281
банк жəне басқа қаржы-ақша саласын реттеуші органдар күн сайын құнды қағаздардың
сатылымы жөнінде шешім қабылдай отырып, ақшаның жағдайы мен пайыздық ставкаға əсер
етіп отырады. Ал фискалды саясат қолданысы заңнамалық мəселелер бойынша ұзақ уақытқа
кейін қалдырылуы мүмкін. Екіншіден, бұл саясат саяси қысымнан алшақтатылған, əсіресе
дамыған елдерді осындай үрдісті байқауға болады. Сонымен қатар, ақша-несие саясаты өз
табиғаты бойынша жұмсақ жəне саяси қатынаста айтарлықтай қолданбалы. Саясаттың
негативті жақтары туралы айтатын болсақ, құнды қағаздар саясаты банктер несиелер көлемін
шеутеуге мəжбүр болатындай резервтерді төмендете алады. Ал бұл дегеніміз ақша
ұсынысын шектеуді білдіреді. Құнсыз арзан ақшалар саясаты коммерциялық банктерге
қажетті резервті қамтамасыз етуі мүмкін, алайда бұл ақша ұсынысының артуына кепілдік
бермейді. Осындай ахуалда бұл саясаттың қолданысы тиімсіз болады. Аталған құбылыс
циклдік ассимметрия деп аталады жəне ол ақша-несиелік реттеуге бірқатар тосқауылдар
жасауы мүмкін. Екінші теріс фактор ол ақша айналымының жылдамдығы ақша ұсынысына
қарама-қарсы бағытта өзгеру үрдісіне ие, осылайша ол мемлекеттік саясаттың ақша
ұсынысын реттеуі бойынша шараларға кері əсер етеді. Яғни арзан ақшалар барысында ақша
айналымы төмендейді, нəтижесінде жалпы шығындар да қасқарады, ал бұл саясаттың
мақсаттарына қарама-қарсы болып келеді [5].
Елімізде Ұлттық Банк 2015 жылдан бастап өз қызметтерінің ашықтығын арттыру
жəне қоғамды ақша-несие саясатының құралдары мен шаралары туралы ақпараттандыру
бойынша жөмысын жалғастырады. Жалпы, ақша-несие саясатының шараларын жүзеге асыру
тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен мақсатты коридорда ақша инфляциясын
ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған [6].
Қорытындылай келе, мақала Қазақстан Республикасының индустриялық дамуын
жетілдіру үшін мемлекеттік реттеу құралдарының, атап өтсек, əлеуметтік жауапкершілік пен
ақша-несие саясатының тиімділігі, артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ қазіргі
ахуалы мен даму ерекшеліктерін қамтиды.
Əдебиеттер:
1. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 30 қараша 2015 жыл // www.strategy2050.kz
2. «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам», 10.07.2012 //http://www.inform.kz/kaz/article/2478341
3. Тлеуберген Е.Ж. Эффективность денежно-кредитной политики банковской системы
Казахстана //Вестник КарГУ. – 2008 http://articlekz.com/article/5360
4. Баймұратов О. Қоғам мен экономика гармониясы (əлемдік парадигма). Оқу құралы –
Алматы: «Экономика», 2013. -456б.
5. Мырзалиев Б.С. Государственное регулирование экономики. Оқу құралы: Алматы: «Нұр-
Пресс», 2007. – 522 б.
6. Основные направления денежно-кредитной политики Республики Казахстан на 2015 год //
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31671157
МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СЕРІКТЕСТІГІ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Умарбекова А.Ж.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
E-mail: umarbekova_azh@mail.ru
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында
Қазақстанның жаңа саяси бағыттарының бірі «ұлттық экономикамыздың жетекші күші –
282
кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау» екендігін айта отырып, «мемлекеттік-жекеменшік
əріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды
жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны іске асыруда кең ауқымды жəне барлық
кəсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді» деп көрсеткен болатын. Кəсіпкерлікке аса
ірі жауапкершілік артылған. Мəселен, «халықаралық тəжірибені сараптау нəтижесінде
кəсіпкерлерді палаталарға топтау экономиканың тиімділігінің ең негізгі факторы, мұндай
қадам жүзеге асқан тұста «мықты бизнес, мықты мемлекет» ұстанымы іске асырылады»
делінген Жолдауда [1]. Тəжірибе көрсеткендей экономикалық жүйе өздігінен дамымайды,
қоғаммен біте қайнасады. Қоғам мүддесін жəне тұрақтылығын қорғауда мемлекеттің маңызы
зор. Қоғамның экономикалық бағытының дамуы жекелеген кəсіпкерлер немесе корпорация
мүдделерімен сəйкес келмеуі мүмкін. Бұл тұрғыда Жолдауда ортақ мəмілеге келіп, мемлекет
пен бизнестің əріптестігі негізінде мүдделерді тоғыстыру қарастырылған. Осыған
байланысты мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету,
тиімді əріптестік қатынастарды дамыту жəне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру
кезінде мемлекет пен бизнестің өзара əрекеттестігін дамыту мен жетілдіру қазіргі кездегі
өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Мемлекеттік-жеке меншік əріптестік механизмін қолдану арқылы мемлекет халыққа
қызмет көрсету функциясын ғана емес, сондай-ақ тəуекел мен жауапкершіліктің бір бөлігін
жеке бизнеске өткізіп береді. Мұндай механизмді іске асыру арқылы бюджет ауыртпалығын
төмендетуге, бизнестің мемлекеттік активтерді басқаруға қатысуына, жаңа инвестиция
көздерін тартуға жəне мемлекет пен бизнестің өзара əрекеттестігінің ұтымды үлгісін енгізуге
қол жеткізіледі. Сондықтан, мемлекет пен жеке меншік бизнестің өзара функционалды
əрекетін жетілдіруге деген қажеттілік «мемлекеттік-жеке меншік əріптестіктің» түрлі
аспектілерін ғылыми тұрғыда зерттеуді талап етеді.
Жалпы мағынасында, «бизнес пен мемлекеттің серіктестігі» ұғымы, мемлекет пен
жеке меншік сектор арасындағы қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу жолындағы
келісімшарттық сипаттағы институтталған ұзақ мерзімді қатынастар жүйесіне жатқызылады.
Мұндай мақсаттарға мысал ретінде, инфрақұрылымдарды модернизациялауды немесе
қызмет көрсету сапасын жақсартуды алуға болады. Алайда, іс жүзінде, «серіктестіктің» бір-
бірінен мақсаттық бағдары, қызметі, ауқымы, схемасы, шарттары, қатысушылары жəне басқа
да белгілерімен өзгешеленетін ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, БМС мəнін ашуда
«теориялық» жəне «эмпирикалық» ұстанымдар арасындағы айқын өзгешеліктер байқалады.
Бұл өзгешеліктер жеке зерттеушілердің, халықаралық ұйымдардың, ұлттық заңнамалардың
түрліше тұжырымдалуынан көрініс табады [2, 21-23б.].
«Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі» ұғымына бірнеше тұрғыда берілген
анықтамаларға тоқталып кететін болсақ, олар:
Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі – теориялық-əдіснамалық бағыттың аясында,
ұлттық экономиканың мемлекеттік секторының инфрақұрылымдық дамуы саласындағы
міндеттерді бірлесе шешу үшін жеке меншік секторды тартуға байланысты мемлекет пен
бизнестің ұзақ мерзімдік экономикалық қатынастар жүйесі.
Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі – ғылыми-тəжірибелік бағыттың аясында,
дəстүрлі түрде мемлекеттің қарауында болып келетін салалардағы мемлекет пен бизнестің
өзара əрекеттестігінің ұзақ мерзімдік келісімшарттық формалары ме əдістерінің жиынтығы.
Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі – қоғамдық-саяси бағыттың аясында, қоғамның
ұзақ мерзімдік дамуының ортақ (бірлескен) мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік
жəне корпоративтік саясаттың құралдарының көмегімен (қаржылық, өндірістік, ақпараттық,
еңбек) біріктіру негізіндегі қоғам, мемлекет жəне бизнестің институтталған альянсы.
Бұның барлығы жалпыға ортақ қабылданған бизнес пен мемлекеттің серіктестігі
ұғымының азды-көпті анықталған нақты мəндік тұжырымы əлі де болса бір ізге түсе
қойылмағандығын көрсетеді. Сондықтан да, бұл мəселе қазіргі күні ғылыми-тəжірибелік
сипаттағы өзекті міндет болып табылады.