111
Қазақ тіл ғылымында сөз мағынасы туралы нақты зерттеу жүргізген ғалым М.Оразов
шетел ғалымдарының пікірлерін салыстыру, талдау арқылы, қазақ ғалымдарының сөз
мағынасы жайындағы көзқарастарынан денотаттық, сигнификаттық, референттік түрлерінің
анықтамасына түсінік беруге тырысады.
Адам санасында бұрыннан орныққан табиғи болмыстағы заттар мен құбылыстардың
мәні жалпыхалықтық мағынада жұмсалады, ал олар арнайы ғылыми зерттеу нысанына
айналса, терминдік мағынада жұмсалады. Бұл жөнінде Б.Қалиұлы: «Қазақ тілінде «жапырақ»
сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде де, термин сөз ретінде де қолданылады. Сөздің
жалпыхалықтық мағынасы – «өсімдіктің өзі, жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі» дегенді, ал
терминдік мағынасы – «жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы өсімдіктердің
емес) бойындағы фотосинтез жүретін, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөліп
шығаратын вегативті мүшесі дегенді білдіреді» деп тұжырымдайды [4, 81]. Ендеше,
атаулардың коммуникативті-танымдық концепциясы тілдік қатынастың әлеуметтік мәнін
анықтап, атаулардың жұмсалымдық қызметін зерделеуге жол ашады.
Тіліміздегі сөздер танымның жемісі болғандықтан, олар тілдік коммуникацияның мәнін
айқындайтын қатысымдық бірлік ретінде орнықты. Сөздердің танымдық табиғатынан
олардың тілдік қатынас барысындағы қолданылу тәсілін айқындап, тілдік қолданыс және
когнитивтік қолданыс түрінде бөліп қарастыруға болады.
Тілдік қолданыс мезгіл, қимыл, сандық атаулардың жұмсалымдық қызметі арқылы
анықталады. Тілімізде бұл атаулар нақты затдеректік (денотаттық) мағынаны білдірмейді.
Олардың дербес тұрғанда мәнін түсіндіретін семасы жоқ болғандықтан, тілде заттық
атаулармен байланысқа түсіп, қатысымдық мағынаға ие болады. Сондықтан тілдік қатынаста
ойдеректік (сигнификаттық) қызмет атқарады да, бір ғана мағынада жұмсалады. Мысалы,
Ойы ұнамды шыққасын, Ботагөз қуанып кетті (С.М), ... Біздің дивизия шеп құрып жатқан
Истра өзенінің бойынан шегіндіріліп, демалысқа шығарылды (Ә.Н) Биыл көктем ерте шықты
(М.Ә) сөйлемдеріндегі асты сызылған сөздер заттар мен құбылыстардың іс-әрекетін, сапа-
белгісін, мезгілін білдіретін мағыналық реңкке ие. Сондықтан ауыспалы мағына тудыруға, әр
түрлі стильдік реңк тудыруға, белгілі бір бейнелілік, әлеуметтік мән білдіруге қабілетті емес.
Мұндай сөздердің жұмсалымы тілдік қолданыс тәсілін анықтайды.
Когнитивтік қолданыс заттық атаулар мен заттанған түр-түс, сандық атауларының
жұмсалымдық
қызметімен
айқындалады.
Олардың
мағынасын
басқа
сөздермен
байланыстырмай-ақ, дербес тұрған қалпында да толық тануға мүмкіндік бар. Өйткені, заттық
атаулар мен заттанған атаулардың ішкі мазмұнын анықтайтын семалары болады. Осы
семалар олардың фрейм, гештальт жүйесінде қолданылуын саралап, сөздердің когнитивтік
қолданысын айқындайды. М.Л.Макаровтың «фрейм нақты заттардың беретін қасиеттері мен
қатынастары туралы белгілі ситуациялардың адам санасындағы когнитивтік құрылымы» [5,
23] деген тұжырымына сүйенсек, фреймдік жүйе бойынша сөздер адам танымында орныққан
бастапқы мағынада жұмсалады. Мысалы,
Түлкінің айтқаны рас, жұрт – ақылсыз,
Көре салды қасқырдан баяғы арсыз.
Ант ұрғандық түлкі мен арыстанда,
Ол болмаса не қылмақ қасқыр жалғыз? Дегенде арыстан сөзі қалың, қою алтын түстес
жалы бар, күркілдеген дауысынан басқа аңдар қалтырап кететін, тырнақтары тұтқыр да
өткір, тістері құрыштай қатты жыртқыш аң ретінде, ал түлкі бар нәрсені білуге құмар, әрбір
бейтаныс нәрсеге шұқшия қарайтын, жауынан қорғауға ерекше есту қабілеті, өткір көзі,
әдемі тұлғасы, бет ауызын өзгере білу қасиеті арқау болатын дала хайуанаты ретінде адам
санасында орнығып, тілдік қатынаста осы фреймдік мағынасы арқылы жұмсалған. Фрейм
белгісіз нәрсені бейнелейтін белгі ретінде тілдік эмоцияны, экспрессияны танытатын
гештальттық жүйенің қалыптасуына негіз болады. Ендеше, когнитивтік қолданыс фреймдік,
гештальттық құрылымға негізделіп, бір ғана семантикалық топтан тарап, тілдік қатынас
үстінде бірнеше мағынада жұмсалатын қатысымдық бірліктердің мәнін анықтайды. Ал
112
заттанған
сөздердің
қолданылу
тәсілінен
ұлттық
дүниетанымдық
ұғымдар
мен
тұжырымдардың мәні анықталады. Мысалы:
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарғиын десең екі жағың ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен
дегенде тоқсан бес сөзі нақты бір заттың санын білдіретін мағынада емес, адам өмірінің
торға, қорлыққа, орға түскен кезеңін танытып, өмір сүрудің маңызы солғындаған шақтың
көрсеткіші ретінде жұмсалған. Тоқсан бес – көл, тоқсан бес – қор, тоқсан бес – ор, тоқсан бес
– жар, тоқсан бес – терең көл, тоқсан бес – шөл ретінде бейнеленуі арқылы ақпарат жалпы
ментальды деңгейден өтіп, концептуалдық құрылым түзеген. Ендеше, сөздердің
жұмсалымдық қызметін анықтайтын тілдік қолданыс пен когнитивтік қолданыс тәсілдері
сөздерді қатысымдық бірлік ретінде танудың үш түрлі жолын көрсетеді: біріншіден, сөздер,
жалпы адамзаттың танымына ортақ менталдьдық қасиетке ие болып, нақты бір ұғымның
мәнін білдіріп, бір ғана мағынада жұмсалады.
Сөйлеуші оларды ауыспалы, келтірінді, контекстік мағыналарда жұмсай алмайды;
екіншіден, сөйлеушінің сөздерді қолдану шеберлігіне қарай сөз мағыналары динамикалық
қозғалысқа түсіп, одан тілді тұтынушының тілдік тұлғасы, дүниетанымы айқындалады;
үшіншіден, сөздер белгілі бір ұлттың этномәдени сипатын айқындайтын концептуалдық
жүйеге негізделген идиоэтникалық мағыналарда жұмсалады.
«Сөздің мағынасы мен қалыптасу процесі тілдің танымдық байланыс қызметі негізінде
жасалады» деп, сөзжасам арқылы тіл дамитындығын өзек ете отырып, зерттеуші
сөзжасамның тарихилығын дәлелдейді. «Тарихи сөзжасам дегеніміз – этимон түбірлердің
мағыналық және тұлғалық жіктелуі, дамуы нәтижесінде ұғымда танылған заттар ман
құбылыстарды таңбалау үшін әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде сигнификатты және
денотатты мағыналы туынды сөздердің жасалуы болып табылады» деген тарихи сөзжасамға
берілген анықтамасынан сөздердің қандай жағдайда болсын жасалуы тарихи болып
табылатындығын, таным нәтижесі болатындығын аңғарамыз.
Ғалым Б.Қасым «заттың күрделі атауларының теориялық негізін» шығару туралы
докторлық
зерттеуінде
заттық
аталымдардың
негіздемесін
беруді
танымдықпен
байланыстырады. Сөздің жасалып, танылуы оның уәжіне, себебіне қатысты екенін түсіндіре
келе, ғалым сөздің уәжділігін көрсету арқылы адамзат танымының тілдік әрекеттік нәтижесі
таңба, белгі, ұғым, мағына, тұтастық, ішкі, сыртқы әсер деген себептерден (уәж, негізден)
туындайтынын дәлелдейді.
«Ұғымның атау болып қалыптасуында адамзаттың танымдық әрекетінен бастап, тілдік
құбылыстардың қатысатыны анық. Біріншілен, тілдің ішкі дамуы – таза лингвистикаға
қатысты жағы, сыртқы дамуы – экстралингвистикалық жағы немесе қоғам, табиғат, таным –
осылардың арасындағы арақатынас арқылы жүзеге асатын процесс. Зат пен ұғым, ұғым мен
атау және таңба арасындағы байланыс арқылы атаудың мәні ашылады» [6,28-б.] деп, күрделі
аталымның қағидалық негізін түсіндіреді.
Е.С.Касенов «І.Жансүгіров поэзиясының қатысымдық және танымдық табиғаты»
зерттеуінде поэзия тіліндегі тілдік бірліктердің байланыстық қызметтілік сипатын,
І.Жансүгіров поэзиясындағы концептілер мен ұлттық таным жайын қарастырған. Зерттеуші:
«Қоғамдағы әлеуметтік сипаты басым қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тілдің
негізгі элементі – сөз. Сөз белгілі бір ойды білдіріп, нақты бір ұғымдарға атау болады.
Демек, көркем мәтіндегі тілдік бірліктер оқырманын маңызды сипатқа ие оқиғалардан не
автор толғанысынан хабардар етіп, қатысымдық сипатқа ие болады. Мағыналық және
құрылымдық жағынан тиянақталған мәтін коммуникативтік жағдаятқа байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |