Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
19
хандарды жатқызамыз. ХVІІІ ғасырда қазақ сахарасына саяхатпен келген неміс этнографы И.Георги:
«Хандар қазақ топырағында ерекше құрмет тұтатын қасиетті тұлғалар» деп көрсеткен.[1] Ал біз
қарастырып отырған кезеңнің таихына түбегейлі əсер еткен тарихи тұлға - Абылай хан. Себебі Абылай
хан тұсында қазақ қауымы жолыққан саяси процестер бір орталыққа бағынған хандық құруға үлкен
мүмкіндіктер жасады. Жоңғарияның ыдырауына байланысты қазақ халқының қарамағына ұланғайыр
территория енді. Сонымен қатар хандық биліктің рөлі күшейіп, бір орталыққа бағынған мемлекет қайта
жаңғыра бастады. Бірақ белгілі дəрежеде хандық билік жүйесі күшейгенімен бір орталыққа бағынған
күшті мемлекет қайта жанданбады. Біздің пікірімізше, Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған
мемлекет құруына кері əсер еткен ең алдымен Ресейдің отаршылдық саясаты. ХVІІІ ғасырдың соңы - ХІХ
ғасырдың бас кезіндегі қазақ тарихы орыс отаршыл саясатының тікелей қысым көрсетуімен сипатталады.
Себебі Ресей мемлекетінің экономикасындағы капиталистік қатынастардың бұл уақытта ауқымды дамуы
империяны отарлауды одан əрі күшейтуге итермеледі. Қазақтардың ұлан-байтақ территориясы, ондағы əлі
игерілмей жатқан қазба байлықтар мен сансыз мал, осы ел арқылы Шығыс өркениеттеріне бастайтын
қолайлы сауда жолдары - олардың қызығушылығын арттыра түсті. Осындай қажеттіліктерге байланысты
əлі де толық бағынбай келе жатқан халыққа қатал шаралар қолданыла бастады. Тереңдей түскен отарлауға
қарсы ой-пікір халық шығармашылығында да өріс алды.
Ынсапсыз екен бұл кəпір,
Жеріңді алды, малды алды.
Түсі сары, көзі көк,
Дінсіз келіп билейді,
Түбінде сонан табасың, -
деп, əбден наразы болған Шортанбай Қанайұлы (1818-1881ж.) отарлау саясаты əкелген жат,
зиянды əдет-дағдыларды сынай жырлайды.[2]
Ал 1781 жылғы Абылай хан өлімінен соң Ресей империясы тарапынан қазақтың ішкі саяси өміріне
араласу тіпті күшейді. Қазақтың саяси өміріндегі ішкі шиеленістерді, рулық жəне регионалдық
сепаратизмді негізге алған Ресей саясаты қалай да Қазақ хандығын ыдыратуды мақсат қойды. Оның ең
бірінші қадамы Кіші жүздің солтүстік бөлігін жалпы қазақ саяси құрылымынан бөліп алу - XVIII
ғасырдың өзінде жүзеге асқан болатын. Əбілқайырдың 1748 жылы М. Тевкелевке жазған хаты да «не
сұлтандарыма, не өзіміздің қара сүйектен шыққан атақты билерге айтпастан өзімізді жоғары мəртебелі
император қарамағына тапсырдым, сол арқылы жауларымды мұқатқым келді» деуі Ресей үшін қазақ
жеріндегі ішкі шиеліністердің айқын көрінісі болды.[3] Енді XIX ғасырдың басына дейін қазақ
тəуелсіздігінің қайнар көзі болған Қазақстанның орталық алқабын қамтыған Орта жүзге де кезек келді.
Алдымен Орта жүздің территориясына тоқталсақ, И. Андреев: «по большей части сия Средняя
орда кочевья свои имеет от озера Нор-Зайсана возле китайских караулов, мимо камня Тарбагатая на реку
Илю и с вершины оной через реку Цуи (Шу) и Каук (Сауық - Торғай) до реки Иргиса, а с оной чрез озеро
Телегур и на Урзын до речки Алабуги, впадающей в реку Тобол, а от российской границы, от крепости
Устькаменогорской чрез Омскую до Звериноголовской крепости» - дейді[4]. Аталмыш жерлерді
географиялық орналасуына байланысты негізгі шаруашылық жағдайында қарастырсақ, Орта жүз
территориясының солтүстік-батыс, орталық бөлігі жазғы жайлауларға қолайлы келеді. Себебі, аудан
территориясы батысқа қарай аласара береді. Ал, солтүстік-шығыс өлкедегі тау етегі негізінен қысқы
қоныс үшін сақталады. Сонымен, Орта жүздің солтүстік-батысы мен орталығы суы мол құнарлы
жазықтарымен жайлауға арналса, оңтүстік-шығысы қалың ормандары мен орманды таулар етегі арқылы
қыс уақытында малды ауа-райының қолайсыздықтарынан сақтап тұрған. Егер Орталық жəне Солтүстік –
Батыс жайық өлкені жайлаған қазақтар Сырдария мен Шу өзеңдерінің бойын қыстаса, Шығыс өлкедегі
қазақтар тау етегін қыстап жазды күні тау биіктеріне көтеріледі. Ғылыми қалыптасқан түсініктер бойынша
көшпеліліктің бірнеше түрі (тип) бар. Солардың негізгілері Орта жүзде кездеседі.
Жалпы, ХVШ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орта жүздегі қазақтардың санын
нақты беретін мəліметтер жоқ. Ол уақытта руды басқарып отырған сұлтандардың өзіде үй-жанның санын
нақты атай алмаған. «Ни одинъ волостный Солтанъ, хотя бы желалъ искренно, не дастъ върнаго отчета о
числъ юртъ, ибо дъйствительно того не знаетъ...» деп жазады өз жазбаларында полковник С.
Броневский.[5] Себебі үздіксіз орын ауыстыру, жайылымдарға араласа қоныстану сияқты құбылыстар
кедергі келтірген. Төмендегі 1-кестеде келтірілген бір уақыт аралығындағы қилы алшақтықтағы
мəліметтер бұған айғақ бола алады.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
20
1-кесте
реті
Автор
Үй саны
Халық саны
Мерзімі
1.
Броневский С.[5] 500
мың 3
млн. 1830
ж.
2.
С.Броневский
еңбегіндегі
қазақ
сұлтандарының
мəліметі[5]
537400 3
224400 1830
ж.
2.
Андреев И. 176400
1
058400
1790
ж.
3.
Волконский Г.[6] 159400
1
млн. XVIIIғ. соңы
4.
Левшин А.[7] 210000
1
360000
1832
ж.
Біздің ойымызша, С.Броневский мен қазақ сұлтандарының мəліметтеріндегі сандар тым асырылып
жіберілген. Егер əр руда 250 ден 2000-ға дейін шаңырақ өмір сүрген десек, сонда 84 руда 2000 үйден деп
алғанның өзінде, Орта жүздің жалпы саны 168000 ғана. Сондықтан да И. Андреев пен Г. Волконскийдің
есептерін біршама дұрыс деп ойлаймыз. Дегенмен жоғарыда берілген Орта жүз халқының жалпы саны
жөніндегі мəліметтер шындықтан алшақтау, мөлшерлі. Себебі авторларда статистикалық, картографиялық
нақты материалдар болмаған. Кеңес авторларының полицейлік-əкімшілік есептердің нақты мəліметтерін
сараптау жəне жаңа демографиялық зерттеулерді қолдану арқылы берген мəліметі бойынша 1850 жылы
Кіші жүзде- 1048537 адам, Орта жүзде- 1367202 адам, Ұлы жүзде-1561681 адам, ал жалпы қазақтың саны-
4931286 адам болған.[8]
Сонымен территориясы жағынан да екі жүзбен салыстырғанда жоғары тұрған Орта жүзді
бағындыру мақсатында Ресей мемлекеті отарлау əдістерінің жоспарын өте мұқият дайындады,
ұйымдастырды. Олардың ең түбегейлілерінің бірі - казактардың қарамағында болған солтүстік өлкеде
əскери бекіністер салу арқылы, қазақ халқының көшіп жүрген ең құнарлы, мал бағуға өте қолайлы
жерлерінен ығыстырып, басып алу саясаты еді. Бұл саясат өте жоғары есеппен, рет – ретімен Ресей
жауынгершілігі арқылы емес, ақырындап ығыстыру арқылы жүрді. Ресей үкіметі бұл тарапта XVIII
ғасырдың 70-жылдарының сонында-ақ сезіле бастаған сепаритистік қозғалыстарды пайдаланды. Қазақ
деректерінде бұл шиеленісті оқиғалар «Абылай аспап Арқаның Сарыбелі » тарихи əңгімелер циклында
суреттеледі. Оның негізгі мазмұны Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат бастаған «Бес мейрам»
одағына кіретін тайпалардың Абылайды хан ретінде мойындамай қарсы шығуы. Бұл қозғалысқа
қаракесек руларымен бірге аралас Барақ сұлтанның тұқымдары да тікелей қатысқан болатын.
Хан билігінің мəртебесінің түсуі қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың жиілеуіне, дау-шардың
көбеюіне жол ашатыны белгілі. Орта жүзде 1781 жылы сайланған Уəли ханның салмағы əкесінен көш
төмен болғаны анық. Еліміздің белгілі тарихшысы Ж. Артықбаев бұл жайлы: «Қытайлар жас ханға алтын
тақ, асыл зат, қымбат киім əкеліп сыйлады, əкесінің құрметіне деп шығыр жақты. (қытайлықтардың
хандарға ас беру салтынан кездесетін дəстүр – авт.). Ресей үкіметі де Уəлиді мойындап сый-сияпат
жіберді, алтын жазулы грамотасын тапсырды. Бірақ осы сыйдың бəрі Уəлидің өзі айтқанындай «Ресеймен
60 жыл, Қытаймен 25 жыл бейбіт араласқан» кемеңгер Абылайдың аруағынан еді. Уəли хан «менің
қарамағымда атығай, қарауыл сияқты рулар бар, күш көп емес. Үлкен рулар сіздің тұсыңызға жақын.
Төртруыл, қаракесек, алтай, найман руларының өз ұлыс сұлтандары бар, оларға менің үмітім аз, еш
қимылда сенім жоқ, тыңдамауы да мүмкін» деп Қытайға ағынан жарылуы да сол себепті» дейді[3, 289].
Уəлидің хан сайлануын Ресей мен Қытай мемлекеттері толықтай қолдағанын ең алдымен, 1781 жылдың 26
шілдесінде Қытай боғдыханы Уəлидің хандық лауазымына мұрагер болып тағайындалғаны жөніндегі
жіберген жарлығынан көреміз. Онда ханның міндеттеріне былай деп тоқталған: «Шапағатымды ақтау
үшін қол астыңыздағы қазақтарды ойдағыдай басқарып, көрші ұлыстармен бір туған туыстай тату
болғаныңыз жөн. Жанжал шығармау, қашқынды жасырмау лазым. Осы айтқандарыма ықыласпен құлақ
қойып, адал ниетпен қызмет етуіңізді үміт етемін. Сонда мəңгі бақи жарылқауымда боласыз»[9]. Бір
жылдан кейін, 1782 жылдың 25 ақпанында орыс мемлекетінің Уəли сұлтанның Орта жүз қазақтарының
ханы дəрежесіне бекіту грамотасы келіп, Əулие Петр бекінісінде генерал-поручик И. Якоби Уəлиді Орта
жүздің ханы деп салтанатты түрде жариялады. Ресей үкіметі Уəли ханды қолдауға мəжбүр болды. Себебі
оны хан есебінде бекіту Абылай ханға ас берілген уақытта қазақ сұлтандары мен ру басыларының
кеңесінде шешіліп қойылған болатын. Осындай жағдайда Уəли хандық қызметке кірісті.
Орта жүзде Абылайдың билігінен кейінгі кезең бірліктің, тыныштықтың бұзылып, хан билігінің
əлсіреуін нақтылайтын оқиғаларға толы. Уəлидің ресми хан деп жариялануы Орта жүзде найман руының
Достарыңызбен бөлісу: |