ерекше мән
-
жайлардың болуын
атайды, ерекше
мән
-
жайлар деп жасалған қылмыстық құқыққа қарсы әрекеттердің қоғамдық
қауіптілігін елеулі түрде төмендететін мән
-
жайлар ұғынылады. Мұндай мән
-
жайлар әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, айыпкердің рөліне, оның
қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасау кезіндегі немесе одан кейінгі
мінез
-
құлқына, сондай
-
ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған
қылмыстық құқық бұзушылықтарды
ашуға белсене жәрдемдесуіне
байланысты болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің
баптары
диспозицияларынан көрініп тұрғандай, ерекше деп танылатын мән
-
жайлар
тізімі тұйықталған болып табылмайды. Жазаны жеңілдететін жекелеген мән
-
жайлар да, сондай мән
-
жайлар жиынтығы да ерекше мән
-
жай деп танылуы
мүмкін.
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының 2000 жылғы 24
мамырдағы үкімімен А.
Майкубеков және А.
Глазырин ҚР Қылмыстық
кодексінің
192-6. 2-
б
. «1, 4»
тармақтары бойынша қылмыстық жауапқа
тартылған. Істің фабуласы бойынша 2000
жылғы 15 қаңтарда 18 сағат
шамасында Майкубеков бірнеше рет, Глазыринмен алдын ала жасалған
келісім бойынша шабуыл жасау жолымен азаматша Рудакованың жалпы
сомасы 22435 теңге тұратын зат мүліктерін тонап алған. Жәбірленушінің
денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтірген.
84
Сотталушы Майкубеков пен Глазыринге жаза шарасын тағайындау
кезінде сот барлық мән
-
жайлардың жиынтығын ескерді.
Осы ретте сот алқасы Глазыринге 1
92-
б
. 2-
б
санкциясында белгіленген
ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауды негізді деп есептейді. Өйткені,
Глазырин қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған сәтке кәмелетке толмаған,
бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, оның қылмыстық құқық
бұзушылық
жасау кезіндегі рөлі іс
-
әрекеттің қоғамдық қауіптілігін барынша
төмендеткен. Соған сәйкес осы аталған мән
-
жайлардың барлығы
жиынтығында ерекше мән
-
жайлар және ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабын
қолдану үшін негіз болып табылады.
Жалпы алғанда аталған жеңілдететін мән
-
жайлардың кез келгені ерекше
деп танылуы мүмкін. Олардан басқа сот ерекше мән
-
жайлар ретінде басқа да
жеңілдететін факторларды тануға хақылы, мәселен, тараптардың
татуласуы,
ержүректік іс
-
қимылдарға бару, басқа біреулердің өмірін сақтап қалу, т.б.
Осыған байланысты
«
ерекше мән
-
жайлар
»
ұғымының мазмұны туралы
мәселені жан
-
жақты анықтап алудың маңызы үлкен. Оның үстіне, ғылымда
бұл
анықтама әр түрлі түрғыда түсіндіріледі. Мысалы, Б.
Коробейников пен
М.
Орлов
«
Ең төменгі шектен төмен жаза тағайындау
кезінде соттар заңда
көзделген жай, қатардағы жеңілдететін мән
-
жайларға емес, тек ерекше мән
-
жайларға сілтеме жасауға тиіс
» -
деп есептейді
(75).
В.Я.
Таций ерекше мән
-
жайларды
«
Жеңілдететін мән
-
жайлармен
жиынтықта жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің
салыстырмалы түрде онша үлкен емес дәрежесі (қылмыстық іс
-
әрекеттің
нақтылы түрі үшін сәйкес келмейтін) жөнінде анықталған нақтылы
мәліметтер (істің нақтылы мән
-
жайы)
»
деп анықтайды
(76).
Біздің ойымызша, кез келген жеңілдететін мән
-
жай ерекше болып
табылмайды, бірақ кез келген ерекше жағдай, сөз жоқ жауаптылықты
жеңілдетеді, өйткені олар ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабын қолдану үшін
негіз болады. Ерекшелік жағдайы қатардағы, жай оқиғаларға ұқсас емес етіп
көрсететін мысалдармен сипатталады. Қалыптан тыс, дәстүрлі емес
көріністер оның ерекшелік мәртебесін анықтайды.
Тек қоғамдық қауіптілік қана қылмыстық залал келтіру дәрежесін
анықтайды және заң шығарушы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі
бабының санкциясында өзінің оған деген көзқарасын білдіреді. Дегенмен заң
шығарушының есебі ортақ үлгідегі, қатардағы жай оқиғаларға орай
құрылады, айыпты адамның жеке басы мен оның әрекетінің ерекшеліктерін
ескермейді. Басқа жағдайда бұл
заңды жалпыламалыққа әкеліп үрындырып,
бәрібір нақтылы нәтижелер бермеген болар еді, тіпті керісінше
-
соттардың
шешім шығарған кездегі дербестігіне қол байлау болар еді. Сондықтан да ҚР
Қылмыстық кодекстің
55-
бабының диспозициясы соттарға нақтылы құқық
бұзушылардың қылмыстық жауаптылығы туралы ереже нормаларынан кез
келген ауытқуға еркін баруға мүмкіндік береді. Сот нақтылы істі оның
өзіндік ерекшеліктерімен қарастыра отырып, ішкі сенім негізінде, заң және
арұжданды басшылыққа ала отырып, оқиғаның қалыпқа сайлығын (қалыптан
тыстығын) анықтайды, қылмыс
пен айыпкердің жеке басының қоғамдық
қауіптілік дәрежесі мен сипатын бағалайды, соңғы заңдылық модельдеріне
сәйкестігін белгілейді, содан келіп, олар анық сәйкес келмеген жағдайда заң
бабының санкциясы шегінен шығып кететін, бірақ әділдік қағидаларына
85
жауап беретін жаза қолданады.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30
сәуірдегі №
1 «
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты
сақтауы туралы
»
нормативтік қаулысында былай деп нақтылы атап өтілген:
ҚР Қылмыстық кодекстің
55-
бабына сәйкес жазаны осы қылмыстық
құқық бұзушылық
үшін тиісті бапта (бап бөлігінде) белгіленген төменгі
шектен төмен немесе қылмыстық құқық бұзушылық
дәрежеленген ҚР
Қылмыстық кодекстің
бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетілмеген
жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындау немесе міндетті түрде көзделген
қосымша жазаны қолданбау тек әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін
едәуір азайтатын ерекше мән
-
жайлар анықталған жағдайда, сондай
-
ақ топтық
қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топ жасаған қылмыстық құқық
бұзушылықтарды
ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкін
болады. Жазаны жеңілдететін жекелеген мән
-
жайлар да, сондай мән
-
жайлар
жиынтығы да ерекше мән
-
жайлар деп танылуы мүмкін. Сот ҚР Қылмыстық
кодекстің 55
-
бабын қолданғанда, іс бойынша анықталған қандай
жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке
басы туралы қандай мәліметтермен бірге негізге алғанын үкімде көрсетуге
міндетті.
Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған кінәлі адамға жазаның
заңда көзделген неғұрлым жеңіл түрін тағайындаған кезде, әуелі бір немесе
бірнеше қылмыстық
құқық бұзушылықтың
әрқайсысына
ҚР
Қылмыстық
кодекстің
55-
бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейін ҚР
Қылмыстық кодекстің 58
-
бабының ерекшеліктері бойынша түпкілікті жаза
белгіленеді
» (77).
Бұл
мәселеге орай тек бір ғана ескертпе жасауға болар: қоғамдық
қауіптілік дәрежесінен басқа, қылмыстық
-
құқықтық санкциялардың шегінен
шыға отырып жауаптылықты жеңілдету үшін сондай
-
ақ қоғамдық
қауіптіліктің сипаты да үлкен маңызға ие. Сондықтан да заңда және Жоғарғы
соттың нормативтік түсіндірмелерінде қылмыстық жауаптылықты барынша
жеңілдету мүмкіндігін анықтаудың бағалау критерийі ретінде қоғамдық
қауіптілік сипатын қосымша атап өту орынды болар еді.
Көріп отырғанымыздай, жазаны жеңілдету туралы мәселені шешкен
кезде бағалаушы категорияларды (қоғамдық қауіптіліктің сипаты және
дәрежесі, мән
-
жайдың ерекшелілігі) негізге алады, сондықтан да олар үкім
шығара отырып, сөз жоқ, іс бойынша белгілі болған қандай мән
-
жайды
ерекше деп таниды және оны ҚР Қылмыстық кодекстің
55-
бабын қолданған
кезде айыпкердің жеке басына қатысты қандай мәліметтермен
байланыстыратындығы жөнінде анық, ашып көрсетуге міндетті. ҚР Жоғарғы
сотының қаулысында айшықталғандай: «ҚР Қылмыстық кодекстің
55-
бабына
сәйкес, сол қылмыстық құқық бұзушылық
үшін көзделгеннен төменгі шектен
төмен бас бостандығынан айыру мерзімін тағайындай отырып немесе
қылмыстық дәрежеленген баптың (баптың бөлігінің) санкциясында
көзделмеген неғұрлым жеңіл жаза түрін тағайындай отырып, соттар үкімнің
дәлелдеу бөлігінде осындай шешімнің негіздемесін келтіріп, жазаны
жеңілдету үшін негіз болған ерекше мән
-
жайлардың мазмұнын ашуға тиіс
».
Олай болмаған жағдайда соттың үкімі заңсыз деп танылады. Соның
мысалы, Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының 2001 жылғы 29 қаңтарда
86
Гапиржанов З.
-
ның ісі бойынша шығарған үкімі. Айыпкер ҚР Қылмыстық
кодексінің
297-
б
. 2-
б. бойынша жазаға тартылып, оған 55
-
баптың негізінде
бір жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған болатын.
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
шешімі бойынша 55
-
баптың қолданылуы заңсыз деп табылды. Сот өз
үкімінде 55
-
баптың неге қолданылғаны және
ол жерде қандай ерекше мән
-
жайлардың барлығын үкімде көрсетпей кеткен.
Осыған байланысты, біздің ойымызша, заңда төмендегідей құқық
қолданушылық үшін барынша нақты мәмілелер келтіре кеткен жөн болар еді.
Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабында ерекше мән
-
жай деп заңдағы
бап санкциясының шегінде жаза қолданудың мүмкін еместігін білдіретін
(өйткені, соңғысы қалыптан тыс қатаң болып табылады және сот төрелігінің
міндеттеріне жауап бермейді) жеңілдететін мән
-
жайлар танылады деп атап
көрсетілсе.
Ерекшелік критерийі туралы мәселеге осылай келген ретте жеңілдететін
және ауырлататын мән
-
жайлардың проблемасын шешу де неғұрлым оңай
болған болар еді. Айталық, кезінде Ю.Мельникова мен А.Плешаков істе
ауырлататын мән
-
жайлар болса РСФСР ҚК 43
-
бабын (біздің қазіргі ҚР ҚК
55-
бабының баламасы) қолдануға болмайды деп тұжырымдаған еді. Олардың
пікірінше,
«
заң шығарушы заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза
тағайындаудың мүмкіндігін қарастыра отырып, ерекше мән
-
жайлар, оның
ішінде айыпкердің жеке басы жөнінде айтады, өйткені бұл
мән
-
жайлар
әрекеттің және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін төмендетеді.
Ауырлататын мән
-
жайлар, керісінше, айыпкердің өте қауіптілігін білдіреді,
сол себепті соттың оған заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза
тағайындауға негізі болмайды
» (78).
Бұл
тұжырымды В.В.
Питецкий жоққа шығарады. Ол
«
ауырлататын
мән
-
жайлардың болуы барлық жағдайларда ең төменгі шектен төмен жаза
тағайындау үшін кедергі бола бермейді
»
деп негіздейді
(79)
. Расында да,
айыпкердің жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайларды
шартты түрде, жиынтықтан тыс салыстыру, қатар қою қылмыстық және
адамның қоғамдық қауіптілігі жөнінде объективті мағлұмат бермейді.
Ауырлататын факторлардың болуы өзінен
-
өзі іс
-
әрекетпен келтірілген
зиянның сипаты
мен дәрежесін кең көлемде танып
-
білуге мүмкіндік
бермейді. Тек барлық мәліметтердің тоғысуы кезінде қолданылып отырған
қылмыстық
-
құқықтық шараның әділдігі туралы дұрыс қорытындыға келуге
болады.
Қарастырылып отырған проблемаға осы түрғыдан келу басқа да жанама
мәселелерді, мәселен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды және үкімдердің
жиынтығы кезінде, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы
кезінде, әрекеттің бірнеше рет қайталануы кезінде заң бабы санкциясының
шегінен шыға отырып қылмыстық жазаны жеңілдету мүмкіндігі туралы
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың аталған
институттарын ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабын жүзеге асырумен қатар
қолдануға әбден болады. Бұл
жерде біз жауаптылық іс бойынша маңызы бар
барлық мән
-
жайлардың жалпы қорытындысымен анықталады деген қағида
үдесінен шыға отырып, осындай тұжырымға келеміз. Жоғарыда аталған ҚР
Жоғарғы соты қаулыларының ережелері де біздің осы ойымызды қуаттайды.
87
Айталық, 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 қаулыға сәйкес бірнеше қылмыстық
құқық бұзушылық
жасағаны үшін айыпты адамға заңда көзделгеннен
неғұрлым жеңіл жаза қолдану кезінде алдымен ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабын қолдана отырып бір немесе жасалған қылмыстық құқық
бұзушылықтардың әрқайсысы үшін жаза тағайындау керек, содан кейін
барып ҚР Қылмыстық кодексінің
58-
бабы бойынша түпкілікті жазаны
анықтау қажет.
2001 жылғы 19 қазандағы нормативтік қаулыға сәйкес сот бұрын қанша
рет сотталғандығын, бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың
,
сондай
-
ақ жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың
сипаты
мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін негізге алып, сондай
-
ақ жинақтап алғанда
ерекше жағдайлар болып табылатын жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
мән
-
жайларды ескере отырып, ҚР Қылмыстық кодекстің
55-
бабын қолданып,
ҚР Қылмыстық кодекстің
59-
бабының 2
-
бөлігінің талаптарын ескерместен
жаза тағайындауға құқылы. Бұл
ретте
ҚР Қылмыстық кодекстің
55-
бабын
қолдана отырып жаза ҚР Қылмыстық кодекстің
59-
бабының 2
-
бөлігінде
белгіленген шектерден төмен, сондай
-
ақ қылмыстық құқық бұзушылық
дәрежеленген бапта көрсетілген төменгі шектерден төмен тағайындалуы
мүмкін.
Олардың ауырлық дәрежесіне сәйкес қылмыстық
құқық бұзушылықтың
қандай түрлеріне ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабының ережелерін
қолдануға болатындығы да ерекше маңызды мәселе. Біз қылмыстық құқық
бұзушылықтың
ауырлығы заңда көзделгеннен неғурлым жеңіл жаза
тағайындау мүмкіндігін анықтауда бірден бір өлшем болып табылмайды деп
ойлаймыз. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау
ерекше мән
-
жайлары болған ретте өзінен өзі айыпкерге ең төменгі шектен
төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Керісінше, жауаптылықты
жеңілдетудің бұл шарасын ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық
бұзушылықтарға қатысты жиі қолдануға болады, өйткені, бул жағдайларда
жазалардың баламалылық өрісі кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
әрекеттерге қарағанда әлдеқайда тар.
Жазаны жеңілдету институты қылмыстық
-
құқықтық санкциялардың
шегінен тыс белгілі бір дәрежеде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босату, шартты түрде соттау және үкімнің орындалысын кейінге қалдыру
институттарымен ұқсас болып келеді. Барлық аталған жағдайларда сот
заңдылық үлгісінде
-
қылмыстық заңның бабында анықталған жағдайлармен
салыстырғанда, ерекше мән
-
жайлардың болуына байланысты сотталушының
жағдайын барынша өзгерту үшін негіздердің болуы туралы мәселе шешеді.
Дегенмен, біз қарастырып отырған жағдайда жауаптылықтың режимін
белгілеу емес, оның шегін өзгерту басты мәселе болып табылады. Мұны
түсінбеу, біздің ойымызша, қате тұжырымдарға әкеліп соғады.
Мәселен, Ю.М.
Ткачевский:
«
бір мезгілде шартты түрде соттауды және
бұл ретте шартты түрде тағайындалған жазаны ең төменгі шектен төмен
түсіру негізсіз, мұндай тәжірибе жазаның тиімділігі тұрғысынан наразылық
тудырады: егер жаза бәрібір нақтылы қолданылмайтын болса, оны
төмендетіп қажеті не? Егер шартты түрде соттауды бас бостандығынан
айырудың үлкен мерзіміне қолдану тиімді болса, оны төмендетіп қажеті не?
Оның үстіне, шартты түрде соттау сәтсіз аяқталса жазаны толық түрде
қолданған орынды
» -
деп есептейді
(80).
88
Сөйтіп, Ю.М.
Ткачевский бір ұғымға әр түрлі дәрежелерді араластырып
жіберген. Дегенмен бұл жағдайда шаралардың ретіне қатты көңіл бөлуді
ұмытпаған жөн. Шартты түрде соттау белгілі бір мәмілелерді алға тартады,
олар сақталған ретте сотталушы өзіне жазаның қолданылмауы мүмкіндігіне
үміт артады. Бұл мән
-
жайдың негізінде жауаптылықтың режимі туралы
-
ол
нақтылы ма әлде шартты ма, деген мәселе жатыр.
Жаза тағайындау кезінде
жауаптылық шарасы (жазаның мерзімі, мөлшері, түрі) анықталады, содан соң
олардың шегінде үкімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе оның
шарттылығын қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Ғылымда заңда ерекше мән
-
жайлардың тізімін келтіру қажет пе немесе
олардың шама
-
шарқын атап өту жеткілікті ме деген де мәселе даулы болып
келеді. Біз мұны жасаудың керегі жоқ деп білеміз, өйткені ол құқық
қолдануда қосымша шектеулер енгізеді. Сонымен қатар, олардың тізімі
жеңілдететін мән
-
жайлар сияқты аяқталған болуы мүмкін емес. Өмірдің
бұралаң
-
бұлтағы көптеген кездейсоқ жағдайларға әкеліп соғып жатады,
сондықтан да соттардың дербестігін жауаптылықты жеке даралау
мүмкіндігімен байланыстырудың қажеті жоқ.
Сөз болып отырған институтты соттардың жиі қолдануы қылмыстық
-
құқықтық саясаттың өзгергенін білдіреді, соған сәйкес заң шығарушыдан
қылмыстық
-
құқықтық санкциялардың ең төменгі шегін қайта қарауды талап
етеді. Айталық, соңғы жылдарғы сот статистикасы азаматтардың белгілі бір
тобына, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға, әйелдерге, оның ішінде
балалары бар әйелдерге, әскерилерге, зейнет жасындағы адамдарға,
мүгедектерге, өмір сүру құралдарынан айырылған адамдарға және т.б.,
сондай
-
ақ қылмыстық қол сұғушылықтың бірқатар объектісі бойынша жаза
тағайындаған кезде барынша кешірімді, адамшылық тұрғысынан келетіндігін
көрсетеді. Заңның бірқатар баптарының санкциялары экономикалық және
саяси себеп
-
салдарларға орай өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына жаза тағайындаудың соттық
тәжірибесіне жиі назар аударып, оның бір мәселесі ретінде ҚР Қылмыстық
кодекстің
55-
бабын қолданудың негізі мен жиілігін қайта қарауды ұсынамыз.
Сонымен, айтылғандардың негізінде, заңда көлделгеннен неғұрлым
жеңіл жаза тағайындау институтын қолдану үшін қажетті алғы шарттар
мыналар болып табылады:
Біріншіден, айыпкердің іс
-
әрекеті, жеке басы және оның жасалған
әрекетке субъективтік көзқарасын жай, қалыптағыдай құқықтық бағалаудың
мүмкін еместігін көрсететін ерекше мән
-
жайлардың болуы;
Екіншіден, осы ерекше жағдайлар қылмыстық да, жеке адамның да
қоғамдық қауіптілігі дәрежесін барынша төмендетеді, сипатын жеңілдетеді;
Үшіншіден, аталған институтты қолданбау шамадан тс жоғары және
әділетсіз жазаға әкеліп соғады. Аталған қылмыс
үшін көзделгеннен неғұрлым
жеңіл жаза тағайындауға тек санкциямен көзделген жазалардың барлық түрін
олардың шамадан тыс қатаңдығы және жасалған әрекеттің қоғамдық
қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне және анықталған ерекше жеңілдететін
мән
-
жайларға сәйкес келмеуі себепті қолдану мүмкін болмаған жағдайларда
ғана жол беріледі.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55
-
бабын төмендегідей редакцияда түзген дұрыс:
89
1.
Осы кодекстің Ерекше бөлімі баптарының санкциясында көзделген
жазаларды қолданудың мумкін еместігін көрсететін ерекше мән
-
жайлар
болған жағдайда, сот:
1.
Осы бапта көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауға;
2.
Жазаның
осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауға;
3.
Не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауға
құқылы.
2.Жазаны жеңілдететін жекелеген мән
-
жайлар да, сондай мән
-
жайлар
жиынтығы да ерекше мән
-
жайдеп танылуым мүмкін. Бұл ретте ерекше мән
-
жайлар деп қылмыстық және адамның жеке басының қоғамдық қауіптілік
сипаты мен дәрежесі заң бабының санкциясы шегінде жаза тағайындау
шамадан тыс қатал және сот төрелік міндеттеріне жауап бермейтін болып
табылатындай болып өзгеруін білдіретін мән
-
жайлар танылады.
3.
ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабын қолдана отырып сот анықтаған
жаза мөлшері кез келген жағдайда осы жаза турі үшін заңда белгіленген ең
төменгі шектен төмен болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |