[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет58/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164

115 
 
феминистік  лингвистика  болып  табылады.  А.Гордон  феминистік  лингвистикаға  (әйел  тілі) 
толық түсінік береді.  
 
Қазақ  тіл  білімінде  гендер  мәселесіне  қатысты  зерттеулерді  Б.Хасанұлының, 
Г.Мамаеваның,  Г.Шоқымның  және  т.б.  еңбектерінен  көреміз.  Г.Мамаева  қазақ  тіліндегі 
ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерді зерттеу жұмысына арқау етсе,  
гендерлік  стереотиптерді  зерттеп  жүрген  Г.Шоқым  ер  мен  әйел  образын  көркемдеген 
теңеулерді іріктеп, жүйелеп, олардың гендерлік мәнін ашып көрсетеді. 
 
Тілдік көркемдеу құралдары жөнінде толымды пікір айтқан академик  З. Қабдоловтың 
еңбегінде  теңеуді  ажарлаудың  бір  түрі  ретінде  нақтылай  дәлелдеп  берген.  Ғалым  былай 
дейді:  «Әдеби  тілге  мағына  беріп,  оның  көркіне  көрік  қосатын,  сол  арқылы  әдеби 
шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының 
бірі  –  теңеу.  Мұнда  суреткер  заттың,  құбылыстың  ерекше  белгілерін  көрсетпей  –  ақ,  оны 
басқа  затпен,  құбылыспен  салыстыра  суреттейді.  Сонда  бұлар  туралы  оқырман  түсінігі 
тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі» [3,73].  
 
Ғасырлар  бойы  қалыптасып,  тіл  қорының  қат-қабат  қойнауларында  сақталып  келе 
жатқан,  үнемі  дамып,  жаңаланып,  толығып  отыратын  тілдік  бірліктердің  бірі  –  қазақ 
теңеулері.  Ойымызды  бейнелі,  мәнерлі  етіп,  айқын  жеткізуде  өзінің  бейнелілігін, 
экспрессивті-эмоционалды  бояуымен  көзге  түсетін  теңеулердің  маңызы  ерекше  құнды. 
Теңеу модельдерінің табиғаты бұрыннан зерттеліп келе жатса да, олардың этнос болмысын, 
оның  көркемдік,  бейнелі  дүниетанымдық  мәні  мен  тілдегі  қызметін  терең  де  жан-жақты 
қарастыру  антропоцентризмнің  өзекті  мәселелеріне  жатады.  Өйткені  мыңдаған  теңеу 
модельдерінің  уәжі  мен  нысаны,  сайып  келгенде,  халықтық  дүниетанымға,  ұлттық 
менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне тікелей байланысты. 
 
