы
мүмкін барлық негіздерін есепке ала алмайтындығына
да куәлікке жүрмейді. Мән
-
жайлардың тізіміне енгізу немесе енгізбеу себептері
көп ретте басқа мән
-
маңызға ие: әрбір қылмыстық іс бойынша жеңілдетуші
рөлін атқаратын мән
-
жайлар, оның нақтылы мазмұнына қарамастан, заңда
арнайы белгілеуге жатады; ал барлық реттерде жазаға ықпал ете бермейтін мән
-
жайларды алдымен құқық қолданушы бағалайды, тек содан кейін, қажет болса,
жазаны жеке даралау кезінде ескеріледі. Қалай
дегенде де аяқталмаған
қылмысқтық құқық бұзушылыққа
қатысты: егер ол сөзсіз, жазаны жеңілдету
үшін міндетті негіз болса, онда заң шығарушы аталған мән
-
жайды тізімде
көрсеткен немесе көрсетуге тиіс болатын. Ал бұл мәміле жүзеге асырылмауы
себепті, мынадай қорытынды сұранып тұр: РФ
-
ның қолданыстағы ҚР
Қылмыстық кодексіне
сәйкес аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін
жаза тағайындау факультативтік қағидасы негізінде жүзеге асырылады
» (82).
Анығында, аяқталмаған қылмыстық
құқық
бұзушылық
әрекет аяқталған
әрекеттен, сөз жоқ, екі өзіндік ерекшелігімен бөлектенеді:
біріншіден, басталған істің айыпкерге қатысты емес себептермен
аяқталмай қалуы және
екіншіден, қол сұғушының қылмыстық
-
құқықтық
норманың диспозициясында белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуы.
Көріп отырғанымыздай, қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің
қоғамдық қауіптілігі одан келетін зиянмен сипатталады. Зияндар келтірілген
немесе болашақта келтірілуі мүмкін зардаптармен көрініс табады. Дау жоқ,
нақтылы жағдайға қарағанда болуы мүмкін зардап барынша болымсыз,
сондықтан да аяқталмаған құқыққа қайшы мінез
-
қылық аяқталған істен
әлдеқайда қауіпсіз. Осыған орай әрекеттің жазаланушылығы пиғылниеттің
жүзеге асуы дәрежесіне қатысты болып келеді.
Адамның жеке басының қоғамдық қауіптілігі оның пиғылымен, оның
кінәсімен, яғни жасалушы әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) қатысты саналы
қарым
-
қатынасымен және мүмкін болатын немесе орын алған зардаптармен
92
анықталады. Біздің ойымызша, бұл мәмілелер аяқталған немесе аяқталмаған
қылмыстық құқық бұзушылықтар
кезінде, құрамның объективтік жағына
субъективтік ерекшеліктер емес, сыртқы, айыпкерге тіпті де тәуелді емес
объективтік мән
-
жайлар ықпал ететіні себепті, бұлжымас қағида болып
табылады. Қоғам үшін айыпты адамның ниет
-
пиғылы, оның қарым
-
қабілеті,
құқыққа қайшы әрекет жасауға даярлығы
-
бәрі
-
бәрі қауіпті. Ал олар
әрекеттің (әрекетсіздіктің) басталу сәтінде, қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға дайындалу және оқталу кезінде жүзеге асырылады.
Осы айтылғандарға қатысты ой қорыта келіп, қылмыстық заңда кез
келген аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін жазаны міндетті
түрде жеңілдету қағидасы бекітілген деп білеміз.
Мұны қасақана және абайсызда жасалған қылмыстық құқық
бұзушылықтарға
қатысты түрлі көзқарастардан да байқауға болады.
Бесенеден белгілі, қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің аяқталмаған
сатысы ұғымы қасақана қылмыстық құқық бұзушылыққа
қатысты
қолданылады. Құқыққа қайшы зардаптары жоқ абайсыз әрекеттер
қылмыстық болып табылмайды. Дайындалу немесе оқталу бұл жерде мүмкін
емес. Соған сай аяқталмаған, абайсызда жасалған әрекет қылмыстық деп
танылмайды.
Заң бойынша жанама ниетпен дайындалу немесе оқталу да мүмкін емес.
Айыпкердің тікелей ниеті тек толықтай, жартылай жүзеге асырылуы немесе
мүлдем іске аспауы мүмкін. Егер қылмыстық
-
құқықтық норманың
диспозициясында белгіленген қылмыстық құқық бұзушылық нәтижеге қол
жеткен болса, онда адамның іс
-
әрекеті аяқталған қылмыстық құқық
бұзушылық
ретінде дәрежеленеді. Ал оған қатысты емес себептермен
қылмыстық құқық бұзушылықтың
объективтік жағының қажетті элементтері
болмаса, онда аяқталмаған қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекет деп
танылады. Мұндай жағдайларда заң шығарушы ҚР Қылмыстық кодексінің
24-
бабына (қылмыстық құқық бұзушылыққа
дайындалу және қылмыстық
құқық бұзушылықты
жасауға оқталу) қосымша сілтеме жасауды талап етеді.
Бұл дегеніңіз құқықтық норма құрылымында көрініс тапқан қылмыстық
мінез
-
құлық белгілерін құқық бұзушы толықтай жүзеге асырмаған, соған
сәйкес соттан оның айыптылығын белгілеу және қылмыстық жауаптылық
шарасын анықтау туралы мәселені шешкен кезде осыған айрықша назар
аудару талап етіледі. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміне сілтеме жасау
қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған құрамына қолданылатын қатардағы
ережелерден ауытқуды білдіреді. Айталық, жоғарыда аталған бапқа сәйкес
аяқталмаған іс
-
әрекеттердің бірқатар түрлері қылмыстық емес деп танылады.
Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылыққа
дайындалу және кішігірім ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылыққа
оқталу үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осыдан
-
ақ заң
шығарушының қасақана қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің түрлі даму
сатыларына көзқарасы қандай екені көрінеді.
Кез келген аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін жазаны
міндетті түрде жеңілдету қағидасы, сондай
-
ақ қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасауға дайындалғаны үшін және қылмыстық құқық
бұзушылық
жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас
бостандығынан айыруды қолдануға тыйым салатын (ҚР Қылмыстық
93
кодексінің
56-
б
. 4-
б.) нормаларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар, заңда
жаза мөлшерлері белгіленген. Айталық, қылмыстық құқық бұзушылыққа
дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінде аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін тиісті бапта
көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе
мөлшерінің жартысынан аспауы керек. Қылмыстық құқық бұзушылыққа
оқталғаны үшін
жазаның мерзімі мен мөлшері Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті бапта аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін
көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе
мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек.
Заңның бұл
бұлжымас қағидасы кей кезде соттар тарапынан бұзылып
отырады. Мәселен, ҚР Қылмыстық кодексінің
24-
б
. 3-
б. және 9
9-
б
. 2-
б
. «8»
тармағы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға сотталған Ивановқа
жаза тағайындау кезінде Астана қалалық соты Қазақстан Республикасы ҚР
Қылмыстық кодексінің
56-
бабының қылмыстық құқық бұзушылыққа
оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері аяқталған қылмыстық құқық
бұзушылық
үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең
жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керектігі
жөніндегі талабын ескермеген. Кәмелетке толмаған адамның ауырлататын
мән
-
жайларда кісі өлтіргені үшін тағайындалуы мүмкін ең жоғары жаза
мөлшері 12 жыл, соған сәйкес Ивановқа 9 жылдан артық бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалуы мүмкін емес болатын
(83).
Г.П.
Новоселовтың аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық
жазаны
жеңілдету үшін міндетті негіз болып табылатын мән
-
жайлар тізіміне енгізбеу
олардың қолданылу кезіндегі факультативтігін білдіреді деген тұжырымы,
біздің ойымызша, қате
пікір болып табылады. Анығында, қылмыстық құқық
бұзушылықтың аяқталмауы ҚР Қылмыстық кодексінің
53-
бабында арнаулы
жеңілдететін мән
-
жай ретінде заң шығарушы оны сондай деп
есептемейтіндігінен емес, заң шығарушы оны жеке нормада есепке алып
және жауаптылықты жеңілдетеді не мүлдем жоятындығы себепті
қарастырылмайды. Сыртқы факторлардың әсерінен болған айыпкердің
әрекетінің аяқсыздығы, оның ниетінің толықтай жүзеге аспауы біліктілік
дәрежелерімен ескерілген, атап айтқанда, жасанды және қысқартылған
құрамдарда
заңдылық құрылымдармен, ал материалдық құрамдарда
-
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі нормаларына қосымша сілтеме жасау
қажеттігімен айшықталған. Жеңілдетуші мән
-
жайға қосымша сілтеме жасау
таптауырындылыққа, бұрынырықта танылғанды екінші рет есепке алуға
әкеліп соққан болар еді.
