1
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМЖӘНЕБІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚОСТАНАЙМЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚИНСТИТУТЫ
АМАНЖОЛКҮЗЕМБАЙҰЛЫ
Д е р е к т а н у
Қостанай-2017
2
ӘОЖ 94(574)
ББК63.3(5қаз)
К 92
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтығылыми кеңесінің2015 жылдың
28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды.
Сын-пікір жазғандар:
А. Айтмұхамбетов,тарих ғылымдарының докторы,профессор
М. Алпысбес,тарих ғылымдарының докторы,профессор
С. Қолдыбаев,философия ғылымдарының докторы,профессор
Күзембайұлы Аманжол.
К 92 Деректану. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институты. – Қостанай, 2017. –228 б.
ISBN 978-601-7839-94-9
Оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын деректану
пәніне арналған.Оқу құралы негізгі үш бөлімнен тұрады.
Алдымен дерек түсінігінің теориясы қарастырылған.Келесі бөлімінде
деректердің түрлеріне сипаттама беріледі. Ал соңғытарауында деректерді іздеу,
табу, талдау және олардан объективті ақпарат алу әдістері баяндалған.
Оқу құралы тарих факультетінің студенттеріне, магистрлеріне, жоғары және
орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдерінеарналған.
ӘОЖ 94(574)
ББК63.3(5қаз)
ISBN 978-601-7839-94-9
© Күзембайұлы Аманжол, 2017
© Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты, 2017
3
1. ДЕРЕКТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Жоспары
1.Тарихи дерек түсінігі.
2.Деректану пәні,мақсаты және міндеттері.
3.Деректану әдістері.
4. Оқулықтар мен оқу құралдарына қысқаша шолу.
Тарих ғылымы мен тарихи білімнің беделі асқақтап тұрған заманда тарихи
шығармалардың сапасына ерекше көңіл бөлген абзал. Сапалы зерттеу қоғамда
тарихи сананың қалыптасуына игі әсер ететіндігі белгілі. Ал енді тарихи
шығарманың жоғарғы деңгейде жазылуы үшін деректер корпусының толық,
объективті әрі шынайы болуы қажет. Болашақ тарихшы деректермен жұмыс
жасауды жоғарғы оқу орнында үйренуі тиіс. Сондықтан да тарих факультетінің
оқу жоспарынан деректану пәні ойып тұрып орын алған.
Көлемі үш кредиттен тұратын деректанудың өзекті тақырыптарына арналып 30
сағат дәріс оқылады. Дәріс барысында алынған білім 15 сағаттық семинарда
және
90
сағаттық
студенттердің
өздігінен
істелетін
сабақтарда
зерделенеді,толығады және бекітіледі. Байқағаныңыздай уақыттың көпшілік
бөлігі студенттің өзіндік жұмыс істеуіне арналған. Бүгінгі студент ақпарат
көздерін барынша пайдалана білуі қажет. Сондықтан оқытушы оларға ақпа-
ратты өз бетімен алу жолдарын ұйретуі кезек күттірмейтін мәселе.
«Деректану»терминін алғаш ғылыми айналымға кіргізгеннеміс ғалымы А.Л.
Шлецер.Тарихи дерек неміс транскрипциясында – «Quellenkunde», француз
тілінде (étude des sources), испан тілінде (estudios de las fuentes),қырғызша
«бұлақтану», татарша «чыганақ»,өзбекше «tarixiy manba», башқұртша «тарихи
сығанактарға»барлығының да аудармасы деректерді зерттеу. Қай тілде қалай
аталсада терминнің мағынасы –деректер туралы ғылым.
1.Тарихи дерек түсінігі
Ғылымда тарихи деректің түсінігі сан-алуан. Әр заманда, әртүрлі елдің
тарихшылары тарих дерек туралы әртүрлі пікірде болды. Қалай болғанда да
өткен заман туралы қандай да болсын, мәлімет беретін ақпарат көздерін тарихи
дерек санатына қосқан дұрыс сияқты.
Тек қана олардың мына төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет деп
ойлаймыз. Біріншіден, ұзын-сонар адамзат тарихында халықтың рухани және
материалдық мәдениет саласында ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырған
4
жәдігерлер оның өткенінен шынайы ақпарат береді. Екіншіден, бұл ақпарат
мұқият тексеріліп, объективтілігі мен шынайлығы анықталуы қажет.
Үшіншіден,табылған,тексерілген, анықталған ақпарат тек зерттеу процесінде
пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады. Тарихи дерек дегеніміз
зерттеу процесіне енгізілген адамзат қоғамының тарихынан қандай да
болмасын мәлімет беретін ақпарат көзі.
Осы күнге дейін ғалымдар арасында ақпарат көзіне адамзат тарихынан мәлімет
беретін қандай жәдігерлерді жатқызуға болады деген мәселе жөнінде
пікірталастар жүріп жатыр. Олардың бір тобы оған адамзаттың іс-әрекетіне
байланысты қалғанізді (след) жатқызса, екіншілері сол іс-әрекетті айқын-
дайтын, анықтайтын деректерді ақпарат көзі деп есептейді. Алғашқы топ
мұндай деректерге адамның мақсатты түрде өз қолымен жасалған заттарын
кіргізсе, екіншілері солар жөнінде айтылғандарды, жазылғандарды есепке
алады.
Деректану тарихи деректердің теориясын,оны зерттеудің техникасы мен
әдістемесін қарастыратын тарих ғылымының бір саласы.Олкешенді
ғылым. Оның жеке ғылыми статус алған бірнеше салалары бар.Негізгі міндеті
деректерден шынайы ақпарат алу.Тарихи деректанудың ғылым ретінде өзінің
объектісі,пәніжәне мақсаты мен әдістері бар. Яғни ол заманауи талаптарға сай
тарихи деректерді пайдаланудыңтеориялық-әдіснамалықмәселелерін зерттейтін
ғылым.
Деректану басқаларға қарағанда жас ғылым. Оның пайда болғанына небары
100-жыл ғана. Ол әлі ғылым ретінде қалыптасу үстінде. Шетел тарихшылары
ХІХ-ХХ ғасырларда ақ тарихи деректердің теориялық мәселелерінерекше
әлеуметтік таным ретінде шешу жолдарын ойластырған.
Кешегі кеңес тарихнамасында бұл проблема пікірталас туғызып, ХХ ға-сырдың
екінші жартысында деректанудыңтеориялық мәселелерімен қатар он-ың
қолданбалы қызметін де айқындаған болатын. Сөйтіп мына төмендегідей
проблемалардың басын ашып алу қажет:
1)
деректанудың ғылым ретінде қалыптасуы;
2)
оның пәні мен міндеттерінің теориялық сипаты бар екендігін түсіну;
3)
оның тарихи пәндер арасындағы орны анықтау,пәнаралық статусын
мойындау;
4)
тарихи деректердің табиғатын және мәнін, оларды топтау,түрлері мен
түршелерінің эволюциясын зерттеу;
5)
олардың беретін ақпараттардың көп құрамдылығынжәне олардың оның
түрлері мен формасын, сапа мен санының сипатын анықтау.
2. Деректану пәні, мақсаты және міндеттері
Деректану пәнінің негізгі мақсаты тарихи құбылыс ретінде қарастырылатын
белгілі бір әлеуметтік ортада, белгілібір тарихи кезеңде пайда болатын
деректердің табиғатын зерттеу.Келесі бір мақсаты студенттерге тарихіздеу-
табу, талдау және оларды ғылыми айналымға кіргізу әдістерін үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |