Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
25
Сөйтіп, Бөкей мен оның төңірегіндегі төрелерден (оған қарасты барлық рулардың) шекарадан ешқандай
күдіксіз өту ұсынысын жасайды. Қазақтардың шекарадан өтуінің азаюы, Ресейге қоныстанушылар
тарапынан түсетін үлкен пайданың мөлшерін төмендетті. Олар жерді қолданғандары үшін деген
сылтаумен төлем есептеп, оның сыртында қазақтарға қысым көрсету арқылы тағы да мал-мүліктерін алып
отырған. Глазенаптың: «Чтобы киргизцамъ перепускаемымъ ни при перепуске, ниже при собраніи
установленной пошлины ни малейшихъ не было налоговъ...», -деп, бұл шараны сенімді əскери
қызметшілерге тапсыратындағына сендіруі, бұрынғы жылдары аталмыш тəртіп бұзушылықтардың
болғандығын дəлелдейді[5]. Біздің пікірімізше, қазақтардың орыс жеріне бармай қоюларының басты
себебі де осында жатыр. Қазақтарды орыс шекараларына тарту, ең соңында алдыңғы желіде
қарастырғанымыздай, Орта жүздегі біртұтастықты бұзды, əлсіретті.
Ал, өз талаптарын өте шебер орындатқан патша өкіметі, Бөкей ханның ұсыныстарын аяқсыз
қалдырып отырды. 1817 жылдың қазан айындағы Сыртқы істер министірлігінің басқарушысы, құпия
кеңесші К. Нессельроде Бөкей ханның ордадағы қылмыстарды өзі қарап, шешуі жөніндегі ұсынысына
былай деп жауап қайтарады: «...что касается до уголовныхъ преступленіи, чнимыхъ киргизцами въ
пределахъ Россіи, то разсмотреніе оныхъ, сообразно съ Высочайшими узаконеніями, долженствуетъ
оставаться на прежнемъ основаніи, темъ более, что въ Россіи наблюдается въ делах сего рода строгое
правосудіе»[15].
Сонымен, XIX ғасырдың басындағы Орта жүздегі Ресей мемлекеті тарапынан жасалған
шаруашылық - саяси қысымшылықтар Уəли ханның патша өкіметіне қарсы іс-əрекеттерін тудырды.
Осындай наразылықтардың нəтижесінде қос хан билігі пайда болды. Бөкей сұлтанның хан сайлануына ең
алдымен Ресей өкіметі емес, Орта жүздің қаракесек руының рубасы-билерінің ХҮШ ғасырдағы іс-
əрекеттері себеп болды. Яғни Бөкей сұлтанның хандық билігінің алғышарты ХVІІІ ғасырдың орта кезінде
қалыптаса бастады. Ресей қызметшілері осындай дəстүрлі басқару жүйесінің ерекшеліктерін тек өз
мүдделеріне жан - жақты пайдалана білді. Бөкейдің хан дəрежесіне бекітілуі екі мақсатта жүзеге асты:
біріншіден, Уəли билігін əлсіретіп, Орта жүздегі басқару жүйесін ыдырату. Екіншіден, патша өкіметінің
тапсырмаларын адал орындайтын «хан-қызметші» ұстау. Ал Уəли хан бұл талаптарға мойынұсынбады,
олардың сенімінен шықпады.
Осылайша XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Қазақ хандығын біржолата саяси аренадан
аластатудың алғы шарттары жасалды. Орта жүзде хан билігін ыдырату, қос билік жүйесін енгізу, дəстүрлі
орталық билікті əлсірету болашақта хан билігін жоюдың негізін салып берді. Ресми түрде бірнеше жыл
ғана өмір сүргенімен Бөкей хандығы Ресей саясатының алыс болашаққа бағытталған үлкен жоспарының
қаруы қызметін атқарады. Орта жүзде Уəли жəне Бөкей басқарған екі хандықтың қатар өмір сүруі тарихта
сирек кездесетін феномен. Бүгінгі таңда тəуелсіз мемлекет құрып жатқан біздің еліміз үшін мемлекет
тарихына қатысты зерттеулер жүргізу аса қажеттілік болып табылады. Қазіргі саяси ахуалға, билік
институттарына, басқару жүйесіне дəстүрлі құндылықтар əсер етпей қоймайды. Осы жағдайда
Қазақстанның Орталық регионында ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан қос
билік тарихы, халықтың билік түріне көзқарасы, басқа елдермен, əсіресе Ресеймен болған қарым-қатынас
тарихи терең зерттеуді, сабақ алуды қажет етеді.
1.
Прошлое Казахстана в источниках и материалах. – Алматы, 1978. - 230 б.
2.
Сабырұлы С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2006. - 79 б.
3.
Артықбаев Ж. Қоғам жəне этнос. – Павлодар, 2004ж. – 283 б.
4.
Андреев И. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. — Павлодар, 2006. - 66 б.
5.
Броневский С.Б. Записки генерал − майора Броневского о киргиз − кайсаках Средней орды
// Отечественные записки. − Ч. 41, 42, 43. − СПб., 1830. 168 б., 419 б.
6.
Муканов М. Этническая территория казахов в ХVІІІ- нач. ХХвв. —Алматы, 1991. - 14 б.
7.
Левшин А. Описание киргиз – кайсацких орд и степей – Алматы, 1996. - 288 б.
8.
Бекмаханова Н., Дулатова Д. Народонаселение Казахстана в первой половине ХІХ в. в
досоветской литературе// История. Вып.6. - Алматы, 1973.
9.
100 құжат (Қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-қатынастарға
байланысты құжаттар). – Алматы, 1998. - 45 б.
10.
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т.І. — М., 1941. - 235, 438б.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
26
11.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты. 345 – қор, 2 – тізбе; 156-іс,
1-парақ.
12.
ҚР ОММ; 4 – қор, 1 – тізбе; 154-іс, 59-парақ.
13.
ҚР ОММ; 4 - қор, 1 – тізбе; 154-іс, 136-парақ.
14.
Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898. - 56 б.
15.
Халид Қ. Тауарих хамса: (Бес тарих) / Ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов. – Алматы, 1992. -
161 б.
16.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. - 150 б.
17.
Исабаев Қ. Шоң би. //Мұрагер (альманах). - 1992. - 7,5 б.
18.
Бөкейхан Ə. Таңдамалы. —Алматы, 1995. - 43, 235, 205 б.
19.
Жақатаев А. Нұралы баба. // Орт. Қазақстан, 1993. 27 – қараша, 2 б.
20.
Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией
по исследованию степных областей. Семипалатинск. Каркаралинский уезд. - СПб., 1905. - 10 б.
21.
Сматаев С. Қаз дауысты Қазыбек.//Орт. Қазақстан, 1991. 23-қараша, 6 б.
Резюме
В статье освещается история двойной ханской власти в Среднем жузе в начале ХІХ века. А также
рассматриваются политические события и колониальные меры Российского государства, которые
послужили основой появления двойной ханской власти. Описываются различия политик Вали и Букей
хана во взаимоотношении с Российским государством. В статье выявляется, что двойная ханская власть
являлась одной из основных предпосылок уничтожения ханской власти в Среднем жузе.
Summary
History of the double-powered khanate of the 19
th
century in the Middle zhuz is being presented in this
article. Political events which contributed to formation of the double-powered khanate and colonialist activity of
the Russian state are examined. Differences of Vali and Bokey khans’ policies in relations with the Russian state
are described. Khan power of double character is ascertained to be one of the main conditions of elimination of
khan power in the Middle zhuz.
ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ 1916 ЖЫЛЫ БОСҚЫНШЫЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАН ЖЕТІСУДАҒЫ
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗДЫ ҚҰТҚАРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕН
Ш.Б.Тілеубаев -
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратура жəне PhD
доктарантура институты Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы
Қазақ ұлт – азаттық қозғалысының тарихында өзіндік маңызды із қалдырған 1916 жылғы көтеріліс
болып табылады. Бұл көтеріліс қазақ даласының əр өңірін қамтыды, оның ішінде Жетісу облысы
көтерілістің ірі ошақтарының бірі болғаны белгілі. ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының
отарлық жүйесінің құрамындағы Түркістан генерал – губернаторлығына қарасты Жетісу облысында
Верный, Жаркент, Қапал, Лепсі жəне негізінен қырғыздар мекендейтін Пішпек пен Пржевальск уездері
болды. 1916 жылы көтеріліске Жетісудағы қазақ жəне қырғыз халықтары бірдей шыққан еді. Туысқан екі
халықтың азаттық жолындағы көтерілісін басуға отаршыл жүйе арнайы жазалаушы əскер жіберіп, олар
қоныс аударып келген орыс шаруаларынан құралған жасақтармен бірлесе отырып жүргізген "белсенді"
шараларының барысында көтеріліс қатыгездікпен, адам айтқысыз айуандықпен еш аяусыз басып
жаншылып, Жетісудың жергілікті халқына бұрынды – соңды болмаған қасірет əкелді. Жазалаушылардың
қысымына шыдамаған көтерілісшілер көршілес жатқан Қытай жеріне (шамамен 300000 – дай адам) [1]
ауа көшіп босқыншылыққа ұшырады, азып – тозды, тауқыметті тағдыр кешті. Босып Қытай жеріне өту
барысында бер жағынан орыс əскері ар жағынан кытай əскері қыспаққа алып тағыда қырғынға салған
болатын. Қос империяның қыспағына түскен қазақ – қырғыздың бергі жақта қалғандары да босып
Қытайға өткендері де адам төзгісіз ауыр халде күй кешті. Осындай азып – тозып, тонаушылыққа тап
Достарыңызбен бөлісу: |