1
Қысқартулардың тізімі:
АӨК
–
анатомиялық өлі кеңістік
ӨҚЖ
–
өкпені қосымша желдету
ТК
–
тыныс көлемі (Tidal volume, Vt)
ӨӨС
–
өкпенің өмірлік сыйымдылығы
ӨЖЖ –
өкпені жасанды желдету
С
–
өкпе тінінің созылу шегі, Комплайнс (Compliance)
ТМК
–
тыныстың минуттық көлемі
R
–
тыныс жолының қарсыласуы (resistance)
Tr
–
науқастың күтпеген жерде тыныс алу әрекетін ұстауға
мүмкіндік беретін құрылғы (Триггер – trigger)
ФҚС
–
функциялық қалдық сыйымдылығы
ӨЖС
–
өкпенің жалпы сыйымдылығы
РКда –
дем алудың резервтік көлемі
РКдш –
дем шығарудың резервтік көлемі
ҚК
–
қалдық көлемі
ӨТС
–
өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ОЖЖ –
орталық жүйке жүйесі
ТЖ
–
тыныс жиілігі (Frequency)
FIO2
–
тыныс алу қоспасындағы оттегінің пайыздық құрамы
Flow insp –
дем алу кезінде берілетін ағын
Flow ехр –
дем шығару кезінде берілетін ағын
I:Е
–
дем алу мен дем шығару уақытының қатынасы
VA
–
альвеолярлық желдету
Q
–
қан ағыны
РЕЕР –
дем шығару соңындағы оң қысым
СРАР –
тұрақты оң қысыммен күтпеген жерде тыныс алу
Flowinsp/ Flowехр – дем алу/дем шығару ағынының қатынасы
IO
–
оттегімен байыту индексі
2
КІРІСПЕ
Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) қарқынды терапияның бөлігі ретінде қол
-
данылады және бұл – қанды жеткілікті оксигенациялау мен көмірқышқыл
газымен элиминациялауды қолдауға бағытталған альвеолярлы кеңістікте
жеткілікті газ алмасуды қамтамасыз ететін әдіс.
Қазіргі уақытта көлем, ағын, қысым мен уақыт бойынша басқарылатын
ӨЖЖ-нің көптеген режимі қолданылады; адаптациялық (интеллектуалдық)
режимдер кеңінен қолданылады, инвазивтік емес ӨЖЖ де бар.
Көптеген клиникалық жағдайда бір ғана респираторлық стратегияны
және желдетудің нақты бір түрін қатаң сақтау қажет деген ғылыми дәлел-
дерге негізделген ақпарат жоқ. Әр бөлімде респираторлық жүйенің режимін,
функциясын, бағдарламасын қолданылатын ерекшеліктері бар. Соған бай-
ланысты бір бөлімнің өзінде маманның тәжірибесінде өзгерістер болады.
Бұл әдістемелік ұсынымдағы нәрестеге ӨЖЖ жүргізу нақты бір құрылғыға
арналмағандықтан, оны қолда бар құрылғыға бейімдеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: