103
Мақалада қазақ эпосының тұрмыстық лексикасы келесі лексикалық-семантикалық
топтардың құрамында көбірек берілуі мен пайдаланылуын ескере отырып қаралған: а)
тұрғын жай атаулары мен оның бөліктері; б) үй жабдықтарының, байлық пен сән-
салтанат бұйымдарының атаулары. Қазақ эпосының тұрмыстық лексикасының
талданатын шеңбері мазмұны жағынан да, құрамы жағынан да, бір жағынан, халықтың
өткен тарихының этномәдениет жағдайын, екінші жағынан оның даму сабақтастығын
сипаттайды. Қазақ халқының тұрмыстық лексикасын қазақ эпосының тілдік материалы
аясында этнолингвистикалық зерттеу тарихи лексикологияның маңызды міндеті болып
табылады.
In the article the lexicon of the Kazakh epic is considered in the light of its most common use
and representation in the following lexical-semantic groups: a) the names of the houses and their
parts; b) the names of household utensils, items of wealth and luxury. It is noted that the analyzed
range of household lexicon of the Kazakh epic, both in content and composition,is characterized, on
the one hand, the state of the ethnic culture of the historical past of the people, and on the other the
continuity of its development. Ethno-linguistic study of everyday vocabulary of the Kazakhs in the
framework of the Kazakh epic language material is an important task of the historical lexicology.
ӘОЖ. 811.512.122
Т.Т. Пірімбетов, Ш. Мажитаева, А. Ахметова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қарағанды
S_mazhit@mail.ru
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тіл білімінде шылау сөздер ХХ ғасырдың 60-70-жылдары біршама
зерттелгенімен, қазіргі таңда қазақ грамматикасында көптеген жаңа көзқарастар,
нәтижелі зерттеулер жүргізіле бастағандығы жатады. Грамматикадағы соңғы ғылыми
зерттеулер жетістіктерін ескерсек, бұл сөздер жеке сөз табы ретінде танылуға
мүмкіндік алды. Дегенмен шылау сөздерді қайта қарастыру, біршама өзгерістер енгізу
қажеттігі туындап отыр. Сондықтан да қазіргі жағдайда шылау сөздер өзіндік қыры мен
сыры толық ашылмаған күрделі сөз табы екендігін тілші ғалымдар мойындап жүр. Мақала
тақырыбының теориялық маңыздылығына шылау сөздердің тілдік ерекшеліктерін
сипаттау, олардың тіліміздегі алатын орнын, сөз табы ретіндегі тілдік табиғатын
талдау, біршама болса да қазақ тіл білімінде жаңаша бағытта зерделеу, жаңа пікір ұсыну
жатады.
Kілт сөздер: Шылау сөздер, сөз табы, грамматикалық мағына, көмекші сөз,
лексикалық мағына, сөйлем мүшелері
Қазақ тілі білімінде шылау сөз табы, оның даму тарихы, грамматикалық қызметі
зерттелмеді деуге болмайды. Солай болғанымен де бұл сөз табының зерттелу барысында тіл
біліміндегі белгілі бес саланың ішінде грамматикаға тиесілі морфологияның нысаны ретінде
қарастырылып келеді. Грамматикалық еңбектерде көбінде дерлік шылау сөз табының дербес
лексикалық мағынасы болмайтындықтан жеке қолданылмайтындығы және сөйлем мүшесі
бола алмайтындығы тілге тиек болып жүр.
Шылаулар
мәселесі
А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов,
М.Балақаев
еңбектерінен негіз алып, зерттеуге түсті. Кейіннен ғалымдар Ф.Кенжебаева, Р.Әміров,
104
Қ.Әмірәлиев олардың тарихына, мағынасы мен қызметіне, топталуына байланысты
көзқарастарын білдірді. Ал А.Ысқақов, К.Аханов, Н.Оралбаева, С.Исаев, т.б. еңбектерінде
шылаулардың негізгі қызметі, жалпы сипаты берілген. Алайда, бұл еңбектерде әрбір шылау
түрлері арнайы тақырып ретінде зерттелген жоқ. Бұл жағдай шылаулардың грамматикалық
ерекшеліктерінің, өзіндік белгілері мен қолданыстағы мәндерінің толық ашылмауына,
нақтыланбауына себеп болды.
Тілдің негізі – негізгі сөздік қор мен грамматикалық құрылысы. Қазіргі қазақ тілінің
байлығы, құндылығы айнала қоршаған ортаны, қоғамды болсын, табиғи құбылыс болсын
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өзара пікір алысуына толық қызмет ете
алады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздер семантикалық және
морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді. Олар атауыш сөздер мен көмекші
сөздер.
Атауыш сөздер өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, коммуникацияға
негіз болып, контекстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданыла береді. Олар
сөйлемде грамматика заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, өз алдына
дербес мүше бола алады. Ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер
тудыруға да болады. Сөйтіп атауыш сөздер дегеніміз – өздеріне тән лексикалық та,
грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай үстіне әр қилы қосымша реңдер
жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсе алатын дербес сөздер. Ал
көмекші сөздердің мағыналық дербестігі жоқ болғандықтан контексте тек атауыш
сөздермен тіркесіп қана жұмсалады.
Кейінгі кездері шылаулардың тілдік жүйедегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы
мәндерін анықтау қажеттілігі туып отыр. Себебі шылаулардың қолданыстағы қызметі әлі
күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Ол функциональды грамматика мәселелерінің біріне
жатады. Сондықтан шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап
жүйелеу, өзіндік зерттеуді қaжет ететін мaңызды мәселелердің бірі екендігі aнық.
Мысалы, демеуліктер шылаудың бір түрі ретінде қаралып, сөйлеуші ойын, көзқарасын
білдіретіні, яғни модальдік қызметі жалпы айтылғаны. Демеулік шылаулар толық мағыналы
сөздерге тіркесіп, оларға түрлі мән үстейді деген бір ғана пікір үстемдік алды. Демеулік
шылаудың тіркесетін сөз таптары, тіркесу ерекшеліктері толық танылған жоқ. Демеулік
шылаулар жеке зерттеу нысаны болған жоқ, қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай
демеулік шылаулардың мәселесі әлі де болсa жaн-жaқты зерттеуді қажет етеді.
Жалпы қазақ тіл білімінде шылаулар, олардың түрлері, тілдегі қызметі, алатын орны
деген мәселелерде қайта қарастыратын тұстары жеткілікті. Сондықтан осы уaқытқa дейін
лингвистикa ғылымындa қол жеткізілген нәтижелер бұл мәселенің өз уaқытындa қойылғaны
және олaрды жaңa кезеңде шешу мүмкін екенін көрсетеді.
Шылаулар, негізінен, әуел баста толық лексикалық мағыналы сөздер болды. Уақыт өте
келе біртіндеп алғашқы мағынасынан айырылып, жаңа лексика-семантикалық топ құрағаны
зерттеулерден белгілі. Оған ең басты дәлелдері – көне түркі руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылау сөздердің қолданысы. Шылаулардың V-VІІІ ғасыр жазба ескерткіштер
тілінде дербес категориялық мағына дәрежесінде қалыптасқандығы анықталып отыр. Нақты
айтқанда, шылаулану үдерісі /процесі/ көне дәуірде емес, одан әрірек болған да,
категориялық мағынада топтасуы Орхон-Енисей жазбаларынан қалыптаса бастаған. Тілдегі
өзге сөз таптары шылаулардың пайда болуын немесе алғашқы қалыптасуын шартты түрде
«шылаулану» деп атап отырмыз.
Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың
архетиптері болып табылады. Бұған шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі,
мағыналық талдау әдістері, салыстыру әдістері және анализ, синтездік әдіс-тәсілдерді
қолдану әрі шылаулардың генезистік жағына да назар аудару нәтижесінде көз жеткізуге
болады.
Көне түркі тіліндегі шылау сөздерді сөз табылық дәрежеде зерттеу нысанына алып,
олардың пайда болу және қалыптасу жолдары мен даму ерекшеліктерін қарастыру қазіргі
Достарыңызбен бөлісу: |