277
туылады, оларды тəрбиелеуге, оқытуға жəне əлеуметтендіруге ыңғайлы жағдай жасалады,
яғни, қатысушыларының қабілетін жинақтап, жетілдіретін орта қалыптасады.
Ғалымдар атап өткендей, мемлекеттік бюджеттің тепе-теңдестірілмегендігінен, білім
алу, денсаулығын жəне баспанамен қамтамасыз ету жауапкершілігінің бір бөлігі үй
шаруашылығына жүктеледі. Бірақ, ол үй шаруашылықтарының табыстарының
айырмашылығы өсіп бара жатыр, бұл олардың кейбірінің инвестициялық əлеуетінің азаюы
мен адами капиталды қалыптастыру мүмкіндігінің төмендеуіне алып келеді [4].
Адами капиталдың қалыптасуында маңызды орынға ие келесі субъект ұйымдар болып
табылады. Олардың салық төлемдері бюджеттің табысты бөлігін құрайды жəне білім беру, т.
б. мақсаттарға жұмсалады.
Сонымен қатар кəсіпорындар экономиканың түрлі саласында персоналға деген
сұранысты қаоыптастыра отырып, шағын жəне орта кəсіпкероіктің дамуына, зияткерлік
өндіріске атсалысады. Экономикалық қарым-қатынастың бұл субъектілері бірнеше үлгіге
сүйене отырып, адами капиталдың жинақталуына қатыса алады: экономикалық əл-ауқат пен
еңбек ұжымының қажеттілігін қанағаттандыру (жеңілдіктер, кепілдік беру, кəсіби қайта
дайындықтан өткізу, зейнетақылық жəне баспаналық қамтамасыз ету) немесе əлеуметтік
салыпдарды қысқарту арқылы [5].
Кейде үй шаруашылығы да, ұйымдар да адами капиталдың тиімді қалыптасуы мен
қолданылуына ыңғайлы жағдай жасай алмайтынын ескере отырып, бұл сұрақ мемлекет
тарапынан реттеуді қажет ететінін айта кетуге болады. Мемлекеттік реттеу бірінші кезекте
білім беруге, мəдениетке, денсаулық саласына инвестиция салу, кемтар əлеуметтік топтарға
көмекті қамтамасыз ету, жұмыспен қамтамасыз ету мəселесін шешу жəне баспана
төлемдеріне дотация беруге бағытталған.
Аталған үдерісті мемлекеттік реттеу тікелей жəне жанама түрде іске асырылуы
мүмкін. Соңғысы шығармашылыққа дол ашатын немесе кедергі келтіретін, өзін-өзі дамытуға
шақыратын немесе əлеуметтік тоқырау мен апатияға алып келетін жағдай жасау түрінде
көрсетіледі. Осы уақытта мемлекеттік басқару органдары білім алуға мүмкіндік ашатын
институттардың қызметіне талдау жасауы, ғылыми-техникалық дамулы ынталандыруы,
экономика дамуының инновациялық бағыттарын қолдауы тиіс.
Адами капиталдың қалыптасуын зерттеу нəтижесі ретінде келесі мағлұматты атауға
болады:
1.
Адами капиталдың түрлері анықталып, олардың қалыптасу сатыларына толық
сипаттама берілді.
2.
Адами капиталдың қалыптасуына ықпал ететін факторлар анықталып, олар
құрылымы, сатысы, нəтижесі жəне əсер ету сипаты бойынша топтастырылды. Аталған
ақпарат ішінде жеке қасиеттер, ата-анасының білім деңгейі, тұрғыгдардың əлеуметтік
жағдайы жəне идеологиялқ факторлар бөліп көрсетілді.
3.
Инновациялық даму жағдайында адами капиталды қалыптастырудығы
əлеуметтік институттардың орыны анықталып, оның ішінде мемлекеттік реттеудің маңызы
жəне қажеттілігі сарапталды.
Əдебиеттер:
1.
Караткевич, С.Г. Методы формирования и оценки человеческого капитала социотехнических
систем // Вопросы экономики и права. – 2011. – № 7. – С. 54-58.
2. К. А. Устинова, Е. С. Губанова, Г. В. Леонидова.Человеческий капитал в инновационной
экономике. – В.: ИСЭРТ РАН, 2015. – 24 с.
3. Daniel Meji, Marc St-Pierre. Unequal Opportunities and Human Capital Formation. - 2004. – 40 р.
4. Б. Т. Исабек, Л. К. Мухамбетова. Инновации и предпринимательство. -А.: ТОО «Эверо», 2014. –
6 с.
5. Хачатрян, О.А. Рыночный спрос на человеческий капитал. – М.: ОрелГИЭТ. – 2010. – № 3(13).
278
ЖАҺАНДЫҚ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ:
ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖƏНЕ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
Манақбай Д.Б., Тасқұлов М.С.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: damira_mb_94@mail.ru
Қазіргі таңда ХХІ ғасырда орын алып отырған жаһандану үрдісі барысында, кез
келген мемлекеттің экономикасы тұрақты əрі тиімді дамуға, халықтың əл-ауқатын
жақсартуға, халықаралық кеңістікте бəсекеге қабілетті болу мен əлеуметті жауапты қоғам
орнатуға бағытталады. Заманауи əлемдік ахуал көптеген елдердің экономикасына əсер етуші
дағдарыстардың орын алып отырғанын көрсетіп келеді. Осы тұрғыда мемлекет қабылдаған
салиқалы саясат қана дағдарыстық жағдайдан залалсыз шығып, ілгері индустриаландыру мен
инновациялық дамуға жол бастайды.
ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан халқына
Жолдауында еліміздің ең негізгі дағдарысқа қарсы стратегиясы үш қарапайым, алайда
маңызды түсініктермен: өсім, реформалар жəне даму барабар екендігін атап өтті. Біріншісі –
бұл өсім, ең алдымен, экономикалық өсім. Ағымдағы мəселелерге қатысты біз Қазақстанның
əлемнің аса дамыған отыз елі қатарына кіруін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің
қарқындарын қайта қалпына келтіру қажетпіз. Екіншіден – бұл реформалар. Олар
экономиканың, қоғамның жəне мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бізге
мемлекеттік жəне корпоративтік менеджментті, қаржы жəне фискалды секторларды аса
терең реформалау өмір үшін маңызды болып тұр. Үшінші – бұл даму. ХХІ ғасырда дамудың
басты факторы қоғамның барлық салаларының үздіксіз модернизациялау болып табылады.
Біз барлық мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке институттардың Жалпыға ортақ еңбек қоғамы,
жоғары əлеуметтік жауапкершілік, халықтың əлжуаз таптарына бағытталған көмек
қағидаларында кең ауқымды түбегейлі өзгерістер жөнінде жұмыс істеп келеміз [1].
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы өсуінің драйверлері болып инновациялық
индустриаландыру шеңберінде құрылып жатқан экономиканың жаңа секторлары саналады.
Көптеген өңдеуші салалар өсімді көрсетуде. Өңдеуші өнеркəсіп бес жыл ішінде 1,3 есеге
артса, химиялық өнеркəсіа пен құрылыс материалдарының өндірісі 1,7 есеге көтерілді.
Машина жасау өндірісі 2,2 есеге жоғарылады, ал экспорттың көрсеткіші - 3 есе. 800-ден
астам индустриалдық жобалар жүзеге асырылды. Металлургия өнеркəсібі 15 пайызға өсім
көрсетсе, химия өнеркəсібінде бұл көрсеткіш – 3,2 пайыз. Минералды өнім өндірісі – 3,2
пайызға жоғарылады, ал киім өндірісі – 4 пайыз. Дүниежүзілік Банк жəне Азиялық Даму
Банкі Қазақстанда 2016 жылы экономикалық өсімнің айтарлықтай жоғары қарқынын болжап
отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлқы да өзгерістерге ие. Ең
алдымен, еңбек өнімділігі 60 пайыздан астамға дейінгі өсімді көрсетіп отыр. Бұл
көрсеткіштер ақша-несие саясаты, фискалды саясат жəне əлеуметтік қорғау секілді
мемлекеттік реттеу тетіктерінің тиімді қолданысы арқасында жүзеге асып жатқан
экономикалық саясаттың тиімділігін көрсетеді [1].
Біздің экономика жаһандық дағдарыстардың негативті əсерлерін басынан кешіргеніне
қарамастан, отандастарымыздың əл-ауқатын арттыру бойынша əрқашан іс-шаралар
жүргізіліп келеді. Соңғы он жыл ішінде əлеуметтік салаларға мемлекеттік шығындар нақты
шамада 3 есеге артты. Əлеуметтік сала мен мемлекеттік басқару саласында жұмыс бастылар
саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жəрдемақылар мен төлемдердің үлкен көлемін
қамтамасыз етіп келеді. Оларды 1,5 миллионнан астам азаматтар алып жатыр [1].
Қазақстанда мемлекет - əлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы жəне басты
қозғаушы күші. Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тəрбие үдерістерін аса
ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет – шетсіз шексіз донор емес, азаматтар əл-ауқатының өсуі
үшін жағдай туғызатын əріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды. Мемлекеттің