асхана ыдыстарын шкафтарда немесе торларда; асхана аспаптарын тұтқасын жоғары қаратып сақтайды,
оларды табақтарда шашылған күйде сақтауға жол берілмейді.
179. Технологиялық жабдықты өңдеуді күн сайын оның ластануына байланысты және жұмыс
күнінің соңында арнайы бөлінген шүберекпен және сыйымдылықта жүргізеді.
180. Бөлшектеу тақтайларын және ұсақ ағаш мүкәммалын жууды ас үй ыдысына арналған жуу
бөлімшесінде (цехта) жуу құралдарын қоса отырып, +45 С төмен емес температурада ыстық суда
0
жүргізеді, +65 С төмен емес температурада ыстық сумен шаяды да, қайнап тұрған сумен жидітеді,
0
содан кейін стеллаждарда қырынан тұрғызып кептіреді. Өңдегеннен және кептіргеннен кейін
бөлшектеу тақтайларын және пышақтарды таңбаланған арнайы кассеталарда (тақтайларды қырынан)
сақтайды, тиісті өндірістік үстелдерге (қырынан) тікелей сақтауға жол беріледі. Оларды
үсті-үстіне қойып сақтауға жол берілмейді.
181. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберекті пайдаланғаннан кейін тазартады, жуу
құралдарын қоса отырып, +45 С төмен емес температурада ыстық суға батырып қояды,
0
дезинфекциялайды (немесе 15 минут қайнатады), ағынды сумен шаяды, кептіреді және арнайы ыдыста
сақтайды.
182. Күрделі жинауды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып және
эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша айына бір рет (қабырғаларды, жабдықты, әйнектің ішкі
беттерін, жарықтандыру аппаратурасын, ас үй және асхана ыдыстарын, ыдысты және мүкәммалды жуу)
жүргізеді.
183. Ақ және қара нан бөлек (әр түрлі сөрелерде сақтауға жол беріледі) желдетуге арналған
есігінде саңылауы бар шкафта сақталады, төменгі сөренің еденнен қашықтығы кемінде 35 см болады.
Шкафтардың сөрелерін нанның ұнтағынан арнайы щеткалармен тазартады және 1%-дық асханалық сірке
су ерітіндісін қолдана отырып, шүберекпен сүртеді.
184. Тамақ қалдықтарына арналған таңбаланған («тамақ қалдықтары») ыдыстардың қақпағы
болады, арнайы бөлінген орында сақтайды және олардың 2/3 көлемі толуына байланысты қалдықтардан
босатылады, жуу құралының ерітіндісімен жуады.
185. Тамақ қалдықтарын ас блогының тарату немесе өндірістік үй-жайлары арқылы шығаруға
жол берілмейді.
186. Тамақ ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
187. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балаларды
тамақтандыру нормалары («брутто» массасында) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға
әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320
регламенттелген.
қаулысымен
188. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға
арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да перспективалы маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі
апталық мәзір жасалады. Ыстық тағамның мәзірінде жеке тамақ ішу (таңертеңгі ас, түскі ас,
бесіндік ас, кешкі ас) бойынша ыстық тамақты, аспаздық, ұннан жасалған, кондитерлік және
нан-тоқаш өнімдерін бөлу көзделеді.
Мәзір дайындау кезінде оқушылардың жалпы білім беру ұйымдарында болу ұзақтығы, жас санаты
және білім алушылардың физикалық жүктемесі, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер және аймақта
өндірілген отандық өнімдердің түрлері ескеріледі. Балалар және жасөспірімдерді тамақтандыру
рационында витаминдік-минералдық кешенмен байытылған өнімдер ескеріледі.
189. Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін 1-2 рет тамақтандыру
– екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, 2-ауысымдағы оқушылар үшін – бесіндік,
ұзартылған күн тобы үшін екінші таңғы ас, түскі ас және бесіндік ас көзделеді. Балалар тәулік
бойы болатын кезде кемінде 5 рет тамақтану көзделеді.
190. Шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортимент тізбесі ас блогын
пайдалануға беру кезінде, одан әрі қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін, ас блогының бейіні
немесе өндірістік процесі өзгерген кезде, сондай-ақ бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер
мен толықтырулар енгізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
мемлекеттік органның ведомствасымен келісіледі.
191. Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда (интернаттық ұйымдар, жетім
балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында
ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО), сондай-ақ балалар мен
жасөспірімдерді бюджет негізінде тамақтандыруды іске асыратын ұйымдарда күн сайын тамақтанатын
балалар мен жасөспірімдердің саны көрсетілген мәзір-тарату парағы, жас ерекшелігіне, сондай-ақ
әрбір тағам бойынша өнімдердің шығыстарына байланысты порцияның массасын граммен көрсете отырып
(«брутто» салмағында) тағам тізбесі жасалады.
Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы порциялардың ұсынылатын массасы осы
Санитариялық қағидаларға
көрсетілген.
6-қосымшада
192. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс
. Осы санитариялық қағидаларға
сәйкес өнімдерді алмастыруға жол беріледі.
7-қосымшаға
193. Тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммдағы массасы («
брутто»), салмағы «нетто», дайын тағам (тағамның шығысы), химиялық құрамы (граммен), құнарлығы,
тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес
тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
194. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3
күнде қайталауға жол берілмейді.
195. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (
немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, тауық еті 2
– 7 күнде 1 рет қосылады.
196. Балалар мен жасөспірімдердің тәулік бойы болатын объектілерінде таңғы ас, жалпы
білім беретін ұйымдардың 1-аусымындағы оқушылардың екінші таңғы асы ыстық тамақтан (бірінші
және екінші) және ыстық сусыннан тұрады. Балалар және жасөспірімдердің толық физилогиялық
қажеттіліктеріне сәйкес таңғы асқа сары май, ірімшік, жұмыртқа қосылған бутерброд, шырындар мен
жемістер қосуға жол беріледі.
Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан
жасалады) және үшінші (компот, кисель, шай) тамақтан тұрады. Пісірілген және жас көкөністерден
оңай жасалатын салаттар дайындалады. Бесінде кремсіз кондитерлік өніммен немесе тоқашпен бірге
сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырын) ас мәзіріне қосады.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; негізгі екінші тамақтан (ет, балық
немесе тауық), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша
жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз кондитерлік өнімдерді немесе
тоқаштарды қосады.
197. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтардың атауы,
рецептуралар жинақтарына сәйкес сілтемесі бар рецептураға әрбір тағамның шығуы мен құнарлығы
көрсетілетін мәзір күн сайын ілінуге тиіс. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің
атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларына сәйкес келулері тиіс.
198. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 8-
1-нысанына сәйкес деректерді тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракераж
қосымшаның
журналына кіргізе отырып, олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған
жағдайда жүзеге асырылады.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымында
сақталады.
199. Тамақ өнімдерін
бар автокөлікпен
тасымалдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы
жүргізіледі. Экспедитордың арнайы киімі болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
медициналық тексеріп-қараудан өтуге
.
тиіс
200. Тамақ өнімдерін сатып алатын орындар білім беретін ұйымдардан кемінде 500 метрден
аспайтын радиуста орналасқан кезде өнімдерді қол жүгімен жеткізуге жол беріледі (50 отыратын
орыннан аспайтын). Тасымалдау кезінде жеткізілетін өнімнің бұзылуы мен ластануын болдырмайтын
жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.
201. Балалар мен жасөспірімдер тағамына көрсетілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін
растайтын зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы
мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде,
жылыжайларда өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.
202. Ас блогы үй-жайларына балалар мен жасөспірімдердің кіруіне және оларды тағамдар
дайындаумен, көкөністі тазалаумен, дайын тамақты таратумен, нан кесумен, ыдыс жуумен,