ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
14
большинство которых было осуществлено. Однако, несмотря на определенные успехи, все меры по
ограничению роли и влияния ислама в общественно-политической и духовной жизни местного населения
не увенчалось успехом.
Как отмечал один из русских исследователей того периода, понятия веры и родины для мусульман
являлось единым священным чувством, они никогда не воспринимали свою родину в отдельности от
религии [17], что стало причиной их объединения идей за свободу родины и веры.
1. Сборник действующих трактатов, конвенций и соглашений. Издание второе. - Т. 1. - СПб.,
1902. - С. 421-425.
2.Положение об управлении Туркестанским краем. Свод законов Российской империи. Книга
первая.- Т. 2. - СПб., 1912. - С. 427 – 446.
3. Свод законов Российской империи. В 5 книгах. Книга первая. Т. 2. - СПб., 1912.
4.ЦГА РУз, Фонд И-125 (Канцелярия хивинского ханского хана), Опись – 31 дело. 1018/1.
Распоряжение об обязательном совершении во всех мусульманских мечетях (Хутба) о здравии и
благоденствии Государя Императора.
5. ЦГА РУз, Фонд И – 1, опись 11, дело 1724, С. 58 – 59.
6.ЦГА РУз, Фонд И-1, опись 11, дело 1724, С. 81.
7.ЦГА РУз, Фонд И-1, опись 11, дело 1724. л 160.
8. Остроумов Н.П. Воспоминания о миссионерском противомусульманском отделении при
Казанской Духовной Академии. В кн: Аравия и Коран (Происхождение и характер ислама). Опыт
исторического исследования. 1899. Казань. С. IX.
9.Остроумов Н.П.Указанная работа, С. I I.
10.Сборник материалов по мусульманству. Составлен по распоряжению Туркестанского генерал
– губернатора, Генерала от инфантерии Духовского под редакцией поручика. В.И. Яров – Равского. СП б.
1899; Сборник материалов по мусульманству. Составлен по распоряжению Туркестанского генерал –
губернатора, Генерала от инфантерии Духовского под редакцией В.П. Наливкина. – Ташкент, 1900.
11.Цветков П. Исламизм. Т.1. Мухаммед и Коран. Т. II. Вера Ислама. Т. III. Практические
обязанности исламизма. Т. IV. Ислам и его секты. – Асхабад, 1912 – 1913.
12. Бартольд В.В. Проповедь Мухаммеда в Мекке; Ислам после пророка; Отделение церкви от
государства; Сунна пророка. Соч., Т.IV. 1966.
13.Остроумова Н. Аравия и Коран (происхождение и характер ислама) опыт исторического
исследования. Казань, 1899.; Его же: Исламоведение. Аравия колыбель ислама. - Ташкент, 1910.
14.Бартольд В.В. Рецензия на книгу Н. Остроумова. Исламоведение. Аравия колыбель ислама. //
В.В.Бартольд. Соч., Т.IV. - С. 340.
15.Свод Законов Российской империи. В пяти книгах. Книга первая. Т. 2. - СПб., 1912. - С. 446.
16. РГИА. Ф. 1396. Ревизия сенатора Палена К.К. Туркестанского края в 1908-1910 гг. Оп.1. Дело
264, л. 263-267.
17. Русское дело и мусульманское… В мире мусульманства. №17. 12 августа. 1911 г. Об этом см.:
Остроумов Н.П. Исламоведение, Коран. - 1912 г. - С. 5.
Резюме
В данной статье рассматривается проблема ислама в Туркестане, традиции и трансформации в
период русского колониализма во второй половине XIX – нач. XX в. Военно-колониальная система
управления в Туркестане ликвидировала все виды традиционной системы управления, в том числе и такие
религиозные должности, как Кази калян, Раис, Шейхул-ислам и др., были упразднены, что означало
ликвидацию политического статуса ислама.
Summary
In this article the problem of Islam in Turkistan, traditions and transformation in the period of Russian
colonialism in the second half of the XIX – beg. XXth centuries. Military-colonial system in Turkistan destroyed
all types of traditional system of management include and such religious post as Kazi kalyin, Rais, Sheyhul-islam
and etc. were liqudated. It’s a destroy of Islam’s political status.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
15
1916 ЖЫЛДЫҢ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДƏСТҮРІ
ТУЫНДЫЛАРЫНДА БЕЙНЕЛЕНУІ
Р.Т. Айтбай –
т.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті
1916 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген оқиға патшаның қара жұмысқа 19 бен 43 жастың
арасындағы қазақтарды алуы туралы жарлығы еді. Ел аузында осы оқиғалар жайындағы əңгімелер,
өлеңдер, жырлар көптеп сақталған. Мұндай туындылардың көпшілігі патшаның 1916 жылғы 25 маусым-
дағы жарлығы мен оның жариялануының нəтижесінде қазақ ауылдарында туындаған саяси-əлеуметтік,
экономикалық дағдарыстарды жəне қара жұмысқа алынғандардың көңіл-күйін баяндаумен басталады.
Тарихи өлеңдер мен əңгімелерден патша жарлығының мамыражай отырған қазақ ауылдарына
қандай дүрбелең туғызғандығын айқын көреміз. Мəселен, «1916 ж. Көкшетауда болған көтеріліс» деген
əңгімеде :«... Күн ыстық, жұрттың жағасы жайлау, етегі –қыстау, жан-жануар масайрағандай, біздің ел екі
бөлініп, «Шолаққайың, Кең ащы» деген жайттарға келіп қонған; кешке таман қой қотанда өрістеп келіп
жататын, ақсақалдар ет жеп, қымыз ішіп, боз балалалар ойын-сауықтан басқаны білмей, жазғы жарық
түнде жастар алты бақан тебетін.
Əсіресе біздің ауыл «Кең ащыда»жайлап, өте қызықты дəурен сүргендей болып отырды. Елдің бұл
қалпына қарағанда шаруасы күйзелмес, аспаннан оқшау пəле келместей еді...Жалғыз-ақ «Николай солдат
алады» деген болмашылау хабар бар сықылды... «Соғыс, солдат» деген сөздер көп ұзаған жоқ, шындыққа
айналды, жұрт қайғыға салынды»-деп сипатталады[1]. «...Жастарды алуға қаладан орыс шығады-екен де-
ген қаусет жайылды. Ел састы, Көшуге де, қашуға да көңілдері кетті. «Солдат алмайтын болып манифест
шығыпты» деп сүйінші сұраушылар да көбейді; сөткесіне бармады, бəрі де өтіркке айналды. Жігіттер
сеңдей соғылысты. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді; топтанып ат үстінде жүретінді шығарды...»-деп
көрсетілген сол кездің жағдайы «1916 ж. Қарақайың еліндегі болған көтеріліс »деген əңгімеде [2].
Мұндай жағдайдың қазақ елінің түпкір-түпкірін қамтығанын тағы бір əңгімеден байқаймыз:
«...1916 жылдың күзі елді аурытпалық басқандай еді. Бір күні ауыл у-шу, астан-кестен болды.
-О,не болды, не болды?-деп ауыл ду көтерілді.
Не болғаны құрысын, патша қазақтан солдат алмақ болыпты, генерал Куропаткиннің жарлығы
шығыпты...Ел іші ерсілі-қарсылы шабуыл болды да кетті. Жұрт бір тарының қаузына сиғандай күнге
ұшырады» [3].
Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды жəне болыс басқарушыларының
жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар
ережелерінің бұлынғырлығын отаршылдық əкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды...Ол
кезде қазақтарда метрикалық куəліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына
қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде
тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды [4].
Ауызша тарих айту туындыларында осы жағдайлар өте айқын бейнеленген. «Елге хат» деген
өлеңде : «Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты. Екеуі де Қапал уезі, Сарытау болысынан майданға
алынған жігіттер»- делінген. Бұл өлең тірікелген жинақтың мазмұнында « Нұғман Сартайға жазып берген
хаты (1916 жыл туралы) деп көрсетілген. Аттанған жігіттердің көңіл-күйі хатта былай сипатталған:
...Ағамыз сəлем айттым Зəкірбайға
Бұрынғы Жетісуың бізге қайда?
Алысқа сапар тартып біздер кеттік
Құлдилап түскендей болып терең сайға.
Тағы да сəлем жаздым Есембайға,
Кез болдым заманымда мұндай жайға.
Осы кеткен боз баланы ойлап тұрсам,
Бағасы жетпей кетті жалғыз тайға [5]-деп, одан əрі қара жұмыстан алып қала алмағаны үшін өзінің
кейбір туысқандарына өкпелейтіндігі айтылады [6].
«1916 жылы окопке алынғын жігіттің жыры » деген өлеңде де:
...Күшті ағайын алалап,
Шығарып бердің бір бізді,
Достарыңызбен бөлісу: |