«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
141
Қауымдастық отбасы мен қатарластар тобындағы, сондай-ақ қоғамдағы байланыстарды
қамтамасыз етеді.
«Ғылыми әдебиетте жастардың құндылықты бағдарларын қалыптастырумен байланысты
әлеуметтенудің негізгі үш кезеңі шартты түрде жіктеледі.
Бірінші кезеңде түрлі құндылықтарды ұғыну және осы негізде белгілі-бір құндылықты түсініктердің пайда
болу үдерісі жүреді, жеке адамның дербес тәжірибесі солардың құрылыс материалы болып
табылады.Екінші кезең – жастық шақ – жас адамның өзі үшін әлеуметтік өмірдің жаңа саласына қадам
басуымен байланысты (ҚарулыКүштер қатарындағы қызмет, жоғары оқу орнында оқу, өндірістік қызмет
және т.б.), мұнда оның жеке тәжірибесі оның тіршілік әрекетіндегі деңгейлерді сипаттайды, құндылықты
түсініктер өмірлік қажет материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруымен тығыз
байланысты болады. Үшінші кезеңде жастардың сана-сезіміндегі қарама-қарсылықтар ескеріліп, адамның
тіршілік әрекетіндегі мағына құраушы, базистік мақсаттары мен құралдары сияқты моральдық
құндылықтарына терең жеке тұрғыда, бастамалық шығармашылық қатынас негізінде құндылықты
бағдарлардың жүйесі дами және жетіле түседі». [2, 53-54]
«Адам ғылымдажеке тұлға ретінде қарастырылып, сол тұрғыда оның сана-сезімі, ойлау жүйесі
туралы зерттеулер жүргізіледі. Студенттік шақ жастардың өздерінің ортасына сай бейімделіп, дүниеге
көзқарастары қалыптасып, жеке индивидтік қырлары дамитын ең негізгі кезең болып табылады. Олардың
әлеуметтенуінің, қоғамдық өмірге араласуының алғашқы баспалдағы мектеп қабырғасында қаланса,
жоғарғы оқу орнында ең негізгі кезеңін өткереді. Себебі, үлкен қоғамдық өмірге бет бұру уақыты дәл осы
студенттік сәтпен қатар келеді. Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуында
әлеуметтену үдерісі маңызды рөл атқарады. Зерттеушілер жеке тұлға құрылымы әр түрлі қасиеттер, жеке
тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері, оның мінез-құлқы және өзіндік «Мені» деп түсіндіреді.
Осылардың ішіндегі соңғысына тоқталар болсақ, «Мен» - жеке тұлғаның өзін тануы жөніндегі білім беру
жолы, ол өз-өзіне бақылау жасау және әрекеттер мен қылықтарды реттеу, өмірді жоспарлау» [3, 278].
Әлеуметтендіру мәселесін қарапайым түсінік тұрғысынан алып қарасақ, оны қоғамға араласуы,
белсенділік әрекеті деп қарастыруға болады. Сонда дәл қазіргі жастар қаншалықты қоғамдық-әлеуметтік
мәселелерге араласып, атсалысады деген сұрақ туындайды. Күнделікті өмірді мысалға келтірейік.
Жастардың ең бірінші кезекте уақыттарын бөліп, ерекше белсенділікпен қарайтын нәрселері – әлеуметтік
желілер. Әрине, оның пайдасы да, кері әсері де бар. Көптеген жастар осы әлеуметтік желілер арқылы
өздерінің жақсы ойлары мен идеяларын айтып, қоғам санасында жақсы бір ой қалыптастыруда, артындағы
ұрпаққа тәрбиелік мәні бар дүниелерді үйретуде маңызды рөл атқаруда деуге болады. Екінші кезекте әр
жоғарғы оқу орнында, мектептерде жұмыс жасайтын өзін-өзі басқару ұйымдары, түрлі үйірмелер
студенттердің қоғамдық өмірде биік нәтижелер көрсетіп, өзін әр қырынан сынап көруге, белсенді өмір
сүруге бағытталып жасалған шаралар тізбегі деп қараймыз. Бұдан басқа да көптеген мысалдарды айтуға
болады. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, өз кәсіптерін дөңгелетуге, білімдерін
шыңдауға, өзін-өзі танытуға жастарға көптеген мүмкіндіктер беріліп отыр.
Қазіргі жастардың құндылықтық бағдарының жалпы үрдісі арасынан келесілерді бөліп
қарастыруға болды. Жастардың (студенттік ортада) жеке жетістікке жетуге бағдар ұстауы күн санап анық
байқалуда. Бұның басты себебі өзгерістердің қайнар көзі – қазіргі индустриалдық қоғамдағы дербес
бағдарлар рөлінің күшеюінде. Жастардың көпшілігі үшін жетістік – бұл мансаптың көмегімен ең алдымен
материалдық игілікке қол жеткізу, жоғары әлеуметтік статусқа ие болу.
Кез келген қоғамның дамуы оның мүшелерінің әлеуметтік түсініктеріне тәуелді, ең алдымен сол қоғамды
келешекте құрастыратын жастарға тәуелді.
ХХІ ғасырды дарынды әрі еңбекқор, білімді жастардың ғасыры деп айтуға болады. Студент
жастар қоғамдық өмірге белсенді араласып, оқу мен жұмысты қатар алып жүр. Бұл – заманымыздың
ерекшелігі. Жаңа қоғамдағы тенденциялар жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне, қоғам мен мемлекет
тарапынан қолдау табуларына, жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған
байланысты қазіргі кезде жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты
механизмі болып табылады.
Әдебиеттер:
1. К.У.Биекенов, С.К.Биекенова, Г.А.Кенжакимова . Әлеуметтану.Алматы, Рарирет. 2012.
2. Г.С.Әбдірайымова. Жастар социологиясы. Алматы, Қазақ университеті. 2012.
3. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов. Әлеуметтану. Алматы, Қарасай. 2007.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
142
Тынысбекова Нұрдана
5В011500-Құқық және экономика негіздері
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Г.А.Берниязова
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ-ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Аннотация. Статья была основана в разделе «Переход к латинскому алфавиту» который был отмечен
12 апреля 2017 года в послании «Ориентация на будущее:духовное обновление» первым президентом
Н.А.Назарбаевым. Автор рассказывает о важности и роли латинского языка и о проделанной государством
работе по переходу на этот латинский алфавит.Так же, автор расскажет для чего конкретно нужен
латинский алфавит.
Аbstract. The article was based on the section" Transition to the Latin alphabet "which was marked on April 12,
2017 in the message" Orientation to the future:spiritual renewal " by the first President N. A.Nazarbayev. The author
tells about the importance and role of the Latin language and the work done by the state on the transition to this Latin
alphabet.Also, the author will tell you what exactly you need the Latin alphabet.
Егеменді, зайырлы елімізде мемлекеттік тілді реформалау саясаты қолға алынған болатын. Бұл
мәселенің яғни елімізде латын әліпбиіне көшуі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның соңғы он жылында
қызу талқыланып келеді. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзінің «Болашаққа бағдар,
рухани жаңғыру» атты мақаласында, еліміздің болашақта латын графикасына көшетіндігі туралы нақты
айтқан. Қазақ тілінің киррилицадан латын графикасына көшетіндігі туралы Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 2017 ж. 26 қазан күні №569 жарлығы шыққан болатын. Латын әріпіне
көшудің маңызды себептерінің бірі ол әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі оның тілімен белгіленеді.
Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай да болмасын этнос үшін өте маңызды.Бұл бірінші орындағы
маңыздылықтар десек те болады [1]. Қазақстан 2050 стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты жолдауда, мемлекет өз тарапынан мемлкеттік тілдің позициясын нығайту үшін көптеген
жұмыстар атқарып келеді. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын әліпбиіне көшіруге
тиіспіз. Бұл өте маңызды, ұлт болып шешуге тиіс, принципті мәселе екенін ұмытпауымыз керек [1]. Жаңа
әліпбиге көшу аға ұрпақ өкілдері, жастар, тіпті балаларға да оңай болады. Себебі, қазір жастардың негізгі
массасы қазақ тілінде мәтіндік хабарламаларды беру үшін және интернет-кеңістікте латын әліпбиін
пайдаланады. Жас ұрпақ қазақ тілінен латын әрпіне көшу процесі сәтті өтетіндігі туралы сенімділікпен
айтуға болады. ХХІ ғасыр–компьютер ғасыры деп бекер айтылмаған. Интернет-кеңістікте пайдалануға
болады онлайн аудармашы қазақ тілін латын әрпіне көшіру немесе керісінше. Бейімделу үшін
шыдамдылық, тырысушылық және уақыт қажет болады. Жоғарыда аталғанды орындау үшін Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру
жөніндегі ұлттық комиссия құрылды [1]. Латыншаға көшудің терец логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы
технологиялық ортаның, коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты. Бұл үдеріс жақсы дайындықты
және дұрыстап ойластырылуды қажет ететіндігі сөзсіз. Біз қазақ тілінің мәртебесін, тазалығын ойлап,
оның жоғалып кетпеуіне барынша күш жұмсауымыз керек. Атақты ағартушы-педагог А.Байтұрсынұлы
айтып кеткендей «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын ең қуатты күш–тіл» деген.
Сондықтан бірінші орында еліміздің тілі екенін ұмытпағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың
болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілінің мәртебесін,
қазақ тілінің тазалығын ойлауымыз қажет! Негізі қазақтың тілі жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл.Кейбір
әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып
жатыр.Осы орайда, біз латын әліпбиіне көшуіміз керек. Біріншіден, бұл қазақтың тіліне ең жақын әліпби.
Екіншіден, біз шетелдегі отандастарымызды ұмытпауымыз керек. Олардың елден хабар алуы да біраз
жеңілдей түседі, өйткені, көп елдерде осы латын әрпін пайдаланады.Үшіншіден, латын әліпбиін меңгерген
жастарымыз келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім болады, сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай
алады деген Елбасы сөзінен кейін осы мақсатқа жету үшін үлкен ізденіс, мол еңбек қажет.Осының бәріне
күш-жігеріміздің жететініне сенім артуымыз керек.Латын әліпбиінің енуіне жастардың рөлі зор [1].
Енді осы орайда қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақтар туындауы мүмкін бұл
сауалдар мен сұрақтарға да жауап қарастырдым.Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар тізімі:
a. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақ әліпбиін латын графикасына
көшіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.Барлық кезеңдерінде, іс-шаралар ақпараттық және
түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз етіледі.Осы мақсатта конференциялар, семинар-кеңестер,
дөңгелек үстелдер, жарияланымдар, бейнеблогтар және т.б. жоспарланған.