«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
143
b. Латын әліпбиіне негізделіп жазылған жаңа емле ережесінің жобасы дайын. Сонымен қатар тіл
мамандары, қазақ тілінің тазалығын сақтап әрі кірме сөздерді қазақыландыруға нақты қандай жұмыстар
атқарылғандығын ашық айтып көрсетті. Зерттеушілердің ойларына тоқталсақ
Көптеген зерттеушілер, ғалымдар латын әліпбиіне көшу, қазақ тілінің тазалығы үшін аса қажетті
реформа екенін атап көрсетті. Осылай деген ғалымдар жаңа емле ережесінің жинағы жұртқа барынша
ұғынықты болатындығына сенімді. 9 тараудан тұратын емле ережесінің ең басты жаңалығы кірме сөздерге
қатысты болмақ.Қандай әріптердің еніп, қандай әріптің енбейтінін де зерттеушілер айтты [2].
«Ё», «я», «ю» сияқты әріптер жаңа әліпбиде жоқ. Сондықтан олардың жазылуы қалай болады?
Деген сұраққа ғалымдарымыз жауап берді. Олар фонетикалық принцип бойынша жазылады. Мысалы: «ё»
әрпі «е» әрпіне алмастырылады. Мәселен:«ө» болып естілген жерлерде, дирижер, актер деген сөздердегі
«ө» ге алмастырылады дейді, филология ғылымдарының кандидаты Назира Әміржанова. Жаңа емле
ережесінде жіңішкелік және жуандық белгісі жоқ. Мысалы: «субъект, объект» сөздердегі жуандық
белгісінің орнына «и» әрпі жазылады. Сонда субиект, обиект деп жазылады.Ал, бронь деген сөздегі
жіңішкелік жалғау жалғанғандықтан түсіп қалады, нәтижесінде брондау болып бірыңғай жуан болып
жазылады.Олардың жазылуына қатысты бірнеше баптар енгізіледі, олар жай ғана алып тастамайды, оны
игеру механизмдері болады. Мысалы: «ансамбль »сөзі «әнсамбіл» болып жазылады, дейді Назира
Әміржанова. [2]. Еліміздегі вундеркинг Абзал Мырзаш осы латын қаріпіне көшу жобасын толығымен
қолдайтынын сонымен қатар, осы үрдістің тез дамуына үлес қосу мақсатында 2 жоба ұсынған болатын. 1-
жобасы: Диграфтық тәсіл арқылы компьютер клавиатурасына ыңғайлап қазақ латын әліпбиін жасап, және
осы тәсіл арқылы әлемнің кез келген жерінде ағылшын клавиатурасын пайдаланып қазақша жазуға
болатынын айтты. 2-жобасы: кириллицадан латын қаріпіне аударатын конвертер программа жасалды, бұл
програманың көмегімен 1 миннутта 1200 ден астам кітап аударуға мүмкіндік жасап отыр. Ежелден келе
жатқан кітаптарымызды аударып алуға үлкен мүмкіндік.Тіл білімі және IT-технологиялар саласындағы
сарапшыларды тарта отырып орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және
ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыс топтары құрылды. Терминологиялық жұмыс тобы қазақ тілінің
терминологиялық қорын латын графикасының негізінде жүйелеу үшін арналған. Техникалық және
ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыс тобы латын графикасын ІТ-технологиялар мен ақпараттық
кеңістіктерге бейімдеу бойынша жұмысты орындайды. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын
болады. Әліпбиді қолданысқа енгізу барысында жұмыс топтары қосымша ғылыми зерттеулер және
сараптамалар жүргізеді. Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында
әзірленген цифрлік жобасы-смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша
пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» мобильді қосымшасының тұсаукесерін өткізді. Осы бағдарлама
көмегімен кириллицамен терілген қазақша мәтінді автоматты түрде латын графикасына аударылады.Бұл
бағдарлама жастардың жаңа әліпбиімізді тез үйренуіне септігін тигізетін болады және
пайдаланушылардың барлығы дерлік ешқандай қиындықсыз пайдалана алады. Қосымшаны Ap
Store\Android та жүктеп алуға мүмкіндіктеріңіз бар [3]. Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық
бейнелей алатын әліпби қажет. Ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау
көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу-жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы
міндетерінің бірі болмақ! Ел болашағы үшін бәріне дайын болу керек [3].
Қорытындылайтын болсақ, Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданған. Бұл
бізге таңсық дүние емес. Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.
Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу екендігі сөзсіз.
Жоғарыда айтылып жатқан жоспарлар мен барлық атқарылып жатқан жұмыстар нәтиже береді деп
ойлаймын. Барлығымыз жұмылып осы латын әліпбиіне көшуге тиянақты жұмыс жасасақ үлкен жетістікке
жетуіміз де алыс емес.Дамыған 30 елдің қатарына кіреріне және тереземіз тең болатынына сенемін.Көп
еңбек пен бірігіп жұмыс істеу арқылы өз мақсатымызға жетеміз.
Әдебиеттер:
Күзембаева Г.А. «Латын әліпбиі – рухани жаңғыруға апарар бастау»2018 ж.Материалдық
кітапхана «Инфоурок сайты»
https://infourok.ru/latin-grafikasini-shiu-tarihi-2430006.html
2.Алматы телеарнасы.Әйкерім Ердаулетқызы.Валерий Таубалдиев.Назира Әміржанова.Негізгі
жаңалықтар 23.10.2018 ж.
https://almaty.tv/kz/news/arkhiv/164155-kazakhstanskie-filologi-gotovyat-novye-orfograficheskie-pravila-dlya-
latinitsy
3.
Қазақ
тілі
Р.
Досжан.
Қазақ
тарихы
мен
теориясы
2017
ж.
https://infourok.ru/ilimi-zhoba-latin-lipbiini-tiimdiligi-3103971.html
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
144
Чакенова Балжан
6D011400-Тарих
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., проф. М.Ч. Калыбекова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНА
ҚЫСҚАША ШОЛУ
Аннотация. В данной статье представлен краткий обзор из истории формирования первых
медицинских кадров в Казахстане.
Abstract. This article provides a brief overview of the history of the formation of the first medical personnel in
Kazakhstan.
Кез-келген қоғамның өмірінде, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында адам
денсаулығын қорғау маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жаңғырту,
халықтың әл-ауқатының өсуі, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен олардың денсаулығы экономиканың
тұрақтылығын және елдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі критерийлерінің бірі
болып табылады.
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының тарихы XVIII және XIX ғасырдың басында
басталады. Қазақ халқының ұзақ тарихында кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуы
зор маңызға ие. Оған дейін дәрігерлер немесе медициналық мекемелер жоқ еді. Оның орнына
жергілікті дінбасылар, сондай-ақ келімсек бақсылар айналысатын емдеу жолдары кеңінен дамыған
болатын. Қазақстанды зерттеушілердің бірі А.И.Левшин (1799-1879) «Описание киргиз-кайсацких
орд и степей» кітабында, жергілікті тұрғындары ұзақ уақыт қымызды пайдалану емделу
жолдарының бір түрі екендігін атап көрсеткен.
Алғашқы дәрігерлер ретінде Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі патша үкіметі құрған
шекара комиссияларының дәрігерлері саналды. Аталмыш комиссия құрамындағы емшілердің
(лекари) мақсаты «негізінен бақылау жасау, яғни ішкері Орталық Ресейге жұқпалы инфекциялардың
енуіне жол бермеу болды. 1799 жылы алғаш рет Мемлекеттік Медициналық Кеңестің Орынбордағы
шекара комиссиясында дәрігердің лауазымы бекітіліп, олардың міндеттеріне жергілікті тұрғындарға -
қазақтарға медициналық көмек көрсету кірді». Ресейге қосылғанан кейін бірнеше жылдан соң ғана,
1832 жылдың 15 наурызында, Азиялық комитеттің ережесі бойынша кіші Жүзде (Ішкі Орда)
жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлік көмек көрсету құрылды. Ішкі
Ордада тұңғыш дәрігер Қазан университетінің медициналық факультетін бітірген А. Сергачев, 1845
жылы В.Евланов дәрігерлік жұмыс жасап, 15 орындық аурухананың ашыуына үлес қосқан.
1832-1834 жылдары фельдшер П.Е.Майдаль шәкірті Х.Бадаев екеуі Орынбор шекарасындағы
қазақтарға медициналық көмектер көрсеткен. Орынбор өлкесінде «бұратана» - жергілікті қазақ
ұлтынан халыққа медициналық көмек көрсететін дәрігерлер даярлау мәселесі 1831 жылы алғаш рет
қолға алына бастаған. Зерттеуші П.Н.Столпянский «қазақ жас балаларынан медициналық ілімді
үйренулері үшін Қазан қаласындағы университеттің гимназиясына қаржымен оқытатын оқуға
жіберілгендігі» туралы жазған. 1835 жылы ішкі істер министірлігі тұңғыш рет «Орынбор өлкесі
университеті жанынан медициналық оқуға қабылдау мен оқыту ережелері» бетілді. Қазақ жеріндегі
алғашқы фельдшер мамандары 1841 жылы Орынбор қаласындағы әскери госпиталі жанынан
ашылған фельдшер госпиталінде даярланды.
1854 жылға дейін 38 фельшер мамандығын: Ж. Масенов, Ө.Алыпов, Т.Кайкенов,
Т.Қыстаубаев сынды мамандар дайындалып, шешекке қарсы егіуді үйреніп шыққан. Сол кездерде
Орынбор қаласындағы (ауруханада) және Омбы қаласындағы дәрігерлік қызмет көрсететін
мектептерде қазақ фельдшерлерін оқыту бойынша іс-шаралар жүріп жатты. 1858 жылы Орынбор
мектебін тұңғыш қазақ фельдшер Хамза Каржасов болатын.
Қарқаралы өңірінен 1864 жылы фельдшерлік оқуға Қ.Қырбасов, Т.Байғожин,
А.Мауытжановтар, Ақмола қыпшақ болсынан: Қ.Көшенов, Көкешетау өңірінен: А. Есқара сынды
мамандар даярланды.
Зерттеуші, ғалым Р.И Самарин XVIII және XIX ғ. бірінші жартысында Қазақстандағы
медициналық көмекті дамытудың тұжырым жасаған: - Ресейге бірікпес бұрын Қазақстандағы
медицина қызметкерлері де, медициналық мекемелер де болған жоқ. Қазақстандағы алғашқы