109
Тіл – адамның бүкіл ойлау, өмір сүру болмысының көрінісі. Бұл адамның табиғатты,
дүниені танумен, қорытып игерумен жүзеге асты. Адамның дүниені тану арқылы санасында
пайда болған дерексіз әлем сыртқы әлемнің заңдылығымен бірдей, бір құрылымда болады.
Диалектикалық байланыстағы Әлем заңдылығы адамның жан дүниесімен танылып, ішкі
әлеміне ауып, әбден сіңгеннен кейін, қайтадан оның болмысымен, Тілімен деректеледі. Тіл
қоғамдық қатынасқа түсіп, сөйлеуге, Сөзге айналады. Тіл нақты әрекетті өзінің сөйлеу
тұлғасына айналдырады.
Таным мәселесінің тілге қатыстылығы немесе тіл арқылы танымның көрінісі астарлы
сипатта берілді. Оның көрінісі сана – тіл; сана – ұғым; сана – дүниетаным; сана – ой; ойлау
– тіл, т.б. аралығында көрсетілсе де, бұлардың бір тұтастық түйісуі, қабылдау, сезіну
мүшелерімен шешілетіні (нейрофизиологиямен байланысы), бір арнада тоғысатын ілімдік
негіздері қазақша жүйеленбей жатыр.
Тіл, сөз, сөйлеу адам қалпын, бейнесін ашады. Адамды сөзімен, сөйлеуімен танимыз.
Тіпті тіл арқылы ұлттық ерекшелік танылады, ал сөйлеумен естілетін дауыс та адамды, оның
қай ұлттың өкілі екенін таныта алады. Адам өз тілінде емес, басқа тілде сөйлеп отырса да,
оның мәнерінен, дауысынан өзінің туған тілінде не бөтен тілде сөйлеп отырғанын бірден
аңғаруға болады. Өйткені жалпы таным, тілдік таным ұғымы (танымның тілдік көрінісі)
адамзат жартылысымен қатар келе жатыр
Тіл арқылы қарым-қатынас жасауда сөз мағыналарының өзіне тән атқаратын қызметі
бар. А.Салқынбайдың «лебізде сөз мағыналарының қолданыс аясы әр алуан өзгеріске түседі.
Кейде бір сөздің мағынасы жеке адамның қолданысында оның айту сазына, екпініне қарай
ерекше сипат алуы мүмкін. Лебізде қолданатын ақпараттың түріне қарай, сөйлеушінің
біліктілік деңгейі мен эмоционалдық жағдайына, көңіл-күйіне сәйкес сөз мағынасының
өзгеруі прагматикалық мағына болады» [1, 83] деген тұжырымы негізінде толық лексикалық
мағынаға ие сөздердің прагматикалық қолданылу ерекшеліктерін айқындауға болады. Сөз
мағыналарының жұмсалымдық қызметіне тән коммуникативтік-танымдық ерекшеліктер
лексикалық мағынаның парадигмасы тұрғысында анықталды. Лексикалық мағынаның
парадигмасы ұғымаралық қатынас – ұғымаралық сипат – ұғымаралық түйісу үштігі
тұрғысында
семантикалық,
фразеологиялық,
терминологиялық
парадигма
түзеді.
Семантикалық парадигма – ұғымаралық қатынастан туындап, бір сөздің нақты, тұрақты,
келтірінді, ауыспалы мағынада қолданылып, бірнеше динамикалық көрсеткішке ие болу
жолдарын анықтайды. Мысалы,
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай.
«Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай» дегенде ай сөзі аспан денесі ретінде зат деректік
(денотат) ақпарат білдіріп, нақты мағынада жұмсалса, Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз
сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға, Ұзақ түн жұмбай көзімді дегенде ай сөзі 30 күндік
уақыт өлшемі ретінде ойдеректік (сигнификат) ақпарат беріп, мезгіл мәнін анықтап, абстракт
мағынада жұмсалған. Біреу жарлы, біреу бай білмейсіз бе, Айдай болған ақ жүзім көрмейсіз
бе? (Батырлар жыры) дегенде ай сөзі реңдеректік (коннотат) ақпарат беріп, сұлулықтың
символы ретінде келтірінді мағынада жұмсалса, Айың тусын оңынан (Қыз Жібек жыры)
Тілдік танымды ғалым Ш.Бекмағанбетов О.Г.Кимнің, Е.Н.Пановтың тілдің шығуы
туралы зерттеулері негізінде “адамзат тілінің басталуы бері салғанның өзінде (қандай
формадағы тіл болса да)...2 млн. жыл бұрынғы австралопитектер дәуірінде жатыр” деп
ғылыми болжам береді. Ғалымның бұлай деуіне аталған зерттеушілердің еңбектерінде
көрсетілген Оңтүстік Африка жерінен 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген австралопитек
(“оңтүстік маймылы” – қарапайым танымдағы адам) деген адам өкілінің 1924 жылы сүйегі
табылғандығына қатысты деректердің келтірілуі себеп болып отыр. Ғалымның бұл
болжамын, тарихи деректерді есептік өлшеммен нақты көрсетіп, дәлелді негіздеп
отырғандықтан, жоққа шығаруға болмайтын сияқты. Зерттеуші: “Бұдан 600-700 мың жылдар
бұрын өмір сүрген архантроптардың (архаикалық адамдардың) ең бертінгі түрлерінің жас
110
шамасы 200 жылмен есептеледі. ...соңғы 40-30 мың жылдарда неғұрлым қазіргі адамдарға
жақын неоантроптар өмір сүрген. Бұлардың ішінде кроманьондықтар біздің бергі
аталарымыз болса керек. Бұл кезде адамзат тілі қалыптасып болғанын көптеген ғалымдар
мойындайды” – деген дәлелді түсінік береді. Ғалым өзінің пікірін Ф.Либерман,
А.А.Леонтьев, Л.Нуаре, т.б. еңбектеріндегі зерттеулермен негіздейді. Ш.Бекмағанбетовтің
австрлопиктер дәуірінен кейін Тіл кеңістігінің мифтік ұғым-түсініктермен көрінуін “екінші
даму сатысындағы құбылыс” деп жинақтаған пікірін, жоғарыдағы дәлелді болжамдардан
кейін, құптауға болады [2, 69].
Тілдің табиғаты, философиясы, теориясы туралы зерттеу жасаған ғалым Е.Абақан да
Ш.Бекмағанбетовпен бір көзқараста. Ол: «Адамның алдымен дыбыстау қабілетіне ие болуы
дау тудырмайды. Дегенмен де тілдің табиғаты мен тарихын дыбыстық тілден, яғни
дыбыстардың өзгерісі арқылы анықтау нәтиже бермеді. Сондықтан тілдің табиғатын
символдық, таңбалық кезеңнен бастап зерттеген дұрыс. Қазіргі тілдердің жүйелілігін тек сол
кезеңде қалыптасқан таңбалар арқылы қайшылықсыз түсіндіре аламыз. ...Белгілі бір
абстрактылы идеяны белгілеп тұратын таңбалардың қызметі тіл ғылымында толық
зерттелмеген» – деп, нақты атап өтеді. [3, 154-б.]
Е.Абақан Әл-Фарабидің сан туралы, Пифогордың «Бәрінен дана – сан, екінші орында –
затқа атау берген адам» деген сөзімен тұжырымын ұштастырып, тілдік таңбалардың сандық
сипаты туралы, санның сөзжасамдық қасиеті мен қызметіне байланысты зерттеулік шолу,
зерттеу жасау нәтижесінде дәлелді пікір береді: «Сонымен, таңбалардың сандық сипаты
графикалық, мағыналық қырларымен қоса, сөз тудыруда маңызды роль атқарған. Түркі
жазуын ойлап тапқандардың санның абстрактылы мағынасы мен алфавиттік жүйедегі
таңбалардың табиғатының сай келуін көздеуі күмән тудырмайды. Тілдегі сөздердің,
таңбалардың, дыбыстардың мағыналық үйлесуі де сандарға байланысты» [3,154-б.].
Тиянақты ойды хабарлау және қабылдауда сөздердің атау ретінде қолданылу
ерекшеліктері бар. Атаулар – белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы нақты ақпараттың
адам танымында орныққан таңбалық көрсеткіші. Олар тілдік қатынастың әлеуметтік
сипатын анықтауда басты рөл атқарады. Тілдік қатынас интеллектуалдық бағытта
орындалса, қарым-қатынас жасауға негізінен, ғылыми танымдағы атаулар тірек болады.
Тілдік қатынас ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған бағытта орындалса,
жалпыхалықтың танымына ортақ атаулар басты қызмет атқарады. Тілдік қатынас ұлттық
рухани бағытта болса, сол этностың танымына тән атаулар тірек болады.
Ғылыми танымдық атаулардың қолданыс аясындағы жұмсалымдық қызметі үш түрлі:
1) арнайы ғылым саласында кәсіби лексика көлемінде қолданылады; 2) ғылыми тәжірибе
нәтижесінде пайда болып, жалпыхалықтық сипатта қолданылады; 3) әрі ғылыми, әрі
жалпыхалықтық мәнде жұмсалады. Бірінші топтағы атаулар ұлттық ғылым деңгейіндегі
терминдер, кірме терминдер, балама терминдер, баламасыз терминдер түрінде жіктелді.
Ұлттық терминдер қазақ ғылымының жетістіктеріне, қазақ ұлттық ғылым тілінің
өміршеңдігіне жол ашады. Мысалы, Ақын тілі – лебіз өрнегі. Ақын тілімен сөйлегенде сөзге
айырықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады немесе айтыс – шығарманың түрі
деп А.Байтұрсыновтың қазақ филологиясының терминдерін қалыптастыруы ұлттық
терминдер жүйесін құрайды.
Адам атымен аталатын эпонимдер кірме терминдер ретінде жұмсалып, жеке тұлғаның
ғылымдағы жетістіктерінен, жаңалығынан хабар береді. Мысалы, Ньютон заңы қозғалысқа
тән үш түрлі заңдылық туралы ақпарат беріп қана қоймай, ғылыми зерттеу нәтижесінің
белгілі бір адамға тән екенін көрсетеді. Бұл терминнің өзіне тән арнайы ерекшелігінен тілдік
тұлға мәселесі көрініс табады. Сондықтан оларды аудармай кірме термин түрінде қолдану
орынды. Балама терминдер – басқа тілден енген терминдердің ұлттық санаға сай аударылып,
қолданылу үдерісін көрсетеді. Ал баламасыз терминдер этностың тіліне, мәдениетіне сай
зерттеулермен байланысты болып, этностық ерекшелікті анықтайды. Мәселен, изафет тек
түркі тілдеріне тән заңдылық болғандықтан, сол қалпында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |