Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 224,42 Kb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата04.02.2020
өлшемі224,42 Kb.
#28202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

      есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;

      сөйлеу қабылеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп; 

      тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;

      интелекті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;

      психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп; 

      «мектеп-бала бақша» арнайы кешені;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, оңалту орталығы; 

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.

      Арнайы ұйымдардың негізгі міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі; 

психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді емдеу, түзету және әлеуметтік 

бейімдеу, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балаларды 

жеке дамуын кешенді түзету арқылы сүйемелдеу; балалардың физикалық, психикалық дамуын түзету; 

әлеуметтік бейімделуге және интеграциялануға мүмкіндік беретін компенсаторлық қызмет тәсілдерін

қалыптастыру болып табылады;

      2) арнайы киім – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен

, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың 

қорғаныш киімінің жиынтығы; 

      3) балаларға қосымша білім беру 

 – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын 

мекемелері

дамыту, денсаулығын нығайту және кәсібін өзі белгілеу, шығармашылық еңбегін, олардың жалпы 

мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытын пайдалы өткізуді 

ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме; 

      4) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын 

тамақтардың сапасын бағалау;

      5) білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 

 сәйкес жеке және заңды 

заңнамасына

тұлғалар (құрылтайшылар) құратын, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын 

және (немесе) оқушылар мен тәрбиеленушілерге тәрбие беруді, ұстауды, олардың тұруын, 

тамақтануын, оларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар; 

      6) 

 – оқитындардың бейімділігі мен қабілеттілігіне байланысты бастауыш, негізгі 

гимназия


орта және гуманитариялық бейіндер бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 

бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      7) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды 

әзірлеу жүргізілетін үй-жай;

      8) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындау жүзеге 

асырылатын үй-жай; 

      9) дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымы - оқу-тәрбие (емдеу-тәрбие) 

мекемесі болып табылады және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға алып келетін құқық 

бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан өз 

бетінше кетіп қалуды қасақана жасайтын, өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасайтын, он бір 

жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік қалпына 

келтіруді қамтамасыз ету үшін құрылады;

      10) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға 

бағытталған қызмет саласы;

      11) жалпы бiлiм беру мектебі – әрқайсысы жеке жұмыс жасай алатын, бастауыш, негізгі және 

жоғары деген үш сатыдан тұратын негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске 

асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны; 

      12) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы процестерінің (

сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану 

үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;

      13) жартылай фабрикаттар – жылумен өңдеуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері; 

      14) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру 

ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере 

отырып, тәрбиелеу мен білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің мемлекеттік

мекемесі;

      15) жиынтық оқу жүктемесі – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді 




өткізуге бөлінетін сағаттары бар оқу сағаттарының жиынтығы; 

      16) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын 

көрсеткiші;

      17) 

 – тұратын орын бере отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм 

интернат ұйымдары

алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

      18) 

 (бұдан әрі – КББО) – ата-аналардың 

кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары

немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау үшін 3-18 жас аралығындағы қараусыз және қадағалаусыз 

қалған балаларды, ата-ананың немесе уақтылы оларды орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, 

оларды ауыстыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, балалардың өміріне не 

денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде ата-анадан (олардың біреуін) немесе қамқорлығында 

болған басқа адамдардан қамқорлық жасау және қайырымдылық көрсету органы алған балаларды, 

арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген балаларды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздену және 

әлеуметтік депривацияға әкелетін, қатыгез қарағандықтан өмірлік қиын жағдайға тап болған 

балаларды қабылдауды және уақытша күтіп бағуды қамтамасыз ететін білім беру органдарының 

қарамағындағы ұйымдар;

      19) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температурасы, ылғалдылығы) бойынша бөлінетін 

аумақ;

      20) күн режимі – балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мен білім беру 



ұйымдарындағы белгіленген күн тәртібі;

      21) қажу – жұмысқа қабілеттіліктің, организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша 

төмендеу жағдайы;

      22) қатарластырып орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен 

кейін бірін қатар орналастыру;

      23) 

 – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және 

қоғамдық тамақтану

тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;

      24) 

 – оқушылардың бейiмділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетiп, бейінді, 

лицей


саралап оқытуды көздейтiн негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын 

орта білім беретін оқу орны;

      25) магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің бұйрығымен тірек мектепке 

(ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақталған мектеп;

      26) 

 білім беру ұйымдары – оқушыларға ғылым, мәдениет, өнер, спорт 

мамандандырылған

негіздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған 

мектептерінде әскерге шақырылғанға дейінгі тереңдетілген дайындықпен әскери істі тереңдетіп 

меңгертуге бағытталған, элитарлық білімді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім 

беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі 

түрлері мыналар: гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектеп, мектеп-интернат;

      27) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларды 

тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

      28) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне 

оқушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуының нормаланатын жиынтығы;

      29) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске 

дейiнгі ұзақтығы;

      30) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі білім берудің 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар,

денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде 

дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады;

      31) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде 

термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз 

ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;

      32) ортасына орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топпен орналастыру;

      33) периметрлік орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаға (периметр бойынша) жақын 

орналастыру;

      34) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін

қалпына келтіруге арналған үй-жай;




жүктеу 224,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау