Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет130/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   219

269

4. Тұраров Д.Р. Агроөнеркəсіп кешенін дамытудағы шаруашылық инфрақұрылымының рөлі //

ҚазЭУ хабаршысы. Экономика сериясы. – 2010. - №2. – 265-269 бб.

5. Бейсенбаев  Ж.Т. Қазақстанда  агробизнестің  қалыптасуы  мен  дамуы // экономика

ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.

– Алматы,2009. – 29б.

6.  Рахимжанова  А.  Состояние  и  проблемы  развития  АПК  Казахстана  //  Аналитик.  –  2011.  -

№3. – С.79-82.



ҰЙЫМДАҒЫ КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ

ƏДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Смаилова Д.О., Шайханова Г.С.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

 Астана қ., Қазақстан Республикасы

e-mail: didara_sm@mail.ru, g.shaikhanova@mail.ru

Экономикалық 

теорияның 

классиктері 

капиталдың 

алғашқы 

қорлануын,

капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.

Капиталдың  алғашқы  қорлануы  өзіндік  еңбекке  негізделген  индивидуалдық  жеке

меншікті  жою  процесі,  жұмысшыларды  өз  еңбегінің  шарттарына  меншікті  шектеу  процесі.

Ол  бір  жақтан, тікелей  өндірушілердің  тек  қана  жұмыскерге – идеалдық  жұмыскерге,

екіншіден, қоғамдық  құрал-жабдықтар  мен  өмір  сүруге  қажет  құралдардың  капиталға

алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кəсіпкерліктің барлық

нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық жəне əлеуметтік шарттарды, жағдайларды

талап  етгі. Miнe, капиталдың  алғашқы  қорлануы  кəсіпкерліктің  əлеуметгік-экономикалық

базасының қалыптасу шарттарын өмірге əкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының

барлық кəсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.

Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады.

Ал  еңбек  шарттары  мен  өмір  сүруге  қажет  игіліктерден  шектелген, тек  өздерінің  жұмыс

күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі - бұл капиталистік өндірістің дамуының

өте маңызды шарты болады.

Капиталдың  алғашқы  қорлануының  экономикалық  негізін  шаруалар  мен

қолөнершілердің  жаппай  экспроприациялануы  құрайды. Тауарлық-ақша  қатынастарының

дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен

шаруалар  ыдырай  бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс  Еуропада  мемлекет  бірнеше  заң  қабылдау

арқылы  жұмысшы  табының  қалыптасуына  елеулі  ықпал  етті.  Бұл  заңдар  тарихқа

«экспроприацияланғандарға  қарсы  қанды  заңдар» атымен  кірді. Өйткені  бұл  заңдар

экспроприацияланған  өндірушілерді  жалданып  жұмыс  істеуге  зорлықпен  көндіруді  көздеді

жəне оларды капиталистік еңбек тəртібіне бағындырды.

Екіншіден, елдің  ішкі  жағында  экономикалық  бостандыққа  ие  болған  жерлер  пайда

болды  жəне шетелдерден территорияларды  басып  алып, оларды  отарға айналдыру кең  өріс

алды. Бұған  Англияның  тарихы  классикалық  мысал  бола  алады - бұнда  лендлордтар

шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» əдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан

жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.

Үшіншіден,  капиталдың  барлық  нысандары  -  сауда,  өсімқорлық,  өнеркəсіптік  -

екпінді  дамыды. Осымен  бірге  ақша  түрінде, өндірістік  құрал-жабдықтар  түрінде  қорлану

жүріп отырды.

Өнеркəсіптік  буржуазияның  қалыптасуының  алғашқы  қадамдары, мүліктік

жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кəсіпкер бейнесін

алған, аса  бай  цех  шеберлері  жəне  саудагерлер - сатып  алушылар, ыдыраған  ұсақ

өндірушілердің  жалдама  еңбегін  пайдалануды  кеңейтті. Бірақ  бүкіл  əлемдік  нарықтың



270

дамуы, капиталды  қорландыру  қарқының  жоғарылатуды  талап  етті. Осы  міндетті  жүзеге

асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.

Капиталдың  алғашқы  қорлануын  тездетуге, отарлық, соғыстар  мен  басып  алған

отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.

Шаруашылық 

жүргізуші 

субъектінің 

шаруашылық 

жəне 


инвестициялық

қызметтерінің тиімділігі көбіне оның капиталының қалыптасу ерекшеліктерімен, сондай – ақ

ол  инвестицияның  қандай  көздерін  жəне  қандай  арақатыста  пайдаланатындығымен

анықталады [1, 30 б.].

Компания  капиталын  қалыптастырудың  негізгі  мақсаты – даму  динамикасын  жəне

жұмыс  істеу  ерекшеліктерін  ескере  отырып, оның  операциялық  жəне  қаржылық

қызметтерінің  қаржыландыру  көздеріне  мұқтаждығын  қамсыздандыру, сондай – ақ  меншік

иелері  жəне  менеджерлер  таңдаған, оңтайландыру  критерийлерінің  негізінде  компанияның

біршама  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  талаптарды  қамсыздандыру  тұрғысынан  осы  көздердің

құрылымын теңгерімділікке жеткізу болып есептеледі.

Мəлім  болғандай, компания  қызметінің  жоғары  түпкілікті  нəтижелерге  жетуі

пайдаланылатын капиталдың құрылымына едəуір дəрежеде байланысты болады.

Қаржылық  əдебиеттерде  капитал  құрылымының  мəселесі  ретінде  танымал,

инвестиция  көздерінің  құрамын  жəне  құрылымын  анықтау  мəселесі  тек, Қазақстан

компаниялары үшін өзекті емес. Объективті себептер бойынша капитал құрылымы теориясы

шетелде ХХ ғасырдың ортасында – ақ əзірлене бастады, алайда Р. Брейли жəне С. Майерстің

мойындауы  бойынша «осы  уақытқа  дейін  капитал  құрылымының  көпшілікке  танымал

үйлесімді  теориясы  жоқ»  [2,  102  б.],  бұл  «капитал»  жəне  «компания  капиталының

құрылымы» ұғымдарының анықтамасының көп болуымен, сондай – ақ компания қызметінің

өзгешелігін  жəне  қарастырылатын  инвестициялық  жобаның  ерекшеліктерін  ескеруге

болатын, капиталдың «тиімді» құрылымын  есептеудің  көпшілік  қолданатын  əдістемесінің

жоқ болуымен дəлелденеді.

Осыған орай, шаруашылық жүргізуші субъектілердің капиталының жəне сондай – ақ

оның көздерінің құрылымын талдаудың қажеттілігі жəне маңыздылығы айқындала бастады.

Бірақ, алдымен  жетекші  отандық  жəне  шетелдік  қаржыгерлердің  пікірін  ескере  отырып,

«капитал» жəне «компания  капиталының  құрылымы» ұғымдарының  мазмұнының  өзін

анықтау керек болады.

Күрделі  жəне  көпқырлы  табиғаты  бар, тұғырлы  қаржылық  санаттардың  бірі  ретінде

капиталды  зерттеумен  ғалымдар, XVII ғасырдан  бастап  айналыса  бастады. У. Петти, А.

Смит,  Д.  Рикардо,  К.  Маркстің,  қаржылық  көзқарастың  өзге  «классиктерінің»  жəне

«неоклассиктерінің» күшімен  капитал  айналымы  жəне  өндірілуі, қалыптастыру  мəселелері

айтарлықтай  терең  зерттелген. Кейбір  отандық  жəне  шетелдік  зерттеушілердің «капитал»

ұғымы анықтамасына көзқарастарын қарастырамыз (кесте 1) жəне оларды түсіндіреміз.

Кесте 1

«Капитал»  түсінігінің тарихи тұжырымдамалары

Автор

Ұғымның анықтамасы



К. Маркс

Капитал – бұл зат емес, бірақ затта көрсетілген жəне осы затқа ерекше

қоғамдық сипат беретін, нақты, қоғамдық, қоғамның белгілі тарихи

формациясына жататын, өндірістік қатынастар [3, 380 – 381б.]

А. Смит

Қорлар екі бөлікке бөлінеді. Табыс алу күтілетін, бөлігі, оның капиталы



деп аталады [4, 404 б.]

Кеңестік


энциклопедиялық

сөздік


Капитал – бұл капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды пайдалануы

нəтижесінде қосымша құн əкелетін, құн. Кедейленудің жəне тікелей

өндірушілерді өндіріс құралдарынан күштеп айырудың жəне соңғысының

капиталистік кəсіпкерлердің қолына шоғырлануының нəтижесінде жұмыс

күші тауарға айналатын, тауарлық өндірістің дамуының белгілі

сатысында пайда болады [5, 539 б.]

В. Ле-Кутре

Мүлік, жалпы алғанда, кəсіпорынның қуаты оның болуына, оның




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау