Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
35
жаңаша реңк беру (Көптеген фольклорлық үлгілердегі Төле бидің Сабалақққа қамқорлығы суреттелетін
эпизодтар, керісінше Төле бидің секемшілдігі жеңіп, жас жігітті үйінен қашуға мəжбүр етуі) сияқты батыл
қадамдарға барған.
Төртіншіден, бұл үш дастандағы Абылай хан бейнесі ұлы хан өмірінің тарихи əр кезеңдерін
суреттейді. Бұл тұрғыдан сөзсіз “Шалқұйрық – дастанның” тарихи кезеңі бұрынырақ – дастан
Абылайдың жас балаң жігіттік “Сабалақ” атанып жүрген кезін баяндайды. “Қанай – дастанда” Қанай
сынды дана қарттың Абылайды көп ішінен көре білген, ерекше қасиеттерін тани білген, ақ киізге көтеріп
хан көтеріскен заманын суреттейді. Бұл шығарма Абылай хан тұлғасының тарихи бейнелуінің мезгілі
жағынан екі дастан арасынан орын алады. “Жəпек батыр” дастанының уақыт диапазоны əлдеқайда кең –
ханның жас жігіт (Сабалақ) шағынан Абылай ханның дəуірлеп тұрған шағындағы соңғы бір айқастағы
көрінісі суреттеледі. Бұл дастан соңғы кезде жазылған, сондықтан тарихи кезең жағынан “Шалқұйрық –
дастанның” тарихи кезеңін толық қамтып тұр.
Бесіншіден, бұл үш дастанды бұлай орналастыру Т.Қажыбайдың Абылай туралы дастандарындағы
Абылай хан тұлғалық бейнесінің эволюциялық даму процесін анығырақ көрсетуді жеңілдетеді. Бейненің
даму жолын дəстүрлі схемалық тізбекпен көрсетсек ол мынадай түрде өрнектеледі: Сабалақтың Дəулетбай
үйіндегі қызметі - Шарышты жеңуі (“Шалқұйрық - дастан”) – Абылайдың көп ішінен танылып -
таңдалып, ақ киізге көтеріліп хан сайлануы (“Қанай - дастан”) – Сабалақ Төле би есігінде - Сабалақ
Арқада Абылай атанып хан көтерілуі - хан көп күйшінің жүйрігі - тұтқын Абылайдың аударылған
қайықтан аман шығып - жау ордасына өзі келген мəрттігі - Абылайдың босағаға отырмай, тектілігін
танытуы - Шарыш өліміне айыпты еместігін мойындатуы - Қалдан ордасында боран соғып, мал
қырылғанда Абылай жаурыншысының қалмақ елін аман сақтап қалуға септігі - Абылайдың Кəбін
бастаған қалың қолын жеңердегі қолбасшылық шеберлігі - Абылай ханның Жəпек батырмен достығының
шынайылығы (“Жəпек батыр”).
1.
Қажыбаев Т. «Хан Кене». Толғаулар, дастандар, драмалар. – Алматы: Жібек жолы, 2002.
-20-27, 51-62, 80-105 бб.
2.
Қажыбай Т. «Жəпек батыр» тарихи дастаны. – Астана: Foliant, 2004. – 134 бет.
3.
Салықов К. Қаламгерлік өнердің қазанаты (Алғы сөз). // Қажыбай Т. «Жəпек батыр»
тарихи дастаны. – Астана: Foliant, 2004. – 134 бет.
4.
Қазақ тілінің сөздігі (Жалпы редакциясын басқарған Жанұзақов Т.). – Алматы: Дайк-
Пресс, 1999. - 773 б.
5.
Сарбалаұлы Б. Қазақ өлеңінің келбеті – кестелі тіл. («Қазіргі кезең əдебиеті. Көркем тіл
мəселесі» атты ғылыми конференциясында сөйлеген сөзінен). // Əдебиет айдыны». - № 46. - 29.12.
6.
Қажыбай Т. “Бар əлемнің жауһары мен гауһары, Жалғыз тамшы көз жасыңа
татымас...” (7 өлеңнен тұратын топтамасы, ішінде “Кенесары үңгірінде” өлеңі).//Əдебиет айдыны. - №
27. - 13.07.2006. - 9- бет.
7.
Абылай хан (Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар). –
Петропавловск: Астана, 2005. - 100, 132 бб.
8.
Қанай би. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5 том. – Алматы: Қазақ
энциклопедиясының, 2003. - 517-518 бб.
Резюме
В данной статье автор исследует образы исторических личностей Казахстана на примере
произведений Т.Кажыбаева.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
36
КЕҢЕС ДƏУІРІ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАЗАҚСТАН
ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА
СОВЕТСКОГО И СОВРЕМЕННОГО КАЗАХСТАНА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
САЛАСЫНДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІҢ ДАМУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Б.З.Отарбаева–
ҚБТУ философия жəне құқық кафедрасының ассистент-профессоры, т.ғ.к, доцент
Заманауи қоғамның нəтижелі қызмет етуі үшін əлеуметтік серіктестік жүйесінің дамуы орасан зор.
Бүгінгі таңда əлеуметтік серіктестікті қаржыгерлер, əлеуметтанушылар, философтар мен саясаттанушылар
зерттеуде. Алайда қоғамдық əрі ғылыми мүддені есептемегенде, бұл құбылыс күрделі жəне көп аспектілі
сондықтан, əлеуметтік серіктестік деген бірігей ұғым əлі қалыптасқан жоқ. Қазіргі таңда қоғамдық
ғылымдарда осы категорияны сипаттайтын екі негізгі түсініктеме бар. Əлеуметтік серіктестік дегеніміз
еңбек саласындағы еңбек жəне басқадай əлеуметтік экономикалық қарым-қатынастарды реттеуге
бағытталған жұмыс беруші, мемлекеттік органдар, кəсіподақтар арасындағы ара қатынастар жүйесі.
Жалпы айтқанда, қоғамдағы екі немесе үш сектор арасындағы; мемлекеттік құрылымдар, коммерциялық
ұйымдар жəне мемлекеттік емес ұйымдардың əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу мақсатында,
яғни сектораралық серіктестік болып табылады.
Біздің пайымдауымызша, əлеуметтік серіктестікті көп деңгейлі қарым-қатынастар құрылымы
ретінде қарастыру керек. Мұнда негізгі деңгей ретінде еңбек қарым-қатынастарын реттейтін қатынас
болып табылады. Олар салалық, аймақтық, тəжірибелік деңгейде жəне өндірісте, ұйымдар мен
мекемелердегі ұжымдық келісімдер жүйесі арқылы жүзеге асады. Қазақстандағы еңбек саласындағы
əлеуметтік серіктестік мəселесі мемлекет тарапынан нормативті-құқықтық реттеумен қамтамасыз етілген.
Қазақстандағы əлеуметтік серіктестік жүйесінің əртүрлі деңгейлері бар:
1) басты келісім;
2) аймақтық келісімдер;
3) салалық (тарифтік) келісімдер;
4) ұжымдық келісімдер.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен республикалық жұмыскерлер
бірлестігі мен жұмыс берушілер қоғамы арасындағы 2009-2011 жылдарға бағытталған Бас келісім жүзеге
асуда. Бұл құжат Республикалық үш жақты комиссия – Үкімет, кəсіподақтар мен жұмыс берушілер
арасындағы əлеуметтік жəне еңбек қарым-қатынастарының қызметі мен міндеттерін республикалық
деңгейде бекітеді. 2009-2011 жылдарға негізделген Бас келісімде еңбек жəне əлеуметтік саласының
барлық спектрлері қамтылған; еңбек нарығы мен еңбек қарым-қатынастарының дамуы, халықты еңбекпен
қамтамасыз ету деңгейін өсіру, кадрлардың тəжірибелі дайындықтарын жақсарту, əлеуметтік саясаттың
дамуы, əлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек жəне денсаулық сақтау [1].
БҰҰ-ның бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі, əлеуметтік серіктестікті қалыптастыру жəне
халықаралық, отандық компанияларының нəтижелі қайырымдылық тəжирибесі, əлеуметтік жобалардың
маңыздылығы мен абыройын көтеру жөніндегі Жаһандық келісімді енгізу мақсатында Бас келісімге
бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі туралы тармақ енгізілген. Бұл Бас келісім республиканың салалық
жəне аймақтық деңгейдегі əлеуметтік серіктестер арасындағы келісімнің негізі болып табылады.
Бұл мақалада Қазақстан республикасындағы еңбек қарым-қатынастары саласындағы əлеуметтік
серіктестік идеяларының қалай жүзеге асатыны жəне сегіз облысты: Алматы, Атырау, Шығыс-Қазақстан,
Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан жəне Оңтүстік-Қазақстан облыстарын мысалға
алып, үш жақты келісімнің қандай мəселелерді шешетіні туралы мейлінше түсіндіруге тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: |