[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164

113 
 
қатысымдық  сипатқа  ие  болады.  Ал  мәтіннің  коммуникативтік  қызметі  қаламгердің  белгілі 
бір мақсат көздеуімен (автордың идеясы, ойы) өлшенуге тиіс. 
Келесі  бір  дәстүрлі  грамматикамен  байланыстық  танымдық  бағытта  деп  көрсетілетін 
еңбектің бірі – Ш.Ш.Жалмахановтың түркі сөздік құрамының мағыналық жасалымын тарихи 
және қазіргі кезең бойынша қарастырған зерттеуі.  
Ғылыми еңбекте түркі тілдеріне ортақ сөздердің мағыналық өзгерісі мен түркі тілдеріне 
енетін жекелеген тіл сөздерінің мағыналық өзгерісінің, яғни туынды мағынаның ерекшелігі 
мен  негізі,  себебі  тарихи  танымдық,  салыстырмалы  танымдық,  сипаттамалы  түрде 
белгіленіп,  қарастырылады.  Түркі  тілдеріне  ортақ  сөздердің  мағыналық  өзгерісінің  немесе 
туынды мағынасының басты белгі-қағидалары айқындалып, зерттеуші 14 негізгі нәтиже мен 
тұжырым ұсынады.  
Ғалымның:  «Сөз  –  адам  танымының  тілдік  таңбасы,  адамның  басты  рухани  және 
материалдық 
игілігі 
болғандықтан, 
гносеологиялық, 
семиотикалық, 
семантикалық 
триаданың  бірлігі  мен  нәтижесі»  деген  түйіндеуінен  кез  келген  танымал  сөздің  туынды 
мағынасы танымдық негізінің әйтеуір бір белгісінен жасалатындығын түсінуге болады [7,36 
б.].  
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Эверо, 2008. – 464 б. 
2  Бекмағанбетов  Ш.  Тілдік  таным  негіздері  және  тілдік  символдар.  –  Алматы. 
«Ғылым», 1999.- 157 б. 
3 Абақан Е.М. Тілдің мәдени философиясы. – Алматы,«Айқос». 2000.- 184 б. 
4  Қалиұлы  Б.  Қазақ  терминтанымының  өзекті  мәселелері.  –  Алматы:  Әлішер,  2008.   – 
160 б.4  
5 Макаров М.Л. Коммуникативная структура текста. – Тверь, 1990.  –  С. 152.  

Қасым 
Б. 
Қазақ 
тіліндегі 
заттың 
күрделі 
атауларының 
теориялық 
негіздері//филол.ғылым.докт.ғылыми  дәр.алу  үшін  дайынд.диссерт.  автореф.  –  Алматы. 
2002.- 50 б. 
7 Жалмаханов Ш.Ш. Түркі лексикасының семантикалық деривациясы //филол. ғылым. 
докт. ғылыми дәр. алу үшін дайынд.диссерт.автореф. –  Алматы. 2004.- 43 б. 
 
В  статье  рассматриваются типы  семантических  компонентов значения  слова,  чаще 
всего  оказывающиеся  релевантными  при контрастивном описании  лексики.     Значение  слов 
рассматриваются  с  точки  зрения  когнитивных  механизмов.  Данное  исследование 
предполагает  изучение  новых  языковых  единиц  во  взаимодействии  когнитивных  и  
прагматических факторов. 
 
This article discusses the types of semantic components of the word are likely to be relevant in 
the  contrastive  description  of  the  vocabulary  .  Meaning  of  words  are  considered  from  the 
perspective of cognitive mechanisms . This research involves the study of new language units in the 
interaction of cognitive and pragmatic factors. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


114 
 
ӘОЖ- 81-11           
А.Ғ. Сембаева 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Алматы, Қазақстан 
assotion@mail.ru 
 
ҚАЗАҚ ТЕҢЕУЛЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Аталмыш  мақалада  қазақ  тіл  біліміндгі  жаңа  бағыттардың  бірі  гендерлік 
лингвистиканың 
қалыптасуы 
мен 
зерттелуіне 
барысы 
бағамдалып, 
гендерлік 
линвгистиканың негізгі  ұғым категорияларына анықтама берілген.  
Мақалада 
адамның жыныс ерекшелігін бейнелейтін қазақ теңеулері
не  гендерлік  тұрғыдан 
жіктелген.  Әйел  және  ер  адамдарды  бейнелеуге  арналған  теңеулердің  символдық-
ассоциативтік  сипаты  айқындалған.Сонымен  қатар  қазақ  теңеулері  теңеулердің 
танымдық  қызметі,  жасалу  жолдары  және  олардың  эмоционалды-экспрессивті  рең 
мәндері айқындалған.  
 
 
Кілт сөздер:  гендерлік лингвистика, категория, теңеу, фразеологизм, лингвомәдени. 
 
ХХІ  ғасырда  қазақ  лингвистикасы  алдында  адамзат  тілін  ерлер  және  әйелдер  тілі  дер 
бөліп зерттеу міндеті тұр.  
 
Гендерлік  лингвистика  қазіргі  кездегі  тіл  ғылымының  тілді  физиология,  психология, 
философия,  мәдениеттану,  логика  сынды  ғылымдардың  тоғысында  қарастыратын  тіл 
біліміндегі жаңа  әрі қызықты бағыттардың бірі.  
 
Тілдің  ең  басты  әрі  маңызды  қарым-қатынас  құралы  болу  қызметі  болса,  гендерлік 
лингвистика  ер  мен  әйелдің    тілдік  ерекшеліктерін  анықтап,  бір-бірінің  писхологиялық 
ерекшеліктерін  түсінуге, екі жыныс өкілінің өзара тіл  табысуына ықпал етеді. 
 
Гендер  факторы  ең  ежелгі  заманнан  көрініс  береді.  Алла  тағала  адамды  жаратқанда 
гендерлік табиғат сыйлаған – адам ата мен Хауа Ананы екі жыныстың өкілі ретінде жаратқан 
[1,112].  Сондықтан  да  гендер  ұғымы  бұл  жалғанда  адамзат  жаралған  тұста,  ерккек,  әйел 
ұғымдарымен  бірге  пайда  болған  дейміз.  Бертін  келе  сол  “биологиялық”  жыныс  негізінде 
“әлеуметтік”  жыныс  туралы  түсінік  пайда  болып,  гендерология  (әлеуметтік  жыныстану) 
ғылымы қалыптасты. 
 
Алғашқы  қауымда  әйел  мен  еркек  тең,  қыздар  мен  жігіттердің  топтық  өзіндік  тілі 
болған. Еңбек бөлісі биологиялық айырмашылыққа құрылған. Қазақтың “Ер адам – түздікі, 
әйел  –  үйдікі”  деген  сөзі  де  ертеде  пайда  болса  керек.  Әр  жыныс  өкілінің  айырма  сөздігі 
пайда  болған.  Аңшылық  пен  құрылыс  лексикасын  еркектер  қалыптастырған,  ал  үй 
шаруашылығы лексикасын тек әйелдер түзген. 
 
Гендерлік  лингвистика  қазіргі  кездегі  тіл  ғылымының  тілді  физиология,  психология, 
философия,  мәдениеттану,  логика  сынды  ғылымдардың  тоғысында  қарастыратын  тіл 
біліміндегі жаңа  әрі қызықты бағыттардың бірі.  
 
Тілдің  ең  басты  әрі  маңызды  қарым-қатынас  құралы  болу  қызметі  болса,  гендерлік 
лингвистика  ер  мен  әйелдің    тілдік  ерекшеліктерін  анықтап,    бір-бірінің  писхологиялық 
ерекшеліктерін  түсінуге, екі жыныс өкілінің өзара тіл  табысуына ықпал етеді. 
 
А.Гордон тілдегі ерлер мен әйелдердің қызметін анықтау жұмысында 2, 19 гендерлік 
ерекшеліктердің  тілдегі  көрінісіне  тоқталады.  Ондағы  гендерлік  ассимиляция  түсінігіне 
анықтама  береді.  Еуропа  тілдерінде  жыныстар  арасында  бір-біріне  сай  емес,  лексика  мен 
грамматикада  көрініс  табатын  ассиметриялар  (басымдылық)  болады.  Адам  туралы  немесе 
бір зат, жан-жануарлар туралы айтқанда алдымен мужской родтағы ер жынысын білдіретін 
сөздер айтылады: человек, тап, адам. Басқа да құбылыстар кейде ер мен әйел тілдерінің тең 
емес  екенін  және  ерлердің  тілдік  жағынан  басымдылығын,    доминациясын    анықтайды. 
Лингвистикада тілдегі гендерлік асимметрияны зерттейтін, суреттейтін, түсіндіретін бағыт – 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау