Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет14/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
27
болған  жетісулық  қазақ – қырғызға  қол  ұшын  беріп,  құтқаруға ұмтылған  алғашқылардың  бірі  қазақ пен 
қырғыздың  оқыған,  көзі  ашық – көкірегі  ояу , озық  ойлы  зиялылары  болатын.  Олардың  ішінде  Алаш 
көсемі Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Ибраһим 
Жайнақов,  Қайсерке  Тоқсанбаев,  Иса  Тергеусізов,  Əубəкір  Жақыпбаев,  қырғыз  зиялылары  Ишаналы 
Арабаев,  Дүр  Саурамбаев,  Қасым  Телтаев,  Байзақ  Мəмбетов  т.б.,  көптеген  зиялылар  бар  еді.  Тарихшы 
академик  М.  Қозыбаев  ұлт  зиялыларының  қайраткерлігі  туралы: «...ұлттық  интеллигенцияның 1916 
жылғы оқиғаға қатысты ұстанымы  ерекше қызығушылық туғызды»- деп ерекше атап көрсетеді [2]. 
Ал,  кеңестік  тарихнамада  олардың  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  пен 1916 жылғы  көтеріліс 
тұсындағы  қызметін  тар  таптық  идеология  тұрғысынан  бір  жақты  ғана  бағалап  немесе  мүлде  айтпауға 
тырысты.  Ол  жөнінде  көрнекті  тарихшы-ғалым  М.  Қойгелдиев  былай  деп  дұрыс  ғылыми  негізді  пікір 
айтады: «... Брайнин мен Шафиро іргетасын қалаған кеңестік тарихнама ұстанымы соңғы жылдарға шейін 
өзгеріссіз келді. Мəселен бес томдық «Қазақ ССР тарихының» үшінші томында құрамында бірде-бір қазақ 
болмаған  большевиктер  партиясының  соғыс  жылдарындағы  қызметі  жөнінде  бір  ауыз  сөздің  жоқтығын 
байқаймыз.» [3]. 
Ал  қазіргі  тəуелсіздік  жағдайында  олар  туралы  бірталай  зерттеу  еңбектер  жарық  көрді. 
Дегенменде  əліде  болса  зиялыларымыздың  қызметін  тереңірек  зерттеу,  олардың  қызметінің  жаңа 
қырларын ашу заман талабы деп білеміз. Ұлтының болашағы үшін алаңдап, ұлы мұраттарға қызмет еткен 
олардың еңбегіне тарихи обьективтілік тұрғысынан лайықты əділ баға берілуі тиіс. 
Осы  тұрғыда  ұлт  мүддесін  ұлықтаған  зиялылардың 1916 жылғы  Жетісудағы  көтеріліс  тұсында 
босқыншылыққа ұшырап, қиыншылық көрген көтерілісші халықты ажал тырнағынан арашалауда атқарған 
қызметінің кейбір кезеңдеріне тоқталмақпыз. 
Ел  басына  күн  туған  күрделі  кезеңде  Алаш  зиялылары  босқыншылыққа  ұшыраған  қазақ  пен 
қырғызды ажал тырнағынан арашалап қалу үшін қолынан келгенінің бəрін жасауға тырысқан болатын. 
 Зиялы қауым өкілдерінің босқыншылыққа ұшыраған қазақ-қырғызды құтқару жолында көрсеткен 
қызметтерін «Қазақ», «Сарыарқа» т.б., газеттерде жарияланған материалдардан-ақ байқау қиын емес. Ал 
газет бетіндегі материалдардың деректік маңызы зор екендігін дұрыс түсінгеніміз жөн. Оның 1917 жылғы 
231  нөмірінде  Алаш  елін  босқындарға  араша  түсуге  шақырып  мақала  жариялады.  Бұл  жарияланған  А. 
Найманқожа баласының мақаласында: «27  май  1917 ж.  Құлжа қ. 
Былтырғы 25 июнь  жарлығы  салдарынан  Қытай  жері  Іле  губерниясына  (Құлжа  сахарасына) 
Пржевал  уезінен 9000 үй  босып  барған.  Қашқар  жағына  бастығы  Шабден  балалары  болып  жиырманың 
ішінде болыс босып кеткен екен. Өзім 25 апрельде Қапалдан Құлжаға келіп едім. Құлжадағы көзім көрген 
босқын  қырғыздардың  халын  газетке  жазып,  Алаш  азаматтарына  білдіруді  борыш  көрдім.  Бұл  Құлжа 
алабына  босып  келген  қырғыздар  орыс  əскерінің  талауынан  қалған  малдарын  Қытай  жеріне  өткен  соң, 
Қытай шерігі (əскері), қалмақ, Құлжа ақсақалы Нұр-Ахун, консул бəрі компания болып, орыс жеріне қайта 
айдаймыз  деп,  қорқытып,  талап  алған.  Ақсақал  қырғыздарға:  бұл  малдарың  қолдарыңда  тұрса,  қытай 
кісілері  талап  алады.  Менің  атыма  шығарып  беріңдер,  сақтап  беремін» - деп 9000 жылқыны  Нұр  -Ахун 
ақсақал  Текеске  сентябрьде  айдатып  жіберген  екен.  Осы  күнге  дейін  жылқыдан  да,  Нұр - Ахуннан  да 
дерек  жоқ.  Нұр - Ахунның 9000 жылқыны  алғанын  не  қылайық.  Бірақ  Қытай  жеріне  азғыртып,  өткізіп 
алып орысты мынадай қылып келген қырғыз Қытайға келіп не оңдырады. Онан да құртыңдар деп, қалмақ 
Қытай  əскеріне  сөз  беріп талатқаны – адам  баласы  түгіл,  хайуанда  аярлық  болды  деседі. Сөйтіп,  үйден, 
малдан  айрылған  соң,  қытай  қазақтарының  жері  Текес  Күнеске  барып,  Қытай  қазақтарымен  сыбайлас 
қыстайды.  үй,  тамақ,  киім  жоқ.  Жергілікті  қазақтар  жəрдем,  жылу  сияқты  нəрсені  бермеген  көрінеді. 
Аштықтан, суықтан босқын қырғыздардың жүзден 3 есенің екісі өлген.  
Қазір  де  топалаң  тиген  қойдай  аштан  өліп  жатыр.  өлгенін  көмуге  де  халдары  келер  емес. 3-4 
мыңдай кісі Құлжа, Көз шаһарына келіп, тіленшілікпен күн көріп, аштан өлуден аман  қалып, осы уақытқа 
дейін тіленшілік етіп, аз-аздап болмаса, көп өлім жоқ. Құлжадан 130 шақырым жерде аштан өлу көп. 
Бостандық  болған  соң,  Қытай  хүкіметі  қалған  босқындарды  өз  жерлеріне  айдап  салуға  шерік 
(əскер)  шығарып,  айдатқанда  көбі  аштан  қырылыпты.  Айдап  бара  жатқандағы  жай-күйлерін  баяндап 
консулға  мұсылманша  жазып  арыз  беріпті.  Арыздардағы  сөздерден  адам  баласы  жыламай,  естіп  отыра 
алар емес. 
Қазір 27 апрельде Пекиннен 3 айға Қытай жерінде тұра тұруға мəулет келді. Бұл мəулетті естіп, 
купие  алып,  айдап  бара  жатқан  Қытай  шерігіне  кісі  шапты.  Бұл  мəулет  Құлжаға  Ғарыф-Ғабидовтың 
Петроградта Сыртқы іс министріне берген телеграмы арқасында болса керек. 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
28
Қырғыздардың  осы  халын  көзі  көрген  жігіт  мұғалім  Молдағалы  Құлжа  мұсылманының 
Исполнительный Комитетінен телеграф арқылы мұсылман көп болған қалалардан аш қырғыз халын баян 
етіп,  жəрдем  сұрауын  өтінді.  Комитет  мақұл  көріп,  телеграф  үшін  қырғыз  болысынан 80 сом  алып, 
қырғыздардың  халын  баян  етіп  діндес,  қандас  туысқандары  бар  қалалардағы  Мұсылман  комитетінен 
жєрдем сұрап, Құлжа комитетінің председателі Садық Ювашев телеграмм берді. 
Келген  жəрдемді  дəптерге  тіркеп  «Уақыт», «Қазақ»  та  есебін  беріп  тұру – қырғыздарды  аштан 
өлтірмес үшін Құлжадан, қырдан бөлімдер Ашу, жалаңаш тіленші əйелдерге киім алып беру һəм басқару 
үшін Құлжа мұсылман комитеті əр қайсысына кісі сайлады. 
Бұл  босқын  қырғыздардың  қатын-қыздарын  Қытай  солдаты,  қытай,  дүнген,  қашқарлық  сарт, 
қытай  қазағы  қатынданып  алған.  Қайсы  бір  байы  тірі  тəуір  қатын-қызды  қытай  солдаты  тартып  зорлық 
қылып  алған.  Құлжаның  көшелерінде  қырғыз  тіленшілерінен  кісі  жүре  алатын  емес.  Тіленшілік  еткен 
қырғыз əйелдерінің киімдері тозғандықтан, құрым киізден денесін жабарлық лыпа жамылып жүр. Қырғыз 
халін көзімен көрген қазақ жігіті болса, шыдай алмайды, жылайды: қайсы біреулері көшеде шалқасынан 
жығылып өлейін деп жатқаны. Қайсы біреулері шаһардың тысында далада ауырып өлейін деп жатқаны. 
Бұл  қырғыздардың  халы  кəріс  мұсылмандардың  халынан  нашарырақ.  өйткені,  кəріс 
мұсылмандарының  аштық,  жалаңаштық  күйін  газеттерге  ерте  жазып,  бүтін  Россия  мұсылмандары жылу 
жиып,  көптеп,  көмектеп  аштық,  жалањаштық  өлімінен  құтқарды.  қырғыздардың 6-7 ай  аштық, 
жалаңаштық  өліп  жатқанын  ешкім  білмеген.  Бостандық  туған  соң,  Құлжадағы  оқыған  білімді  ноғай 
ағайындардың қырғыз халын газеттерге жазып, єшкере қылып, жəрдем жиюға ертерек ұмтылғандарына іш 
ауырғандай  болды.  Бəрі  бір  дін  қандас  осындай  өліп  жатқанда  пайда  тигізбегенде,  қайда  тигізбек  керек 
еді» - деп жазады [4]. 
Аш – жалаңаш  босқын  елдің  жай – күйінен  хабар  алған  ұлт  зиялыларының  белсенділігінің 
арқасында «Босқын қырғыздарға жəрдем комитеті» құрылып, сол арқылы елден ақша жиып, басқада түрлі  
көмектерін көрсетіп, ұйымдастырып отырған еді. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 3 маусымдағы 
санында мынадай мəлімет жарияланды: «Босқын қырғыздарға жəрдем комитеті 
3 маусым 1917 ж. 
Былтырдан бері 10 болыс қырзыз, орыс жерінде орыстан, қытай жерінде қытайдан таланып, Құлжа 
алабында топалаң тиген қойдай аштықтан қырылып жатқанын көріп, Құлжа исполнительный комитетінің 
председателі Ювашев мұсылманы бар қалаларға телеграмм соғып, білдіріп еді; мынадай жəрдемдер келді: 
Алматы  қазақтарының  комитетінен 10 000 сом, «Уақыт»  басқармасынан 598 сом 22 тиын,  Ырғыз  уезі 
комитетінен 251 сом 65 тиын,  Павлодар  мұсылмандары  комитетінен 275 сом,  Ақтөбе  мұсылмандары 
бюросынан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1000 сом, Түркістаннан Нəсіровтан 100 сом, Омбы 
имамы Пономаревтан 117 сом, Троискіден Яушовтан 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, - бəрі 
14 716 сом. 
Мұндай  жəрдемдер  келген  соң,  председатель  Ювашев  Құлжа  мұсылмандарын  жиып,  ертерек 
ескермей,  қараспай  жатқандарын  айтып,  енді  жєрдем  көрсетпей  отырсақ – бүтін  Россия 
мұсылмандарының  алдында  ұятты  болармыз  деп,  аш  қырғыздарға  азық  беру  комитетін  ашалық  деді. 
Жиылған  жұрт  сарты,  ноғайы  бар,  даяр  екендігін  білдіріп, 38 кісі  ағза  сайлап, «босқын  қырғыздарға 
жəрдем комитетін» ашты. Председателі Ювашев, қазнашы Фетчалилин, хатшы Сабиров болды»[5]. 
Алаш  ардақтылырының  бірі  Міржақып  Дулатов  болса  отарлық  езгіге  түсіп,  қаналған  қазақ 
қоғамын  «ұйқыдан»  оятып,  еңсесін  көтеріп  есін  жидыруға  шақырып  жазған  «Оян  қазақ»  деп  аталатын 
өлеңдер жинағының кезінде отаршыл үкіметтің жазалаушы органы жандармериядан жасырып қалған 1000 
данадайының  ақшасын  босқындарға  көмекке  аударатындығы  туралы    «Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 11 
маусымдағы  санында  «ОЯН  ҚАЗАҚ!» (босқан  қырғыз  бауырларыма  арнадым)  атты  мақала  жариялап 
былай  дейді: «Оқушыларға  мағлұм, «Оян  қазақ»  атты  өлең  кітабымды  ескі  үкімет  шам  көріп, «Қазақ 
оянып кетеді!» деп қорқып, 1911-нші жылы мені сотқа берді, сол себепті жыл жарымнан артық абақтыда 
жатып  шықтым. «Оян  қазақ»  халық  арасына  тарамасын  деп,  үкімет  үкім  салды.  Сонан  кейін,  қолға 
түспеген 1000 дана  шамалы  «Оян  қазақ»  алты  жылдан  бері  бір  орында  жасырынып  жатыр  еді.  Енді, 
құдайға  шүкір,  азаттық  таңы  атты,  ескі  үкімет  мүрдем  кетті,  шағымшы  «бауырларымыздың»  да  көзі 
жоғалды. 
Жауыз  үкіметтің  жауыздығымен  былтырғы 25-нші  июнь  жарлығы  тақырыпты  қазақ  халқы  қан 
жылады, бəрімізден артығырақ қырғыз бауырларымыз қырғынға ұшырады. Күні бүгінге шейін сол қырғыз 
бауырларымыздан  көп  ел  Қытай  жерінде  босқындықта,  ашаршылықта,  қырғында.  Жас  балаларын  бір 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау