кешенділігі
;
−
ДМШ (даму мүмкіндіктері шектеулі) балалардың даму және білімділік
қажеттіліктерінің типологиялық және жеке ерекшеліктерін ескерумен
жетістіктерін бағалаудың
саралануы
;
−
білім алушылардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы
өзгерістерді, жеке қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерделеуді көздейтін
олардың негізгі білімділік бағдарламаның мазмұнын меңгерудегі жетістіктерін
бағалаудың
динамикада
болуы;
−
түрлі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жетістіктерін
бағалауда объективтілікті қамтамасыз етуге қабілетті болатын білім
алушылардың білімділік бағдарлама мазмұнын меңгеруіндегі жетістіктерді
бағалау параметрлерінің, критерийлерінің және құралдарының
бірыңғай
болуы.
МШ балаларға білім берудегі тұтас процестің негізгі заңдылықтарын
көрсетіп, бұл қағидалар өзара тығыз байланыста жүріп, бір уақытта олардың
біліміндегі нәтижелерді бағалауды жүзеге асыру процесінің түрлі қырларына
қатысты.
Арнайы педагогикада
негізгі
функцияларға
:
−
қадағалаушы:
жеке оқушының (сыныптың, топтың) жетістік деңгейін,
жаңа материалды меңгеруге дайындық деңгейін анықтайды, сәйкесінше бұл
педагогке оқу материалын жоспарлауға және түсінікті баяндауға, қажетті жеке
көмекті дер кезінде ұйымдастыруға, туындауы мүмкін қиындықтардың алдын
алуға мүмкіндік беруді;
−
оқу-түзетуші:
жаңа материалды зерделеу дайындығына, оның
меңгерілуіне, қайтып өңделуіне, білімдерді нақтылап, тереңдетуге, оларды
жүйелеуге, алған біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған білімділік
жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді;
−
диагностикалық-түзетуші:
білім алушыда оқу процесінде туындайтын
қиындықтардың себептерін айқындайды, білімді меңгерудегі ақаулықтарды
анықтайды, оларды жобға бағытталған түзетулерді енгізуді;
−
ынталандырушы-мотивациялық:
оқушылардың
білімділік
жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын
анықтайды, өзінің
көрсеткен нәтижелерін жақсарту қалауына түрткі болады, белсенділікті
15
дамытып, оқудағы оң мотивацияларды қалыптастыруды;
−
дамытып тәрбиелеуші
: сақталған анализаторларын (талдағыштарын)
қолданып, өз бетінше және үңіліп еңбектену икемдерінің қалыптасуына,
бақылау және өз бетінше бақылау, оқу қызметіндегі рефлексия амалдарын
қолдануға ықпал етуді жатқызады.
Оқушылардың білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгерудегі
білімділік жетістіктерін бағалау жүйесін әзірлеуде білім алушылардың
дайындық деңгейіне МЖМБС-да келтірілген талаптарға бағдар алу қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейлері үш аспектіні қамтумен
бағаланады:
1) жеке (тұлғалық) нәтижелер;
2) жүйелі-әрекетті нәтижелер;
3) пәндік нәтижелер.
Жеке (тұлғалық) нәтижелер білім алушының тәрбиеленуінің,
әлеуметтенуінің, рухани, шығармашылық және дене дамуының психологиялық-
физиологиялық мониторингі нұсқасында қадағаланып, оның портфолиосында
тіркеледі.
Жүйелі-әрекетті нәтижелер білім алушының пәнді олимпиадалар, таңдауы
бойынша курстар бойынша жетістіктері, оқу шығармашылық жобаларын
орындауы, сонымен қатар зерттеуші қызметінің басқа да түрлері бойынша
анықталып, оның портфолиосында тіркеледі.
Пәндік нәтижелер білім алушының орта білімнің базалық мазмұнын
меңгеру бойынша білімділік және іс-әрекеттік дайындығында көрініс табады.
МШ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жоғарыда аталған үш
аспект қолданыс табады. 2013 жылғы 4 шілдедегі №258 Дамуындағы
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары
түрлерінің қызметтеріндегі үлгілік ережелерге сәйкес, көру, есту қабілеттерінің,
сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар, психикалық дамуы
тежелген балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары білім беру процесін
білімділік деңгейлерінің мынадай жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес
іске асыруда: мектепалды тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта
білім, жалпы орта білім.
Сонымен, көру, есту қабілеттерінің, сөйлеу тілі, тірек-қимыл аппараты
бұзылған, психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беру
бағдарламаларын меңгереді және қалыпты дамыған құрбыларының
нәтижелеріне сәйкес нәтижелерге жетеді. Оқушылар білім мазмұнын сол
уақытта және қалыпты дамыған құрбыларымен бірге меңгереді.
Бірқатар балаларға бағдарламаны меңгеруде едәуір ұзақ мерзімдер қажет,
бірақ нәтижесінде олар қалыпты дамуындағы балалар білімінің бастауыш,
негізгі және орта деңгейлеріне сайма-сай келеді. Олардың жеке жетістіктері
дамуындағы қалыпты құрдастары үшін қабылданған критерийлемен және
көрсеткіштермен бағалану мүмкіндіктеріне ие болғаны маңызды.
Бұл жағдай олардың білім саласындағы тең құқықтары мен олардың
орындауына жататын тең міндеттерін растайды. Осыған орай, олардың
жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеулерін, яғни көру және есту
16
қабілетіндегі, сөйлеу тіліндегі, тірек-қимыл аппаратындағы, әлеуметтік-
эмоционалдық аясындағы бұзылыстарын ескере отырып, қалыпты дамуындағы
құрдастарына ұқсас болуы мүмкін. Бұл кезде көру қабілеті бұзылған
балалардың Л.Брайль шрифтін және/немесе жазық басылған шрифтін меңгеруі
секілді өзіне тән (спецификалық) оқу дағдыларының қалыптасуын
бағалау керек.
МШ бар балалардың жетістіктеріндегі тексеруге жататын көрсеткіштер
олар үшін мәнді өмірлік құзыреттіліктермен толықтырылуы мүмкін, олар:
−
өзінің мүмкіндіктері мен шектеулері туралы сай түсініктің қалыптасуы;
−
ересектермен және айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсу
қабілеті;
−
күнделікті тұрмысында әлеуметтік-тұрмыстық біліктердің болуы;
−
байланысқа түсу дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуде
көпшілікпен қабылданған ресімдерін меңгеруі;
−
әлеуметтік ортасын, ондағы өзінің орнын түсіну, жасына сәйкес
құндылықтарды және әлеуметтік рөлдерді қабылдауы.
Балалардың белгілі бір топтары үшін олардың дамуындағы сапалы және
санды сипаттамаларды көрсететін өмірлік құзыреттіліктерді бағалау
критерийлері қажет.
Көру, есту қабілеттерінде, тірек-қимыл аппаратында күрделі бұзылыстары,
психикалық дамуында тежелулері бар балалардың санатын да ескеру қажет.
Олардың жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелері
бастауыш жалпы білім деңгейіне сәйкес келмейді. Ондай балалар жоғары
сыныптардағы білімін бастауыш сатыға сабақтас бағдарламасына сәйкес
бағдарлама бойынша жалғастыра алады.
Жетістіктерді формальды бағалауға балалардың бұл санаты жатпайды.
Алайда, осы топтағы балалардың білім сапасына мониторинг міндетті
болуы тиіс.
Осыған орай, МШ балалардың түрлі топтарындағы шынайы жетістіктер
туралы объективті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін критерийлер,
көрсеткіштер және индикаторлар жүйесінің нақты тізбегі болатындай
бағалаудың жүйесін түзу маңызды.
Бағалау критерийлері дамуындағы түрлі бұзылыстары бар білім алушылар
үшін бірыңғай, ал оның жеке көрсеткіштері ерекшеленуі де мүмкін.
Балалардың әр түрлі санатындағы білім алушылардың арасында
дамуындағы ауыр және көптүрлі бұзылыстарымен де балалар бар, олар үшін
білім алу жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жеке білімділік бағдарламалары
бойынша оқытуды көздейді.
Осылайша, жеке білімділік бағдарламалары бойынша білім алып жүрген
мектеп оқушыларына жүргізілетін психологиялық-педагогикалық зерделеу
олардың білім беру мазмұнын игеруіндегі жетістіктерінің мониторингісінде
маңызды құрал болып шығады.
Зерделеу нәтижелерін тіркеу ыңғайлы, салыстырмалы түрде қарапайым
болып, педагогтен балалармен өзара әрекеттесуге үлкен пайдасымен жұмсалуға
17
жататын күш пен уақыттың үлкен шығынын талап етпеуі тиіс.
Дамуында ауыр және көптүрлі бұзылыстары бар білім алушылардың
дамуындағы өзіне тән ерекшелігіне байланысты психологиялық-педагогикалық
зерделеуді өткізудегі және олардың білім беру процесіндегі жетістіктеріне
мониторингті орындаудың негізгі әдісі ретінде бақылау аталады.
Бағдарламамен білім берудің сәйкес сатысында қарастырылған білім
алушылардың жетістіктерін бағалаудан басқа, МШ бар балалардың білімділік
нәтижелерін білім беру ұйымының өзінде бағалау «портфолио»
технологиясының – мектеп оқушысының білім алу уақытындағы жеке
дамуының процесін көрсететін жеке жетістіктерінің топтамасының көмегімен
орындауға болады. Портфолиоға міндетті түрде МШ бар баланың қалыпты
дамуындағы құрдастарына қолданымды ресімдер бойынша өткен, соның
жетістіктерін сырттай және іштеу бағалаудың нәтижелері, соның ішінде тест
және бақылау жұмыстарын орындау нәтижелері енуі тиіс.
Портфолионың мазмұны негізінде мектеп оқушысының оқу,
шығармашылық, коммуникативтік қабілеттері туралы пікір алуға болады.
Портфолио мектеп оқушысы оқуының белгілі кезеңіндегі жеке жетістіктерін
тіркеудің, жинақтаудың және бағалаудың амалы ретінде шығады. Бұл әсіресе
білім алушының түбегейлі құзыреттіліктерін жүйелі қалыптастыруға
бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін мәнді. Бұл нақты
білімділік нәтижелердің бейнесін көріп, кең білімділік мәнмәтінінде жеке ілгері
басуын қадағалауды қамтамасыз етуге, оның алған білімдерін іс жүзінде
қолдану қабілеттерін танытуға мүмкіндік беретін өз бетінше бір есептілік.
Портфолио жинақталып отырған тәжірибені, білімдерді жүйелендіруге, өз
дамуының бағыттарын нақты анықтауға (мысалы, келешек кәсібінде),
мұғалімдердің немесе нақты саладағы едәуір білікті мамандардың тарапынан
көмек көрсетуге немесе консультация беруге, сонымен қатар өз деңгейін (оқу
немесе кәсіби) едәуір объективті бағалауды іске асыруға арналған [6], 4-кесте.
МШ оқушылардың білімдерін және икемдерін бағалауға жалпы көзқарас
тұтас алғанда, бірақ арнайы шарттарды сақтаумен оның дәстүрлі түрін
ұсынады:
1.
МШ бар балалардың білімділік қажеттіліктерін және жеке
ерекшеліктерін ескерумен, БИД (білімдерді, икемдерді және дағдыларды)
тексеруді ұйымдастырудың ерекше нұсқасын.
2.
Сыныптағы әдеттегі ахуалдың болуы (өз мұғалімінің болуы, білім
алушыға әдетті көрнекі, есту тіректерінің орын алуын: сызбалардың,
аудиодыбыстардың, тапсырманы орындаудағы жалпы барысы үлгілерінің).
3.
Жұмыстың басында қызметті жалпы ұйымдастыру кезеңінің орын
алуын.
4.
Нұсқаулықтың МШ оқушылардың ерекше білімділік қажетіліктері мен
жеке қиындықтарын ескерумен бейімдеу:
1) өзінің грамматикалық және семантикалық ресімделуі бойынша ойды
қарапайым, түсінікті ету;
2) тапсырманың кезеңімен (қадамдармен) орындалуына түрткі
болатындай, көпбуынды нұсқаулықты бірнеше қысқа мағыналық бірліктерге
18
бөліп, қарапайым ету;
3) тапсырмаға берілетін жазбаша нұсқауға қосымша, қажеттігіне қарай, ол
педагогпен ауызша дыбыстап, баяу ырғағымен, анық мазмұндық екпінмен
оқылады.
4-
кесте – Жетістіктер портфолиосын түзу
Достарыңызбен бөлісу: |