Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет130/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
315 
енгізуіне  байланысты,  алтыншы  күннің  (сенбі)  тәрбие  процесіне  ерекше  рөл 
беріліп  отыр,  ол  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлеріндегі  барлық 
педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.  
5  күндік  оқу  аптасына  ауысу  кезінде  білім  алушының  бос  уақыты 
ұлғаяды. Сенбі күніндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі қосымша 
білім болуы қажет. 
Сабақтан  тыс  уақытта,  оның  ішінде  сенбі  күні  балалардың  бос  уақытын 
толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдалану қажет. 
Пән  мұғалімдері  қызығушылықтарына  қарай  үйірмелерді,  секцияларды, 
студияларды, клубтарды жүргізе, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс 
уақытта  танымдық,  байқау,  ойын-сауық  бағдарламаларын,  экскурсияларды 
және  басқаларын  ұйымдастыра  алады.  Мысалы,  физика  пәнінің  мұғалімі 
«Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін 
жүргізе алады (көлік, әуе, кеме жане тағы басқа техника түрлерін үлгілеу). 
Яғни,  педагог  күннің  бірінші  жартысында  пән  бойынша  мұғалім  болып, 
ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады. 
Осыған  байланысты,  жергілікті  атқарушы  органдар  жалпы  орта  білім 
беру  ұйымдары  мен  қосымша  білім  берудің  мектептен  тыс  ұйымдары  үшін 
қосымша  білім  беретін  педагогтер  мен  педагог-ұйымдастырушылардың 
қосымша штаттық бірліктерін қарастырады. 
Сонымен  қатар,  сенбі  білім  алушылардың  кәсіптік  бағдар  күні  болып 
жариялануда:  екінші  және  төртінші  сенбілер  жоғары  оқу  орындары  мен 
колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуі үшін ашық болады. 
Осыған  байланысты  жергілікті  арқарушы  органдар  мемлекеттік-жеке 
меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы 
басты  бағыттардың  бірі  ретінде  балалардың  бос  уақыттарын  қамту  бойынша 
кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда: 
қауіп-қатер  тобындағы  жасөспірімдерді  қарау  үшін  қосымша  білім  беру 
мұғалімдері  мен  педагогтері  арасынан  қоғамдық  тәрбиешілер-тәлімгерлерді 
бекіту; 
аула  және  мектеп  жанындағы  клубтарды  ашу  үшін  бос  тұрған 
ғимараттарды тиімді пайдлану; 
балалар  туристік  базаларын,  сыртқа  шығу  және  жаяу  өлкетану  туристік 
жаңа маршруттарын және т.б. ашу.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  алтыншы  күнді  (сенбі)  өткізу 
туралы ұсынымдар.  
Алтыншы  күннің  (сенбі)  басты  мақсаты  –  сенбі  күндері  оқушының 
әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және 
оны  сауықтыруға  бағытталған  білім  алушылардың  пайдалы  бос  уақытын 
қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.  
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері

қосымша 
білім 
беруде 
оқушылардың 
қажеттіліктері 
мен 
қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру; 
-  балалар  мен  жасөспірімдер  бірлестігінің  қызметі  үшін  жағдай  жасау, 
мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру;  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
316 
-  білім  алушылардың  бос  уақыттарын  барынша  қамту  есебінен 
жеткіншектер  арасындағы  құқықбұзушылық  пен  қылмыстарды  тиімді  алдын 
алу шараларын қамтамасыз ету; 
- «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту; 
- салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады). 
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі бағыттары: 
- зияткерлік; 
- патриоттық жән азаматтық-құқықтық; 
- адамгершілік-рухани; 
- ұлттық тәрбие; 
- экологиялық, экономикалық; 
- спорттық-сауықтыру; 
- ақпараттық мәдениет; 
-  көп  салалы  мәдениеттілік  (шығармашылық,  көркемдік-эстетикалық 
және мәдени-танымдық); 
-  білім  алушылардың  кәсіби  бағдары  (әр  айдың  екінші,  төртінші  сенбісі 
бола алады. 
Бес  күндік  оқу  жағдайында  алтыншы  күн  (сенбі)  оқушылардың 
денсалығын  сақтауға,  білім  алушылардың,  сондай-ақ  мұғалімдердің  өздігінен 
білім  алуға  және  дамуға  уақытын  көбірек  бөлуге  бағытталуы  қажет  және 
балалардың  қызығушылықтарын  ескеріп,  сондай-ақ  оларды  ұжымдық  және 
жеке  тақырыптық  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық  жобаларды  іске 
асыруға  араластыру  арқылы  балалардың  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 
бағытталуы қажет.  
Бұл  Күн  түрлерінің,  формаларының  және  балалардың  жалпы  мәдени, 
көркемдік,  әлеуметтік,  тұрмыстық,  кәсіби  және  басқа  да  қызығушылықтары 
негізінде  бағыттарының  түрлі  болуымен,  оған  педагогтер  мен  ата-аналардың 
мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.  
Жұмыстың  формалары  білім  алушының  сабақтан  тыс  қызметін 
шектелмеуі  қажет  (музыка,  аспаздық,  спорт,  фестивальдар,  олимпиадалар, 
«Алло,  біз  таланттарды  іздейміз»  байқаулары,  жарыстар,  КТК, 
қашықтықтан  өткізілетін  бағдарламалар,  театрларға,  мұражайларға, 
кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын 
әзірлеу және басып шығару және т.б.).  
Сенбі  күні  мектепте  білім  алушыларға  арналған  келесі  іс-шаралар 
өткізілуі мүмкін: 
факультативтер,  дайындық  курстары,  пәндік  олимпиадалар,  танымдық, 
байқау-көңіл  көтеру  бағдарламалары,  экскурсиялар,  мәдениет  мекемелері  мен 
мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық 
жарыстар,  бейін  бойынша  іс-шаралар,  қызығушылықтары  бойынша  мектеп 
студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер: 
-  журналистика,  жас  репортер  немесе  редактор  жазбаша  және  ауызша 
жанрда өз күшетірін сынап көреді; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау