Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
43
олар осы статусқа сəйкес келмейді деп дəлелдеді. Өзінің пікірінше, пролетариат ролін шамадан тыс
көтеріп, дəріптеген кеңес жазушыларын сынағаны үшін қуғынға ұшырады.
Халық жауларын əшкерлеудің қарқын алғаны сондай, қазақ жəне орыс тілдеріндегі газет журнал
беттерінде үздіксіз мақалалар жарияланды. Əсіресе, маусым тамыз айлары аралығында халық жауларын
əшкерлеген мақалалар апта құрғатпай шықты. Жарияланған мақалалардың атауының өзі зұлмат жылдар
бейнесін айқындап, саясат табымен үндесіп жатты.
«Совет жазушылары қатарында жат элементтерге орын жоқ» (Социалистік Қазақстан. 1937, 04.07),
«Барып тұрған зиянды контрабанды» (Қазақ əдебиеті 1937. 30.07), «Жинақтар туралы немесе
алашордашыл контрабанданың тағы бір түрі туралы» (Социалистік Қазақстан. 1937, 08.08), «Əдебиеттегі
троцкишіл-бухариншіл ұлтшыл-фашист зиянкестерін жеріне жете құрту керек» (Қазақ əдебиеті 1937.
13.08), «Жазушылар ұйымында істен гөрі мылжың көп» (Социалистік Қазақстан. 1937, 17.08), «Қазақ
əдебиетіндегі авербахшылдықтың қалдығын толық жою керек» (Социалистік Қазақстан. 1937, 29.08),
«Жастарға теріс идея беретін кітаптың түкке керегі жоқ» (Қазақ əдебиеті 1937. 31.08), «Жазушылар
ұйымындағы ұлтшыл-фашист жаулардың зиянды зардабын біржола құртайық» (Қазақ əдебиеті 1937.
18.10) деген т.б. мқалалар жарық көрді. Халық жауларын əшкерлеген, айыптаған жиналыстардың қаулы
қарарлары газет журнал беттерін тұтас алып жатты.
Қазақ көркем əдебиеттінің көрнекті тұлғаларын халық жауы деп əшкерлеу ісінде «Жазушылар
Одағының партия ұйымы (хатшысы Қ.Əбдіқадыров), Қазақстан Жазушылар одағының əкімшілігі
(төрағасы С.Мұқанов, хатшысы М.Қаратаев), «Қазақ əдебиеті» газеті (редакторы Т.Жароков),
«Социалистік Қазақстан» (редакторы Ж.Арыстанбеков, кейін С.Бəйішев), «Казахстанская правда»
(редакторы Берковский) белсенділік танытты [13, 330-б.].
1937 жылдың 18 тамызыда Жазушылар одағы басқармасы партия ұйымының хатшысы Қалмұқан
Əбдіқадыров «Қазақ əдебиеті» газетінде «Əдебиеттегі троцкишіл-бухариншіл ұлтшыл-фашист
зиянкестерін жеріне жете құрту керек» деген тақырыпта мақала жариялап Жазушылар одағы
басқармасының төрағасы С.Мұқановты əшкерледі. «Сəбит өзінің «Адасқандар» шығармасында байды
мақтайды, 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» кітабында, халық жаулары –
алашордашыларды объективті роль атқарды деп жазды, соңғы уақытқа дейін халық жаулары Айсарин,
Жұмабаев, Асылбековке ашық түрде келісімпаздық позициясын ұстанды... Өз шығармаларын халық
жаулары Досмұхамедовке, Малдыбаевқа берді. Жұмабаевты жұмысқа орналастырғысы келуі, бұл
Сəбиттың жай ғана қатесі емес, үлкен саяси қатесі» деп жазып, С.Мұқановты халық жауларымен ұзақ
уақыт бойы өз байланысын үзбеді, олармен қарым қатынаста болды,– деп айыптады [14]. 1937 жылдың 7
қыркүйегінде Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының «Əдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестік
істерімен күресу жəне жас кадрларды өсіру» жөніндегі Пленумы өткені білгілі. Пленум қаулысында
«С.Сейфуллин, С.Мұқанов халық жауларының іс əрекетіне көңіл аудармады, либералдық, келісімпаздық
көрсетті жəне өздері де көптеген саяси қателіктер жіберді» деген болатын. Бұл пікірді «Правда»,
«Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері іліп əкетіп жариялады. 1937 жылдың 24
қыркүйегінде С.Сейфуллин тұтқындалды, ал осы 1937 жылдың 2-3 қазанда С.Мұқанов қызметтен алынып,
партиядан шығарылды.
Сынау мен əшкерлеу, халық жауларын іздеу мұнымен тоқтамады. Көрнекті қазақ жазушыларын
жала жабу жалғаса берді. 1937 жылы жас жазушылар атынан Петр Магер деген біреу, «белгілі қазақтың
прлетариат жазушылары ұлтшыл-фашистер жəне олар қазақ социалистік əдебиетін дамуына саналы түрде
зиян тигізіп отыр» деп жазды. Магердің жəне басқа да əдебиет саласындағы функционерлер пікірінше:
Халық жаулары – ұлтшыл-фашист оңбағандар жазушылар ұйымының жауапты бөлімдерінде орналасып
алып аз бүлдірген жоқ. Фашист бандиттер өздерінің контрреволюциялық ұлтшыл өтіріктерін айта отырып,
халық жаулары – Жансүгіров, Майлин, Сейфуллин, Тоғжанов талантты қазақ жастарын бүлдірді,
өздерінің түкке тұрмайтын жазбаларын қол жетпес шеберлік ретінде көрсетіп, оларды тұйыққа тіреді».
Жас жазушы Петр Магер. 18.ХІ.1937 ж. деп жазды [15]. Бұл қазақ зиялыларын тағы бір айыптау, жазалау
шарасына қадам басу еді.
1938 жылдың ақпанында Жазушылар Одағының төрағасы М.Қаратаев, «Литературный Казахстан»
журналының редакторы П.Кузнецов жəне жазушылар одағының орыс секциясының жетекшісі И.Шухов
Казақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға хат жазып, əдебиет
жұмыстарын бұлдірді деп Ғ.Тоғжановты айыптады. Олар: «Журнал ұзақ жылдар бойы өлмешінің күнін
кешіп келді. Оны əшкерленген халық жауы Тоғжанов редакциялады, ақиқатында журналды əдебиет
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
44
маңайында кездейсоқ жүрген адамдардың ұясына айналдырды, Жансүгіров, Майлин, Сейфуллин,
Тоғжанов, Шонанов, Жүргенов жəне басқа да халық жауларының кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл-фашистік
сандырақтарын айтатын мінбесіне айналдырды.
Қазақстанда əдебиеттің жұтаңдануы жөнінде зар жылауға қарамастан редакцияда қазір тəп-тəуір
кемеліне келген Асқар Тоқмағанбетов, Тайыр Жароков, Өтебай Тұрманжанов жəне басқалардың
шығармаларының қолжазбалары бар», – деп жазды. [15].
Қазақстан коммунистік большевиктер партиясының 1938 жылдың 28 маусымындағы шешіміне
сəйкес қазақ, орыс тіліндегі 97 кітаптар мен брошюралар зиянды, жау əдебиеттер ретінде қолданыстан
алынып тасталды. Негізінен С.Асфендияров, Ғ.Əлібаев, О.Беков, Ə.байділдин, Ə.Қоңыратбаев,
І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, Н.Нұрмақов, Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбетов, І.Құрамысов, Б.Майлин,
Ғ.Мүсірепов, Ж.Сыздықов, Қ.Сармолдаев, С.Сейфуллин, Т.Шонанов, М.Жолдыбаев шығармалары
алынып, жойылды. Бірақ, бұл бəрі емес. Тез арада пайдаланудан алынуға тиісті, қазақ тілінде əндер
жазылған граммофон пластинкаларының тізімі де айқындалған еді [5,74-б.].
30-шы жылдары Қазақстандағы саяси-идеологиялық ахуал, қазақ əдебиеті дамуындағы
құбылыстар Кеңес Одағының, əсіресе Ресейдің қоғамдық-саяси өмірімен жəне көршілес мемлекеттердің
əдебиетімен
тығыз
байланысты
дамыды.
Осы
жылдардағы
Қазақстан
шығармашылық
интеллигенциясының қоғамдық-саяси санасында, рухани танымында дағдарыс туды. Қоғам секілді жеке
тұлғалар да тарихтың жол айрығында тұрды. Диктатураға, террорға негізделген пролетарлық идеология
мен ұлттық тəуелсіздік пен бостандық идеологиясы арасында бітіспес көзге айқын байқалмайтын күрес
жүрді.
1. Голомшток И.Н. Тоталитарное искусство. - М.: Галарт, 1984. –358 с.
2. Боффа Дж. История русского Союза. Т.1. – М., 1994.
3. Кəкішұлы Т. Сайыс. Эссе. –Алматы: ҚАЗақпарат. 2001. –290 б.
4. Бес арыс: Естеліктер, эсселер жəне зерттеу мақалалар.–Алматы: Жалын, 1992. –544 б).
5. Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 г.– Алматы: Казахстан, 1998.
6. Елеукенов Ш.Р. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі: Оқу құралы. –Астана: Астана-полиграфия,
2008. -392 б.
7. Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. /Под.общ.ред. А.Н.Яковлева. – М.:
Политиздат, 1991. – 461 с.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты, қ.706, тізбе.1, іс.604.
9. Социалистік Қазақстан. 1937, 4 шілде.
10. ҚРОММ. Қ.1778, тізбе 1, іс 43, 23-24-бб.
11. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қ.980, тізбе.1, іс.4.
12. Казахстанская правда. 1937, 16 сентябрь, №213; Махат Д.А. Баспасөз: сталиншілдіктің
Қазақстанда орнығуы (1925-1956 жж.). – Астана: Ана тілі – Ата тарих, 2007. –528 б.
13. Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы: Оқу құралы. –Алматы: Санат, 1994. -448 б.
14. Қазақ əдебиеті 1937. 13. тамыз.
15. ҚРОММ. 980-қор, 1-т, 4-іс, 7-іс, 12-іс.
Резюме
Автор показывает формирование тоталитарного искусства в Казахстане. А также в данной статье
на основе архивных источников рассматривается репрессивная политика, установленная государством на
казахскую интеллигенцию в 30-е годы ХХ века.
Summary
The author shows the process of totalitar art in Kazakustan. The article deals with the repressive politics
of the government related to Kazaku intelligentsia in the 30 s of XX century.
Достарыңызбен бөлісу: |