Аяқталған және аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар
кезінде
құрамның объективтік жақтан басқа барлық элементтері сәйкес келеді.
Олардың арасындағы айырмашылық қол сұғушының дайындалу және оқталу
кезіндегі ой
-
жоспарының жүзеге асырылуының жетімсіздігінен көрінеді.
Оның әрекеті (әрекетсіздігі) қаншалықты нақтылы болса, соншалықты
аяқталған құрамға жақын, соған сай, қауіптірек және сондықтан да барынша
жазалануға жатады. Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты
ақырына
дейін жеткізе алмау себебі біреу ғана болуы мүмкін
-
айыпкердің ерік
-
жігерінен тыс мән
-
жайлар. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылықты өз
еркімен тоқтатса, онда нақтылы зиянның болмауы жағдайында ол қылмыстан
94
өз еркімен бас тартуы себепті қылмыстық
жауаптылыққа
тартылмайды.
Жүзеге аспаған мінез
-
қылық жазалануы мүмкін емес. Қылмыстық
нәтижеге қол жеткізуге деген жалаң ұмтылыс жауапқа тарту үшін жеткілікті
емес. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік
жағының бір бөлігін құрайтын белгілі бір қадамдарға баруы,
нақтылы
әрекеттер жасауы қажет. Егер осы іс
-
әрекеттердің маңызы шамалы және
қоғамдық қауіптілігі төмен, құқыққа қайшы зардаптардың орын алуынан
әлдеқайда алыс болса, олардың қылмыстық заңмен қудалануы мүмкін емес.
Құқық бұл жөнінде қоғамдық қатынастарды дәлелденуі мүмкін емес
жорамалдар, күдік
-
күмәндардан емес, нақтылы қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғауға тиіс.
Біздің ойымызша, адамның ниеті мен оның құқыққа қайшы мінез
-
қылықтарының жазаланушылығын шектеу негізінде нақ осы іске
асырылмақшы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) қауіптілігінің нақтылығы
жағдайы жатыр. Қылмыстық
құқық бұзушылық
ниетті ақырына дейін
жеткізудің мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, олардың қоғамдық қауіптілік
дәрежесі де соғұрлым үлкен болады, соған сай, қылмыстық жауаптылықты
күшейтуді талап етеді. Осыдан келіп, қылмыстық құқық бұзушылық
дайындалу қылмысқа оқталуға қарағанда мейлінше жеңіл жазаланады.
Қорғалушы объектіге қол сұғушы адамның іске асырмақшы болған зиянды
зардаптарының орын алуының мүмкіндігі нақтылы қандай зардаптар орын
алуы мүмкіндігіне қарамастан елеулі маңызға ие. Мәселен, егер адам
уландырушы заттарды қолдана отырып кісі өлтіргісі келіп, бірақ ойға алған
мақсатына улы затты таңдауда қате жібергені себепті жете алмаса, ол бәрібір
басқа адамның өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
Бұл жағдайда адам өзінің қылмыстық
құқық бұзушылық
пиғыл
-
ниетін
жүзеге асыруға талап қылғаны үшін айыпты, және бұл талап қылмыстық
-
жазаланушы зиян келтіруге саналы түрде, нақтылы қауіп төндіру ретінде
қарастырылады. Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген аяқталмаған
қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің заңдық ерекшеліктерін талдау
негізінде А.В. Наумов пен Дж.
Флетчердің «Қазіргі заманғы қылмыстық
құқықтың негізгі концепцияларында»
аталатын оқталудың екі
-
объективтік
және субъективтік теориясы бірдей бас біріктіріп отыр
(84).
Бір жағынан, дайындалу немесе оқталу адамның қылмыстық нәтижеге
жетуге ұмтылысын білдіретіндігі (ерекше белсенді әрекетінен немесе
тұрақты әрекетсіздігінен көрініс тапқан) себепті жазалауға жатады. Екінші
жағынан, іс
-
әрекетпен жүзеге асырылған, айыпкердің қылмыстық құқық
бұзушылық ниетінің нәтижесінде олар қылмыстық болып танылады. Бұл
орайда
Н.Ф.
Кузнецова мен У.С
.
Жекебаев алдыға тартып отырған қылмыстық
құқық бұзушылықтың
аяқталу сәтінің
«
аралас
»
теориясы біздің көңілімізге
көбірек қонады
(85).
Қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің сатыларын анықтау, демек
қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының аяқталған және аяқталмаған
құрамын шектеуге олардың заңдылық құрылымдарын жүзеге асыру дәрежесі
негіз болды. Қылмыстық құқық дәстүрлі түрде мұндай үш сатыны
ерекшелейді
–
қылмыстық құқық бұзушылықты
жасауға дайындалу, оқталу
95
және аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа
дайындалу деп тікелей ниетпен:
-
іздену;
-
қылмыстық құқық бұзушылық
құралдары немесе қаруларын дайындау
немесе бейімдеп жасау;
-
қылмыстық құқық бұзушылыққа қоса қатысушыларды іздестіру;
-
қылмыстық құқық бұзушылыққа
жасауға сөз байласу не
;
-
қылмыстық құқық бұзушылыққа
жасау үшін басқа да қасақана
жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыстық құқық бұзушылықтар
адамның еркіне байланысты емес мән
-
жайлар бойынша ақырына дейін
жеткізілмесе, жасалған әрекеттер танылады.
Тікелей қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға тура бағытталған
ниетпен жасалған іс
-
әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға
байланысты емес мән
-
жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе,
қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға оқталу болып танылады.
Егер адам жасаған әрекетте қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық
құқық бұзушылық
құрамының барлық белгілері болса, қылмыстық құқық
бұзушылық аяқталған деп танылады.
Бірқатар ғалымдар, мәселен, А.А.
Пионтковский, сонымен бірге
төртінші сатыны алға тартады
-
қасақана ниетті ұстап алу сатысы, яғни
«
адамның қылмыстық құқық бұзушылық
жасау жөніндегі ауызша, жазбаша
немесе басқа
да жолмен белгілі болып қалған ниетін анықтау
» (86)
. Мысал
үшін олар көп ретте ҚР Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөлімі бабының
диспозициясында кісі өлтіруге, дене жарақатын салуға немесе бөтеннің
мүлкін жоюға қауіп төндіру
үшін жауаптылыққа тартылатыны жөнінде
айтылатын жағдайларға сілтеме жасайды. Дегенмен, біздің ойымызша,
жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы, шындығында, аяқталған
қылмыстық
құқық бұзушылық
іс
-
әрекеттің әр басқа түрлерін қылмыстық
-
құқықтық дәрежелеуді білдіреді.
Б.А.
Куринов әділ атап өткендей:
«
Кез келген зиянды зардаптар келтіру
қауіпі қылмыстық құқық бұзушылық
жасау ниетін сыртқа білдіру болып қана
табылмайды, анығында бұл
нақтылы қылмыстық құқық бұзушылық іс
-
әрекет, айыпкердің белгілі бір қылмыстық
құқық бұзушылық
мақсатқа жету
үшін, мәселен бөтеннің мүлкін алу, лауазымды тұлғаның қызметін өзгертуге
қол жеткізу үшін, т.б., пайдаланатын өзіндік қоғамдық
-
қауіпті тәсілі
» (87).
Осыған байланысты Н.
К.
Семерневаның жасаған ескертпесі де негізді
көрінеді:
«
мұндай талаптар
заңсыздықтардың тууына, атап айтқанда,
«
арам
пиғыл, бөтен ойы
»
үшін де қылмыстық жауаптылық белгілеудің орын алуына
себеп болды
» (88).
Сөз жоқ, қылмыстық ойниетті қылмыстық әрекетке дайындалу сатысы
ретінде әшкерелеу адамның мінез
-
құлығы түрлерін дәрежелеу саласын
жосықсыз кеңейтуге әкеліп соғады, ол өз кезегінде, жалпы алғанда, қоғамдық
қатынастарды демократияландыруға ықпал етпейді.
Біздің ойымызша, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
материалдық,
болымсыз
және
қысқартылған
құрамдары
құрылымындағы
айырмашылықтардың да ара жігін ашып алған абзал. Өйткені, заң шығарушы
бірқатар қылмыстық
-
құқыққа қайшы әрекеттердің аяқталу сәтін әрқилы
анықтайды. Айталық, материалдық құрамдар құқықтық норманың
96
диспозициясында белгіленген қылмыстық нәтижеге қол жеткізуді талап
етеді, ал болымсыз құрам заңда белгіленген әрекетті, оның зардаптарының
орын алған
-
алмағанына қарамастан, жасау жеткілікті деп біледі.
Қысқартылған құрамдар объективтік жақтың бір бөлігі орындалған кездің
өзінде аяқталған құрылым болып есептеледі. Бұл ретте айыпкердің нормада
көрсетілген барлық әрекеттерді жасауы міндетті емес. Осыдан көріп
отырғанымыздай, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттің аяқталу сәті
келтірілген құрамдарда сәйкес келмейді.
Қысқартылған
құрамдарда
қылмыстық
-
құқықтық
нормалар
диспозициясында келтірілген кез келген іс
-
әрекетті (әрекетсіздікті) орындау
айыпкер адамның қылмыстық құқық бұзушылығына аяқталған сипат береді,
содан келіп заң бойынша қажетті талаптар толықтай орындалуы себепті
оқталу мүмкін емес. Айта кету керек, қысқартылған
құрамдар бойынша
қылмыстық
құқық бұзушылықтың
аяқталу сәті дайындалу сатысына
көшірілуі себепті кез келген алдын ала қылмыстық әрекеттің орын алуы да
мүмкін емес. Мәселен, қарулы бандылар тобын ұйымдастыру сол
ұйымдасқан әрекеттер сәтіне аяқталған болып есептеледі. Сондықтан да
қылмыстық жауаптылық басталады, соған сай, ҚР Қылмыстық кодексінің 24
-
бабына сілтеме жасамай
-
ақ жаза тағайындалады.
Теория жүзінде болымсыз құрамдар бойынша оқталу мүмкін, дегенмен,
тек қылмыстық объективтік жағының басым және маңызды бөлігін қылмыс
субъектісі орындамаған жағдайда. Тәжірибеде негізінен оқталу және аяқталу
сәті мұндай құрамдарда сәйкес келеді және тепетең жауаптылық пен жазаға
әкеліп соғады.
Алдын ала дайындалу және оқталу түріндегі қылмыстық іс
-
әрекет
материалдық құрамы бар қылмыстар арасында кең тараған. Сондай
-
ақ
болымсыз құрамдар бойынша дайындалу үшін жауаптылық басталуы да
мүмкін.
Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу үшін соттаған кезде
жазаны жеке даралауға қандай мән
-
жайлар ықпал етеді. Бұл жерде мән
-
жайлардың екі тобын ерекшелеуге болады
-
объективтік және субъективтік.
Объективтік мән
-
жайларға біз мыналарды жатқызамыз:
1.
қол сұғушының іс
-
әрекетіне орай орын алуы мүкін қылмыстық нәтиже;
2.
қылмыстық
құқық бұзушылық
мақсатқа жетудің жақындығы;
3.
айыпкер адамның қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға дайындығы
-
ның дәрежесі;
4.
қылмыстық
құқық бұзушылықтың
ақырына дейін жеткізілмеуіне себеп
болған жағдайлар.
Субъективтік мән
-
жайларға мыналарды жатқызуға болады:
1.
айыпкер адамның қылмыстық құқық бұзушылық нәтижеге жетуге
ұмтылысының дәрежесі;
2.
себеп
-
салдарлар мен мақсаттың мазмұны.
Қол сұғушының іс
-
әрекетіне орай орын алуы мүмкін қылмыстық нәтиже
қылмыстық дәрежесін және соған сәйкес қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен
дәрежесін, қылмыстық жауаптылық пен жазаланушылықтың көлемін
анықтайды. Оқталу жартылай мақсатына жеткен жағдайларда нақтылы
келтірілген зиянның дәрежесі маңызға ие болады. Мұнда
-
келтірілген зиян
неғұрлым аз болса, жаза да солғұрлым жеңіл.
97
Қылмыстық
құқық бұзушылық
мақсатқа жетудің жақындығы да, біздің
ойымызша, жаза тағайындау туралы мәселеге өзінше ықпал етеді. Мұндай
ой
-
тұжырымды кезінде М.Д.
Шаргородский де қуаттаған, ол:
«
айыпкер
адамның әрекеті қылмыстық нәтижеге жетуге неғұрлым жақын болса, жаза
шарасы да соғұрлым жоғары болуға тиіс. Қылмысқа дайындалу оқталуға
қарағанда жазаның жеңіл түрімен, ал аяқталған қылмыс үшін тіпті жеңіл
түрімен жазалануы тиіс
», -
деп жазған болатын
(89)
. Дегенмен, осы пікірді
сынға алатын басқа да позиция бар. Мәселен Н.Ф.
Кузнецова былай деп
жазады:
«
Қылмысқа дайындалу және оқталудың қоғамдық қауіптілігін, соған
сай осы әрекеттер үшін жазалар сипатын тек олардың қылмыстық нәтижеге
жақындығына байланысты анықтау, қылмыстық нәтиженің оқталу және
дайындалу кезінде болмауын кінәні жеңілдететін мән
-
жай ретінде есептеу
сияқты, тіпті де дұрыс емес. Оқталу және дайындалу кезінде қылмыстық
нәтиже адамға қатысты емес мән
-
жайлардың әсерінен басталмайды. Соған
сай, субъект нәтижеге өз еркінен тыс жақын немесе алыс болады. Егер
субъект өзінің тәжірибесіздігінен немесе шешімсіздігінен қылмыстық нәтиже
сатысынан алыс болып шығатын болса, онда қылмыстық нәтиженің алыс
-
жақындығы емес, нақ осы мән
-
жайлар жеңілдететін мән
-
жайлар болып
танылады. Сондықтан да егер адам дайындалу сатысында тұрып және оған
кедергі болуы себепті орындау сатысына өте алмаса, онда барлық мән
-
жайларды қосып есептегенде мұндай адам қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекетінің орындау сатысында жолы кесілген адамға қарағанда неғұрлым
қауіпсіз болып табылады деп біржақты тұжырымдау да дұрыс
емес
» (90).
Біз, дегенмен, бұл жерде сөз жеке адамның (субъектінің) қауіптілігі
емес, әрекеттің қауіптілігі турасында болып отыр деп білеміз. Аяқталған
қылмыстық құқық бұзушылық
жағдайында ол, қол сұғушылық
нәтижелерінде айырмашылық болуы себепті, барынша қауіпті. Тек
қылмыскердің жеке басы ғана емес, сондай
-
ақ оның құқыққа қайшы қылығы
да қауіпті, сондықтан да, қорытынды нәтиже, сөз жоқ, аяқталған қылмыстық
құқық бұзушылық
үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктері және оның
дайындық сатысын анықтайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
ақырына дейін жеткізбеудің себептері
жарамсыз құрал
-
жабдықтармен немесе жарамсыз объектіге қол сұғушылық
болуы мүмкін. Мәселен, адам қолданып отырған құрал
-
жабдықтары қорғау
объектісіне зиян келтіру үшін жеткілікті деп ойлап, бірақ құралды
таңдаудағы қателігі себепті ол жарамсыз болып шығып, зиян орын алмайды.
Немесе қол сұғушылық объектісінің орнына қорғалмайтын объект
айыпкердің
«
жемі
»
болып шығады. Мұндай жағдайларда жаза қолдану
мүмкіндігі туралы шешімді сот өз алдына жеке қабылдайды.
Жазаға ықпал етуші субъективтік мән
-
жайлар
-
айыпкердің қылмыстық
нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс дәрежесі және себеп
-
салдарлар мен
мақсаттың мазмұнын да сот жауаптылық шарасын
анықтаған кезде ескереді.
Жоғарыда айтылған ой
-
пікірлерді қорыта келіп, сөзіміз тұжырымды
болуы үшін сот тәжірибесінен алынған төмендегі нақтылы мысалды келтіре
кетсек пе дейміз. Бұл іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
98
қадағалау алқасында арнайы қаралған.
Б.Жұбатыров (бұрын бірнеше рет сотталған) ҚР ҚК
-
нің 24
-
бабы 3
-
бөлігі
арқылы 120
-
баптың 3
-
бөлігінің
«3»
тармағымен он жылға бас бостандығынан
айыруға, жазаны түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге сотталған.
Жаза мерзімі 1997 жылдың 31 шілдесінен
бастап есептелген.
Аталған сот қаулылары 2000 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының қылмыстық істер қарайтын сот алқасының қаулысымен
өзгертіліп, Жұбатыровқа тағайындалған колония түрі қатаң режиміне
ауыстырылған. Сотталған Жұбатыров қадағалау арызында сот үкімімен
келіспей, қылмыстық құқық бұзушылық жасамағандығын, жәбірленушінің
үйіне стакан сұрау үшін кіргенін, жәбірленуші жала жауып отырғанын
көрсетіп, істің ақ
-
қарасын шешуді сұраған.
Сот қаулылары мына төмендегі негіздерге сай өзгертілуге жатады:
Сотталған Жұбатыровтың қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттері,
яғни өте жас қызды зорлауға оқталғаны сот барысында толық анықталып, өз
дәлелін тапқан.
Сотта сұралған жәбірленуші А. болған оқиғаны бекіте келіп, үйге келген
Жұбатыров, бірден мойнынан қылқындырып, айғайлаған кезде аузын басып,
футболкасын көтеріп, ішкиімін шеше бастаған. Екеуі алысып жатқанда
шешесі кіріп келіп ажыратып алған. Бұл жауапты қыздың шешесі толық
бекітіп, қызын құтқарғанын көрсеткен.
Сот
-
дәрігерлік куәландыру қорытындысы бойынша А.
-
ның денесінде,
яғни мойын тұсында, мұрын үстінде дақтар барлығы расталған.
Жұбатыровтың пиғылында мас күйінде өте жас қызды зорлау ойы
болғанын нақты жасаған әрекеттері бекітеді.
Бұл
тұрғыда оның қылмыстық құқық бұзушылық материалдық заңмен
дұрыс
дәрежеленген.
Жәбірленуші қыз немесе оның шешесі жала жауып тұр дейтін деректер
іс бойынша жоқ. Көрісінше, олардың жауаптары біркелкі, іс материалына,
басқа да деректерге қайшы келмейді.
Сонымен қатар, қадағалау алқасы сотталған Жұбатыровқа
тағайындалған жаза шамадан тыс қатал, ҚР Қылмыстық кодексінің
52-
бабында көрсетілген талаптарға сай емес деген пікірге келді. Себебі,
қылмыстық құқық бұзушылық
ақырына дейін жеткізілмей, ауыр зардаптарға
соқтырмаған.
Сондықтан, оған жазаны заңда көрсетілген төменгі
мөлшер
көлемінде тағайындауға болады деп есептейді (Қазақстан Республикасы ҚК
-
нің 16.07.1997 жылғы редакциясында).
Айтылғандардың негізінде және ҚПК
-
нің 494
-
бабының 6
-
бөлігінің 2
-
тармағын басшылыққа алған қадағалау алқасы
Жалағаш аудандық сотының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы үкімі, Қызылорда
облыстық сотының қылмыстық істер қарайтын сот алқасының 1999 жылғы 2
ақпандағы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық
істер қарайтын сот алқасының 2000 жылғы 11 қазандағы сотталған Б.
Жұбатыров жөніндегі қаулыларына өзгертулер енгізіп, оған
ҚР Қылмыстық
кодексінің
24-
бабы 3
-
бөлігі арқылы ҚР Қылмыстық кодексінің 120
-
бабы 3
-
бөлігімен тағайындалған жазаны жеті жылға дейін төмендетті.
|