Бұл  тіркестердің  қай-қайсысын  алсаң  да,  олардың  мазмұнында  халықтың  тарихы, 
мәдениеті,  оның  өмір  сүру  салты,  ассоциациялық  ой-қиялы  жатыр.  Тілімізде  мыңдап 
саналатын  бұл  тіркестер  тақырыбы,  мағынасы,  құрамы  мен  құрылымы,  уәждік  негізі  және 
көркемдік  ерекшеліктері  жағынан  сан  алуан.  Теңеудің  басты  ерекшелігі  қандай  затты, 
құбылысты  болсын,  я  қандай  затпен,  құбылыспен  болсын  салыстырса  да,  айналып  келіп, 
адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады. 
Теңеу - танымдық қызметі зор, ең көне, әрі  қарапайым, тілде жиі қолданылатын логикалық 
теңестіру  тәсілі.  Шындық  әлемді  танудың  қисынды  құралы  бола  отырып,  теңеу  мейлінше 
көп  қырлы,  мазмұнды  тілдік  құбылысты  білдіреді.  Ойлау  өрісі  ретінде  теңеудің  дүниені 
эмоционалды  түрде  қабылдауы  және  ондағы  қайсы  бір  құбылысты  салыстыра  бағалау 
тұрғысынан  қандай  да  бір  нысанға  мән  берудегі  салмағы  ерекше.  Философиялық  жақтан 
қарастырғанда, 
теңеу 
адамның 
абстрактілі 
ойлауын 
дамытудың 
көрінісі 
болса, 
лингвистикалық тұрғыдан осы ойдың тілдік қолданыста бейнеленуі. Сонымен бірге теңеу  – 
сипатталушы  нысанның  бейнелілік,  көркемдік,  эмоционалды-экспрессивтік  сапасын 
күшейтетін көркемдік әдіс. Теңеу – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен 
салыстыру 
арқылы 
сипатталушы 
нәрсенің 
бейнелілік, 
көркемдік, 
эмоционалды-
экспрессивтік  сапасын  күшейтетін,  сол  нәрсені  жаңа  қырынан,  поэтикалық  қырынан 
таныстыратын  әрі  стильдік  тәсіл,  әрі  таным  құралы.  Басқа  тілдік  бірліктер  секілді  тұрақты 
теңеулер  де  адамның  танымдық  мүмкіндігін  тілдік  қабілетімен  сабақтастырудан  бастау 
алатындықтан, басты назар олардың когнитивтік негіздеріне аударылады. 
Фразеологиялық  теңеулер  фразеологизмдердің  басқа  түрлерінен  өзінің  логикалық 
құрылымы,  компаративті  мағынасы  мен  стильдік  қызметі  арқылы  ерекшеленеді. 
Фразеологиялық  теңеулер  табиғатын  зерттеуде  фразеологиялық  теңеу  мен  метафораның 
өзара  байланысы,  ұқсастығы  мен  айырмашылықтарына  тоқталу  қажет.  Осы  мәселеге 
арналған  ғылыми  еңбектерде  фразеологиялық  теңеулер  мен  метафоралар  тілде  қатар 
қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның 
ортақтығы  –  олардың  заттар  мен  құбылыстар  негізінде  фразеологиялық  ассоциация 
жасауынан көрінеді.  Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде 
салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. 


116 
 
Фразеологиялық  теңеулер  екі  затты  салыстырудың  нәтижесі  болса,  метафоралар  – олардың 
ұқсастығының нәтижесі.   
Фразеологиялық  теңеулер  кез  келген  тілдің  фразеологиялық  қорының  елеулі  бөлігін 
құрайды.  Теңеу  –  көркем  ойлаудың  ұлттық  ерекшеліктері  жинақталған,  дүниетанымның 
ұлттық 
өзгешеліктері 
бас 
қосқан 
логика-философиялық 
және 
лингвистикалық 
категориялардың санатына жатады[4,103].  
Теңеу  лингвистикалық  категория  ретінде  қазіргі  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарының 
бәрінің  де  зерттеу  нысаны  бола  алады.  Бұл  бағыттардың  ішінде  құрылымы  әр  түрлі 
тілдердегі 
фразеологиялық 
теңеулерді 
лингвомәдениеттану 
және 
когнитивтік 
лингвистиканың  негізгі  ұстанымдарына  сүйене  отырып  салыстырмалы-салғастырмалы 
зерттеу  жүргізудің  мәні  ерекше.  Себебі  халықтың  дүниетанымы,  өмірге  және  қоршаған 
ортаға  деген  көзқарасы,  салт-дәстүрі,  көңіл-күйі  әр  халықтың  жалпы  фразеологиясынан, 
оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер 
жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде 
беріліп  отыратын,  әр  халықтың  өмірінен  қызықты  деректерді  өз  бойына  жинақтаған  халық 
мұрасы.  Сондықтан,  туыстас,  не  туыстығы  жоқ  тілдердегі  фразеологиялық  теңеулерді 
лингвомәдени  және  лингвокогнитивтік  тұрғыдан  зерттеу  әр  тілдің  өрнек  бояуын,  ұлттық 
ерекшелігін,  менталитетін,  қайталанбас  қасиетін  танып  білуге,  олардың  мағына 
қалыптасуындағы  және  тілдік  қолданыстағы  қасиеттерін  ашуға  мүмкіндік  береді.  Осы 
тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына 
қалыптасуының  негізін  ашу  ерекше  мәнге  ие.  Теңеулердің  ішкі  мазмұнын  анықтауда 
уәжтану  теориясына  жүгінген  жөн.  Уәждеме  теориясына  сүйене  отырып,  бастапқы  еркін 
тіркестер  негізінде  жасалған  фразеологизмдердің  түп  төркініне  зер  салып,  уәжін  айқындау, 
сол  арқылы  тіркестің  қалыптасу  түп  көзін  тауып,  өзіндік  ерекшеліктерін  ажырату  арқылы 
олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы 
олардың  ішкі  мағыналық  құрылымында  жатқан  бейне  арқылы  уәжделеді.  Мысалы,  қазақ 
тіліндегі құмырсқадай  құжынаған,  құмға  сіңген  судай,  сүліктей  жабысты    сияқты 
тіркестердің  фразеологиялық  мағыналарының  ішкі  формасы  айқын,  яғни  олардың 
мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан. 
Фразеологизмдердің  ішкі  формаларының  тасалануынан  олардың  мағыналарының 
күңгірттенуі  шығады.  Ондай  фразеологизмдердің  сырын,  жасалу  төркінін  тілдің  ішкі 
заңдылықтарынан  гөрі  экстралингвистикалық  факторлар  мен  этимологиядан  іздеу  қажет. 
Мысалы,  кәрі  қойдың  жасындай  жасы  қалды фразеологизмі  қой  түлігінің  тіршілік  ету 
мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға 
қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған.   
Адам  кез  келген  нәрсені  сипаттағанда,  суреттегенде  көбінесе  теңеп,  ассоциативті  түрде 
салыстыра  отырып,  өзінің  ой-пікірін  бейнелі  түрде  жеткізіп  отырған.  Үй  жануарлары, 
жабайы  аң-құс  атаулары  және  өсімдік  атаулары  этностың  ой-санасында,  абстрактылы 
ұғымдар мен ассоциативті салыстырулар көңіл-күй сезімдерін бейнелі түрде беруде кеңінен 
қолданылатынын  көреміз.  Адамның  сыртқы  келбетін,  ішкі  жан-дүниесін,  мінез-құлқын,  іс-
әрекетін,  қимыл-қозғалысын,  көңіл-күйін  т.б.  білдіретін  теңеулердің  уәждік,  образдық, 
фондық негіздері халықтың ақиқат дүние туралы білімдер жүйесінен хабар береді. Адам мен 
табиғат  арасындағы  ұқсастықты,  жалғастықты  біз  қарастырған  теңеулердің  жалпы 
мазмұнында 
зоонимдердің, 
орнитонимдердің 
қимылынан, 
жүріс-тұрысынан 
және 
фитонимдердің  сыртқы  көрінісінен,  бойынан  адамның  дене-бітімі,  мінез-құлқы,  іс-әрекеті, 
қадір-қасиеті т.б. көрініс береді. 
 
Адамның  жыныс  ерекшелігін  бейнелейтін  қазақ  теңеулері  ұлттың  тарихын, 
дүниетанымын,  психологиясын,  рухани-мәдени  өмірін  өз  бойына  сіңірген  маңызды 
лингвомәдени  бірліктер  болып  табылады.  Мәселен,  қазақ  халқында  жас  ерекшелігі  мен 
тұрмыстық  беделіне  қарай, әйел адамды:қыз,  бойжеткен,  бикеш,  келіншек,  қатын,  ана, 
шеше,  апа,  бәйбіше,  тоқал,  әже,  кемпір,  өгей  ана,  ене т.б.  десе, ер адамды: жігіт,  бойдақ, 
еркек, аға, әке, ата, шал, қарасақал, ақсақал т.б. лингвомәдени бірліктермен сипатталады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау