Осы әдістемелік ұсынымдарда келтірілген нәрестелерге ӨЖЖ жүргізу
қағидалары нақты бір жабдыққа арналмағандықтан, қолда бар жергілікті
жабдыққа бейімдеу қажет.
ӨЖЖ жүргізуге көрсетімдер
ӨЖЖ жүргізуге көрсетімдерді әр нәресте үшін жеке анықтау қажет. Бұл
ретте жағдайдың ауырлығы мен аурудың ағынын, нәрестенің гестациондық
және постнаталдық жасын, тыныс және жүрек қантамыр жетіспеушілігінің
клиникалық көріністерін, рентгенография нәтижелері мен ҚНЖ және қанның
газдық құрамын ескеру қажет (1, 2).
Достарыңызбен бөлісу: |