Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет132/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
319 
және  шығармашылық,  ашықтық,  өмір  бойы  білім  алу  сияқты  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.  
Пилоттық  мектептердің  3-сыныптарында  Қазақ  тілі  (Т1),  Әдебиеттік  оқу,  
«Математика»,    «Жаратылыстану»  (жаратылыстану  ғылымдарының  негіздері), 
«Дүниетану»  (қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдарының  негіздері),  ««Қазақ  тілі 
(Т2)», «Русский язык (Я2)», «Ағылшын тілі» (тілдерді деңгейлеп оқыту), «Өзін-
өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту 
жалғастырылады. 
«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  (АКТ)  жаңа  пәні 
енгізіледі. 
Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері  
Тілдік оқу пәндері. Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді 
емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту.  
3-сыныпта  тілдік  пәндерді  оқытудың  ерекшелігі  коммуникативтік  тәсілді 
жүзеге асыру болып табылады.  
Коммуникативтік  дағдыларды  ортақ  тақырыптарды  оқыту  барысында 
қалыптастыру қажет: 

 
Жанды табиғат 

 
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (Жарық пен қараңғы) 

 
Уақыт 

 
Сәулет өнері 

 
Өнер 

 
Атақты тұлғалар 

 
Су – тіршілік көзі 

 
Демалыс мәдениеті. Мерекелер 
Коммуникативтік  тәсіл  3-сынып  білім  алушыларының  оқу  сауаттылығын 
дамытуға бағытталған, яғни жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия 
жасау қабілетін дамыту, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін 
пайдалану,  білімдерін  және  мүмкіндіктерін  арттыру,  қоғам  өміріне  белсенді 
қатысу.  Базалық  оқулықта,  сондай-ақ  қосымша  ресурстарда  (басқа  да 
баспалардың  пайдалануға  ұсынылған  оқулықтары,  оқу-әдістемелік  кешендері, 
хрестоматиялары  және  т.б.)  ұсынылған  әртүрлі  жанрдағы  мәтіндер  осы 
мақсатта пайдаланылады. 
3-сыныпта  тілдерді  оқыту  барысында  сөйлеу  қызметінің  төрт:  тыңдалым, 
айтылым,  оқылым  және  жазылым  дағдысын  дамытуға  арналған  осы  тәсілді 
күшейту  қажет.  Екінші,  үшінші  тілдерді  оқытудың    оңтайлы  тұстары  сөздік 
қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік 
дағдыларды  жетілдіруге  мүмкіндік  беретін  бірыңғай  сөйлеу-тақырыптық 
режимін  енгізу  болып  табылады.  Пәндерді  оқыту  CEFR  (Шет  тілдерін 
меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі) сәйкес жүзеге асырылады; 
«Қазақ  тілі»  және  «Әдебиеттік  оқу»  пәндерін  оқыту  сөйлеу  қызметінің 
төрт  түрін  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және  жазылым)  меңгеруге;  лексика, 
фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу 
білігін  меңгертуге;  білім  алушылардың  сөйлеуін  жетілдіруге;  оқығанның 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
320 
мазмұнын  түсінуге,  негізгі  ойды  бөліп  көрсету  білігін,  саналы  түрде  оқуды 
дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары 
мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беруге бағытталған. 
3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында 
136 сағатты құрайды; ал «Әдебиеттік оқу» 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 
102 сағатты құрайды. 
 
71-кесте – 3-сыныпта жазба жұмыстарының түрлері және көлемі 
Жұмыс түрлері 
3-сынып 
І жартыжылдық 
ІІ жартыжылдық 
Сөздік диктант 
7-9 сөз 
9-12 сөз 
Диктант 
35-45 сөз 
45-50 сөз 
Көшіру 
35-45 сөз 
45-50 сөз 
Мазмұндама 
60-65 сөз 
70-80 сөз 
Шығарма 
35-40 сөз 
45-55 сөз 
 
Мазмұндама  мен  шығарма  үйрету  сипатында  болады.  Оқу  қарқыны 
(жылдамдығы)  оқу  тәсілімен,  түсінуімен  және  мәнерлілігімен  байланысты 
екенін  және  сол  арқылы  оқу  дағдысының  толыққанды  қалыптасатынын  есте 
сақтау қажет. 
 
72-кесте – 3-сыныпта оқу дағдысы қалыптасуының шамалық нормалары 
 
Сынып 
Міндетті деңгей 
І жартыжылдық 
ІІ жартыжылдық 
3-сынып 
60 сөз және одан артық 
65 сөз және одан артық 
Ескерту:  Шылау,  одағай,  еліктеу  сөздер,  қос  сөздер  жеке  сөз  ретінде 
саналады. 
 
Сондай-ақ,  оқушының  оқу  жылдамдығы  бағаланбайтынын,  тек  оқу 
дағдысы қалыптасуының алгоритмін құрудың критериийі болып табылатынын 
есте сақтау маңызды. 
Сабақта  көлемді оқу мақсаттарының бір бөлігі ғана қолданылуы мүмкін. 
Оқу  мақсаттары  бір  тоқсанның  ішінде  сөйлеу  әрекетінің  түрлері  бойынша 
қиылысады.  
«Жаратылыстану»  оқу  пәні  білім  алушылардың  бастапқы  ғылыми  білім 
деңгейін  «Адам  –  Табиғат»  жүйесінде  қалыптастыруға  бағытталған. 
«Жаратылыстану»  оқу  пәнінің  сабақтарында  білім  беру  процесі  білім 
алушылардың  табиғи  қызығушылығын  дамытуға,  қоршаған  әлемді  ғылыми 
түсінуі  мен  көруін  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс.  Бұл  –  «География», 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
321 
«Биология»,  «Физика»  және  «Химия»  оқу  пәндерін  меңгеруге  бағытталған 
кіріспе  курс.  Бұл  курс  оқудың  келесі  деңгейлерінде  кез  келген  білім  саласы 
үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды. 
3-сыныпта «Жаратылыстану» оқу пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу 
жылында 68 сағатты құрайды. 
«Жаратылыстану»  пәнін  оқыту  оқу  мақсаттарын  іске  асыруда  әрекеттік 
тәсілді  көздейді.  Мысалы,  «Деректерді  алу  және  ұсыну»  дағдысын  дамыту 
мақсаттары  бойынша  3-сыныптың  білім  алушысы  қарапайым  экспериментті 
жоспарлауы және жүргізуі тиіс.  
3-сынып  білім  алушыларының  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығының 
негіздерін іздеу-зерттеу әрекетінің барысында дамыту қажет. 
Бақылау және экскурсия сияқты оқыту түрлерін белсенді қолдана отырып, 
білім  алушылардың  әлемді  сенсорлық  қабылдауын  дамыту  және  зерттеушілік 
дағдыларын қалыптастыруға болады. 
Сондай-ақ,  3-сыныпта  білім  алушылардың  алған  білімдерін  қоршаған 
әлемнің құбылыстарын түсіну үшін қолдану, ғылымды адам өмірінің  сапасын 
жақсарту  құралы  ретінде  ұғыну,  күнделікті  өмірде  білімді  өмір  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету үшін қолдану маңызды. 
Мұғалім  қарапайым  зерттеулерді  жүргізу  барысында  білім  алушылардың 
сын  тұрғысынан  ойлауын  дамытуға,  ғылыми  ақпаратты  қабылдай  және 
интерпретациялай білуін дамытуға назар аударуы керек. 
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс 
бола  отырып,  3-сыныпта  Қазақстан  тұрғындары  өмірінің  әлеуметтік, 
моральдық,  шығармашылық  және  коммуникативтік  жақтарының  жалпы 
бейнесін  көрсетеді,  өзі,  үйі,  отбасы  мәселелері  негізінде  білім  алушыларда 
қоршаған орта туралы түсініктерін дамыта түседі. 
«Дүниетану»  оқу  пәні  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  –  34  сағат 
оқытылады. 
3-сыныпта  тарихты  білу  және  түсіну  Қазақстанның  тарихи  және  қазіргі 
заманғы  оқиғалары,  олардың  себептері,  динамикасы,  сабақтастығы  туралы 
білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дерек көздерімен жұмыс 
істеу,  гипотезалар  ұсыну,  қорытындылар  жасау  біліктері  арқылы  қамтамасыз 
етілуі тиіс. 
Географияны  білу  және  түсіну  білім  алушылардың  қоршаған  ортаны 
танудың  ғылыми  негіздерін  меңгеруі  арқылы,  олардың  бастапқы 
картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі. 
Қоғам  туралы  білім  алу  және  қоғамның  даму  заңдары  туралы  түсінік 
қалыптастыру,  ең  алдымен,  білім  алушылардың  әлеуметтік  ортада  қауіпсіздік 
ережелерін  және  жалпыға  бірдей  мінез-құлық  нормаларын  сақтаудың 
маңыздылығын түсінуі екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды. 
3-сынып  білім  алушыларының  жұптық,  топтық  жұмыс  істеу  дағдыларын 
дамытуға және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар 
аудару маңызды. 
«Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын дамытуға; 
оқу  және  практикалық  міндеттерді  табысты  шешу  үшін  қажет  пәндік  біліктер 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау