1
Критериалды бағалаудың әдіснамалық негіздері
Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері
байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас
алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық
бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың
жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық
мәселелерді анықтады.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра,
бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті
және тиімді болуы тиіс.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік
жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы
негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр.
Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін
бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Заманауи мектепте білім алушылардың білімділік жетістіктерін бағалауға
критериалды көзқараспен келу талапқа ие, себебі ондай көзқарас білім беру
процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерийлерді және білім беру
нәтижелерін көруге мүмкіндік беретін кері байланысты орнатуға көмегін
тигізеді.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою
кезінде ғана қолданылмай, мұғалім, білім алушылар және ата-аналар арасында
білім беру процесінің сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалық
байланысты тұтас жүзеге асырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда
бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті
көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде
қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия
және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын
да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін
оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі
құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік
жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік
қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-
қатынасы мәнді болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін
көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше
функциясын атауға болады:
Нормативтік функция
білім алушылардың бекітілген мемлекеттік
стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының
үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция
білім беру процесінің барлық
4
қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше
қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық
рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты
сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік
береді.
Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті
меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау
өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен
деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі
балалар үшін өте маңызды.
Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты
анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды
көрінуде.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім
алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы
жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда
орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін
оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты
меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын
жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі,
сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы
арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін
қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Одан басқа, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін
бағалауда білім алушылардың психикасына мейлінше ұқыптылықпен қарап,
оларды зақымдайтын жағдайларға жол бермей, мүмкіндіктері шектеулі
балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бағалауға деген жоғарыда аталған көзқарастар білім беру процесінің
барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты
орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін
қамтамасыз етуі керек.
Аталған ереже баптары мүмкіндіктері шектеулі балаларды бағалау
жүйесінің негізін қалыптастырып, оның қызметінің жалпы шеңберін белгілеп,
онымен бір уақытты әрбір нақты алынған білім беру жүйесінің табыстылығы
мен толыққандылығына критерий ретінде қызмет атқаруы тиіс.
Критериалды
бағалау
жүйесінің
әдіснамалық
негізі
ретінде
В.П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан [1].
Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру
процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына
бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т.б.), ал тіркелмеген болып оқу
нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған. Американдық психологтар
Дж. Керолл және Б. Блумның тұрақты, тіркелген параметр ретінде дәл осы оқу
5
нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туралы әзірленген ержелерін негізге алып,
В. П. Беспалько бағалау жүйесіне көзқарастарды өзгертуге тырысқан [2]. Бұл
жағдайда, американдық психологтардың теориясына сәйкес, оқудың басқа
шарттары білім алушылардың барлығымен берілген нәтиже-критерийге жетуі
үшін өзгеріп отырады. Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы
оқыту технологиясы әзірленген, оны сонымен қатар толық меңгеру
технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық
білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны
алынған. Барлық мектептегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар
меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар
түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің
қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы
мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне
жетуге мүмкіндік беретінінде.
Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:
1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты
оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының
шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы
ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін
анықтау шығады.
3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу
барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады,
ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу
мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.
5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.
Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың
олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша
жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше
бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.
Критериймен бағалауда:
•
оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
•
оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
•
мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор
рөліне ауысады.
Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және
мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.
Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын
ережелердің бір қатарын қарастырады:
1.
Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының
ғана бағалануын.
2.
Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей
6
салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен)
салыстырылуын.
3.
Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және
мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының
болуын.
4.
Эталонның оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.
5.
Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай
алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау,
сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады.
Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның
оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.
6.
Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үрісіне
қосылуын.
7.
Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады,
сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.
8.
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән
бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке
жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты
анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына
алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін. Білім алушылардың оқу-танымдық
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі.
Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға
екі басым көзқарас белгіленді. Критериалды көзқарасқа бірінші көзқарас оқу
үрлісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара-қатынасына
негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден
бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың
күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл
көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны
кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді,
бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.
Критериалды бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу - ұғынуды-
қолданысты-жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес
бағалау шкаласына негізделген. Ең алдымен білім алушылардың икемдерін
қадағалайтын осындай бағалаудың нәтижелері олардың функционалдық
сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас
білімдегі күтілетін нәтижелерге жетудегі және оларды бағалаудағы
қажеттіліктерді толық қамтымайды.
Критериалды бағалау білім алушылардың жеке психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.
Критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық
белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы
дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту
үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.
7
|