Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Объектілерді жабдықтауға қойылатын



жүктеу 224,42 Kb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата04.02.2020
өлшемі224,42 Kb.
#28202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

4. Объектілерді жабдықтауға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      44. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалар мен жасөспірімдердің бой-жас ерекшеліктеріне

сәйкес келуі тиіс. Жабдықтың жиынын саны мен көлемін мекеменің бейінін, үй-жайлардың 

ерекшелігін және қауіпсіздік техникасын сақтауды есепке ала отырып көздейді.

      Жалпы білім беру және интернат ұйымдары жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық 

қағидаларларға 

 көрсетілген.

2-қосымшада

      45. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру 

ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарында, КББО, жалпы бiлiм беру және

интернат ұйымдарында жиhазды өлшеміне сәйкес таңбалайды.

      46. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру 

ұйымдарындағы, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарындағы, КББО және интернат 

ұйымдарындағы киім ауыстыратын бөлмелер балалардың және персоналдың сыртқы киіміне арналған 

шкафтармен және отырғыштармен жабдықталады; ұйықтайтын бөлмелер ауыстыратын ішкиімді және киімді

сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды

      Артық киімдерді сақтау үшін қоймалық үй-жайларды көздейді.



      47. Жабдық, жиһаз, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық аспаптар жұмыс 

жағдайында болуы және мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар мен 

жабдықтың, жиһаздың істен шығуы уақтылы қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жатады. 

      48. Объектілердің дәретханаларында және санитариялық тораптарында жуынатын қолжуғыштар, 

электр сүлгілер немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілер, сұйық сабын мөлшерлегіші, қоқыс

жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады.

      49. Жалпы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 

балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру 

ұйымдарында, КББО, ТжКБ, ЖОО-ларда санитариялық тораптардағы унитаздарды жабық кабиналарда 

орналастырады. Бастауыш сыныптар үшін қолжуғыштардың үстіңгі бетінің биіктігі - 0,6 м. аспауы, 

5 – 11(12)-сыныптар үшін - 0,7 м.-ден аспауы тиіс.

      50. Балалар мен жасөсірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда сауықтыру (шынықтырушы) 

рәсімдері өткізіледі. Сауықтыру (шынықтырушы) рәсімдерін жүргізу үшін әдістемеге байланысты 

тиісті жабдықты қолданады. 

      51. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар белгіленген өлшемдегі жұмыс үстелдерімен 

және орындықтармен жабдықталады. Отырғыштарды, табуреттерді және арқалығы жоқ орындықтарды 

пайдалануға жол берілмейді.

      52. Негізгі оқу үй-жайлардағы жабдық арасында мынадай аралықтар мен қашықтықтар көзделеді

:

      1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;



      2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен орналастырылған барлық 

қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;

      3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;

      4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 60 см;

      5) оқу үй-жайындағы сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен 

қашықтық 860 см;

      6) барлық сыныптар үшін сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс 

жағдайында) 80 см (бастауыш сыныптар үшін) – 90 см (5-11(12) сыныптар үшін);

      7) оқу шеберханаларындағы станоктар (верстактар) арасы 130 см, тірек-қозғалыс аппараты 

бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (верстактар) арасы 80 см, станоктардан 

қабырғаларға дейін 50 см;

      8) тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға 

орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.

      Әрбір шеберханада ыстық және салқын су келтірілген қолжуғыштар орнатылады, 

орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су құятын қолжуғыштар орнатылады. 



      Оқу жиһазын оқу процесінің бейініне сәйкес уақытша өзгертуге жол беріледі. 

      Арнайы білім беру ұйымдарында оқу жиһазы мен жабдығын оқу процесінің бейініне сәйкес 

орнатады. 

      53. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері рұқсат етілген 

деңгейлерден аспауы тиіс. 

      54. Күйдіру кезінде мүсіндеу шеберханаларының жанында механикалық сору желдеткішімен 

жабдықталған жеке бөлмені көздейді. 

      55. Физика кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр 

энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде) су және 

кәріз жүргізу көзделеді. 

      56. Химия кабинетін сорып-шығаратын шкафпен жабдықтайды.

      57. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен 

сілтілерді таңбалайды және жауапты адамның бақылауы арқылы арнайы бөлінген сейфте сақтайды.

      58. Спорттық төсеніштердің ылғалды әдіспен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін 

жеңіл жабыны болуы тиіс. 

      59. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе

ілгіштермен жабдықталады.

      60. Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9 – 

1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктіктігі 

2,1 м болатын айналармен жабдықталады. Залдың еденіне тақтай немесе арнайы линолеум төсеу 

көзделеді.

5. Объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға,

жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      61. Объектілерде жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс орталықтандырылған шаруашылық-ауыз 

су, ыстық сумен жабдықтау жүйесі, кәріздеу және суағарлар көзделеді.

      62. Объектілер 

 

 белгіленген талаптарға сәйкес 



Қазақстан Республикасының заңнамасында

қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      63. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда жергілікті 

сумен жабдықтау жүйесі жабдықталады.

      64. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның 

ведомствасының келісімі бойынша тасымалданатын сумен жабдықтауға жол беріледі және қолмен су 

құятын қолжуғыштар орнатылады.

      65. Тасымалданатын суды пайдаланатын объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстар

орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Ыдыстарда таңба («ауыз су»), су алатын кран болуы тиіс 

және олар апта сайын (және қажет болғанда) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 

тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта пайдалануға 

жол берілмейді.

      66. Су әкелуді 

 бар болған кезде арнайы көлікпен

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы

немесе ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы таңбаланған ыдыстарда 

жүргізеді.

      67. Тамақ өнімдерін өңдеу және тамақ дайындау технологиялық процестерінде, асханалық 

ыдыстарды, жабдықты, мүкәммалды жуу, үй-жайларды санитариялық өңдеу, жеке гигиена үшін 

пайдаланылатын суық және ыстық су «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 

 6-тармағына сәйкес 

144-бабының

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен «Су 

көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су 

объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 

 сәйкес келеді.

қағидаларына

      68. Объектілердегі дәретханаларда, буфеттерде, кір жуатын орындарда, себезгі бөлмелерде, 

интернат ұйымдары мен тұратын орындардың жуынатын, кір жуатын, себезгі бөлмелерінде, жеке 




жүктеу 224,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау