Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет129/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
313 
қажетті  негізгі  білімдеріндегі  қандай  да  бір  оқу  курстарының  болмауына 
байланысты олардың орнын толтыру.  
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  іске  асыру  жағдайларында 
қосымша  білім  беру  педагогогтерімен  және  мектеп  мұғалімдерімен 
атқарылатын  жұмыстар  білімді,  дамыған  көшбасшы  қабілеттеріне  ие,  таңдау 
кезінде  өз  бетінше шешім  қабылдай  алатын,  ынтымақтастыққа  және мәдениет 
аралық  әрекеттестікке  қабілетті,  өз  халқының  тағдыры  үшін  жауапкершілік 
сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
Біздің  балаларымыздың  ұлттық  идеология  рухында,  мәдени  дәстүрлерде 
тәрбиеленгендігі  маңызды.  Идеологиялық  құраушы  барлық  өткізілетін  іс-
шараларда болуы тиіс.  
Қосымша білім беру педагогтеріне және мұғалімдеріне республикалық 
көрмелердің  әдістемелік  қорына  белсенді  жүгіну,  кәсіби  қызметтерінде 
көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады. 
Мектептің балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ 
халқының  ұлттық  ерекшеліктері  мен  салт-дәстүрлерін  зерттеу  бойынша, 
әншілік,  бишілік,  халық  қолөнері  және  тағы  сол  сияқты  өңірлік  фольклорлық 
дәстүрлерді  сақтау  және  дамыту  бойынша  жұмыс  жүргізуді  жалғастыру 
ұсынылады.  Сабақ  барысында  білім  алушыларға  халқымыздың  адамгершілік 
құнды  бағдарларын  түсіндіруге  ерекше  ден  қою  қажет,  олар:  әйелдерге-
аналарға  деген  құрмет,  үлкендерге  деген  ізет,  еңбекқорлық,  әлеуметпен  және 
табиғатпен және басқалармен үйлесімде өмір сүруге талпыну.  
Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр 
шығармашылығы  дамуының  заманауи  үрдістерін,  театрдың  интерактивті 
түрлерін  дамытуды  ескере  отрып,  жоғары  адамгершілік  мазмұнды 
драматургиялық материалдарды іздеуге көп көңіл бөлгендері жөн. 
Бейнелеу  және  сәндік-қолданбалы  шығармашылығының  мектеп 
үйірмелері  мен  бірлестіктерінің  педагогтеріне  шығармашылық  мәдениетін 
дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. 
Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  бейнелеу  өнері,  хореография, 
музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып 
табылады.  Бірқатар  дербес  байқаулар  мен  көрмелердің  құрылымы  «Өнер 
арқылы  -  бірлікке  және  өзара  түсіністікке»  атты  келесі  номинациялар 
бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін: 
1) 
«Ұлттық 
салт-дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптар» 
(байқау 
қатысушылары  ұлттық  әдет-ғұрыптың  сипаттамасын  ұсынады  немесе 
көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді); 
2)  «Ұлттық  әндер,  поэзия,  ойындар  мен  билер»  (байқау  қатысушылары 
фольклор  шығармаларын  ана  тілінде  орындайды,  биді,  сондай-ақ  ұлттық 
және халықтық ойындарды көрсетеді); 
3)  «Ұлттық  киім»  (ұлттық  киімді  немесе  оның  бөліктерін  көрсету. 
Оның  тарихын,  символикасын  және  аталған  бұйымды  жасау  тәсілдерін 
әңгімелеуіне болады); 
4)  «Дәстүр  ордасы»  сәндік-қолданбалы  шығармашылық  (осы 
номинацияның  байқау  бағдарламасына  шығармашылық  жұмыстардың 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
314 
авторлары  және  отбасы  жәдігерлерін  сақтаушылар  қатысады  (ұлттық 
ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш 
және  т.б.).  «Кішкентай  кереметтер»  балалар  және  отбасылық 
жұмыстардың көрмесі); 
5)  «Ұлттық  асхана  тағамдары»  (байқау  қатысушылары  дайындаған 
тағамдарын  ұсынып,  осы  тағамға  байланысты  ұлттық  дәстүрлерді  айтып 
берулері  керек,  сондай-ақ  ұсынған  тағамдардың  жасау  жолдарын  көркемдеп 
ресімдейді); 
6) «Отбасы альбомы»  шығармашылық  жобасы  (байқау  қатысушылары 
өз  тегінің  өкілдері  туралы  әңгіме  дайындайды.  Әңгіме  фото  суреттерді, 
бейнежазбаларды,  хаттарды,  жазба  күнделіктерін,  басылымдарды,  отбасы 
мүшелерінің  шығармашылық  жұмыстарын  және  үйде  сақталған  қызықты 
тарихы бар ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін); 
7) «Біз – Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және басқалары. 
Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық 
қызметті  ұйымдастыру  балаларды  өз  халқының,  өз  елінің  тарихына,  мәдени 
мұрасына 
тартуға 
ықпал 
етеді. 
Оқушылардың 
туристік-өткетану 
экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, су, велосипед жорықтары, 
сан түрлі бағдарлар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн. 
«Туған  өлкенің  көрікті  жерлерінен  –  Қазақстанның  киелі  жерлеріне», 
«Ұлы  Дала  Елі»,  «Қазақстан  –  менің  алтын  бесігім»,  «Сенің  өмірдегі  бірінші 
асуың»,  «Алтын  компас»  және  басқа  тақырыптарда,  жергілікті  табиғат  және 
тарихи  ескерткіштерден  бастап  Еліміздің  астанасы  –  Астана  қаласына  және 
елдің  басқа  да  өңірлеріне  дейін  оқушылардың  экскурсиялары  мен 
экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.  
Жаңа  оқу  жылында  еліміз  үшін  ең  маңызды  оқиға  «ЭКСПО-2017» 
халықаралық көрмесіне ерекше назар бағытталуы керек.  
Сынып 
жетекшілеріне, 
қосымша 
білім 
педагогтеріне 
жас 
өлкетанушылар,  экологтер  мен  табиғат  танушылар  арасында  «Болашақтың 
энергиясы»  ұранымен  сабақтар  топтамасын  өткізу  ұсынылады.  Мұндай  іс-
шараны  өткізудің  формалары  алуантүрлі  («Жасыл  планета»,  «ЭКСПО  –  2017 
балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер 
байқауы,  «Ландшафты  дизайн»,  «Екінші  өмір»,  «Туған  өлкенің  биотүрлерін 
сақтаймыз  және  дамытамыз»,  «Денсаулық  және  қоршаған  орта»,  «Жасыл 
экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу 
жобалары). 
Мұндай ісшаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім 
алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар 
үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді. 
Қазақстан 
Республикасындағы 
жалпы 
орта 
білім 
беретін 
мектептерде 
аптаның 
алтыншы 
күні 
(сенбі) 
тәрбие 
процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері. 
Республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  1-сыныптан  бастап 
(2016-2017  –  1  сынып;  2017-2018  –  2,  5  және  7  сыныптар;  2018-2019  –  3,  6,  8 
және 10 сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау