Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет17/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
33
да  тараудың  біз  “Түркістан  əмірі  Темір”  деп  атаған  алғашқы  үштен  бірі  кіріспе  ретінде,  Түркістанның, 
оны билеуші  əмір Темірдің түркі тарихындағы рөлі туралы жырланады. Біріншіден, түркінің туын тіккен 
көне шаһардың “Атағын аспандатқандығын...”, оны жай айтып қоймай, тарқатып айтып, “Туранның болса 
екен деп астанасы”, “Түркінің... Меккесіне” айналдырғысы келгенін, шаһарды, оның үстімен көктей өтетін 
Жібек  жолын  тіпті  “Азуын  айға  білер  небір  нояндардан  (Шыңғыс  тұқымынан)”  қорғап,  қорғап  қана 
қоймай, үлкен мақсат жолында “Сан елді басып-жаншып,..” қанды жорықтар жасап, ордаға олжа салып, 
Түркістанның “төрт құбыласын бүтіндегенін” жəне осы əрекеттердің бəрі “Түркінің басын қосамын” деген 
ұлы  ниетке  бағындырылғанын  жеткізеді.  Екіншіден,  осындай  қалаға  Туранға  сіңірген  қызметі  үстінде 
“Барластың қабыланы Темір-қаһардың” деген атауынан-ақ шыққан тегі, “Жібермес қара тастай кектесіне” 
бет қаратпас мінезі, “Жанары жан біткенді оттай қарыған” қаһарлы бейнесі көз алдымызға келеді.  
Бірінші  тараудың  қалған  үштен  екісін  “Сабалақ  Төле  би  қолында”  деп  алдық.  Бұл  бөлігі 
кіріспемен байланыстырылып, Түркістанның шаңырағы шайқалған шақта оған пана болған Төле би, оның 
əділ билігімен халықты “ханнан бетер балатқаны” айтылады”. Сол “Есікке  күң байлаған, құл байлаған” 
билігі  жүрген  шағында    “салмағы  сабыр  сақтар”  Сабалақ  деген  текті  жігіт  Төленің  түйесін  бағып, 
ептілігімен  биге  жағады  екен.  Би  дерегі  жоқ  жұмбақ  түйешісін  ес  көргенмен,  бəйбішесі  байқағандай  ол 
кіргенде селк етіп, “Шыны сол Сабалақтан сескенеді”. Бəйбішесі жасаған сынақтан кейін оған əбден көзі 
жетіп, енді “Іш жиып қара құлдан шошынады”. Қымыз орнына іркіт беріп тағы бір сынағанында Сабалақ 
байқап  қалып,  іркітті  кездігімен  төртке  бөліп,  бұлай  табалағанын  бетіне  басып,  зереңді  қолға  бермей 
лақтырып  кетеді.  Би  түйешінің  бұл  қылығын  “түндігіңді  төртке  бөлем  деген”  ишарат  екенін  түсініп, 
“Бастан  жақ  ажырасар  жетті  бүгін”  деп  ашуға  мінеді.  Сабалақтың  бірге  еріп  келген  жолдасы  Ораз  құл 
Сабалақтың да мінезінің оқыс шыққандығын, енді би ештеңеден аянбайтынын айтып, Түркістанды тастап 
шығуға көндіреді. Сөйтіп, “Мінгесіп аталықпен жалғыз атқа,.. Сабалақ Сарыарқаға қадам басты”. 
“Абылай  хан  саятта”  деп  аталған  үшінші  тарауында  Сабалақ  Түркістанда  жігерін  жани  алмай, 
құлдыққа  көне  алмай,  Арқаға  жалын  атып,  намысын  қазағының  даулап  келеді.  Дастанда 
фольклордағыдай,  не  жазба  əдебиеттегі  поэмалардай  Сабалақтың  елге  танылуын,  ел  билігіне  келуін 
“Тəңірі  бақ  талабын  көтеріп,  ақ-қарасы  ашылып,  Орта  жүз  оны  хан  көтеріп,  Көкшетау  хан  ордасына 
айналды” деп қысқа қайырған. Шарыштың басы алынған соғыстан кейін қалмақтың тұмсығы тасқа тиіп, 
қазақ  жұртында  біршама  тыныштық  орнайды.  Осы  тұста  Абылай  қасында  сенімді  Жəпек  батыры  бар 
қырық жігітпен аңға шығады.  
Абылай  ханның  əрі  батыр  əрі  көсем,  əрі  санқилы  өнерді  игерген  саңлақ  екені  тарихтан  белгілі. 
Дастанда осы сегіз қырының ең қазақи қыры көрініс береді. Қас қарайып, саятшылар кешкі асқа отырған 
шақта  Абылай  домбырасын  алып,  өз  басынан  өткен  шемен  шерін  адам  жанын  “күйдіретін  де,  идіретін” 
күйге  қосады.  Дастанда  хан  иемнің    көп  күйшінің  жүйрігі  екендігі  айтылып,  оның  “Елім-ай”, “Қоржын 
қақпай”, “Шаңды жорық” күйлерінің ұлы ханнан “Таптырмас тəбəріктей мұра болып” қалатынына сенім 
білдіріледі.  
Таң  атып,  дабыл  қағысымен  Абылай - Жəпек  тобы  “Құлан  қорық”  деген  жерде  құлан  үйіріне 
жолығып,  хан  мен  Жəпек  бір  құланды  түре  қуады.  Жəпек  тартқан  оқ  күлдірмамайдан  кем  түспей  түз 
тағысы  құлайды.  Құланды  бұтарлап,  етін  қуырдақтап  жатқан  сəтте,  бір  жеті  торуылдап  жүрген  бес  жүз 
қалмақ, қапыда қырық жігітті басып қалды. Осылай “хан Абылай, Құрылған торға түсті өзі келіп!” 
Дастанның  төртінші  тарауын  “Абылай  қалмақ  тұтқынында”  деп  атадық.  Бұл  белгілі  жайт 
көптеген ауыз əдебиеті үлгілері мен жазба əдебиеті туындыларында жырланады. Əр фольклор үлгісінде, 
қаламгер  туындыларында  бұл  тарихи  оқиға  əр  түрлі  көлемде,  əрқилы  көзқараспен  тарқатылады. 
Т.Қажыбаев  дастанында  едəуір  өзгешеліктер  енгізілген.  Олардың  бірі – Қалдан  хан  ордасына  келмес 
бұрын  тұтқындар  ағысы  қатты  Қатынсу  өзенінен  өткізіледі.  Абылай  мен  Жəпек  мінген  қайықты  қалмақ 
қайықшылары  игере  алмай,  аударылып,  тұтқындарды  тастап  қалмақтар  жан  сақтап  қашады.  Қолы 
байлаулы  Абылай  суға  батып  бара  жатқанында,  Жəпек  жандармендеп  алып  шығады.  Тұтқындар  өздері 
қалмақ  ордасына  кіріп  келгенде  қалмақтардың  қуанышында  шек  болмайды.  Біздіңше,  қазақ 
тұтқындарының жау жерінде алғашқы ұтысы – аман судан шығып, өздерінің қалмақ ханына келуі болды. 
Қалмақ ханы бұны өздеріне ұят санап, екі қайықшының басын алып, Жəпек ерлігін мойындап, елін одан 
үлгі алуға шақырады. 
Бұдан кейінгі оқиға көпшілік көркем шығармалардан белгілі Абылайдың босағаға отырмай, төрт 
тағандап  отыра  кеткен  Жəпектің  үстіне  отыруы,  Қалдан  мен  Абылай  арасындағы  қалмақ  ханынының 
қабырғасына батқан Шарыштың өлімі туралы екі хан арасындағы айтыс, қазақ ханының сөзінің жүйелілігі 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
34
мен тапқырлығы сияқты белгілі жайттарды қайталайды. Дастанда Қалдан Абылай даналығын мойындап, 
“Қалдан  ердің  тап-тап  беріп  таласпай,  Ырғасу  сөзден  əрі  аспай”  бұлардың  сөзге  келіп  жарасқанын 
иланымды келтіріледі. 
Дастанның бұл оқиғаға қосқан енді бір жаңалығы – кенеттен жел көтеріліп, жердің жүзін ақ түтек 
басып  боран  соғып,  қалмақ  ханы  мен  елінің  жан  ұшырғаны.  Қырылып  қалың  жылқы  желмен  ығып, 
көптеген  қараша  үйлер  қирайды.  Шамандар  бұл  жайды  ұға  алмай  бастары  қатады.  Ар-ұятты  қойып, 
қысылған  Қалдан  дана  тұтқындар  арасында  күн  болжағыш  бар  ма  екен  деп,  сұрастырады.  Қазақтар 
арасында Рай дейтін сондай қасиеті бар кісі бар екен, хан ордасына келіп:  
                              Еншалла бір жақсылық болар деді,   
                              Түс ауа қалың қар да солар деді. 
                              Алдына ақ орданың қақ байланып,  
                              Қос үйрек сол суға кеп қонар деді.  
Қалмақ ханы жаурыншының айтқаны келмесе, басы кесілетінін хабарлап, ал болжамы дұрыс келсе 
тұтқыннан  босатылатынын  жариялайды.  Абырой  болғанда  түс  ауа  долы  боран  басылып,  жарқырап 
күншығып,  қар  еріп,  сай-сала  суға  толып,  ақ  орда  алдында  қақ  байланып, “Қос  үйрек  қақ  суына  қонған 
екен”.  Қалдан  сертте  тұрады,  бірақ  қалмақ-қазақ арасы ақ  болсын  деп,  Жəпектің  бір  баласын  кепілдікке 
алады. Абылай басшы, Жəпек қосшы болып, қырық жігіт елге қайтады.  
Біз  “Абылай  қолының  қалмақпен  соғысы”  деп  атаған  жетінші  тарауы  Қалдан  өлгеннен  кейін 
қалмақ  еліндегі  тақ  таласының  жоңғар  нояндарының  қытайдың  Ежен  ханымен  жең  ұшынан  жалғасып,  
қайтадан үйреніскен жауы “Қазақтың жағасына жармасуына əкеп соқты”. Абылай жаудың қалың қолын 
көріп, “елінде  еркек  кіндік  қалмаған  ғой”  деп,  осы  соғыс  сірə  “ақтық  айқас  болар”  деп  шамалайды. 
Сондықтан  қазақ  ханы  да  бар  батырларын  шақырып,  көп  қол  жинайды.  Бұл  ұрыс  та  дəстүрлі  жекпе-
жектен  басталып,  оның  шешуші  маңызы  барын  білетін  хан,  ортаға  таудай  боп  шыққан  қалмақ  батыры 
Кəбінге  қарсы  Ер  Жəпекті  шығарып,  жаудың  басын  алуды  қатты  тапсырады.  Қалмақ  батыры  Жəпекке 
найзасын  тіреп,  сауыт  өңірін  іреп  кеткенде  дөң  басынан  қарап  тұрған  Абылай  “Қуарып,  қаны  қашып, 
жүдеп  кетті”.  Жəпек  ер  жау  найзасынан  аман  қалып,  қатты  қарқынмен  қайта  шауып, “Абылайлап” 
ағындап келіп, Кəбінді қолқа тұстан түйреп өтеді, бұндай күшті күтпеген қалмақ мұрттай ұшады. Қазақтар 
“Абылайлап!”, “Ə,  құдайлап!”  Абылайдың  ақ  туын  барып  құшады.  Əрі  қарай  жан  беріп,  жан  алысқан 
сұрапыл  майдан  басталады.  Абылай  соғыс  тəрбиесін  көрген  қазақ  батырлары  Бөкенбай,  Дарабоз,  Баян, 
Жəнібек,  Жəпектер  бар  өнерін  көрсетіп,  ұрыстың  тағдырын  шешеді.  Сөйтіп,  Абылай  болжағандай  бұл 
жеңісті  айқас  қалмақтың  бас  көтертпестей  етіп,  жотасын  омырған  ұрыс  болады.  Абылай: “Халқымның 
хақтан күткен азаттығы, құтылып ата жаудан  қазақ бүгін” деп қолын жайып, тізе бүгеді.  
Қарастырылған үш дастандағы Абылай жəне басқа хандар тұлғасының бейнеленуін жинақтай келе 
мынадай тұжырымдар жасауға болады. 
Біріншіден,  дастандар  Абылай  жəне  басқа  билеушілер  бейнесі  сомдалатын  тарихи  аңыздар  мен 
тарихи жырлардағы, қаламгерлер тарихи туындыларындағы тарихи оқиғаларды жəне тарихи əдебиеттегі 
деректерді негізге алатыны байқалады. 
Екіншіден, “Жəпек  батыр”  дастанындағы  Əмір  Темірдің  бейнесін  беруде  тарихи  шындықпен 
қатар,  ақиқаттан  ауытқып,  тым  əсірелеп  көтермелеу  де  орын  алғанын  айта  кету  керек.  Қожа  Ахмет 
Ясауидің  діни-софылық  көзқарасын,  əдеби  мұрасын  бағалап,  оның  атына  Түркістан  шаһарында  əсем 
кесене  салдырып,  қаланың  “төрт  құбыласын  бүтіндеп”,  түркінің  Меккесіне  айналдыруы,  түркінің 
астанасы етуге ұмтылысы, сол жолда неше бір қиындықтарға, қаталдыққа барғаны, сөз жоқ, “Темір қаһар” 
бейнесіне жарасып тұр. Сонымен қатар тарихтан белгілі жайттар: 1) “ақсақ қаханның” өз қандасы Баязитті 
күйретіп,  Осман  империясы  ықпалында  болған  Таяу,  Орта  Шығыс  мұсылман  елдерін  əлсіретіп,  Еуропа 
христиандарына  жем  қылғаны, 2) Тоқтамыс  əскеріне  қайта-қайта  соққы  беріп,  туыс  түркі-мұсылман 
Алтын Орда империясын  бас көтерместей құлдырауына ықпал жасап, соның арқасында орыс князьдіктері 
бас  қосып,  күшейіп,  оңтүтігіндегі    түркі  елдері  мен  халықтарына  үлкен  қасірет  болғаны  дастандағы 
“Исфахан қылышындай қайран Темір, Түркіні қосамын деп терін төккен” деген жолдарға тіпті үйлеспей, 
боямасыз нағыз “Темір қаһардың” бейнесін ашып тұр.    
Үшіншіден,  дегенмен  ақын  Абылай  тұлғасын  кейіптеуде  белгілі  хан  өміріне  байланысты 
жайттармен шектеліп қалмай, хан бейнесін сомдауда  тарихи шеңберден онша көп алыстамайтын едəуір 
жаңа фактылар мен оқиғаларды қосу (Абылай бастаған қазақ тұтқындарының Қатынсудан өтуі, Қалдан 
ордасындағы кенеттен соққан боран жəне Райдың жаурыншылдық қасиеті), бұрынан белгілі жайттарға 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау