Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями


  Ақыл-ойында  бұзылулары  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін



жүктеу 0,86 Mb.
Pdf просмотр
бет12/49
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36870
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
5  Ақыл-ойында  бұзылулары  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
критериалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері  
 
Баға тұтас педагогикалық процестің құрамдасы болып табылады және оны 
тек осындай мәнмәтінінде қарастыру қажет. Баға оқушылармен оқу процесінің 
сапасын арттыру мақсатымен анағұрлым ұтымды әдістерді таңдау үшін қажетті 
кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  «Мектеп  оқушыларының  білімі  сапалы 
болып  саналады,  егер  оның  нәтижелері  оқушының  әлеуетті  даму  аумағына 
бағдарланған  операционалды-мәнді  мақсаттарға  сәйкес  келсе»  [9].  Зерде 
бұзылыстары  бар  оқушылардың  әлеуеті  үлкен  вариативтілікпен  сипатталады, 
оған  алдында  келтірілген  төрт  типологиялық  топтың  сипаттамасы  дәлел. 
Сондықтан қарастырылып отырған санаттағы балалардың оқылып отырған оқу 
процесі  деңгейлердің  кез-келгенінде  білімділік  нәтижеге  ие  болу  үшін 
деңгейлік мақсат белгілеу негізінде түзілуі тиіс.  
Ақыл-ойы  кем  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалаудың 
психологогиялық-педагогикалық негізі ретінде Түзеу педагогикасының Ұлттық 
ғылыми-практикалық орталығының  арнаулы  мектеп  зертханасында  әзірленген 
оқу пәні шеңберіндегі оқу процесін жобалаудың технологиясы шығады, ол осы 
уақытта елдегі арнаулы мектептердің жұмыс тәжірибесіне енгізіліп отыр [10].  
Педагогикалық жобалау дегеніміз – бұл өзінің мақсаты қатарында мұғалім 
мен оқушының жоспарланған білімділік нәтижеге жеткізетін түбегейлі ерекше 
қызметтерін  ұсынуды  өзінің  міндеті  ететін  педагогикалық  процестің 
сипаттамасына  көзқарас.  Жоба  дегеніміз  –  бұл  оның  келесідей  барлық 
құрамдастарының  мазмұнын  ашатын  педагогикалық  процестің  болжамды 
үлгісі, олар:  

 
мақсаттар;  

 
оқу мазмұны;  

 
педагогтің қызметі;  

 
оқушылардың қызметі;  

 
педагогикалық диагностика;  

 
жетістіктерді бағалау.  
Оқу  процесі  жобалау  кезеңдерімен:  алдымен  оқу  курсының  деңгейінде, 
кейін оқу тақырыбы деңгейінде және соңында, сабақ деңгейінде орындалады.  
Пән  бойынша  оқу  процесінің  жобасын  түзудің  бастауыш  сәті  мақсат 
белгілеу  немесе  оқу  бағдарламасының  әрбір  кезеңі  үшін  оқу  мақсаттарын 
анықтау  болып  табылады.  Бұл  кезеңде  педагог  оқудағы  шағын  мақсаттарын 
түрлендіріп  отырып,  бағдарламаның  мазмұнымен  жұмыс  жасайды. 
Технологиялық 
көзқарасында 
мақсаттың 
операционалды 
белгіленуі 
қолданылады, ол кезде оқушылардың игеруіне жататын білімдер мен икемдер 
(оқушылар  сырттай  білінген  қызметі  арқылы)  көрсетіледі.  Мақсаттың 
осылайша көрініс табуы нақты, диагностикалық талапқа сай, одан оған жетудің 
тексеру  амалы  түсінікті.  Ақыл-ойы  кем  оқушылардың  оқу  процесінде  бірдей 
оқу  жетістіктерін  күту  мүмкін  болмағандықтан,  мақсаттар  оқу  материалын 
меңгеру  деңгейлеріне  сәйкес  белгіленеді.  Бұл  оқу  процесінде  оқушыларға 
27 


саралап және деңгейлеп келуді орындауға жол ашады.  
Деңгейлеп мақсат белгілеу негізі ретінде Б. Блумның оқу мақсаттарының 
таксономиясын алуға болады. Ақыл-ойы кем оқушыларға қатысты алдыңғы үш 
деңгей  қолданымды:  «тану»,  «түсіну»,  «қолдану».  Бұл  деңгейлер  ақыл-ойы 
кенжелеп  қалған 
балаларды 
оқытуда 
қолданылатын 
әдіснамалық 
көзқарастармен  үндесіп  отыр,  олар  П.Я.  Гальпериннің  ақыл-ой  әрекеттерін 
кезеңімен  қалыптастыру  теориясына  негізделген  [11].  Осы  теорияға  сәйкес 
жаңа  түсінікті  енгізудің  алғашқы  кезеңінде  (жаңа  материалды  зерделеудің) 
орындалып  отырған  әрекеттерді  дауыстап  ауызша  сөзбен  ілестірумен 
(дыбыстаумен)  ілесетін  пәндік-практикалық  қызмет  жайып  көрсетіледі. 
Оқушылар  сабақта  мұғалім  соңынан  көрсетіліп  отырған  әрекеттерді  қайталап 
отырып  жұмыс  жасайды.  Бұл  кезеңде  түсініктер,  терминдер  жаңа  сөздер 
оқушылардың 
пассив 
сөздігіне 
қосылады. 
Келесі 
кезеңдерінде. 
П.Я. Гальпериннің  теориясына  сәйкес,  пәндік  қызмет  бара-бара  қысқарып, 
сырттай  сөз  ішкі  жоспарға  ауысады.  Бұл  кезеңде  түсініктер,  терминдер,  жаңа 
сөздер оқушылардың белсенді өзіндік сөз қорына аударылып, шыңдалады.  
Бара-бара оқушыларда әрекеттер мен түсініктердің бейнесі қалыптасады.  
Сонымен,  оқу  мақсаттарының  бірінші  санатына  «тану»  шығады.  Бұл 
танудың  бастапқы  кезеңі.  Осы  кезеңде  оқушы  ұғымдарды  (зерделеу 
объектілерін) тану, танып білу және ажырату.  
Оқу  мақсаттарының  келесі  санаты  «түсіну»  деңгейі  –  ол  зерделеніп 
отырған  материалдың  ішкі  байланыстарын  ұғыну,  терминдерді,  ережелерді 
және белгілерді қолдануды көздейді.  
«Қолдану» - бұл оқу материалын меңгерудегі келесі қадам, ол меңгерілген 
түсініктердің,  ережелердің,  қағидаттардың  ұқсас  оқу  жағдайындағы  дұрыс 
қолданысын көздейді.  
Мұғаліммен  орындалған  оқу  пәнінің  бағдарламалық  мазмұны  мен  оған 
сәйкес  мақсатты  тұжырымдау  (күтілетін  нәтижелер  түрінде)  кестеде 
құрылымдалып,  оқу  процесі  жобасының  бірінші  құжаты  болып  табылады.  5-
кестеде  математика  курсына  арналған  «6-10  сандардың  белгіленуі»  тарауы 
бойынша  мақсатты  тұжырымдау  үзіндісі  көрсетілген.  Зерде  бұзылыстары  бар 
оқушылар  үшін  математика  бойынша  бағдарлама  шоғырлану  қағидаты 
негізінде құрылғандықтан мақсатты тұжырымдауға өтілген материалдың жаңа 
материалды меңгеру жүйесіне қалай қосылғанын байқауға болады.  
Мақсаттарды анықтап алған соң, оқу курсының қисынды сұлбасы түзіледі, 
атап  айтқанда,  оқу  пәнінің  жетекші  мазмұндық  желілері  және  олардың 
оқушылармен  зерделену  реттілігі  бөліп  көрсетіледі.  Оқу  курсының  қисынды 
құрылымы  күнтізбелік  жоспарда  көрсетіледі.  Зерде  бұзылыстары  бар 
оқушылардың  оқу  материалын  меңгеруі  түрлі  ырғақпен  өтетіндіктен,  әр 
тақырыпты  зерделеу  үшін  қажет  уақытты  анықтауды  тек  балалармен  жұмыс 
жасап  жүрген  мұғалім  ғана  жасай  алады.  Мұғалім  күнтізбелік  жоспарды 
орындау  барысында  оған  түзетулерді  енгізуге  құқылы,  егер  ондай  қажеттілік 
туындап  отырса.  Жобада  ұсынылып  отырған  күнтізбелік  жоспарлау  формасы 
өзгерістерді  және  олардың  негіздемелерін  тіркеуге  арналған  сәйкес 
бағаналарды  құрайды.  Сонымен,  күнтізбелік  жоспар  –  бұл  екінші  құжаттама. 
28 


Оқу курсы деңгейінде жобалау осымен аяқталды.  
Жобалау  бұдан  әрі  тақырып  деңгейінде  жүреді.  Деңгейлеп  мақсатты 
тұжырымдауға  сәйкес,  күнтізбелік  тақырыптағы  әрбір  тақырып  аясында  оқу 
процесінің  стратегиясы  мен  тактикасы  анықталады.  Оқу  және  білімділік 
қызметі  пысықталады,  анық  әдіснамалық  жүйе  анықталады,  ол  жобаның 
үшінші құжаты – оқу тақырыбының технологиялық картасында тіркеледі.  
Технологиялық  картада  мектеп  оқушыларының  оқу  процесінің  барлық 
ерекшеліктерін  (мазмұндық  және  әдіснамалық)  деңгейлік  мақсаттарға 
бағынатын  жұмыс  кезеңдерін  ескерумен  көрсетуге  мүмкіндік  бар.  Оқу 
барысында  педагог  оқушыны  оқу  материалын  танудан,  оны  ұғынуға  және 
келесіде  білімдерін  қолдануға  ретімен  жетелейді.  Зерде  бұзылыстары  бар 
балалардың барлығы жоғарыда аталған оқу материалын меңгеру кезеңдерінен 
өтуге қабілетті бола бермейді. Мектеп оқушыларының біреулері тану кезеңінде 
қалып қояды, біреулері ұғыну кезеңіне өте алады, балалардың бір бөлігі пәндік 
білімдерін  ұқсас  жағдайда  қолдануға  қабілетті  болады.  Мақсатты  деңгейлеп 
тұжырымдау  мұғалімге  мектеп  оқушыларының  таным  процесін  басқарып, 
ағымды  бақылауды  орындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  кезде  сыныптағы  әр 
оқушыға жеке көзқараспен келу үшін жағдай жасалады.  
Технологиялық  картаның  құрылымы  зерде  бұзылыстары  бар  мектеп 
оқушыларына  әр  оқу  пәнін  оқытуды  ұйымдастыруға  спецификалық 
қағидаттарды  және  арнайы  талаптарды  жүзеге  асыру  қажеттілігін  ескереді. 
Мысалы: алдында зерделенгенді үздіксіз қайталап отыру, тілді және қатынасу 
дағдыларын  дамыту,  жаңа  күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындық 
жұмысы  («алға  адымдау»),  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  орнату, 
практикалық  қызмет  және  т.б.  Технологиялық  картада  жабдықтың, 
дидактикалық  құралдардың  ең  кіші  жинағы  тіркеледі.  Осылайша, 
технологиялық карта оқушылардың оқу тақырыбы шеңберіндегі оқу қызметінің 
мақсаттарын, мазмұны, көлемі, түрлілігі туралы тұтас түсінік береді (6-кесте). 
Сонымен  қатар  мұғалім  әр  тақырыпты  зерделеу  үшін  қажетті  сабақ  санын 
сыныптағы оқушылардың құрамын және оқу материалының көлемін ескерумен 
өз бетінше анықтауы тиіс. Сағаттардың осы саны тақырыптың технологиялық 
картасында және сәйкесінше күнтізбелік жоспарда тіркеледі.  
Ақыл-ойы  кем  мектеп  оқушыларының  оқу  процесі  оқушылардың 
типологиялық  және  жеке  ерекшеліктерін  ескерумен,  оқытудың  сәйкес 
вариативтік амалдар мен тәсілдерді қолданумен жүреді.  
Оқу  материалын,  сонымен  бірге  оны  түрлі  типологиялық  топтағы 
оқушыларға  жеткізу  әдістерін,  амалдарын,  тәсілдерін  жекелеп  іріктеу 
балалардың  білімдерді  және  икемдерді  меңгеруі,  оларда  қалыптасқан 
дағдылары туралы мәліметтердің негізінде орындалуы керек. Ол үшін мұғалім 
өз  оқушыларын  үнемі  зерделеп,  олардың  оқу  жетістіктеріндегі  динамиканы 
педагогикалық диагностика (бақылау) арқылы қадағалап отыруы тиіс.  
Мақсат  тұжырымдамасында  тіркелген  оқудың  жоспарлы  нәтижелері  оқу 
жетістіктерінің  деңгейлері  бойынша  сараланады.  Оларға  сәйкес  әр  оқу 
тақырыбы  үшін  бақылау  өлшемдері  әзірленеді.  Өлшемдер  ретінде  зерделеу 
объектілерін танып білу, сипаттау, түсіндіру және түрлендіру бойынша пәндік, 
29 


белгі, сөзді, ой әрекеттері мен операциялары шығады. Оқу материалын танып 
білу  және  өңдеу,  оны  таныс  және  бейтаныс  жағдайда  меңгеру  және  қолдану 
оушылардың  оқу  міндеттерін  орындау  барысындағы  танымдық  дербестігінің 
дәрежесімен  де  сипатталады.  Бұл  факт  басқалары  секілді,  бағалаудың  бір 
критерийі  болып  табылып,  білімділік  нәтиже  ретінде  қадағаланып,  тіркеледі. 
Әр тақырып үшін әзірленген қадағалаушы-диагностикалық материал күтілетін 
нәтижелердің деңгейлері бойынша әр оқу тақырыбы үшін реттеліп, оқу пәнінің 
әр тақырыбы үшін кесте түрінде көрсетіледі (7-кесте).  
Оқу жетістіктеріне диагностика балалармен сабақтағы әдеттегідей жұмыс 
барысында,  тақырыпты  зерделеу  аяқталған  соң  орындалады.  Ол  сабақта 
мұғалім  оқу  материалын  қайталауды  ұйымдастырады,  содан  кейін  орындау 
амалдарына  мектеп  оқушыларының  назарын  аудара  отырып,  қадағалаушы-
диагностикалық  тапсырмаларды  ұсынады  (дербестік  дәрежесі)  және  балаға 
көрсетілген көмек түрлерін ескереді.  
Осындай  диагностика  ықшам,  жүйелі,  уақыты  бойынша  қысқа  болып 
табылады,  бірақ  ол  мұғалімге  оқу  процесін  түзеу  үшін  қажетті  мәліметтерді 
береді.  
Тақырыпты  зерделеп  болған  соң,  зияткерлік  кемтарлығы  бар 
оқушылардың  жетістіктері  бірдей  болмайды.  1-типологиялық  топтағы 
оқушылар  дағдыларды  өз  бетінше  игеруін,  білімдерін  ұқсас  жағдайда 
қолдануын  көрсетеді.  2-типологиялық  топтағы  оқушылар  тақырыптың  негізгі 
мазмұнынын  ұғынғанын  көрсетеді.  3-типологиялық  топтағы  оқушылар 
тақырыптың  тек  жеке  элементтерін  түсінгенін  көрсетіп,  өз  білімдерін 
белсендендіруде  мұғалімнің  көмегін  қажетсінеді.  4-типологиялық  топтағы 
оқушылар, әдеттегідей, өзге, едәуір жеңіл оқу материалын зерделейді, олардың 
жетістіктері  мақсатты  деңгейлік  тұжырымдау  негізінде  соның  шеңберінде 
анықталады. Оқушының кез-келген жетістіктері, қаншалықты елеусіз болса да, 
оң деп қарастырылады.  
Мектеп  оқушысының  әр  тақырып  бойынша  жеке  нәтижелері  оқу 
жетістіктерінің карталарында тіркеледі, оның оқушы деңгейіне сәйкес келетін 
бағанында  (білім,  ұғыну  немесе  қолдану)  мұғалім  көрсетілген  нәтижені  алу 
күнін  қояды  (8-кесте).  Оқушы  өзінің  нәтижесін  жақсарта  алады,  себебі  оқу 
материалдарының  көпшілігі  шоғырланған  құрылымына  ие  және  зерделенген 
материал үнемі қайталанып, бекітіледі, онда осы жетістіктер картасында, бірақ 
оның  басқа  бағанында  жаңа  нәтижеге  жету  күні  қойылады.  Осындай  карта 
оқушының  оқу  материалын  меңгеруіндегі  ілгері  басу  динамикасын,  оның 
табыстылығының жеке траекториясын көрсететін болады.  
Тұтас  сыныптағы  оқудың  нәтижелілігі  туралы  түсінік  алу  үшін, 
оқушылардың  анықталған  жетістіктерін  тіркеудің  меншікті  нұсқасын  әзірлеп 
немесе  жетістіктердің  жеке  картасын  түрлендіріп  алса  да  болады.  Тұтас 
сыныптың  Жетістіктер  картасын  толтырған  соң,  педагогте  тану  деңгейі 
бойынша қандай және қанша оқушыда жетістік барын, оқу материалын қанша 
оқушы  түсінгенін  және  олардың  қаншасы  қарастырылып  отырған  тақырып 
аясындағы  білімдерін  қолдануға  икемді  екені  туралы  түсінік  алады. 
Оқушылардың  бөліп  көрсетілген  топтарына  қатысты,  педагог  саралау 
30 


көзқарасымен келуді жоспарлап, оны орындайды.  
Оқу  тақырыбының  аясында  жеткен  нәтижелерді  есепке  алу  бойынша 
әзірленген  нұсқа  объективті,  ыңғайлы,  ақпаратты  болып  табылады,  бұл  оны 
мектеп  оқушылардың  білімін  балдарды  қойып  бағалауға  деген  дәстүрлі 
көзқарастан  түбінде  ерекшеленеді.  Ол  тек  баға  функциясын  ғана  орындап 
қоймай, мұғалімге әр оқушымен жүргізілетін жұмыстардың ең жуық келешегін 
анықтауға  бағдар  береді.  Бақылау  тапсырмаларын  орындау  нәтижелері 
бойынша оқушының жеке білімділік бағытын түзіп алуға болады, ол оқуға жеке 
көзқараспен қамтамасыз етілуі тиіс.  
Сонымен,  оқу  тақырыбы  деңгейіндегі  жобалау  келесілерді  құрайды:  оқу 
тақырыптарының  технологиялық  карталарын  түзу,  әр  тақырып  үшін 
қадағалаушы-диагностикалық  құралдарын  түзу,  әр  тақырып  бойынша  оқу 
жетістіктердің жеке карталарын дайындау.  
Оқу  тақырыбы,  әдеттегідей,  бірнеше  сабақта  зерделенеді.  Тақырыптың 
технологиялық  картасында  олардың  саны  белгіленеді.  Сабақ  деңгейінде  оқу 
процесін жобалағанда, педагог оның мақсаттарын тақырыпты меңгеру кезеңіне 
және  сынып  құрамына  сәйкес  анықтайды.  Жобада  оқу  мақсаттары  мектеп 
оқушыларының оқуындағы күтілетін нәтиже болып табылатын қызметі түрінде 
сипатталғандықтан,  мұғалім  қиналмай  анағұрлым  жарамды  мазмұнды,  оқу 
әдістері  мен  тәсілдерін,  көрнекі  құралдарын,  практикалық  қызмет  түрлерін, 
сабақта  оқушыларға  жеке  және  сараланған  көзқарспен  келуді  таңдай  алады, 
олар сабақтың ақпараттық картасында тіркеледі (9-кесте).  
Оқу  жылы  аяқталысымен  оқушылардың  оқу  жетістіктері  жинақталып, 
жетістіктердің  қорытынды  картасында  көрсетіледі  (10-кесте).  Сипаттау 
жетістіктердің  тақырыптық  карталарындағы  деректер  негізінде  орындалады, 
олар  оқушының  сабақтағы  жұмысына  күнделікті  бақылауларымен 
толықтырылады.  
Осылайша,  ақыл-ойы  кем  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды-
сипаттаумен  бағалауды  енгізу  негізі  педагогпен  пән  бойынша  тұтас 
педагогикалық  процесті  критериалдық-деңгейлік  мақсатты  тұжырымдама 
негізінде жобалау технологиясын практикалық меңгеру болып табылады.  
Пән  бойынша  оқу  процесін  жобалаудың  негізгі  ресімдері  ретінде 
шығатындар:  

 
деңгейлік- операционалды мақсатты тұжырымдау;  

 
оқу курсының қисынды құрылымын анықтау;  

 
оқу тақырыбының деңгейінде жоспарлау;  

 
қадағалаушы-диагностикалық материалдарды әзірлеу;  

 
сабақ деңгейінде жоспарлау.  
Пән  бойынша  оқу  курсының  жобасы  педагогикалық  құжаттардың 
топтамасымен қамтамасыз етіледі:  

мақсатты тұжырымдау (күтілетін нәтижелер);  

күнтізбелік жоспар;  

оқу тақырыптарының технологиялық карталары;  

қадағалаушы-диагностикалық материал;  
31 



оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  картасы  (тақырыптар  мен  тараулар 
бойынша);  

сабақтардың ақпараттық карталары;  

оқушының жыл бойындағы жетістіктерінің қорытынды картасы.  
Математика  бойынша  оқу  курсының  мысалындағы  педагогикалық 
құжаттаманың үлгілері 5-10-кестелерінде көрсетілген.  
 
 
 
32 


 
5-
кесте – «6-10 санын нөмірлеу» бөлімге мақсатты тұжырымдау көрінісі  
 

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау