«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
129
аяқталуына байланысты берілетін сыйақы; -жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін
демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке
жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға,
егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса,
қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар; және шығу жәрдемақылары жатады [2,
25 б.].
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар
арналған:
1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
қосалқы шотында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және корпоративтік төлем карточкасын қолдана
отырып, бюджеттік ақша қаражаты есебінен есеп айырысу жолымен жүргізілмейтін шығыстарды
төлеуге оларға берілетін іссапар шығыстарына берілетін аванстар бойынша есеп беретін тұлғалармен
есеп айырысу ескеріледі [3, 77 б.]. Есеп беруге аванс осы мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстейтін
тұлғаларға ғана басшының ұйғарымы бойынша беріледі. Есептілікке сома берген кезде, бухгалтерлiк
қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беруге жауапты тұлғаның берешегінің жоқ
екендігі туралы белгi жасалады. Артық төленген ақшалардың сомасы бір теңгеге дейін соманы
дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артық төленген тиындардың сомасы (50
тиынға дейін аз жаққа дөңгелектеледі; (50 тиын және одан жоғары тиын үлкен жаққа дөңгелектеледі)
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3230
«Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті және 3272 «Ақша айналымынан
қолма-қол ақшалардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша
көрсетіледі. Төленбеген сома мен бiр теңгеге дейiн соманы дөңгелектеудiң арифметикалық әдiсiн
қолдану нәтижесiнде артық төленген ақшалар сомасының арасында айырма түрінде жоғарыда
төленген төлемдер бойынша қалыптасқан 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың
алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бойынша қалдық жыл
аяқталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша бюджетке есептеуге жатады, бұл ретте
3272 «Ақша айналымынан қолма-қол ақшалардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы
шотының дебеті бойынша және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi, оны бюджетке аудару
кезiнде 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек»
қосалқы шотының дебетi және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес
мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиiстi қосалқы шотының
кредитi бойынша жүзеге асырылады. 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол ақшалардың алынуына
байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебетi бойынша қалдық 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi
дебиторлық берешек» шотына ауыстырыла отырып, келесi есепті кезеңге ауысады. Кейіннен 3272
«Ақша айналымынан қолма-қол ақшалардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы
шоты бойынша сальдоны түзету 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» шотына
ауыстырылған сальдоны ескере отырып жүргізіледі.
Әдебиеттер:
1. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы.
2. Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
3.ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24
№ 348
(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығы
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
130
Мынбаева Асия
5В050800-Есеп және аудит
2-курс/бакалавриат
ҚазМемҚызПУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Б. Кулмаганбетова
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БИЗНЕС СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Аннотация. В статье представлены бизнес-стратегии ведущих компаний мира. Также приводится
сравнительный анализ ситуации в Казахстане и рекомендации по ее улучшению.
Abstract. The article presents the business strategies of leading companies in the world. It also provides a
comparative analysis of the situation in Kazakhstan and recommendations for its improvement.
Бизнесті басқаруда стратегия сөзі жиі қолданылады. Стратегия - кәсіпорынның мақсатқа
жетуіне арналған біріккен әрекеттер үлгісі. Компанияның стратегиясы - бұл компанияның нарықтағы
жағдайын нығайтып, күш-жігерді үйлестіруді, тұтынушыларды тарту мен қанағаттандыруды,
табысты бәсекелестік пен жаһандық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс басқарудың
кешенді жоспары. Стратегиялық басқару– берілген мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне қол
жеткізу үшін өз ресурстарын басқаруы. Басқаша айтқанда, стратегия компанияның даму жолдарын,
нарықтарды, бәсекелестік әдістерін және бизнесті жүргізуді білдіреді
1
.
Егер стратегиялық көзқарас компанияның болашақ бейнесін анықтаса, онда миссия қазіргі
уақытта компанияның қызметін сипаттайды. Стратегия өнімділік бағдарларын, бәсекелестік
артықшылықтарды, сатып алушыларды қанағаттандыру және жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін
іс-қимыл жоспарын жасайды. Стратегиясыз ұйым бәсекеге қабілеттілікті жоғалтады, нәтижелердің
нашарлауына әкеледі. Сонымен қатар, жекелеген бөлімшелердің, бөлімдердің және менеджерлер
топтарының іс-әрекеттері бірыңғай ойластырылған болуы тиіс, сондықтан жоғары менеджмент
компанияның барлық бөлімшелерінің - Ғылыми-зерттеу және тәжірибе - конструкторлық
жұмыстарын (ҒЗТКЖ), өндіріс, маркетинг, клиенттерге қызмет көрсету, кадрлар, ақпараттық
технологиялар, қаржы жұмысы сияқты міндеттер жүктелген. Бүкіл кәсіпорын үшін бірыңғай
стратегия — бұл ұйымның түрлі бөлімшелерінің іс-әрекеттері мен шешімдерін бір мақсатқа
бағытталған база. Егер стратегия болмаса, менеджмент пайданы қамтамасыз ететін бизнес-модельді
қалыптастыра алмайды
2
.
Төменде көптеген әлемнің жетекші компаниялар топтастырылған. Осы ірі бизнес-модельдер
арқылы біз компанияның қандай стратегияларды қолданғанын білеміз. Осыған келесідей
компаниялардың стратегиялық көрінісі мен миссиясын тұжырымдау мысалдарын келтіруге болады.
Microsoft Corporation-бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі. Көптеген жылдар бойы Microsoft
қызметі стратегиялық көрініспен анықталды: әрбір үйдегі Компьютер, әрбір жұмыс үстелінде бар,
оған қоса бірінші сыныпты бағдарламалық қамтамасыз етуде бар. Алайда, Internet пайда болуы және
дербес компьютердің (ДК), жеке компьютерден ерекшелігі электрондық құрылғылар болып
саналады. Мысалы, қалта калькуляторлары мен теледидарға арналған қосымша құрылғылардың кең
таралуына байланысты, 1999 жылы Microsoft кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген
құрылғыда бірінші сыныпты бағдарламалық қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктерді ашуға мәжбүр
етті.
Intel-ДК үшін процессорлар өндірісі және Internet тиімділігін арттыру. Бүгінгі күні
компьютерлерде ең бастысы-Internet. Біз ДК және Internet мүмкіндіктерін кеңейтеміз.
Otis Elevator — Лифт өндірісі. «Біздің миссиямыз-барлық клиенттерге адамдар мен жүктерді
тасымалдайтын, бір де бір компания қамтамасыз ете алмайтын сенімділікпен шектеулі қашықтыққа
тасымалдау құралдарын ұсыну».
Avis rent-a — car-жалға беру. «Біздің бизнесіміз - автомобильдерді жалға беру. Біздің
миссиямыз - клиенттің толыққанды қанағаттануы».
Қазіргі кезеңдегі бизнесті дамыту үшін экономиканың сингапурлық моделі. 1959 жылы
Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. Есесіне
олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған