22
ұсынды.Оның негізі орыс тіліне аударылған
Э.Бернгеймнің жұмысында және
Ш.Ланглуа мен Ш. Сеньобостың бірге жазған еңбегінде баяндалды. Олар
жасаған ғылыми-тарихи әдіснаманың шеңберіне деректанулық зерттеулердің
әдістері туралы ілім де кірді.
Позитивті ойлау көзқарасы тұрғысынан тарих ғылымы қандай да бір
философиялық құрылымға сүйеніп, ешқашанда өз қорытындыларын
жасамауы қажет. Оның тәжірибелік таным жолы тарихифактілердітиянақтау,
сипаттау және жалпылау. Зерттеуге лайықты тарихи фактілерге позитивистер
типтік және ұжымдық оқиғаларды, бұқаралық қозғалыстар мен қоғамдық
құбылыстарды жатқызды.
Тарихтың өзі– күрделі, көпфакторлы процесс.
Оның қозғаушы күші ретінде әртүрлі позитивті мектептер, түрлі
географиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени,идеологиялық және
психологиялық факторлардың қиылысуынан көрді. Нақты фактілер
құжаттарды сыни зерттеу арқылы анықталды. Зерттеуші жұмысының нә-
тижесі алынған фактілерден тарихи көріністі құрау болды.
Осылайша,
позитивті әдіснама тарихи зерттеуді екі кезеңге бөлді:
деректанулық – сын және тарихи синтез (көріністі құрастыру).
Әдіснаманың
деректанулық бөлігіэвристикадан (бастапқы процестер) және
деректанулық анализ әдістемесінен (аналитикалық процестерден) тұрды.
Эвристика қамтыды:
тарихи деректерді анықтау және жіктеу, оларды
іздеу, түрлі құжаттар жинағын сипаттау және бағалау, қосымша тарихи
пәндерге сипаттама беру.
Деректанулық анализдің мақсаты
куәгердің баяндаған мәліметтерінің
шынайылығын бағалау, шынайы фактілерді алу және фактілерді шынайы емес
хабарламалардан бөліп алу.Ол
деректің сыртқы және ішкі сынынан және
оны түсіндіруден тұрды. Осылайша қарастырылған құжат тарихшыға қажет
және қажет емес бірқатарфактілерге арнайы өңделіп, өз тұтастығынан
айырылды. Жалпы деректің, өз
өткенінің органикалық бөлігі ретінде
позитивті тарихшы үшін дербес мағынасы болған жоқ. Позитивизмнің
елеулі кемшілігі тарихи танымның субъективті жағын түсінбеу болды.Жалпы
позитивті деректану бұрынғы мектептер сияқты тарихи деректерді алдын ала
өңдеудің жалпы
әдістемесін қолданып, тарихи сын дәстүрін жалғастырды.
Дерекке
прагматикалық
көзқарасқа
қарамастан,
орыстың
позитивті
тарихшылары құжатқа деген қызығушылықты қалыптастырды.1868 жылы.
Берлин университетінің проф., реакциялық пруссия мектебінің өкілі
Иоганн
Густав Дройзеннің«Тарих ғылымдарының негізі» зерттеуі шықты. Бұл кітапта
деректерді жіктеуге және сыни талдауға арналған бөлімдер бар. Кітап тарихшы-
лар үшін әдіснамалық және практикалық нұсқаулық ретінде қолданылды. Ол
автордың 1857 жылдан бастап он жыл бойы оқыған лекция курсының негізінде
құрастырылды.
«Тарихтан бізқұдайды түсінуге үйренеміз және тек құдаймен
ғана тарихты түсінеміз,– дейді Дройзен. Автордың теологиялық пікірлері,
бүкіл жұмыстың идеалогиялық бағыттылығы анық көрінеді. Кітапта пси-
хологиялық анализ бен тарихи деректерді түсіндіруге үлкен орын берілген.