267
өсіру жағдайларына сəйкес келетін техниканы ойластыру, аграрлық өндірісте энергия
көздерін пайдаланудың интеграцияланған технологияларын пайдалану қажет [2].
АӨК инфрақұрылымын дамыту қазіргі заманғы нано-, биотехнологиялардың
жетістіктері негізінде жалпы жəне арнайы пайдалануға арналған экологиялық қауіпсіз,
бəсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру кезінде ауылшаруашылығы шикізатын сақтау
жəне оларды қайта өңдеудің технологиялық жүйесін құруға байланысты.
АӨК экономикалық дамыту мəселелерін шешу мемлекеттік бюджет есебінен
қаржыландыру деңгейіне байланысты, ол бəсекеге қабілетті ауылшаруашылығын
арттырудың жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жəне басым
бағыттарын шоғырландыру негізінде стратегиялық жоспарлау принциптеріне байланысты
жүзеге асырылуы тиіс.
Агроөнеркəсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпал ететін шарттар мен
факторларды талдау оларды кері ықпал етуші (инновациялық дамуды тежеуші) жəне оң
ықпал етуші (инновациялық процестердің қарқындылығын күшейтуші) деп екіге бөлуге
мүмкіндік береді.
Агроөнеркəсіп кешенінің инновациялық дамуына оң ықпалын тигізетін шарттар мен
факторларға шаруашылық жүргізудің нарықтық тəсілін, табиғи ресурстардың көптігін,
ғылым мен білім əлеуетінің жеткіліктілігін, ішкі азық-түлік нарығының ауқымдылығын,
экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, табиғи азық-түлік өнімдер өндірісінің мүмкіндігін жатқызуға
болады.
Ал, кері ықпал ететін шарттар мен факторлар ретінде отандық ауыл шаруашылығы
ғылымындағы ұйымдық құрылымның күрделілігін; ғылыми-техникалық жəне инновациялық
қызмет түрлерінің əркелкілігін; ғылыми зерттеулердегі өңірлік, салалық жəне салааралық
сипаттағы мəселелердің үлес салмағының басымдығын; ұдайы өндіріске қатысты кейбір
мəселелерді зерттеу мерзімінің тым ұзақтығын қарастыруға болады. Аталмыш факторлар
ауыл шаруашылығы ғылымы мен аграрлық ғылыми зерттеулерді басқаруда елеулі
қиыншылықтар туғызады.
Нарықтық
экономикадағы
инновациялардың
басым
көпшілігі
кəсіпкерлік
құрылымдар тарапынан өндірістік жəне коммерциялық міндеттерді шешудің құралы ретінде,
əрі олардың тұрақты жұмыс істеуін, экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті
қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде жүзеге асырылады жəне нарыққа, нақты бір
тұтынушы тобына немесе қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.
Агроөнеркəсіп кешенінің дамуына қажетті шарттардың бірі – ғылыми-техникалық
прогресс. Аталмыш процесс ғылым мен техника жетіктістерін игеру арқылы кеңейтілген
ұдайы өндірісті жүргізуге мүмкіндік беретін инвестициялық-инновациялық процестерге
негізделеді.
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық əлеуетті қалыптастырудың басым
бағыттарының бірі, əрі маңызды міндеті ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-конструкторлық
жұмыстарды жеткілікті көлемде қаржыландыру болып табылады. Соңғы жылдары мұндай
жұмыстар бірнеше көздерден, атап айтқанда, республикалық бюджеттен (шамамен 40℅);
жергілікті өңірлік қаржылардан (орташа есеппен 27℅); ауыл шаруашылығы кəсіпорындары
мен ғылыми мекемелердің меншікті қаражатынан (32,8℅) қаржыландырылды.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы ғылымына жұмсалатын мемлекеттік шығындар
жылына 4-6℅ артып отырса, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-конструкторлық жұмыстарға
кететін шығын көлемі жалпы ұлттық өнімнің 2℅-дан астамын құрайды. Ал, Қазақстанда
болса, шығын көлемі біршама жылдан бері жалпы ұлттық өнімнің 0,25℅-ынан асқан емес.
Мемлекет, бірінші кезекте, материалдық өндіріске, еңбекке жəне ақылға негізделген
ұдайы өндіріс тетігін қолдауға; ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігі мен бəсекеге
қабілеттілігін арттыратын, аграрлық бағыттағы ғалымдардың ғылыми нəтижелерін
уақытылы патенттеу жұмыстарының ұйымдастырылуын күшейтуге; инновациялық
жетістіктердің өндіріске ендірілуін ынталандыруға баса мəн беру керек. Неге десек,
жаһандану кезеңінде бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына
268
қомақты қаржының құйылуын талап ететін, қымбат, жаңа инновациялық технологияларды
шұғыл түрде ендіру қажет. Осы орайда, ауыл шаруашылығындағы кадр əлеуетінің қазіргі
ахуалы
инновацияларды
іс-жүзінде
ендіруге
елеулі
кедергі
келтіретіндіктен,
инвестициялардың тиімділігін барынша азайтып, «Агроөнеркəсіп кешенін дамыту»
мемлекеттік жобасының жүзеге асуын тежейтінін айқын ұғынған жөн.
Экономикасы дамыған елдердің инновациялық нарықтары негізінде əлемдік
инновациялар нарығы құрылады. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан инновациялар
нарығының түбегейлі нарықтық қайта құруларды жүзеге асыру кезеңіндегі агроөнеркəсіп
кешені экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты төмендегідей бірқатар өзіндік
ерекшеліктері байқалады:
- ғылыми-техникалық салада өткен жылдардан ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-
конструкторлық жұмыстардың жеткілікті қоры қалғанымен, оларды іске асыру жəне ауыл
шаруашылығы саласында жаңа зерттеулер мен əзірлемелерді жүргізу үшін тапсырыс беруші
тұтынушылардың қаржысы жетпейді;
- инновация нарығы өнімнің өзінен емес, инновациялық қызметті жүргізуге қабілетті
ұйымдардың, ұжымдардың, жекелеген мамандардың жиынтығынан тұрады;
- бүгінгі күні инновациялық ұйымдар көбіне венчурлық капиталмен қамтамасыз
ететін ұйымдардың қаражаты есебінен өз беттерінше жұмыс істей алмайды.
Мемлекетімізде инновациялық жəне техникалық прогресстің тежелуі немесе баяу
қарқынмен дамуы əлемдік нарықтың шикізаттың көзі болып қала беруіне соқтықтырады. Ал
мұндай болашақ технологиясы жетік дамыған мемлекеттерге тəуелді еткізіп, прогресстің
соңғы сатыларында жүруге итермелейді. Отандық өндіруішлер мен тұтынушылардың қандай
да бір тауар түрі бойынша сыртқы нарыққа тəуелділігі түбінде мемлекеттің халық аралық
бəсекедегі орнын төмендетіп, оларды сатып алудан түскен қосымша құн мен валюталық
түсімдер шет елдік бəсекелестердің өндірісі мен технологияларын жаңартуға жұмсалады.
Өндірістің индустриалды-инновациялық тұрғыда жедел дамуын талап етіп отырған
шаруашылықтың қазіргі жағдайында келесі факторларды ескеру қажет:
• институционалды тұрғыда тиімді қызмет атқаруға қабілетті жеке меншік секторын
қалыптастыру;
• өндірістік тұрғыда импорттың орнын алмастыру мен инновациялық саясаттарды
алға қоя отырып, ішкі нарықтағы өндірушілердің өнімдері мен сапасын жəне бəсекеге
қабілеттілігін арттыру;
• ресурстық тұрғыда инвестициялық жедел амортизация саясаттарын қалыптастыру
мен еңбек ресурстарының тиімділігін көтеру;
• ұйымдастыру – басқару шаралары бойынша мемлекеттік стратегиялар мен өндіріс
анклавтары арасындағы мүдделерді үйлестіру.
Қорыта келегенде, жалпы экономикалық тұрғыда алғанда еліміздің дамыған
мемлекеттер қатарына ену үшін жоғарғы технологиялы өнімдер нарығында бəсекеге түсе
алатын жағдайға жетуіміз қажет. Демек, тиімді ұлттық инновациялық жүйе бəсекеге қабілетті
ұлттық экономиканы құру мен қалыптаструдың басты механизмі болып табылатыны белгілі.
Сондықтан да, дұрыс таңдалған инновациялық саясат еліміздің индустриалды-
инновациялық дамуының жетекші тізгіні ретінде болуы қажет. Əрі ол отандық ғылыми
сыйымды өндірісті дамыту мен бəсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізгі құралы бола
алады. Біздің ойымызша, жаһандану жағдайында инновацияның дакмуы АӨК саласына оң
əсерін тигізеді. Бұл жалпы алғанда еліміздің экономикасының өсуіне де ықпал етеді жəне де
КО арқылы АӨК дайын өнімдерін шетелдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
Əдебиеттер:
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Экономика республикалық апталық газеті. №49 (221), 2011.
3. Рахимжанова А. Состояние и проблемы развития АПК Казахстана // Аналитик. – 2011. -
№3. – С.79-82.