Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет134/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
324 
музыкалық  білім  негіздерін  қалыптастыруға,  қарапайым  орындаушылық 
білімін,  біліктері  мен  дағдыларын  және  музыкалық  қызмет  түрлерін 
меңгертуге,  музыкалық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  
бағытталған. 
3-сыныпта «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылында 34 
сағатты құрайды. 
«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, 
классикалық  және  заманауи  музыканың  озық  үлгілерін;  музыкалық  сауат 
негіздерін;  орындау  және  тәжірибеде  музыкамен  айналысу  үшін  музыкалық 
материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, 
музыкалық  жанрлар  мен  стильдер  туралы  мағлұматтар);   музыка  шығару  мен 
суырып-салмалылыққа  арналған  музыкалық-шығармашылық  тапсырмаларды, 
сонымен қатар АКТ қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен 
пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды. 
3-сыныптағы  «Музыка»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұны  төмендегі бөлімдер 
арқылы жүзеге асырылады: 
1)  «Музыка  тыңдау,  талдау  және  орындау»  (Музыкалық  сауаттылық; 
Музыканы  тыңдау  және  талқылау;  Музыкалық  жанрлар;  Музыкалық 
формалар; Аспаптарда ойнау және ән айту); 
2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру»; 
3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау». 
«Көркем  еңбек»  оқу  пәні  –  кіріктірілген  пән  –  «Бейнелеу  өнері»  және 
«Еңбекке  баулу»  пәндерінің  негізінде  әзірленген,  бұл  пән  арқылы  «Технология 
және өнер» білім саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің 
біртұтас  бейнесіндей  эстетикалық  түсіну  және  қабылдаудың  жалпы 
заңдылықтары негізінде іске асырылады.  
3-сыныпта  «Көркем  еңбек»  пәні  аптасына  1  сағаттан  оқытылып,  оқу 
жылында 34 сағатты құрайды. 
Оқу  пәні  түрлі  шығармашылық  қызметтегі  кеңістіктік-бейнелік, 
шығармашылық  ойлауын,  рухани-адамгершілік  мәдениетін,  елесін,  қиялын 
және  аңғарымпаздығын,  жеке  тұлғаның  қалыптасуын  және  өз  ойын  білдіруін 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  көркем-технологиялық  білім,  білік  және 
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.   
Оқу  мақсаттары  білім  алушыларда  белгілі  бір  дағды  қалыптастыру  үшін 
әрекет  түрін,  орындау  техникасын,  шығармашылық  жұмысты  жасаудың 
материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған. 
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ 
құралдарын  қолдану  дағдыларын  дамыту  қажет.  Ең  алдымен,  бұл    көркем 
жұмыстарды жасау кезінде сандық компьютерлік технологияларды пайдалану, 
слайдтық  презентацияларды  жасау  дағдыларын  дамыту,  шығармашылық 
жұмысты  жасау  үшін  басқа  білім  алушылармен  ынтымақтастық,  қарым-
қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б. 
 3-сыныпта «Сәулет өнері» ортақ тақырыбының аясында 3.2.3.2 - «Әртүрлі 
тәсілдермен  және  материалдармен  (ермексаз,  қолданыстан  шыққан,  қағаз 
материалдары)  көлемді  пішіндер  жасау»  оқу  мақсатына  жету  үшін  білім 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
325 
алушылар макеттер мен басқа да бұйымдар жасау кезінде әр түрлі техникалар 
мен материалдарды пайдалана алады. 
Мысалы,  «2.2  Шығармашылық  жұмысты  орындау  материалдары  мен 
техникалары»  бөлімшесіндегі  «3.2.2.1  -  Аса  күрделі  әдістер  мен  тәсілдерді 
пайдаланып,  материалдарды  (көркемдік,  табиғи  және  жасанды)  және 
құралдарды  қолдану,  эксперимент  жүргізу»  оқу  мақсатына  жету  кезінде  
көлемді  аппликация  техникасын  (рулондық  қатырма  қағаз  бен  реңктелген 
қағазды  пайдалану),  көркем  мүсіндеу  техникасын  (мүсіндеу  үшін  (пластика) 
массаны  немесе  ермексазды  пайдалану),  аралас  техниканы  (пластикалық 
бөтелкелерді, пластилин және т. б. пайдалану) қолдана алады. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  бағдарламасының  мақсаты  дене  тәрбиесінің 
негіздерін  тану  болып  табылады.  Бағдарлама  оқушылардың  спорттық-арнайы 
қозғалыс  дағдыларын  және  дене  қабілеттерін  меңгертуімен  қатар  балалардың 
салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет. 
3-сыныптағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 3 
сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
Дене  шынықтыру  сабағы  –  балаларды  дене  жаттығуларына  жүйелі 
баулудың  негізгі  түрі.  Дене  шынықтыру  сабағының  негізгі  міндеттерінің  бірі 
балаларды  дұрыс  қозғалу  дағдысына  үйрету  және  дене  қасиеттерін  дамыту 
болып  табылады.  Дене  шынықтыру  сабағының  мәні  өзара  байланысты 
сауықтыру,  білім  беру  және  тәрбиелеу  міндеттерін  жүйелі  жүзеге  асыруда 
жатыр.  Олардың  орындалуы  баланың  денесін  шынықтыруды,  денсаулығын 
нығайтуды,  дұрыс  қозғалыс  дағдыларын  меңгеруді,  дене  шынықтыру  және 
спортқа  деген  эмоционалдық  оң  көзқарасын  қалыптастыруды,  тұлғалылығын 
жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді. 
Сабақта  оқушыларды  ұйымдастырудың  әдістерін  пайдалану  мұғалім 
белгілеген  міндеттерге,  сабақ  жағдайларына,  балалардың  жас  мөлшеріне 
байланысты болады. Оқыту кезінде ұйымдастырудың түрлі әдістерін, мысалы:  
жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, ауыспалы әдіс, топтық әдіс, жеке әдіс 
және т.б. аралас пайдалану дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттырады. 
Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің 
жеткілікті  деңгейімен  дұрыс  ұйымдастырылған  сабақ  кіріспе  бөлімнен  кейін 
тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады, 
жалпы  дамыту  жаттығуларынан  кейін  –  50%-дан  кем  емес,  негізгі 
қозғалыстарды  үйренгеннен  кейін  –  25%-дан  кем  емес,  қозғалыс  ойындардан 
кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңында тамыр соғысы 
бастапқы  деңгейге  дейін  қалпына  келеді,  не  болмаса  одан  15–20%  жоғары 
болады. 
Жаңартылған  білім  мазмұнын  іске  асыру  барысында  30  пилоттық 
мектептердің  3-сыныптарында  Қазақстан  Республикасы  Бастауыш  білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі 
және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету жалғасады. 
2017-2018 
оқу 
жылы 
пилоттық 
мектептердің 
3-сыныптарында                                      
1, 2-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.  
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау