8
1.1 кестесінің жалғасы
3. Азық-түлік, ауыл-
шаруашылық, балық жəне
орман шаруашылығы
саласында біріккен саясат
жүргізу
3.1. Тұрақты күшейтілген жəне көптүрлі
азық-түлік өндірісіне жету, өнімділік,
тиімділік жəне қауіпсіздігін жоғарылату
3.2. Азық-түлік қауіпсіздігінің табиғи қауіп-
қатерлерімен, əсіресе құрғақшылықпен
жəне ауылшаруашылық зиянкестерімен
күресу
3.3. Дамушы елдердің азық-түлік
қауіпсіздігін нығайтуға қажетті
технологиялар мен бағдарламаларды
қолдануға жəне алмасуға көмектесу
3.4. Ауылшаруашылық, балық жəне
орман шаруашылығының өндірістік
потенциалын ұлғайту облысында, ғылыми
ынтымақтастықты күшейту мақсатында
мемлекеттік жəне жекелеген сектордың
ынтымақтастығына белсенді қатысу
4. Əлемдік сауда жүйесінің
азық-түлік қауіпсіздігіне
жəрдемдесуге күш салуы
4.1. Бүкілəлемдік жəне аймақтық
сауда келіссөздерінде қол жеткізген
мүмкіндіктерді қолдану жəне қажеттілікті
қанағаттандыру
4.2. Əрбір мемлекетке кіретін сырттан
əкелінетін тауарлардың негізгі
қажеттіліктерді қанағаттандыруы
5. Уақытша жəне
төтенше қажеттіліктерді
қанағаттандыруды
қамтамасыз ету үшін тағам
өнімдеріне күш салу
5.1. Антропогенді төтенше жағдайлардың
алдын-алу жəне оларға дайындықты
күшейтуді белсендету арқылы төтенше
азық-түлік көмегіне деген қажеттілікті
қысқарту
5.2. Төтенше жағдайлар пайда болуының
алдыналу жəне оларға дайындықты
күшейту мəселелері бойынша қысқа
мерзімде стратегия əзірлеу
5.3. Халықаралық, ұлттық жəне жергілікті
деңгейде төтенше жағдайларға қарсы жауап
қайтару механизмдерін жетілдіру
9
1.1 кестесінің жалғасы
6. Азық-түлік жəне
ауылшаруашылық
жүйелерін дамыту үшін
инвестицияның орнықты
бөлінуіне мүмкіндік туғызу
6.1. Инвестиция салу арқылы азық-түлік
бағдарламалары жəне ауылдық аймақтардың
тұрақты дамуына мүмкіндік туғызу
6.2. Дамушы елдердің ауылшаруашылығы
жəне азық- түлік өндірісін тұрақты
қалыптастыруға бағытталған инвестицияны
көбейтуге күш салу
Жалпықоғамдық азық-түлік қауіпсіздігіне жету қызметі – бейбіт,
тұрақты жəне қолайлы саяси, əлеуметтік жəне экономикалық ахуалға
байланысты. Бұл мемлекеттерге кедейшілікті түп-тамырымен жою
арқылы, бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігіне көңіл бөлуіне
мүмкіндік береді.
Азық-түлік қауіпсіздігі мəселелері жəне оларды шешу жолда-
ры белгілі иерархияға, бағынушылыққа ие.
1.2-кестеде шешілетін
мəселенің деңгейі жəне маңыздылығына байланысты түрлі ұйымдар
мен құрылымдардың азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу
мақсатында жауапкершіліктері бөлінген.
1.2-кесте.
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары
деңгейінің иерархиясы
Мəселе деңгейі
Мəселені шешуге жауапты субъектілер
1. Ғаламдық
2. Субаймақтық
3. Аймақтық
4. Ұлттық
5. Жергілікті
6. Отбасылық
7. Халық топтары
бойынша
БҰҰ жəне оның арнайы органдары,
халықаралық форумдар
Аймақаралық құрылымдар, олардың
органдары жəне форумдары
Аймақтық құрылымдар, олардың органдары
жəне форумдары
Үкімет жəне мемлекеттік заң шығарушы
органдар
Аумақтық биліктер жəне заң шығарушы
органдар
Кəмелетке толған ата аналар қауымдастығы
Ұлттық жəне аумақтық билік
10
Иерархиялық қағида бойынша азық-түлік қауіпсіздігі проблема-
ларын бөлу жəне топтастыру жұмысы халықты сапалы жəне қауіпсіз
тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін, негізгі
мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу əрекетінің жоспарын
анықтауға мүмкіндік береді (
1.3-кесте). Көрсетілген мақсаттарға
жету үшін азық-түлік қауіпсіздігі мəселелерін шешумен айналыса-
тын ұйым деңгейіне байланысты, жекелеген аймақтардың жағдайына
барынша жақындастырылған жəне бейімделген бағдарламалар
əзірленуде. Түрлі деңгейдегі ұйымдардың біріккен жұмыстарының
нəтижесінде адамзатқа арналған азық-түлік қауіпсіздігі
бағдарламаларын іске асыру туралы жалпы саясат əзірленуде.
1.3-кесте.
Азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттарын құрылымдау
Мақсаты
Мəселелерді
іске асыру
деңгейлері
(1.2 -кестесін
қараңыз)
Аузы асқа жарымайтын адамдардың санын қысқарту
жəне кедейшілікті түп-тамырымен жою
1-7
Негізгі азық-түлік көздері бойынша азық-түлікпен
өзін-өзі қамтамасыз етуді мүмкін болатын максималды
деңгейге жеткізу
4-7
Азық-түлік бойынша елге шетелден тауар əкелу
(импорт) мүмкіндіктерін жоғарылату
3-5
Норма бойынша тамақтануға жеткілікті көлемі
жəне ассортименті арқылы азық-түлік өндірісін
қамтамасыз ету
1-6
Ғылыми негізделген нормалар деңгейінде тағам
өнімдерін тұтыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін
кіріске қол жеткізу
4-7
Өндірілетін тағам өнімдері сапасының қауіпсіздік
талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету
1-6
Апат жағдайына байланысты азық-түлік қорларын
құру жəне сақтау
3-5
Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын ғаламдық
деңгейде шешу үшін ашыққандарға азық-түлікпен көмек беру не-
месе ашаршылықпен күресудің ұзақ мерзімді бағдарламасын іске
11
асыра отырып, əлемдік қауымдастық белгілі аймақтармен елдерде
азық-түлік проблемасын шешуге мүмкіндік туғызады.
Əр мемлекет өзінің ауылшаруашылық өндірісін ынталанды-
ра отырып, ғаламшар тұрғындарының өзін-өзі азық-түлікпен
қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатуға жағдай жасайды. Басқаша
айтқанда, нақты бір мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін
азық-түлік өндірісін ұлғайту есебінен жоғарылатуы иерархияның
төменгі жəне жоғарғы құрылымдарының азық-түлікпен қамтамасыз
етілуіне оң ықпал етеді.
1.3. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі
жүйесін құру қағидалары
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарының көп-
шілігі субъектінің бір деңгейіне емес, бірнеше немесе көпшілігіне
бағытталған. Осылармен бірге азық-түлік қауіпсіздігін түзетін
мақсаттар жинағына жауапты құрылымдар бар, олар үкімет жəне
мемлекеттің заң шығару органдары.
Қазіргі уақытта мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін
қалыптастыру жəне дамыту міндеті өзекті болып отыр. Жүйелі
қадамның мəнін түсіну үшін экономикалық аймақтың азық-түлік
қауіпсіздігі жүйесінің теориялық құрылымын алға қойылған
мақсатқа сəйкес қарастыру қажет.
Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі үшін жүйе құраушы
фактор ретінде оның агроөнеркəсіптік кешені қабылданады (АӨК).
Агроөнеркəсіп кешенімен жүйелі т үрде:
- өткізу жəне тарату;
- азық-түлік қоры;
- азық-түлікті тұтыну;
- басқару;
- қызметкерлермен қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз етілуі;
- қаржымен қамтамасыз ету;
- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
- технологиялық қамтамасыз етілуі, зерттеулер сияқты кіші
жүйелер байланысты болады.
Кіші жүйелердің жүйеге бірігуі:
1) функционалды (кіші жүйелер жүйенің басты мақсатын орын-
дауды аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді);
Достарыңызбен бөлісу: |