Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 224,42 Kb.
Pdf просмотр
бет7/18
Дата04.02.2020
өлшемі224,42 Kb.
#28202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

      98. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ кезінде желдетеді. 

Сабақ басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларына өтпелі желдетуді жүзеге 

асырады.

      99. Станоктарда және механизмдерде жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты 

жұмыс істелетін шеберханаларды ішке сорып-сыртқа шығаратын желдету жүйесімен, жергілікті 

шаңұстағыштармен және сорып шығару құрылғыларымен жабдықтайды. Объектілерде үй-жайлардың оңтайлы

микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы 

ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.

      100. Жылыту кезеңінде ауаның мынадай температурасы көзделеді:

      1) ұйықтайтын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, зертханаларда, кітапханада, 

мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізетін және демалыс үй-жайларында, компьютер сыныптарында, 

қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда + 18 – 22 градус Цельсий (бұдан әрі –  C);

0

      2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда 



және киім-кешек бөлмелерінде +16 C;

0

      3) физиотерапевт кабинеттерінде, уқалау кабинеттерінде +28 C;



0

      4) медициналық үй-жайларда, ойын бөлмелерінде, киім ауыстыратын бөлмелерде, 

дәретханаларда +20 – 22 C;

0

      5) оқу шеберханаларында, спорт залында және секциялы сабақтарды өткізуге арналған 



бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ 

киімдерді кептіру бөлмелерінде + 15 – 17 C;

0

      6) спорт залының киім шешетін орнында +19 – 23 C;



0

      7) ваннасы бар хауыз үй-жайларында +30 C;

0

      8) себезгі бөлмелерінде +25 C;



0

      Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 – 50 %-ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 

60 – 70 %-ға дейін құрайды.

      101. Жыл сайын объектілерде сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау жүйелеріне, 

жылыту кезеңінің басталуына қарай жылыту және желдету жүйелеріне орындалған жұмыстар туралы акт

толтыру арқылы ревизия және жөндеу жүргізеді.

      102. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол 

берілмейді.

      Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзыретті органдардың актісі болған 

кезде апатты жағдайда деп танылады.



6. Объектілердің аумақтарын және үй-жайларын ұстауға және

пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      103. Объектілердің аумағы таза ұсталуы тиіс.

      104. Спорт, ойын жабдығы және шағын сәулет мүсіндері жұмыс істейтін және таза қалпында 

ұсталады. 

      105. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) олардың көлемінің үштен екі бөлігі толған кезде 

тазартылады.

      106. Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Медициналық үй-жайларды, ас блогын және 

дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалайды.

      107. Объектілерде қызмет көрсететін персоналдың (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық 

персонал) саны кемінде 3 жиын болатын арнайы киімі (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, 

алжапқыш), бөлек шкафта сақталатын ауыстыратын аяқ киімі болады. 

      Дәретханаға кіру алдында халатты шешеді және шыққан соң қолды сабынмен мұқият жуады.

      108. Белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген қолданылатын дезинфекциялау 

ерітінділері дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған ыдыстардағы нұсқаулыққа сәйкес 

дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар мен 

жасөспірімдердің қолы жетпейтін орындарда сақталуы тиіс.




      109. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және әр 

үй-жайға (санитариялық торап, медициналық блок, оқшаулағыш, ас блогындағы өндірістік үй-жайлар,

тамақ ішу залдары, рекреациялар, әр оқу бөлмесі, өндірістік шеберханалар және т.б.) бөлек 

арналады және арнайы бөлінген орындарда сақталады. Оқу үй-жайларының топтары үшін жинау 

мүкәммалын пайдалануға жол беріледі.

      110. Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының сигналды таңбасы 

болуы тиіс.

      111. Музыкамен, спортпен және гимнастикамен айналысуға арналған үй-жайларда әр сабақтан 

кейін тазалау жүргізеді.

      112. Балалар мен жасөспірімдер үшін жаңадан сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ 

киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, 

парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз және басқ.) сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары

болуы тиіс.

      113. Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жұмыс күнінің соңында 2% сабынды-содалы 

ерітіндіні пайдалана отырып жуады, ағып тұрған судың астында шаяды және кептіреді. Қуыршақтың 

киімдерін ластануына байланысты жуады және үтіктейді. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс пен жөке

таңбаланады.

      114. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан 25 см қашықтықта 

бактерицидті шамдармен 30 минут бойы дезинфекциялайды.

      115. Объектілерде жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларға күн сайын ылғалды жинау 

жүргізіледі:

      1) сыныптарды, шеберханаларды және оқу кабинеттерін жинау әр ауысымдағы сабақ аяқталған 

соң жүргізіледі; 

      2) дәліздер мен рекреацияларды – әр ауысымның сабақтары аяқталғаннан кейін;

      3) ойын залдарын – күн соңында;

      4) тамақ ішу залын – әр тамақ ішкеннен кейін;

      5) киім ілінетін орындар, вестюбюльдерді – әр ауысымның сабақтары басталғаннан кейін;

      6) спорт, гимнастика залдарын – желдету арқылы әр сабақтан кейін;

      7) ғимараттың санитариялық тораптарын – әрбір үзілістен кейін.

      Үй-жайларды ылғалды жинауды (едендерді жуу) ұйымдардың жұмыскерлері жүргізеді.

      116. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары тіркелген кезде эпидемияға қарсы және

дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.

      117. Терезе әйнектері, электр шамдарының плафондары және сорып-шығаратын желдету 

жүйелерінің жалюзді торлары таза қалпында сақталады. Жарықтандырушы арматураны тазалауға және 

терезелерді жууға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

      118. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, кран барашкалары, қолжуғыштар және унитаздар

күн сайын дезинфекциялауға жатады. 

      119. Таза жинау мүкәммалын таңбаланған ыдыста шаруашылық шкафта немесе үй-жайларда жинау 

мүкәммалын өңдеу және сақтауға арналған бөлмеде сақтайды. Санитариялық тораптарды жинауға 

тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

      120. САҚ-ты жинауды күн сайын дезинфекциялық құралдарын қолдана отырып жүргізеді, 

қазылған шұңқырды дезинфекциялау 10 күнде 1 рет жүргізеді. САҚ-ты көлемінің үштен екі бөлігінің

толуына байланысты, бірақ жылына кемінде 1 рет тазартады.

      121. Ас блогы үй-жайларына, қажет жағдайда ұйықтайтын және басқа да бөлмелерге, желдету 

үшін ашылған терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға шыбындардың және масалардың ұшып кірмеуін

болдырмау үшін шыбын-шіркейге қарсы торларды орнатады. 

      122. Объектілерде жылына кемінде бір рет инженерлік жүйелерге, шатырға, қатты және жұмсақ

мүкәммалға, жиһазға, жабдыққа және санитариялық-техникалық аспаптарға ревизия және 

қажеттілігіне қарай жөндеу (ауыстыру) жүргізіледі.

      123. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде апаттық жағдайларды жою бойынша жұмыстарды 

қоспағанда, күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

      124. Ұйымда жәндіктердің, егеуқұйрықтардың және тышқан тәріздес кеміргіштердің болуына 

жол берілмейді.



жүктеу 224,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау