[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет53/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164

105 
 
түркі тілдеріндегі шылау сөз табының  тарихын тануға мүмкіндік береді. Түркі тілдеріндегі  
шылаулардың басқа сөз таптарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бары анықталды. Жалпы 
шылаулардың  сөздер  тобы  ретінде  қалыптаса  бастауы  көне  түркі  ескерткіштері  дәуірінен 
әрірек  екенін  ескерттік.  Категориялық  болмыс  ретінде  түп  қазығы  көне  түркі  руникалық 
жазба  ескерткіштер  тілінен  бастап  қалыптасқаны  Орхон-Енисей,  Талас  жазба  ескерткіштер 
тілінде  қолданылған шылау сөздер құптай түседі. Шылау сөздер – даму барысында көптеген 
ғасырлар  бойғы  тілдік  процестерді    басынан  кешірген    туынды    тарихи  категория.  Себебі 
қазіргі  түркі  тілдеріндегі  кейбір  шылау  сөздердің  құрамындағы  аффикстер  шығу  тегі 
жағынан  сөздің  түбірінен  ажыратып  алуға  келмейтін  дәрежеге  жеткен,    түбірге  сіңісіп  бір 
тұтас бөлінбейтін   бөлшек болып  кеткен. Осындай түбір мен қосымшаның  жымдасуынан, 
яғни  транспозициялық  тәсілдің    нәтижесінде  шылаулар  қалыптасқан.  Тарихи  шығу  төркіні 
жағынан  шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес  мағыналы 
есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің  белгілі  бір даму тарихында 
кейбір есім,  етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста 
солғындап,  әр  алуан  грамматикалық  мағыналарға  ие  болуының  нәтижесінде  қалыптасады. 
Жалпы  шылаулардың  дамуында  көне  түркі,  орта  ғасыр,    қазіргі  түркі  тілдеріне  тән  негізгі 
ортақтық бар. Етістіктің көсемше формалары мен  есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп 
шылаулану  процесіне  өтіп,  біртіндеп  тілдік  дамуда  қазіргі  грамматикада  аталып  жүрген 
шылау сөз табының  құрамына енген. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы еңбектерде түркітанушы ғалымдардың азды-көпті 
пікірлері  мен  әртүрлі  көзқарастары  бар.  Дегенмен  соңғы  кезге  дейін  руникалық  жазба 
ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу нысаны болған жоқ.  
Диалектиканың  даму  заңдылығы  бойынша  ештеңе  жоқтан  пайда  болмайды,  бар  жоқ 
болмайды.  Тіл  қоғамда  өмір  сүреді,  қоғамның  барлық  өмірімен  тығыз  байланысты. 
Қоғамның дамуы, ондағы сапалық өзгерістер тілдің құрылымы жағынан дамуына, жетілуіне, 
саралануына әсер етеді.  
Сөз  таптары  –  сөздердің  құрылымдық-семантикалық  немесе  лексика-грамматикалық 
топтары.  Сөз  таптары  бір-бірінен  білдіретін  мағыналары,  морфологиялық  белгілері, 
морфологиялық.  сөзжасамдық  және  сөзөзгерімдік  қасиеттері  мен  синтаксистік  қызметі 
жағынан  ажыратылады.  Сөз  таптарының  өзіндік  ерекшеліктері,  ортақ  белгілері,  өзара 
байланыстары  мен  даму  жүйесі  бар.  Сөздерді  топтастырудағы  Құдайберген  Жұбанұлы 
ұсынған  үш  қағидасы    күні  бүгінге  дейін  барлық  грамматика  авторлары  мен  тіл  білімі 
зерттеулерінде негізгі нұсқа өзегіне айналған. Құдайберген Жұбановтың сөздерді топтастыру 
жүйесінде қазіргі сөз таптарының  бәрі де бар. Ғалым сөз таптарын  ең  әуелі  негізгі  күрделі  
үш салаға бөледі:  Түбір тапқа: зат есім, сын есім, сан есім, мезгіл есім (үстеу), етістіктерді  
жатқызады    да,  шылау  тапқа    –    қосалқы  мен  қосымша, одағай    жеке  аталады  [1,  238-239]. 
Сөз  таптарының  қалыптасуын,  дамуын  қарастырғанда  біріншіден  олардың    морфо-
сөзжасамы,  яғни  қандай  тәсілдер  арқылы  жасалғанына  көңіл  аударамыз.  Шылаулардың 
қалыптасуы  мен  даму  жолдарын    қарастырғанда  түркі  тілдері    материалдарын  негізге 
аламыз. 
Шылауларды  зерттеуде  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштер  тіліндегі  шылау  сөздер 
туралы  жазылған  ғылыми  еңбектер  мен  көне  түркі  және  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  шылау 
сөздер жайлы ой-пікірлерін қосқан тілші ғалымдардың еңбектері бaсшылыққa aлынды. Оған: 
В.М.Насиловтың  “Язык  орхон-енисейских  памятников”,  Р.Әміровтің  “Жалғаулықтардың 
шығу  тарихы”,  Ә.Н.Нұрмаханованың  “Түркі  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы”, 
А.Н.Кононовтың  “Грамматика  языка  тюркской  рунических  памятников  ҮІІ-ІХвв”, 
А.М.Щербактың 
“Очерки 
по 
сравнительной 
морфологии 
тюркских 
языков”, 
Н.Хаджыеминоғлының  “Түрік  тіліндегі  шылаулар”,  Г.Айдаровтың  «Язык  орхонских 
памятников древнетюркской письменности  ҮІІІ в.»   т.б. жатқызуға болады. Шылау сөз табы 
атауыш  сөздерден    кейін  қалыптасқан  деген  пікір  орын  алған.  Бірақ  бұл  жалпы  тілдерге 
ортақ пікір ме, әлде жекелеген тілдерге қатысты ма деген мәселе әлі  зерттеуді  қажет етеді. 
Жалпы түркі тілдеріндегі шылаудың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар беріп, 


106 
 
дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі  бір дәрежеде жүйеленіп келеді. 
Негізінен, ғылыми айналымға енген теориялық заңдылықта ғалымдaрдың пікірінше, шылау 
сөздер  –  өзіндік  қыры  мен  сыры  ашылмаған  күрделі  сөз  табы.  Олар  әуел  баста  толық 
лексикалық  мағыналы  сөздер  болып,  уақыт  өте  келе  біртіндеп  алғашқы  мағынасынан 
айырылып,  жаңа  лексика-семантикалық  топ  құраған.  Оған  ең  басты  дәлел    -  көне  түркі 
руникалық  жазба  ескерткіштер  тіліндегі  шылау  сөздердің  кездесуі.  Ал  шылау  сөздердің 
қалыптасу,  даму  жолдары  туралы  төмендегідей  қорытынды    түйіндер  жасалы.  Көне  түркі 
тіліндегі    шылау  сөздерді    сөз  табылық  дәрежеде  зерттеу  нысанына  алып,  олардың 
қалыптасу, пайда болу және даму ерекшеліктерін қарастыру қазіргі түркі тілдеріндегі шылау 
сөз табының  тарихын тануға мүмкіндік береді.  
Жалпы  сөз  таптарының  бірден  пайда  болмай,  тілдің    тарихи  дамуы  барысында 
біртіндеп жасалатындығын шылаулардың сөз табы ретінде  қалыптасуынан-ақ айқын көруге 
болады.  Шылаулар  түркі  тілдерінде  сөз  табы    ретінде  басқа  сөз  таптарынан  кенже 
қалыптасқан.  
Олардың сөздік  құрамы мен  грамматикалық  құрылысы  тілдің  ғасырлар  бойындағы  
тарихи  даму  барысында  әртүрлі  өзгерістерге  ұшырап  отырған.  Осылайша  қалыптасу  мен 
дамудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық  тұрғыдан сөз таптарына 
бөлінеді.  Олардың  әрқайсысы  өзіндік  жалпы  категориялық  мағынаға  ие.  Тіл-тілдегі    әрбір  
сөздің  белгілі бір мағынасы  мен атауы болады. Сөздердің лексика-грамматикалық топтары 
бір-бірінен  өзара  жалпы  категориялық  мағынасы  мен  белгілері  жағынан  ажыратылады. 
Шылау  сөздердің  лексикалық  мағынасынан  гөрі,  грамматикалық  мағынасы  басым 
болатындығы  –  тіл  ғылымында  айтылған  пікір.  Олар  тек  тіл-тілде    алуан  түрлі 
грамматикалық мағыналарды  білдірудің  тәсілі  ретінде  қолданылады. Бұл  –   оның  басқа  сөз 
таптарынан  ерекшеленетін  басты  бір қасиеті.  
Категория  ретінде    дербестікке  ие  болуы  есім  сөздер  мен  етістік    және  олардың 
формаларына  тікелей  байланысты.  Бұл  формалар    өздерінің  бастапқы  сөз  түрлендіру  
қабілетін  жоғалтып,  тіл  дамуында    қолданыстан  шығып  өлі  формаларға  айналып  отырған. 
Әртүрлі  сөз  таптарынан  транспозиция  тәсілі  арқылы  шылауланған  лексемалар  дербес  сөз 
табы  болып қалыптасқан. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылауларды 
зерттеуде А.Н. Кононовтың  «Грамматика  современного узбекского  языка», М.Казем-Бектің 
«Общая 
грамматика 
турецко-татарского 
языка», 
«Алтай 
тілдері 
грамматикасы», 
П.Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казак-киргизского  языка»,  М.Терентьевтің   
«Грамматика    турецкого,  персидского    и    узбекского  языка»  еңбектерінде  жасалған 
теориялық  негіздер    шылау    сөз  табының    пайда  болу  тарихы  мен  қалыптасу  жолдарын 
айқындауда  зерттеушілердің  ғылыми    тұжырымдары  олардың  лексика-грамматикалық  
сипатын саралап, айқындап берді. 
Ғалымдардың  пікірінше,  көмекші    сөздерден  жаңа    сөздер  жасалмайды.  «Көмекші  
сөздер    дегеніміз    –  өздеріне    тән    лексикалық    мағыналары    солғындаған,    лексикалық  
мағыналарынан  гөрі  грамматикалық  мағыналары  басым. Олар  әр алуан  грамматикалық  
қатынастарды  білдіріп,  әрқилы  грамматикалық  қызмет атқаратын  жәрдемші  сөздер» деп 
қарастырған А.Ысқақовтың пікірімен толық келісуге болады  [2, 358]. 
Шылаулардың    дербес  сөз  табы  болып  қалыптасуына  қатысты  айтылған  пікірлер 
біршама.  Лингвистикадағы  сөз  табы  туралы  ұғым  көне  антикалық  дәуірден  бастап 
қалыптасқаны  белгілі.  Сөз  табы  жөніндегі  алғашқы  түсінік  біздің  дәуірге  дейінгі  ІҮ  ғасыр 
шамасында  есім  сөздер  мен  етістіктерге  қатысты  қалыптасқан  деген  пікір  бар.  Мәселен, 
С.Мұхтаровтың  пікірінше,  үнділердің  тіл  туралы  ойларын  біздің  заманымызға  дейінгі  ІҮ 
ғасырда  өмір  сүрген  Панинидің  зерттеулерінен  табуға  болады.  Бұл  еңбектерде  санскриттің  
жүйесі беріледі, тұңғыш рет сөз таптары сөз болады. Ал одан кейінгі үнді ойшылдары Яска, 
Вапаруди,  Катяанна  Панини  сияқты  тілдегі  сөздерді  төрт  сөз  табына  бөледі:  “есім  (naman), 
етістік (akhyata), сөз алдына қойылатын көмекші сөздер (unasarga – предлог) және демеулік 
(nipata – частица)» [3, 6] деп шылаулардың алғашқы сөз табы болғандығынан түсінік береді.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау