«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет72/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

137 



Цифрлік экономикаға бейімделген білікті мамандарды дайындау сапасын көтеру. Бәсекелік қабілетті 

жастарды  дайындау  негізі  цифрлық  технологияда  қолданбалы  бағытқа  бейімделген  IT  мамандарын 

дайындау  болып  табылады.  Жаңа  идеяларды,  инновациялық  технологияларды  жүзеге  асыратын 

білікті  мамандар  керек.  Ол  үшін  ЖОО  да  барлық  жағдайлар  жасалынып  ,  студенттермен  жұмыс 

нәтижелі  болуы  қажет.  Белгілі  ғалым  Л.С.Выготский:  «Ең  алдымен  ,  білім  алушыны  бір  әрекетке 

тарту  үшін,  сен  оны  қызықтыр,  оның  бұл  әрекетке  дайын  болуы  үшін  қамқорлық  жаса»  дейді. 

Жоғары  кәсіби  білім  берудегі  студенттердің  бойына,  осы  заманғы  ғылыми  дүниетанымды 

қалыптастыру  қажетті  біліммен  толығуымен,  теориялық  білім  берудегі  әрбір  оқытушының 

құзырында екендігі белгілі. Цифрландыру-бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан қазірдің өзінде 

елімізде  мемлекеттік  қызметтің  басым  бөлігі  цифрлы  форматқа  ауыстырылып,жаңа  үрдістерге  сай 

көрсетілуде.  Мұның  барлығы  Елбасының  «Цифрлы  Қазақстан»  бағдарламасын  жүзеге  асырудың 

нақты нәтижесі екені сөзсіз. Оған себеп, бүгінде еліміз бойынша көптеген игі істер жүзеге асырылып, 

осы салада білікті, кәсіби мамандар дайындау ісі қолға алынды. Ігі бастамалар цифрландыру ісінде 

тың  идеялар  мен  жаңа  жобалардың  өмірге  келуіне  мұрындық  болары  сөзсіз.  Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүкіл елімізде 

әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметіне  қол  жеткізуге  тиіспіз»-деп  атап 

көрсеткен.  Мұндағы  басты  мақсат-білім  берудің  сапасын  жоғарғы  деңгейге  жеткізу,  Қазақстандағы 

ІТ-саласын  дамыту,  әлемдік  ақпараттандыру  кеңістігіне  ену  және  білім  берудің  мазмұны  мен 

құрылымын  жаңарту  болып  табылады.  Мемлекеттік  бағдарламасы  еліміздің  интеллектуалдық  ұлт 

қалыптастыру идеясымен сабақтасып жатыр. Осы идеянны жүзеге асырудың аса маңызды бөлігінің 

бірі-онлайн түрде оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу. Соңғы он жыл ішінде әлемде білім 

беру  жүйесі  жедел  қарқынмен  жылжуда,  оны  қалыптастырудың  негізгі  құралы  цифрлық 

технологиялар болып табылады. Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру-бүгінгі заман талабы.Білім 

беру  жүйесін  ақпараттандыру  бағыты  цифрлық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту 

мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  процесінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен 

сапасын жоғарылатуды көздейді [2, 33 б.].  

Білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер  оқыту  үрдісін  озық 

технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар 

мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами 

қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына  көмектеседі.  Оқыту  барысында  жаңа  технологиялық  әдістерді  пайдалану 

шәкірттердің  ойлана  білу  қабілеттерін  дамытады,  олардың  білім  сапасын  жақсартады,  ой-өрісін 

кеңейтеді.  Қазіргі  кезде  Қазақстанда  білім  беруді  адамдардың  әлеуметтендіру  практикасы  және 

ұрпақтан-ұрпаққа  тәжірбие  сабақтастығы  ретінде  байқауға  болады.  Мұндағы  басты  міндеттер, 

жастардың  өз  бетімен  нәтижелі  өмір  сүруге  және  болашақтың  үлгілі  адамзат  болып  қалыптасуы 

болып  табылады.  Болашақта,  адамның  әртүрлі  қызметтерді  меңгеру  барысында  олардың  жарқын 

болашағына  жол  ашылады.  Нарықтық  жағдайда  жүзеге  асатын  білім  беру  мекемелерімен  және 

өндірістің  өзара  байланыс  үдерісіне,  заманауи  әлеуметтік  ортаның  анықталмағандығынан  болатын 

экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, жеке факторлар әсер етеді [3, 19 б.]. 

Қазіргі  ХХІ  ғасыр  -  компьютер  заманы!  Білім  алу  жолында  оқулықтың  маңызы  қандай  зор 

болса,  қазіргі  таңда  оқушы  үшін  де,  студент  үшін  компьютердің  маңызы  артып  отырғаны  белгілі, 

себебі  компьютер  болашақ  ұрпақ  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады. 

Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің 

қатарына,  яғни,  алдынғы  «отыздыққа»  қосыла  алады  деп  білемін.  Алдағы  кезде  замана  көшінен 

қалғысы  келмеген  әрбір  азамат,  мамандар,  ғалымдар  мен  студенттер  ұялы  байланыс, 

телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, 

интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптардан хабардар болуымыз 

өте  қажет  деп  ойлаймын.    Компьютермен  тек  қана  құжат  жазып  шығару  құралы  ретінде  қарауға 

болмайды деп ойлаймын. Бізде Тәуелсіз мемлекеттің бақытты жастарымыз! Еліміздің экономикалық, 

технологиясын дамытуға өз үлесімізді қосуымыз керек.    

 

Әдебиеттер: 

1.  «Егемен Қазақстан» газеті, 06.07.2017 

2.  Педагогика мәселелері, №3/2018 

3.  Вестник образования,  №2(45)2018 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

138 



Сағатова Айгерім  

Физика - математика  факультетінің 1-курс студенті 

ҚазМемҚызПУ 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Т.Т.Тленова  

 

 

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ  ІЗГІЛІКТІ  ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ ОЙЛАРЫ 



 

Біз әл-Фарабидің аңсаған ізгілік қаласын салып, 

 парасатты қоғам орнатудамыз.                              

                                                    Н.Ә.Назарбаев 



 

Аннотация.  В  этой  статье  Абу  Наср  аль-Фараби  размышляет  о  создании  хорошего  общества.  Он 

характеризуется  городами  напротив  хорошего  города  как  «город  невежества»,  «плохой  город», 

«разрушенный  город».  В  этой  связи  Аль-Фараби  уважает  справедливость  как  основополагающий  принцип 

хорошего общества. 

Abstract. In this article, Abu Nasr al-Farabi reflects on creating a good society. It is characterized by cities 

opposite a good city as “the city of ignorance”, “bad city”, “destroyed city”. In this regard, Al-Farabi respects justice 

as a fundamental principle of a good society. 

 

Қазақ топырағынан шыққан талай ойшыл ғұламалар, тұлғалар Шығыс пен Батыс мәдениетін, 



білімін  терең  меңгеріп,  өз  еңбектерін  көпке  ортақ  тілде  жазып,  кейінгі  ұрпақтарына  қалдыра  білді. 

Олардың  ішінде  әлемге  аты  танылғандары  да  аз  емес.  Солардың  бірі  –  бәрімізге  танымал  ұлы 

жерлесіміз  кемеңгер,  ойшыл  Әбу  Насыр  әл-Фараби.  Оның  шығармалары  латын,  неміс,  ағылшын, 

француз,  иврит,  қазақ  басқа  да  тілдергі  аударылып,  бүгінгі  таңда  адамзат  игілігіне  айналып  отыр. 

Сондықтан  да,  әл-Фараби  сынды  тамаша  да  ерекше  тұлға  туралы,  оның  дүниежүзілік  мәдениетке 

қалдырған  мұрасы  туралы  біз  жастар  өз  ортамызда  қашанда  айтып,  оны  зерттеу  нысанасына 

айналдырып отыру біздердің парызымыз. 

Қоғамның  ертеңгі  күні  ұлттық  тәрбиеге  тәуелді.  Себебі,  ұлттық  тәрбие  болмаса  қоғамдық 

ортада кісілік ұғымы қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке және болашақ ұрпаққа қажетті 

құндылықтарды бере алмайды. Мұндай орта тарихта қалыптасқан рухани дүниелерді кейінгі уақытқа 

жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді. Сондықтан да өркениетті мемлекеттің бет - 

бейнесі, оның мәдениеті әлеуметтік ортада адам бойында кісілік қасиеттердің орын алуымен көрініс 

табады. Ұлы ғалым ұсынған ізгілік, әділеттілік және әдемілік идеяларын нақты өмірде жүзеге асыра 

білу аса маңызды. 

«Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  ізгілікті  қоғам  құрудағы  ойлары»  атты  тақырыпты  алуыма  себеп 

болған біріншіден әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегі өз кезегінде ықпалын тигізді. 

Себебі,  бұл  еңбекте  адам  танымнан  бастау  алып,  оның  қызметімен,  рухани  өмірімен  жалғасатын 

құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Феодалдық қоғамның ахуалын сынай отырып, әл-

Фараби  сол  қоғамның  ахуалын  түзету  міндетін  шектейді.  Оның  ойынша  әлемінің  негізі  «Жалпыға 

бірдей игілік» тұжырымы болып табылады, осының қанат жаюы – мемлекеттік биліктің мақсаты. Әл-

Фараби түсінігінде мемлекет – адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған қоғамдық ұйым. 

Әл-Фарабидің  гуманистік  пікірлері  туралы  толық  түсінік  алу  үшін  оның  «Қайырымды  қала 

тұрғындарының  көзқарасы»  шығармасынан  үзінді  келтіреміз:  «Ақиқатында  табиғат  игілік 

болғандықтан,  ол  тілек  пен  еркін  таңдаумен  қол жеткізілетін  болғандықтан  әрбір қала  бақытқа  қол 

жеткізе алады. Адамдарының бірлестігінің мақсаты іс-әрекетте өзара көмек көрсету болған қала шын 

бақытқа жетеді, қайырымды қала болып табылады, бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесетін 

қоғам  –  қайырымды қоғам.  Қаладағылардың  бәрі бақытқа жету  мақсатында  бір-біріне көмектесетін 

халық  –  қайырымды  халық.  Осылайша  бүкіл  халықтар  бақытқа  жету  үшін  бір-біріне  көмектесетін 

болса  жер  беті  қайырымды  болады  [1,  11  б.]».  Адам  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғаммен 

интеллектуалдық  байланыста  болуы  тиіс.  Жаңа  ортаға  келгеннен  кейін  қоршаған  ортаға,  қоғамға 

деген  көзқарасы  өзгешелеу  болады.  Үнемі  жан-жағыңнан  ізгілікті,  тұрақтылықты,  қайырымды  істі 

іздеп тұрасың. Сіздің ойыңызша ізгілікті қоғамды қалай елестете аласыз? Ізгілікті қоғам құру үшін не 

қажет?  Жалпы  тұлға  үшін  ізгілікті  қоғамның  маңызы  неде?  Ал  менің  түсінігім  бойынша,  ізгілікті 

қоғам дегеніміз – шын бақыт және оған жету жолдары шынайы білімге ие әрі осы білімге сәйкес іс-

әрекет  жасайтын  адамдардың  қауымдастығы.  Әл-Фарабидің  ойынша,  ізгілікті  қоғам  –  мемлекеттің 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау