5
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді іске асыру қажет:
-деректану пәнініңкәсіби тарихшыларды дайындауда қажеттілігін дәлелдеу;
-деректанудың салалық пәндерімен танысу;
-деректану ғылымының қалыптасу белестерін анықтау;
-деректанулық зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгеру,
- деректанулық зерттеу техникасы мен әдістері туралы
білімді игеру;
- тарихи деректерді зерттеу әдістерінің жалпығылыми және тарих
ғылымыныңәдіснамасына байланыстылығын түсіну;
- тарихи зерттеулердің терминдік аппаратын игеру:
-
деректерді талдау барысындағы және оның нәтижесін зерттеу
процесіндепайдалану әдістерінбілу;
-студенттерді қазақ тарихының негізгі деректер тобымен таныстыру:
Оқу жоспарына енген кез келген пәннің өз
объектісі бар. Деректану
теориясының объектісі тарихи дерек көздері, олардың пайда болуы, ондағы
адамзат қоғамы жөніндегі ақпараттың көрініс табуы және сол деректерді
зерттеу.
Деректану тарих ғылымының бір саласы. Кез келген елдің тарихын
зерттеушідеректану ғылымының көмегіне зәру. Өйткені тарихи дерексіз тарихи
шығарма жазылмайды. Деректанудың екі деңгейі бар, бірі –
эмпирикалық,
екіншісі –
теориялық. Оның өзіне тән
әдістемесі және
әдіснамасы бар.
Деректануәдістемесі деп зерттеу барысында пайдаланатын әдістердің
жиынтығын айтамыз.
Ал ендіәдістердің теориясын, деректанулық
зерттеулердің негізгі принциптерін анықтауәдіснама еншісінде.
Теориялық деректану тарихи деректерді зерттеудің жалпы әдістерін
қарастырады. Әдетте деректердіңәртүрлі түрлері пайдаланылады. Сондықтан
деректердің ерекшеліктеріне байланысты әдістерді соған икемдеу қажеттілігі
туыңдайды.Деректанудың бірінші деңгейінде әдіс зерттеу объектісі ретінде,
екінші деңгейде құрал ретінде пайдалынады.
Деректанумен айналысатын ғалымдар үш топқа бөлінеді.
Алғашқылары тек оның теориялық жәнеәдіснамалық мәселелерімен
айналысады. Екінші топтағылар деректанудың «қара жұмысын» атқарады. Яғни
тарих ғылымының өзекті тақырыптарының деректерін іздеп-тауып, талдап
және
оларды
жариялайды.
Бұлар,
кәсіби
деректанушылар,мұрағат,
мұражайларда жәнеғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет жасайды. Ал енді
үшінші топтағылар тек өз тақырыптары бойынша ғана дерек талдаумен
айналысады. Бұлардың деректермен жұмыс істеуі әрқашанда нәтижелі бола
бермейді. Көбіне диссертациядағы кіріспе бөлімінің мазмұнды болмайтындығы
осыған байланысты. Міне деректану ғылымы жөнінде қалыптасқан түсінік
осындай.
Өткен ғасырдың 90-жылдары не тарихтан, не саясаттанудан хабары жоқ
шенеуніктердің үлкен тобы ғылым кандидаттары, тіпті ғылым докторлары
деген атаққа ие болды.Бұлардың «ғылыми» жұмыстарындағы деректерді
пайдалану деңгейі сын көтермейді. Егістікке шыққан арамшөп сияқты олар