Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 224,42 Kb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата04.02.2020
өлшемі224,42 Kb.
#28202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

      35) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіптік білім 

беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      36) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық 

қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;

      37) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған 

шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында 

орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын бір-бірімен тығыз жалғасқан 

материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) жасайды. Қазынды су өткізбейтін 

материалдан жасалады. Қазындының тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден

аспайды;


      38) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең

үлгідегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға 

арналған құрылыс;

      39) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене 

шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстары және мәдени бос уақытты ұйымдастыратын ұйымдар;

      40) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының ауданына қатысты сыныптағы 

оқушылардың саны;

      41) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi – ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандырудың 

нормаланатын көрсеткiші;

      42) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған 

профилактикалық медициналық iс-шаралар;

      43) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің 

сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізілуіне жол 

берілмейтін жағдайлар;

      44) 

 тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде арнайы тасымалдау,

тез бұзылатын

сақтау және өткiзу шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;

      45) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар

, құралдар жиынтығы;

      46) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;

      47) тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында білімдік ресурстарды шоғырландыратын, 

шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету 

мақсатында оқушыларға қысқа мерзімді сессия сабақтарын өткізу және оларды 

 және 

аралық


қорытынды

 өткізу үшін шағын жинақталған мектептерге жақын жерде орналасқан жалпы орта білім

аттестациядан

беру ұйымы; 

      48) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере 

отырып, теңестірілген тамақтандыру;

      49) халықтың аз жұмылдырылатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы 

құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, 

сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін 

азаматтар; 

      50) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз (3-10 адам), біріккен 

сынып-жиындары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрі ерекше жалпы білім беру мектебі.



2. Объектілердің аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      6. Оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін білім беру объектілерін (бұдан әрі – объектілер) 

жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға беруге халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының 

 болған кезде жол беріледі. 

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы

      7. Жер учаскелерінің ауданы Қазақстан Республикасының № 3.02-25-2004 «Жалпы білім беретін

мекемелер», № 3.02-31-2005 «Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар» санитариялық 

қағидаларының талаптарымен нормаланады. 

      8. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда 




орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

      9. Объектілер учаскесінің аумағы қаңғыбас жануарлардың кіріп кетуін болдырмау мақсатында 

қоршалады. 

      10. Аумаққа гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол 

берілмейді.

      11. Объектінің учаскесіне кiру және одан шығу жолдары, көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық 

құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар 

асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.

      12. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, үш жағынан қоршалған 

шаруашылық аймақтағы тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл қатты жабындысы бар алаңға, 

ғимараттардан кемiнде 25 м қашықтықта орнатылады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, 

ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасының 

аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қоқыс салғыштар мен ғимарат арасындағы қашықтықты 15 

м-ге дейін қысқартуға және (немесе) ортақ қоқыс салғыштарды пайдалануға жол беріледі. 

      13. Объектінің аумағы және оның қоршауының сыртынан 5 м радиустағы аумақ таза ұсталады.

      14. Объектілердің аумағында негізгі ғимаратты(тарды) орналастыру, дене шынықтыру-спорт 

және шаруашылық аймақтарына бөлінеді. Объектінің бейініне байланысты аумақты қосымша аймақтарға

бөлуді көздеуге жол беріледі. 

      15. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ТжКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық 

аймағында жабдықтар және спорттық снарядтар, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар 

қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң 

көзделеді.

      Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы, 

зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.

      16. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ

) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері 

жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың 

ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы 

құрғатылатын, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабылған болуы тиіс.

      17. Шаруашылық аймақта қазандықтар, отын қоймасы, басқа да шаруашылық құрылыстары 

орналастырылады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 

ұйымдардың, КББО-ның, интернат ұйымдарының аумағында көкөністер өсіруге жол беріледі. 

Шаруашылық аймақта көкөніс пен жеміс-жидектер қорларын сақтау үшін көкөніс сақтау қоймасы 

жабдықталады. 

      18. Шаруашылық аймақтың тазалауға және дезинфекциялауға болатын қатты төсемі болуы тиіс. 

      19. Объекті ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін 

қамтамасыз етуі тиіс.   Учаске аумағында кешкі мезгілде, оның ішінде санитариялық-аулалық 

қондырғыларда жасанды жарықтандыру көзделеді.

      20. Ойын және спорт алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сай орналастырылуы 

тиіс. Жабдықтың бетінде су өткізбейтін жабыны болуы тиіс.

3. Объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға,

жөндеуге, пайдалануға беруге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      21. Объектілер дербес ғимаратқа немесе бірнеше жекелеген ғимараттарға орналастырылуы тиіс

. Жалпы білім беретін объектілерді, ТжКБ және ЖОО-ларды бейімделген ғимараттарда; мектептен тыс

мекемелерді, білім беру орталықтарын бейімделген ғимараттарда, ішіне – жапсарлас салынған 

үй-жайларда, сондай-ақ тұрғын үйлердің 1-қабатында орналастыруға жол беріледі. 

      Білім беру объектілері жанындағы мамандандырылған медициналық және стоматологиялық 

кабинеттер, шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу-өндірістік шеберханалар, тамақтану

объектілері Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы 




жүктеу 224,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау