Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет2/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81

5
 
Отандық тағам кəсіпорындарында өнім сапасына байланысты 
сұрақтарға, жекелеп алғанда сапа жүйесін əзірлеуге қажетінше на-
зар аударылмауда.
Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шы-
ғындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне 
кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде. 
Сырттан əкелінген сапалы тауарлар отандық өнімдерге бəсекелестік 
тудыруда. Халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған 
сапаны қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелерін əзірлеген жəне 
қолданатын кəсіпорындар құрылуда.
Жоғары сапалы тағам өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру 
қазіргі күннің негізгі əлеуметтік-экономикалық проблемалардың 
бірі. Осы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша түзілген сұрақтарды 
жылдамдатып шешу қажеттілігі бойынша туындаған проблема-
лар бірнеше ондаған жылдар бойы бақылаусыз қолданылған ми-
нералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар, 
жануарларға арналған жемдік қоспаларға байланысты ушығуда. 
Экологиялық ахуал, бақылаушы органдар мен ұйымдардың жұмысы, 
стандарттау жəне сертификаттауға қатысты кейбір сұрақтар 
шешімдерінің жетілмеуі, отандық нормативтік құжаттардың 
халықаралық жəне еуропалық стандарттарға сəйкес келмеуі тағам 
өнімдерінің сапасына ерекше əсер етеді. Болашақ тұтынушы 
нарығынан тыс қалмас үшін сапа жүйесін құру жəне оны жетілдіру 
бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыттардың 
біріне əлемнің экономикасы дамыған мемлекеттеріндегі тағам 
өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінде кеңінен мақұлданған «сапа 
ілмегі» бойынша қызмет жатқызылады.
ИСО*9000 жəне 10000 стандарттары əлемнің шаруашылық 
жүйесінің нарықтық экономиканың бірыңғай қағидасына ауыса-
тын ұзақ үдірісін бейнелейтін əлемдік тəжірибені жинақтайды. 
Бұл стандарттар əлемнің 70-тен астам мемлекеттерінде əрекет ете-
ді. Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам кəсіпорындардың сапа жүйесі 
тіркелген, ай сайын 2 мыңға жуық сапа жүйесі сертификатталады, 
бұл жаңа мыңжылдықтың басында сапа саласындағы халықаралық 
жəне ұлттық ұйымдардың ғаламдық саясатын көрсетеді.
Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасын жəне 
қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары өндірістік, 
мекемелік, мемлекеттік жəне қоғамдық деңгейлерде жүзеге асыры-
лады.


6
Сапаны бақылауды қамтамасыз етудің маңызды құралына өнімді 
таңбалау жатады, бұл тұрғыда оны Еуропа жəне халықаралық 
стандарттар талаптарына сəйкес өзгерту қажеттілігін атап кеткен 
жөн.
Қарастырылып отырған проблеманы шешуде, басыңқы 
(приоритетті) ластағыштармен олардың түсу деңгейін анықтау 
мақсатында, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің химиялық 
жəне биологиялық текті ксенобиотиктермен ластануына байланы-
сты тұрақты тексеріс жүргізу қызметі үлкен мəнге ие болып отыр.
Толығымен алғанда жоғарыда көрсетілген іс-шаралар – 
олардың орындалу жəне бақылау тиімділігін қамтамасыз ететін 
мақсатқа бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жəне жобаларға 
біріктірілуі тиіс. Мемлекеттік жобалар шеңберінде жекелеген 
аймақтардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін ескере отырып, 
тиісті бағдарламаларды əзірлеу қажет.
1.2. Халықаралық деңгейдегі азық-түлік 
қауіпсіздігінің проблемасы
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар-
мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық-
түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде 
саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен 
Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін 
міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді 
қадап көрсетті.
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларымен жүйелі түрде БҰҰ жəне 
оның атқарушы органдары, соның ішінде бүкілəлемдік азық-түлік 
қауіпсіздігі Комитеті айналысады. 1996 жылдың қазанында Римде 
XXII сессия өтті, онда «Бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің Рим 
декларациясы» қабылданды. Декларация азық-түлік мəселесі бой-
ынша жоғары деңгейдегі Бүкілəлемдік кездесуде мақұлданды (1996 
ж, қараша). 
БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі ең біріншіден ғаламдық деңгейде 
қарастырылады. Басты мақсат 2015 жылға дейін ашыққандардың 
санын қазіргі деңгеймен салыстырғанда екі есеге төмендету бо-
лып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша 800 млн адам тағам 
өнімдерінің тапшылығын бастан кешіруде. Мұның негізгі себебі 


7
 
төмен кіріс, сұрапылды жəне антропогенді апаттар болып табылады. 
Бұдан басқа да қарама-қайшы əсерлер қоршаған ортаны нашарла-
тып, халықтың өсуіне кері əсерін тигізуде.
Бүкілəлемдік кездесуге қатысушылар азық-түлік жағдайын жақ-
сарту мақсатында əлемдік қауымдастық қабылдаған міндеттер мен 
іс-шараларды біріктіретін əрекет Жоспарын мақұлдады (
1.1-ке-
сте). Бұл азық-түлік қауіпсіздігі кешенді міндеттерді құрайтынын 
куəландырады, жəне оның жүзеге асырылуына барлық мемлекеттер 
өз үлестерін қосуы тиіс.
1.1-кесте. 
Азық-түлік проблемалары бойынша 
Бүкілəлемдік кездесуде қабылданған 
іс-шаралар жоспары
Міндет
Мақсат
1. Кедейшілікті түп-
тамырымен жою үшін 
орнықты жағдай құруға 
мүмкіндік туғызатын 
саяси, əлеуметтік жəне 
экономикалық жағдайды 
қамтамасыз ету.
1.1. Дау-жанжалдардың алдыналу жəне 
оларды бейбіт жолмен шешу, азық-түлік 
қауіпсіздігін қозғайтын іс-шараларда жəне 
шешім қабылдауда барлық ұлттардың тең 
құқықта қатысуын қамтамасыз ету;
1.2. Тұрақты экономикалық жағдайды 
қамтамасыз ету;
1.3. Халықтарға қоғамдық, экономикалық 
жəне саяси өмірде тең мүмкіндіктерді 
қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу.
2. Толық құнды 
азық-түлік, сонымен 
қатар оны қолдануға 
қол жеткізу үшін 
кедейшілікпен 
теңсіздікті түп-
тамырымен жоюға 
бағытталған саясат 
жүргізу 
2.1. Парасатты ұлттық саясат арқылы 
қоғамның кедей бөлігінің табысын барынша 
көбейту мақсатында халықтың сенімді 
жəне төленетін жұмыс басты болуына 
жəрдемдесу;
2.2. Азық-түліктен таршылық көретін 
отбасылармен азаматтардың азық-түлік 
қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2.3. Халықтың қажеттілігін 
қанағаттандыруды азық-түлікті жеткізумен 
теңбе-тең болуын қамтамасыз ету.


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау