Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет131/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
317 
-  психология,  ол  жерде  балаларды  өздерін  дұрыс  түсінуге,  қоршаған 
ортамен  араласуды,  өз  қабілеттерін  дамытуды  және  кемшіліктерін  жеңуді 
үйретеді; 
-  тарихи-археологиялық,  теорияны  мұражайларға  барумен  оқуды, 
жорықтарда жергілікті жерлерді зерттеумен үйлестіреді;  

техникалық 
шығармашылық
пайдаланушының 
компьютерді, 
компьютерлік  техниканы,  ІТ-технологияларды,  робототехниканы  қолданудың 
бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;  
- үштілділік жағдайындағы шет ел тілдері
-  қисынды  ойлауды,  ден  қоюды,  өз  бетінше  әрекет  етуді  және  т.б. 
дамытуға арналған шахматтық үйірмелер
Бұл  өз  кезегінде  қызмет  түрін  ауыстыруды  қамтамасыз  етіп  қоймай, 
сондай-ақ  стилін,  араласу  ортасын,  қоршаған  жағдайды  өзгертуді  қамтамасыз 
етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және 
дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.  
Мұғалімдерге  арналған  ісшаралар:  кәсіби  байқаулар,  сынып 
жетекшілерінің  шығармашылық  есеп  берулері,  мұғалімдердің  әдістемелік 
бірлестіктерінің  презентациялары  мен  есептері,  тренингтер,  көркемдік  қолдан 
жасалған  бұйымдардың  байқаулары,  мектептің  психологиялық  қызметінің 
кеңестері,  мектеп  жобалары:  «Сенбілік  қарқын»,  «Қосымша  білім  күні»,  «Бос 
уақытты  бірге  өткізу  күні»,  «Мектеп  сенбісі»,  «Шығармашылық  және 
дамыту күні» және т.б. 
Ата-аналарға  арналған  ісшаралар:  ата-аналардың  құқықтық  жаппай 
оқуы,  мектептің  психологиялық  қызметінің  кеңесі,  спорттық  жарыстар, 
психолог  және  пән  мұғалімдерімен  бірге  өткізілетін  бейіндік  іс-шаралар, 
дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу. 
Алтыншы  күнді  (сенбі)  ұйымдастыру  барысында  педагогтер  білім 
алушылармен  бос  уақытты  өткізу  және  дамыту  қызметтері  үшін  қаланың, 
ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады. 
Сынып 
жетекшілерінің 
әдістемелік 
бірлестіктерінің 
пән 
мұғалімдерімен  және  мектептегі  өзін-өзі  басқару  органдарымен  бірлесе 
отырып,  мектептің  алтыншы  күнінің  жоспарын  әр  тоқсан  сайын  әзірлеп 
отырғандары  жөн.  Осы  күннің  барлық  іс-шаралары  педагог-ұйымдастырушы 
немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп-кету журналының есебінде 
тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни 
директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына  жүктеледі.  Алтыншы  күннің 
(сенбі)  қорытындысы  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының 
қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет. 
Осылайша,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім 
беру  ресурстарын  қолдану  біртұтас  білім  беру  кеңістігі  аясында  білім 
алушылардың  әлемді  тұтас  қабылдауын  қалыптастыруға,  тұлғаның  жеке 
қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  дамытуға  жағдай  жасауға  мүмкіндік 
береді


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
318 
 
11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ 
МЕКТЕПТІҢ  ОҚУ  БАҒДАРЛАМАЛАРЫН  АПРОБАЦИЯДАН  ӨТКІЗУ 
ТУРАЛЫ 
 
Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-
2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  аясында  Ы. 
Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы    «Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері»  Дербес  білім  беру  ұйымымен  бірлесе  отырып,  жаңартылған  білім 
мазмұнын  еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  тарату  бойынша 
жұмыстар жалғасуда. 
2017-2018  оқу  жылында  30  пилоттық  мектептердің  3-сыныптарында                      
Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының,  білім 
мазмұны  жаңартылған  Үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларының, 
байқау  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік  кешендерінің,  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың  критериалдық  жүйесінің  апробациясы,  эксперимент  режимінде 
оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасын табады. 
Апробацияны жүргізу мыналарға бағытталған: 
-  әзірленген  білім  сапасын  бағалау  жүйелерін,    критериалды  бағалау 
жүйесін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелі тексеру және жетілдіру; 
-  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында  әзірленген  оқу-әдістемелік 
кешендерді (ОӘК) және сандық білім беру ресурстарын енгізу; 
-  жаңа  пәндерді  енгізу  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламаларын 
жетілдіру бойынша түпкілікті нәтижелерді алу. 
 
Жаңартылған білім беру мазмұнының апробациясы мониторингпен бірге 
жүреді,  өйткені  жалпы  білім  беретін  мектептерге  одан  кейінгі  енгізу  жаңа 
енгізілімдердің  тиімділігін  анықтау  үшін  алдын  ала  жүргізілген  зерттеу 
жұмыстарының  негізінде  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Апробация  процесі  кезіндегі 
мониторинг  барысында  оқу  жылы  бойында  жинақталған  ақпарат  тез  арада 
тиісті шаралар қабылдауды талап ететін проблемаларды, сондай-ақ шешу үшін 
көп  уақыт  пен  деректерді  қажет  ететін  мәселелерді  (білім  берудің  белгілі  бір 
деңгейі аяқталғанға дейін) анықтау және талдау үшін пайдаланылатын болады. 
Деректер  оқу  процесін  ұйымдастыруды,  оқу  бағдарламалары  мен  оқу 
жоспарларының,  бағалау  жүйесінің,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
кешендерінің 
құрылымы 
мен 
мазмұнын, 
мұғалімдер 
мен 
мектеп 
басшыларының    біліктілігін  арттыру  курстарының  мазмұнын  жетілдіру 
бойынша шешімдерді қолдау үшін пайдаланылады. 
3-сыныптың  оқу  бағдарламалары  оқушылардың  нақты  оқу  мақсаттарына 
қол  жеткізуіне  бағдарланған  және  білімнің  белгілі  бір  көлемін  меңгеруді, 
сондай-ақ  оларды  оқудағы  және  өмірдегі  проблемаларды  шешуде  қолдану 
дағдыларын дамытуға бағытталған.  
Пән мазмұнын жобалаудың «шиыршық» принципі бойынша 3-сыныптағы 
оқу материалдары біртіндеп тігінен де, көлденеңінен де кеңейіп, қарапайымнан 
күрделіге көшіп отырады. 
Бұл  орайда,  барлық  бағдарламалар  білім  алушыларға  қазақстандық 
патриотизм  және  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет,  ынтымақтастық,  еңбек 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау