Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями


  Оқушылардың  түбегейлі  құзыреттіліктерінің  қалыптасуын  бағалау



жүктеу 0,86 Mb.
Pdf просмотр
бет8/49
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36870
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
3  Оқушылардың  түбегейлі  құзыреттіліктерінің  қалыптасуын  бағалау 
механизмі  
 
Қазіргі  уақытта  білім  беру  саласының  басымдылықтары  ретінде  мектеп 
оқушыларын  өмірге,  еңбекке  дайындау  білім  нәтижелерін  қайта  қарастыруды 
талап етеді. Білімділік нәтижелерінің заманауи тұрғысындағы ұғымы оқу пәнін 
меңгеруге  қатысты  білімдердің,  біліктердің  және  дағдылардың  әдеттегі 
тізбегінің  шегінен  тыс  шығуда.  Білімділік  нәтижелер  оқушының  мектепте 
оқуының ақырғы өнімі болып, білім алушылардың жеке тұлғасында орын алған 
сапалы  өзгерістерді  білдіріп,  оның  жүріс-тұрысында,  әлеуметтік  ортамен 
қатынасқа түсуінде көрініс береді.  
Бұл  дегеніміз  білімділік  нәтижелеріне  қол  жеткізуді  бағалау  маңызды 
құрамдас  ретінде  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығының 
Қазақстанда  дамуы  мақсаттарының  және  іс-қимылдарының  негізгі  бағыттары 
қатарына қосылған.  
Оның  адаммен  жүре  қабылданатын  қабілетін  түсіне  отырып,  «Мектеп 
оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамытудың 
Ұлттық 
жоспарында» қарастырылған жеті түбегейлі құзыреттілікті келтірейік 
[4]: 
 
1. Жеке тұлға құзыреттілігі – өзін-өзі ұйымдастыруға, өз бетінше жетілуге, 
өз  бетінше  өмірлік  және  кәсіби  бағдарын  анықтауға,  өзін-өзі  танытуға, 
толеранттылыққа қабілеттілік.  
2.  Азаматтық  құзыреттілік  –  түрлі  өмірлік  жағдайларда  өзінің 
айқындамасын  білдіргенде  өзінің  отаны  үшін  жауапкекершілік  алуға, 
қазақстандық сана-сезімін көрсетуге қабілеттілік.  
3. 
Әлеуметтік  құзыреттілік  –  әлеуметті  бейімделуге  және  қоршаған 
ортамен өзара табысты әрекеттесуге қабілеттілік.  
4.  Басқарушылық  қабілеттілік  –  түрлі  өмірлік  жағдайларда  өзін-өзі 
ұйымдастыруға, өзін-өзі басқаруға және түрлі мәселелерді шешуге қабілеттілік.  
5. Коммуникативтік құзыреттілік – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 
ауызша және жазбаша өнімді коммуникацияға (қатынасға) қабілеттілік.  
6. Ақпараттық құзыреттілік – өз бетінше танымдық қызметке қабілеттілік, 
өмір бойында білім алуға икемі.  
7. Технологиялық құзыреттілік – технологияларды, соның ішінде ғылыми, 
санды түрлерін ұтымды пайдаланушы деңгейінде қолдану қабілеттілігі.  
Білім  беру  саласындағы  мәнді  басымдылықтар  деп  іріктелген  жеті 
құзыреттіліктің  жиынтығы  мектеп  оқушысының  мектепте  оқуы  барысындағы 
түрлі  кезеңдерінде  өмірлік  тіршілігіндегі  дайындығы  үшін  қажетті 
функционалдық сауаттылықты білдіреді. Ол мектеп алды және мектептегі білім 
деңгейлері  бойынша  нақтыланып,  сонымен  қатар  қайсыбір  құзыреттіліктері 
әлдебір оқу пәнінің шеңберінде үстем танылады [5].  
Арнайы  сыныптардағы  білім  беру  процесі  оқуда,  тәрбиеде  және  түзете-
дамыту  жұмысындағы  сараланған  және  жеке  ықпал  қағидаттарын  сақтаумен 
іске асырылады. Түзету компоненті бойынша оқу бағдарламалар оқушыларды 
өмірге  тікелей  қосуға  дайындауға  деген  еңбек  қызметі  мен  әлеуметтік-
бейімдеуші  бағдарына,  жүріс-тұрыс  нормаларын,  әдеттегі  гигиеналық, 
14 


коммуникативтік,  тұрмыстық  дағдылардан  бастап,  күрделі  әлеуметтік 
дағдыларға  дейінгі  әлеуметтік  өмір  үшін  қажетті  болатын  сәйкес  дағдылары 
мен әдеттерін шыңдауға деген практикалық және түзетуші бағдарына ие.  
Білімділік  жетістіктердің  нәтижелері  мүмкіндіктері  шектеулі  (МШ) 
балалардың білім сапасын бағалау үшін мәнді болып табылады. Мүмкіндіктері 
шектеулі  балалардың  білімділік  жетістіктерін  бағалауға  көзқарастарды 
анықтағанда келесідей қағидаттарға негізделген жөн:  

 
білім алушылардың негізгі білімділік аясы, соның ішінде оларды жасы 
мен  даму  мүмкіндіктеріне  сай  келетін  өмірдің  барлық  маңызды  салаларына 
қосу  үшін  қажетті  болатын  әлеуметтік  тәжірибесі  (өмірлік  құзыреттіліктер) 
бойынша  академиялық  білімдердің  меңгерілгенін  бағалауды  көздейтін  негізгі 
білімділік  бағдарламаның  мазмұнын  меңгерудегі  білімділік  жетістіктерін 
бағалаудың 

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау