Жасанды желдету


ГАЗ АЛМАСУ ЖӘНЕ НӘРЕСТЕ ӨКПЕСІН ЖЕЛДЕТУ



жүктеу 308,91 Kb.
Pdf просмотр
бет3/46
Дата16.01.2022
өлшемі308,91 Kb.
#32547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Artificial-lung-ventilation-in-newborns kaz2018

1. ГАЗ АЛМАСУ ЖӘНЕ НӘРЕСТЕ ӨКПЕСІН ЖЕЛДЕТУ

1.1 Нәрестелер өкпесіндегі газ алмасу процесі 

Ұрықтың  алғашқы  тыныс  қимылдары  гестациялық  кезеңнің  11  аптасын

-

да-ақ байқалады. Тыныс кезеңдері сирек жағдайда 10 минуттан көп уақытқа 



созылып, ұзақтығы 1-2 сағат болатын апноэмен кезектеседі. Ұрықтағы тыныс 

қимылдарының  ұзақтығы  жүктіліктің  үшінші  триместрінде  тәулігіне  бірнеше 

сағатқа дейін жетеді. Құрсақішілік өмірден құрсақтан тыс өмірге өткен кезде, 

альвеоладан 30 мл/кг жуық фетальді сұйықтық сіңеді (адсорбцияланады).

Алғашқы бірнеше тыныс алу жоғары транспульмоналдық қысымды қа

-

лыптастырып, нәресте өкпесінің толық жазылуына мүмкіндік береді. Жетіл



-

ген нәрестенің жалпы өкпе сыйымдылығы (ӨЖС) 160мл және оның жарты

-

сына жуығы – функционалдық қалдық көлемі (ФҚК). Нәрестедегі тыныстық 



көлем (VT) 6 мл/кг жуық, ал минуттық желдету – 200-300 мл/кг/мин. Өкпеге 

түсетін  барлық  ауа  перфузерлеуші  альвеолаға  түспейді  және  газ  алмасуға 

қатысатыны  белгілі.  Қанмен  газ  алмасуға  түспейтін  тыныстық  көлемнің 

(VT)  жартысы  тыныстық  өлі  кеңістік  (VD)  деп  аталады.  Тыныстық  көлем

-

дегі  өлі  кеңістіктің  фракциясы  (VD/VT)  барлық  жас  тобына  бірдей  (0,3). 



Алайда нәрестелердегі өлі кеңістіктің абсолюттік шамасы (2мл/кг) аз болса, 

тыныс  аппараттарының  тыныстық  контур  элементтерін  таңдауда  ерекше 

мән беру қажет. Өкпенің статистикалық көлеміне қарағанда, нәрестелердегі  

(100-150 мл/кг/мин) альвеолярлық желдету (VA) ересектермен (60 мл/кг/мин) 

салыстырғанда анағұрлым жоғары.

Өкпедегі  газ  алмасудың  тиімділігі  альвеолярлық  желдетудің  абсолют 

мәндеріне, я өкпелік қан айналымға ғана байланысты емес, бұл мәндердің қа

-

тынасына да байланысты. Туғаннан кейінгі алғашқы тәуліктер мен алғашқы 




3

апталарда  (нәрестенің  гестациялық  мерзіміне  сәйкес)  нәрестелердегі  өкпе 

перфузиясы өкпе желдетуіне қарағанда жоғарырақ. Алдағы уақытта жалпы 

желдету-перфузиялық қатынастың деңгейі ересектердікіндей болып, 0,8-ге 

жетеді.

Желдету мен қан айналымды таратудың кесте түрінде үш нұсқасы ұсы

-

нылуы мүмкін:



1) желдету қан айналымға сәйкес (VA/Q=0,8); бұл жағдайда альвеоладан 

ағатын қан қалыпты газ құрамына сәйкес келеді;

2) желдету қан айналымға қарағанда басым (VA/Q>0,8); бұл нұсқа қалып

-

ты  перфузияланатын  альвеоланың  гипержелдетілуінде  немесе    төменде



-

ген өкпелік қан айналымда пайда болады; сонымен бірге, қандағы оттегінің 

мөлшерлік қысымы қалыпты болады, ал PaCO2 азаяды;

3) желдету қан айналымнан аз (VA/Q<0,8); мұндай жағдай қан айналы

-

мының сақталған аясында төмендеген желдетуде немесе қан айналымы



-

ның  қалыпты  өлшемдерінен  жоғарылағанда  болуы  мүмкін;  бұл  жағдайда 

артериялық  гипоксемия  қалыптасып,  ал  мөлшерлік  қысымның  жоғары 

диффуздық мүмкіндігіне байланысты көмірқышқыл газы ұзақ уақыт қа

-

лыпты болады. 



Жалпы және аймақтық желдету-перфузиялық қатынастың өзгерістеріне 

алып келетін басты себептердің бірі – науқастың ӨЖЖ кезінде ұзақ уақыт 

бойы бір қалыпта қозғалыссыз жатуы. 1-2 сағаттан кейін аймақтық желдету 

төменнен жоғары қарай ауысады, сол уақытта өкпенің қажет емес бөлігі пер

-

фузияланады. Сонымен қатар, көлденең жатқан науқастың диафрагма күм



-

безінің  жоғары  орналасуына  байланысты,  өкпенің  тіршілік  сыйымдылығы 

(ӨТС) шамамен 8-10% төмендейді. Сондай-ақ желдету-перфузиялық қаты

-

насқа  ӨЖЖ,  гипероксиялық  тыныстық  қоспалармен  ингаляция,  анестетик



-

тер, миорелаксанттар және басқа да дәрілік препараттар әсер етеді. 




жүктеу 308,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау