«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
153
болып саналады. Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы, әрі мақсаты – білім берудің біртұтас
ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат
кеңістігіне жол ашу. Оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман
дайындау болмақ.
Соңғы 10-15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында
елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің,
нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы
технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі
бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген
мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына
жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды
міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі
белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек
жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің
аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды
пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер
мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын
таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Оқытудың ауқымды және
жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің
банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге,
электрондык
оқулыктарға,
оку-әдістемелік
материалдарға,
қашықтықтан
оқыту
жүйесінің
технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес
аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады [3.30
б].
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық
технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық
басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-
экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу
үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің
территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар,
шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы.
Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс
қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға
шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде
беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып
табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша
жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың
тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде
жургізіледі.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды
дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып
табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра
отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Әдебиеттер:
1. Исаев С.Ә., Ахметова О.С., Ақжолова А.Ә. Электронды оқулықты білім беруде пайдаланудың
тиімділігі//Вестник. Казахская академия транспорта и коммуникаций имени М.Тынышпаева, -Алматы,
2014,-№2(87),-С,155-159.
2. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі. 24
желт. [ЭР]. Қосылу режимі: http://www.edu.gov.kz/index.php?id=498&type=98.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
154
Анар Меруерт
5B011000-Физика
ҚазМемҚызПУ
КҮН БАТАРЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ «АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖОБАСЫН ҚҰРУ
Аннотация. В статье излагается использование энергии солнце и описание конструкций солнечных
батарей, а также принцип ее работы
Abstract. This article uses alternative energy and using renewable energy sources, we have the advantage that
we can afford cheap cars, cheap houses and stay in a clean and clean place for a long time.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанның шаруашылығына жаңарып тұратын энергия
көздерін енгізу мәселесі. Жаңарып тұратын энергия көздерін пайдалану арқылы біз арзандатылған
транспорттар, қолайлы үйлер сонымен қатар экологиясы таза қоршаған ортада ұзақ мерзімде өмір
сүре алуымыздың тиімді жақтары бар. Көмір мен газды екінші кезекке қою, яғни жаңарып тұратын
энергия көздерңн пайдалануға келмейтін жағдайларда ғана пайдалану.
Күн энергетикасы дегеніміз- олар дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі болып
табылады. Ол күннің сәулеленуін пайдалана отырып белгілі бір энергияны алуымызға негізделген.
Күн энергетикасы ол энергия көзінің сарқылмайтын түрі сонымен қатар экологиялық жағынан да еш
зияны жоқ. Күн энергетикасының пйдасы 1 кг кремнийдің энергиясы 100 кг мұнай, 1 кг өндірілген
ураннан алынатын энергияның шамасына тең болады. Шындығында, қазіргі заманды электр
энергиясынсыз мүлдем елестете алмаймыз. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығынын аз
етіп, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне болып отыр [1].
.
1-сурет. Күн батареяларының құрылысы
1-каркас, 2-әйнек, 3-ЭТА-жабыны, 4-фотоұяшық, 5-ПВФ – жабы, 6-артық қабырға,7-
байланыстық қорап
Күн энергетикасы тек қана бір бағытта қана пайдаланбауымыз керек оларды бәрнеше бағытта
қолданысқа қойып, тиімді пайдалануымыз керек. Оның негізгі бағыттары
-Күн энергетикасын ішкі энергияға айналдыру арқылы жылумен қамтамасыз етілуі;
-Күн энергетикасын пайдаланып электр энергиясына айналдырып оны қолданысқа қосуы;
Қазіргі таңда күн энергетикасы ауадай қажет. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік
артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Атап айтатын болсақ
артықшылықтарына:
1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді;
2) ол шексіз яғни сарқылмайды;