275
10. Бланк, И. А. Основы финансового менеджмента : в 2 т. / И. А. Бланк. – 4-е изд., стер. – М. :
Омега-Л, 2012
11. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». М.:«Финансы и
статистика» 2009 - 320 с.
12. Аксенов, А.П. Экономика предприятия: Учебник / А.П. Аксенов, И.Э. Берзинь, Н.Ю.
Иванова; Под ред. С.Г. Фалько. - М.: КноРус, 2013. - 350 c.
13. Мейірбеков А.Қ. Əлімбеова Қ.Ə. Кəсіпорын экономикасы оқу құралы. –Алматы:
Экономика, 2003. - 278б.
14. Қуатова Дильмина Яхияқызы. Кəсіпорын экономикасы: практикум / Д.Я.Қуатова. -
Алматы : Экономика, 2006
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қоныс Ж. К.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: zhanar.konyssova@mail.ru
Құрылымдық өзгерістер, технологияның ауысуы, кəсіпорындар арасындағы бəсекенің
нығая түсуі өндіріс үдерісінің тиімділігін арттыру қажеттілігіне алып келеді. Ал бұл
қажеттілік персоналдың кəсіби деңгейіне қойылатын талаптарды арттыру арқылы
қанағаттандырылады.
Ғылыми жұмыста автор көтеріп отырған адами капиталды басқару мəселесінің
өзектілігі еліміздің инновациялық дамуындағы стратегиялық міндеттерді орындауымен
байланысты.
Ғылыми жұмыстың əдіснамалық негізі шетелдік ғалымдар Даниэл Мейжа, Марк Ст.
Пьер (2004) еңбектерімен қоса, ресейлік зерттеушілер Устинова, Губанова, Леонидова
(2015), Хачатрян (2010), Караткевич (2011) жəне отандық зерттеушілер Исабеков пен
Мұхамбетованың (2014) ғылыми еңбектеріне арқа сүйейді.
Аталған жұмыстың мақсаты - инновациялық дамудың негізгі факторы болып
саналатын адами капиталды басқару үдерісіндегі алғашқы саты – адами капиталды
қалыптастыру мəселесін ғылыми тұрғыда сараптап, шешу жолдарын көрсету.
Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде ғылыми жұмыстың міндеттері туындайды:
1.
Адами капиталдың түрлері мен оны қалыптастыру сатыларын анықтау;
2.
Бəсекеге қабілетті адами капиталдың қалыптасуына əсер ететін факторларды
анықтап, оларға талдау жасау;
3.
Адами капиталдың жеткілікті деңгейде қалыптасуына септігін тигізетін
институттардың қызметін, оның ішінде мемлекеттің рөлін талдау.
Адами капиталды жалпы жəне арнайы деп екі топқа бөлуге болады. Жалпы адами
капитал көбіне адамның жас кезінде білім беру ұйымдары мен отбасының əсері негізінде
қалыптасады.
Жалпы адами капиталдың қалыптасуы экономика агенттерінің (тұрғындар, мемлекет)
ақша құралдарын жалпылай дайындыққа инвестиция ретінде салуына негізделген,
сондықтан да алынған білім, қабілет жəне тəжірибе көптеген ұйымдарда сұранысқа ие.
Сонымен қатар, жинақталған жалпы адами капитал арнайы қабілеттер мен тəжірибені
қалыптастыруға, яғни, əлеуметтік ортада тұлғаны дамытуға негіз болып табылады[1].
Кəсіпорында жəне одан тыс ресми жəне ресми емес дайындық есебінен кəсіби
тəжірибе жинақтаумен байланысты арнайы адами капиталдың қалптасуы ұйымдармен қатар
жұмйсшылардың да қайта дайындық пен біліктілікті көтеруге инвестиция салуының
арқасында жүзеге асады. Адами капиталдың бұл түрі арнайы мамандандырылған оқу
мекемелерінде білім алу барысында қалыптасады. Нəтижесінде, оқу өткізілген мекеме
276
шеңберінде сұранысқа ие арнайы, бағытталған білім, тəжирибе жəне технология
қалыптасады [2].
Яғни, бүкіл өмірлік цикл барысында адами капитал қалыптасып отырады: бір
жағдайда жалпы капитал, екіншісінде – арнайы. Бірінші саты жалпы капиталдың қалыптасу
уақытына сай келеді. Ал екіншісі арнайы капиталдың қалыптасуымен тұспа-тұс. Осы
уақытта адами капиталдың жинақталуы жалғасып, оның қолданылуы басталады.
Сурет 1. Адами капиталдың өмірлік циклы
Адами капиталдың қалыптасуының əр сатысында оған 1-кестеде көрсетілген түрлі
факторлар əсерін тигізуі мүмкін [3].
Кесте 1
Адами капиталдың қалыптасуына əсер ететін факторлар топтамасы
Топтау сипаты
Фактор
Адами
капиталды
қалыптастыру
субъектісі
бойынша
·
Индивид
·
Отбасы
·
Кəсіпорын
·
Жергілікті басқару органдары
Қалыптасу саласы бойынша
·
Білім беру
·
Денсаулық сақтау
·
Мəдениет
·
Еңбек жəне т.б.
Инвестиция салу бойынша
·
Тұрғындардың, жеке жəне мемлекеттік институттардың
инвестициясы
·
Білім беру, денсаулық жəне мəдениетке инвестиция
·
Жалпы жəне арнайы адами капиталға инвестиция салу
Адами капиталдың қалыптасу
сатысы бойынша
·
Бала тəрбиесі, қоғам талабы мен мəдениетін игеру
·
Мектепте оқу, жеке бағыт пен қабілетті анықтау
·
Кəсіби білім алу
Адами
капиталдың
қалыптасуына əсер ету сипаты
бойынша
·
Тікелей жəне жанама əсер ететін факторлар
·
Экстенсивті (тұрғындар саны, жұмыссыздық көлемі) жəне
интенсивті (ішкі ресурствр мен индивидтер мүмкіндігі) əсер
ететін факторлар
Адами
капиталды
қалыптастыру
нəтижесі
бойынша
·
Оң əсер (білім мен кəсібиліктің жоғары деңгейі)
·
Теріс əсер (жасөспірімдер арасындағы қылмыс дейгейі)
Ескертпе: Автор құрастырған
Адами капиталдың қалыптасуына əсер ететін факторлардың бір тобы субъектілер деп
аталады. Бұл топ адами капиталдың пайда болуында үлкен маңызға ие, себебі мұнда балалар
Жалпы капиталдың қалыптасуы
Арнайы капиталдың қалыптасуы
Адами капиталдың қолданылуы