Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
131
мен жағрафиясын міндетті түрде оқуға тиіс деп талап етті. Бірақ, ол пəндерді мектепте жеке сабақ ретінде
оқыту, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ешбірінде жүзеге аспады.
Алғаш Қырымда тұсауы кесілген жаңа үлгідегі мектептер Қазанда, Уфада, Орынборда, Бұқарада
Ташкентте, Семейде, Алматыда жəне тағы басқа қалаларда елді мекендерде ашылып, білім бере бастады.
Миссионерлердің іріткісі мен іргесі сөгіле бастаған туыстыққа қайта дəнекер болған бұл мектеп
медреселерде түбі бір түркі халықтарының балалары түгел болды. Мəселен Ғалия, Расулия
медреселерінде татар, башқұрт, өзбек, əзірбайжан, балаларымен бірге жүздеген қазақ балалары оқыды.
Қорыта келгенде, жəдидтердің талаптары қоғамның экономикалық, саяси-əлеуметтік, мəдени жəне
педагогикалық қажеттіліктерінен туған орынды, маңызды мəселелер болғанымен, патша үкіметі мен
қадими мектеп өкілдерінің күшті қарсылығының арқасында жəне ұлттық буржуазияның экономикалық
əлсіздігі мен саяси жағынан тəжірибесіздігінен, кезінде ойдағыдай іске аспады. Бірақ олардың тарихтағы
орны жоғалмайды.
1.
Гаспринский И. Из наследия. – Симферополь: Таврида, 1991. - 22 б.
2.
Бұл да сонда.
3.
Қапаева А. Қазақстандағы медреселер мен мектептер //Қазақ тарихы. -2001 - №1. - 55-б.
4.
Гольдцигер. Лекции об исламе. – Спб.: Изд-во Брокгауз-Ефрон, 1912. - 260б.
5.
Расул Заде М.Э. Сиявуш нашего века. О пантуранизме. –Баку, 1990. - 115 б.
6.
Омаров Ə. Қазақстандағы ағарту ісі жəне патша өкіметінің отарлық саясаты. -
Алматы, 1997. - 35 б.
7.
ҚРОММ, 44-қор, 1-т., 2436-іс, 95-п.
8.
Мырзалиева Э.Қ. Қазақстандағы мұсылман оқу орындарының тарихынан // ҚазҰУ
хабаршысы Тарих сериясы. - 2004. - №2 (33).
Резюме
В этой статье рассматривается история формирования и развития системы преподования
джадидизма. И в этой системе рассматриваются способы преподавания татарских просветителей.
Summary
In this article history of ormation and development of system of teaching. And in this system ways of
teaching of the Tatar educators are considired.
ІРІ МƏДЕНИ ОРТАЛЫҚТА ҰЙЫМДАСҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ АҒАРТУ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Г.Рашева –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ізденушісі
20-шы жылдардың басында Түркістан Республикасы Халық комиссарлар кеңесі педагогикалық
оқу орындарының ұйымдасуына баса назар аударды, себебі уақыт талабына сай республикадағы кеңес
мектептерінде жұмыс істейтін мамандар өте қажет болды. 1920 жылы 27 сəуірде Түркістан Орталық
Атқару Комитетінің шешіміне сəйкес халық ағарту комиссаритының жаңа коллегия тағайындалды. Халық
ағарту халық комиссары Н. Төреқұлов, оның көмекшісі Лепешинский, мүшелері: Н. Ходжаев,
Дволайцкий, И. Тохтыбаев. 1920 жылы маусымда Халық ағарту комиссариатының коллегиясы Халық
ағарту институттары туралы ереже бекітті:
«1.Түркістанның халықтарына арналған орыс тілінде оқытатын Н.А. Темирязев атындағы
институт;
2.Қазақ тілінде оқытатын институт;
3.Өзбек тілінде оқытатын институт;
4.Татар тілінде оқытатын институт ». Бұл институттарды қыркүйек айында ашу жоспарланды.[1]
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
132
1920 жылы 1 қазанда Ташкент қаласында Қазақ Халық Ағарту институты өмірге келді. Бұл ресми
түрде ашылған, ұлтымыздың тұңғыш жоғары оқу ордасы болатын. Институт 1917 жылы құрылған қазақ
педагогикалық училищесінің негізінде ашылды. Қазақ Халық Ағарту институтының бес жылдық негізгі
курстан басқа тəжірибе мектебі, балалар бақшасы, 1 жылдық дайындық курсы, жанында сондай-ақ
интернаты болды.[2]
1920 жылы 21 тамызда Қазақ ағарту институтын ұйымдастыру үшін комиссия құрылды. Оның
мүшелігіне тəжірибелі педагогтар Е. Табынбаев, Б. Есенов, Х. Досмұхамедов, Қ. Қожықов, В.Н.
Көшербаевтар енді. Олар оқу орталығының жетістіктерімен бірге барлық кемшіліктерді, қажеттіліктерді
айқын көрсете білді. Х. Досмұхамедовтың басшылығында институттың санитарлық жағдайларын
тексеріп, 11 тармақтан тұратын кеңес-ұсынысын берді. Қойылған талаптар дер кезінде орындала бастады,
дегенмен, көптеген қиыншылықтар да кездесіп отырды. Қазақ ағарту институтының (Казинпрос) алдына
қойған міндеті – біріншіден, қазақ мектептеріне оқытушылар даярлау болса, екіншіден мектептің
ұйымдастырушылық мəдениетін жетілдіруге қабілетті мамандармен қамту еді. 1920 жылы 1 қазанда қазақ
педагогикалық училищесі Қазақ ағарту институтына айналды.
Бұл институттың іргесін қалап, шаңырағын биіктете алатын білікті, тəжірибелі ұстаздар Түркістан
өлкесіндегі мектептерден шақырылды. Кадрлармен қамтамасыз ету жұмысымен Түркістан халық ағарту
комиссариаты шұғылданды. Институт директоры болып Е. Табынбаев тағайындалды.[3]
«Қырғыз халық ағарту институты туралы Ереже» Қазақ ағарту институтының атқаратын
міндеттері көрсетілді:
1.Түркістан республикасындағы барлық халықтар өз мəдениеттерін дамытуына құқылы екендігін
назарға ала отырып, халық ағарту комиссариаты Қазақ ағарту институтын жоғары оқу орны болумен қатар
қазақ халқының мəдени жəне ағарту мəселелерімен шұғылданатын орталық ретінде жұмыс атқаруына;
2.Қазақ ағарту институты педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, физико-
математикалық бөлімдерден құралды.
3.Мамандарды ұйымдастырып басқа бөлімдер ашылғанға дейін, Қазақ ағарту институтының негізі
төрт жылдық курсы бар педагогикалық бөлім болды, бұл бөлімдегі сабақтар ана тілінде оқытылды.
4.Институтта мамандарды тез қарқынмен даярлауды іске асыру барысында бір, екі жылдық
курстар ұйымдастырылды.
5.Институттың бағдарламасында мамандар даярлаумен қатар төмендегі міндеттер іске асырылды:
а)Қазақ мектептерінің типтерін жасау, бағдарламалар дайындау жəне ана тілінде оқулықтар жазу;
б)Еуропалық ғылымды тез оқып үйретуге қазақ тілін бейімдеу;
в) Ғылыми диспуттарға терминологиялық сөздік жасау;
г) Қазақ тіліндегі ғылыми жəне көркем əдебиетерді жинап, өңдеу;
д) Қазақ халқының көне мəдени мұраларын жинау;
е) қазақ халқының тарихын зерттеу жəне жазу;
ж)қазақ халқының шаруашылық – тұрмыс жағдайын, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын зерттеу;
з) Жаңа мектептердің артықшылығын халыққа түсіндіру мақсатында лекциялар ұйымдастыру;
и) Халық ағарту мəселесі бойынша монография, брашура, журналдармен жинақтар шығару;
6. Жоғарыдағы мəселелерді іске асыру мақсатында институтта төмендегі мекемелер болуы керек:
а)тəжірибе орындары: балалар бақшасы, 1 деңгейдегі мектеп жəне халықтың үгіт-насихат
бөлімдері;
б)Қосалқы: кітапхана, ауылшаруашылық фермасы, шеберхана, зертханалар болуы керек;
7. 6 бөлімдегі мəселелер Халық ағарту комиссариатының Қырғыз ғылым Комиссиясының
бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылды. [4]
Бұл институт ашылғанда қазақ зиялылары келешекте жоғары білімді мамандарды даялау
мақсатында университетік білім дəрежесіне көтеруді жоспарлады. Бірақ елдегі əлеуметтік жағдайдың
нашарлығына байланысты мүмкіндік болмады. Сол себептен «Киринпрос» туралы Ережеде институт
дəрежесі педагогикалық орта оқу орнымен деңгейлес болды. Курсты оқу мерзімі бес жылға алғашқы кезде
белгіленді, бірақ кейін төрт жыл болып өзгертілді. Институт мемлекет есебінен қаржыландырды. [5]
Қазақ ағарту институтының оқу-тəрбие жұмысы институттың педагогикалық кеңесінің назарынан
бірде-бір рет түскен емес. Оқушылардың терең білім, саналы тəрбие алуына əрекет жасалынды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
133
Оқытушылардың əрбірі өзіне жүктелген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарады, асқан
ыждаһаттылықпен жұмыс істеді. Институтта əр түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, оқушыларды кеңінен
қамтыды.
Сол кезде Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары болып қызмет еткен Сұлтанбек
Қожанов мұғалім кадрлар құрамын көбейту үшін институтқа ерекше көңіл аударды. Ол өлкенің жалпы
бюджетінің 20% халық ағарту саласына бөлгізді жəне Қазақ ағарту институтының материалдық
базасының нығаюына септігін тигізді. Бұл үшін асқан табандылық пен ұлтжандылық қажет еді.
Институт талаптарына жауап беретін тыңдаушылардың жаңа құрамын жинау жолында да біршама
шаралар жүргізе бастады. Оқуға қазақ қыздарын тартуға басты назар аударылды. Институт басшылығы
1920 жылы тамызда Қазалыға, Перовскіге, Түркістанға, Шымкентке, Əулиеатаға, Əндижанға арнайы
телеграммалар жіберді, оның мазмұны мынадай болды:
«Қазақ Педагогика Институты ондағы бір жылдық мектепке дейінгі тəрбие курстарына
мұсылмандық сауаты бар қырғыз қыздарын жіберуді сұрайды. Курстар 10 қазанда ашылады. Келгендер
Қазыналық интернатта тұрады» [6].
Қолданылған шаралар өз нəтижесін беріп, институтта 1920 жылы – 224, 1921 – 221 бала оқыса, 33
оқытушы сабақ берген [7].
Жоғары білікті мамандарды дайындауды мақсат еткен Қазақ ағарту институты 1920 жылы 1
қазанда ашылды. Оқу орны қаржы отын-су, киім-кешек, азық-түлік тапшылығынан жəне оқытушы
мамандардың жетіспеуінен өз жұмысын бір ай кешігіп бастайды.
Оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат өте аз болды. Олар институт қалыпты жағдайда өмір
сүру қажет болатын керекті қаражатты жаба алмады. Сондықтан педагогикалық ұжым халықтан көмек
сұрауға шешім қабылдайды. Мысалы, қазақ халқы арасында кеңінен танымал М.Тынышпаев Шымкент
жəне Əулиеата уездеріне Халықтан жиналатын қаржы жəне оның мөлшерін анықтау мəселесімен
жіберіледі [8].
Институтты ұйымдастырушылардың бірі ретінде М.Тынышпаев оқу орнын қолдау мақсатында ел
арасынан қаржылай көмек ұйымдастырып, қызмет бабымен өлке аудандарына іссапарға шыққанда қазақ
жастарын білім алуға жинаған. Сондай-ақ ол өзінің жұмысбасты болғанына қарамастан оқу орнында дəріс
беруін тоқтатпаған. Ол институт басшылығына тəңертеңгі 8-9 сағат аралығында, түстен кейін сағат 16-дан
оқу орнына сабақ жүргізуге мүмкіндігі болатыныдығын айтып хат жазған [9].
Бұл құжат М.Тынышпаевтың ұлт мүддесі жолындағы жан қиярлық қызметінің бір ғана көрінісі
еді. Ұлт мүддесі жолындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің мұндай жанқиярлық еңбектері көптеп
кездеседі. Осындай іссапарларға институттың басқа да оқытушылары Сырдария жəне Жетісу
облыстарының əр түрлі аудандарына жіберілді. Бірақ, ол кезде қазақ халқының басым бөлігі кедейшілікте
өмір сүрді. Сондықтан жиналған қаржы көлемі де мардымсыз болды.
Мұрағат құжаттарынан азамат соғысы аяқталып, халық шаруашылығын қалпына келтіру
əлеуметтік-экономикалық қиындықтары оқу орнының қызметіне де ауыр із қалдырғанын көреміз.
Оқытушылар мен тыңдаушылар үшін қарапайым тұрмыстық жағдайлардың болмауы, сондай-ақ азық-
түліктің жетіспеуі мəселені тым күрделендіріп жіберген. Соған байланысты тыңдаушылардың басым
көпшілігін құраған далалық жерлерден келген жастардың жағдайына алаңдаған комитет төрағасы
республика ағарту халкомына негізгі курстың тыңдаушыларымен бірге өзге курстар тыңдаушыларын
азық-түлікпен жабдықтауда қызыл əскер пайегіне, онда да тылдағы емес, майдандағы нормамен
теңестіруді сұрайды [10].
Институт өз мұғалімдеріне, əсіресе, басқа жерден келген мұғалімдерге материалдық-тұрмыстық
жағдайларды жасауда қиындықтарға душар болды. Осы мəселені шешу үшін 1920 жылы 11 қыркүйекте
институт басшылығы Түркістан республикасы Ағарту халық комиссариатына арнап баяндама жасайды.
Онда былай делінді:
«Қазақ институтының ұйымдастыру комитеті институтқа біршеме мектеп қызметкерлерін
шақырды. Ташкентте қажетті мұғалім кадрлары жетіспегендіктен, оқытушылардың басым бөлігі
республиканың басқа қалаларынан шақырылды. Қараңғы қазақ халқына білім беру ісін бастаған олар,
өздерінің материалдық мүдделерімен санасып отырған жоқ. Олардың басым бөлігі өздерінің бұрынғы
жұмыс орындарын тастап, бар дүние-мүлкін сатып көшіп келді. Институт өз кезегінде оларға қажетті
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
134
жағдайларды жасап, оларды күнделікті тұрмыстық шаруашылықтан азат етіп, олардың тек оқытушылық
қызметпен айналысуына мүмкіндік жасағасы келеді.
Осы мақсатта институт басшылығы барлық педагогтарға пəтер беруге шешім қабылдады.
Өкінішке орай, институт ғимараты өзінің мөлшеріне сəйкес оған барлық оқытушаларды қамти алмайды.
Онда тек тікелей тəрбие жұмыстарымен айналысатын мұғалімдер ғана тұра алады. Бірақ, олардың
барлығына бірдей орын жетіспейді, өйткені, институт пəтерлерінің бірқатарын институтқа қатысы жоқ
бөгде адамдар алып отыр.
Осы жағдайларға байланысты институт бөгде тұрғындарды институт ғимаратынан шығаруды тағы
да сұрауға мəжбүр етеді. Институт мұғалімдері мен қызметкерлерінің басым бөлігі барлық пəтерлерді
босатқанның өзінде жеке пəтер жалдауға мəжбүр болады. Көшіп келгендердің көпшілігі отбасылы
болғандықтан, институтта сабақ беру олардың барлық уақыттарын алатындықтан, институт Халық Ағарту
Комиссариатынан институттың педагогикалық кадрларына пəтерлер бөлуге ықпал етуді сұрайды».
Сонымет қатар, оқытушылар мен қызметкерлердің өмір жағдайының сапасын жақсарту
мақсатында институт басшылығы аталған баяндамада былай деп көрсетеді:
«Мұғалімдер құрамын күнделікті тұрмыстық міндеттерден босату мақсатында институт оларға
отын жəне жарықты нақты тұрақты бағаларға сатып алу мəселесін шешуді ұсынады».
Осы баяндамамен қатар, сол кездегі азық-түлік мəселесінің қиындығына, халыққа қажетті
тауарлар жетіспеушілігіне, олардың тым қымбаттығына байланысты Халық Ағарту Комиссариатына
мынадай өтініш қойылады: «тиісті мекемелер алдына институттың педагогикалық жəне қызметкерлер
құрамы үшін, біріншіден, қызыл əскерлердің азық-түлік паегін жəне киімін алу құқығын беру, екіншіден,
оқытушылар мен қызметкерлер отбасыларына мануфактура босату, үшіншіден оқытушылар мен
қызметкерлерге жəне олардың отбасыларына институттағы тиісті шеберханаларды қолдану мəселесін
шешу үшін өтініш жасау. Бұл өтінімді беру себебіміз тыңдаушылардың басым бөлігі дала өлкесінен
келгендер. Олардың өмірі қылы өмірінен басқаша. Институтқа түсудің олар үшін бірқатар
қиыншылықтары да бар. Олар өздері қалыптасқан тұрыстан бас тартып, қала өміріне үйренуі қажет.
Осылардың басрлығы олардың денсаулығына қатты əсер етеді, тіппі олар жаппай ауруға ұшырауы да
мүмкін» [11].
Алық шаруашылығы жалпы күйзелісте болғандықтан бұл аталған өтініштердің көпшілігі жүзеге
асырылмады.
Осыған қарамастан сол кезде барлық курстар бойынша негізгі оқу бағдарламалары əзірленіп,
сынып ғимараттары дайындалып, оқытушылар құрамы түгелденеді. Алайда, оқу-тəрбие үрдісінде əлі де
қарама-қайшылықтар орын алады. Ол объективтік жəне субъективтік сипаттағы қиындықтарға кездесті.
Ең алдымен, оқу кезінде тыңдаушылардың көпшілігінің орыс тілін білмейтіндігі анықталды, ал
бірқатар пəндер осы тілде оқытылды.
Осы мəселеге байланысты 1920 жылы 13 қазанда Ұйымдастыру комитетінің арнайы отырыс
өткізілді. Оған Комитет төрағасы Табынбаев, мүшелері Көшербаев пен Есенов, оқытушылар мен
оқушылар ұжымдарының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тəртібі мынадай болды: «1 жəне 2 «а»
сыныптары тыңдаушыларының олардың көпшілігінің орыс тіліндегі кейбір пəндерді дұрыс
түсінбейтіндігі туралы жалпы жиналысының хаттамасы». Мəселені талқылағаннан кейін мынадай қаулы
қабылданады: «Институт ережесіне сəйкес жəне тыңдаушылардың талаптарына байланысты орыс тілінен
басқа пəндерді қазақ тілінде жүргізуге рұқсат етілсін» [12].
1924 жылы 17 қаңтарда институт өзінің алғашқы түлектерін шығарды.
Қазақстан халық ағарту коммиссариаты коллегиясының 1925 жылғы 8 қазандағы қарары негізінде
қазақ ағарту институты Қазақ педагогика институты деп аталатын болды. Бұл педагогика институты 1928
жылға дейін жұмыс істеді. 1926-1928 жылдары Қазақ педагогикалық институтының ұстаздары өмір
талабына сай келетін оқу-тəрбие жүйелерін нығайта түсті. 20-жылдардың бас кезінен институт іргесін
қалауда еңбек еткен ұстаздар Х. Досмұхамедов, Ш. Сарыбаев, М. Қасымова, М. Тынышбаев, М.
Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Б. Есенов, И. Тохтыбаев, Е. Табынбаев, С. Қожанов, Қ. Қожықов, В.Н.
Көшербаев жəне т.б. болды. [13]
ХХ ғ. 20-шы жылдарында Тұрар Рысқұлов, Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан
Тынышбаев сынды ұлтының бағына туған кемеңгерлер қиын-қыстауға толы заманның өзінде халқының
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
135
тұрмысын жақсарту, əл-ауқатын арттырып, мəдениетін көтеру үшін ең керегі білім беру, ағарту екендігін
түсінді. Осы мəселелерді шешу мақсатында, Ташкентте тұңғыш қазақ институтын (Казинпрос) ашты.
1918-1928 жылдар аралығында осы институтта білім алған жастар, халқына келешекте еңбек етті. Бұл оқу
орнында білім алған азаматтар сайын сахараның төсіндегі ауылдарға барып ұстаздық етті, ескі өмірді
түлетуге күш салды. Халқымыздың М. Əуезов сияқты кемеңгер ұлдары осы оқу орнының қалыптасуына
үлес қосты, көптеген зиялылар осында оқып білім алды.
1.ӨРОММ 25-қ,-1т-40-іс.-169-п.
2. Жүргенбаева Г. Тынышбаевтың ғылыми ағартушылық қызметі//Қазақ тарихы. – 1999. - №4-5.
3. Түлеуқұлов Г. С., Қосанбаев С. Алғашқы бастама жемістері. – Ташкент, 2001. - 10 б.
4.ӨРОММ 372 –қ,-1-т, - 20- іс. 20- п.
5.ӨРОММ 37-қ,- 1-т,- 50-іс, 86-п.
6.ӨРОММ 372-қ,-1-т,-16-іс.
7.ӨРОММ 34-қ,-1-т,-1336-іс.
8.ӨРОММ 372-қ,-1-т,-41-іс.
9.ӨРОММ 372-қ,-1-т,-15-іс.
10.ӨРОММ 372-қ,-1-т,-15-іс.
11.ӨРОММ 34-қ,-1-т,-431-іс.
12.ӨРОММ 372-қ,-1-т,-557-іс.
13. Түлеуқұлов Г.С., Қосанбаев С. Алғашқы бастама жемістері. – Ташкент, 2001. - 15 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы формирования и развития системы народного
образования Туркестана начала 20-х годов прошлого столетия. Освещаются пути образования первого
учебного заведения в виде создавшихся казахских педагогических курсов, преобразовавшихся позже в
педагогическое училище, на базе которого возник Казахский институт Просвещения.
Summary
In this article discern guestions of forming and developing systems of national educating of Turkestan in
beginning of 20
th
years hundred-year-old.
Ways of education.coverege…The first of educational establishment creted Kazakh pedogogikal college
and then based.Kazakh.Institute of Education.
Достарыңызбен бөлісу: |