Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі


С.А.Никитиннің  «КСРО  деректануы»



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет14/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72

31 
 
Осы  жылыС.А.Никитиннің  «КСРО  деректануы»  курсы  жарияланды  (2  т.), 
онда XIX ғ. деректерді сынау мен маңызды жазбаша деректерге шолу берілген. 
М.Н. Тихомиров пен С.А. Никитиннің еңбектерінің басылып шығуы марксистік 
деректанудағы  маңызды  қадам  болды.  Бұл  бағыттағы  одан  арғы  жұмысты 
соғыс тоқтатып тастады. 
Екіншідүниежүзілік 
соғыстан 
кейін 
кеңес 
тарихшыларының 
түрлі 
деректанулық  мәселелерді  жасауға  қызығушылығы  едәуір  өсті.  1955  жылы 
«Деректану  мәселелері»  деген  арнайы  басылымдар  қайта  шығарыла  бастады. 
Соғысқа  дейін  тек  үш  басылым  шықты.Барлығы  он  бірі  жарияланды.  Олар 
тарихшылар  үшін  үлкен  қызығушылық  тудырды.  Оларда  және  Тарих-мұрағат 
институтының жарияланған еңбектерінде, «Тарихи мұрағат», «Мұрағаттану 
сұрақтары»,  «Археографиялық  зерттеу»  журналдарында  теориялық 
сипаттағы деректанулық жұмыстар бар.  
Тарих  проблемаларына  арналғанжурнал  беттеріндедеректану  мәселелеріне 
бұрынғыға  қарағанда  көп  көңіл  бөле  бастады.  Бұл  журналдардың  беттерінде 
жаңа  құжаттарды  жариялау  жүзеге  асырылды,  жоғары  оқу  орындарында 
деректануды оқыту сұрақтары талданады. 
Үлкен  Кеңес  Энциклопедиясы  жариялағанЛ.В.Черепниннің  «Деректану» 
мақаласы  осы  ғылым  саласы  пәнінің  және  әдістерінің  мәнін  дұрыс  түсінуге 
көмектеседі.  (Қараңыз:  Л.В.Черепнин.  Источниковедение.  См.:  БСЭ,  т.  19). 
Бірқатар  жалпы  деректанулық  сұрақтарА.  Д.  Люблинскийдіңортағасырлар 
тарихы  деректануы  бойынша  зерттеулерінде  қарастырылады,  онда  феодализм 
кезеңіндегі  Батыс  Еуропаның  барлық  елдерінің  тарихи  бойынша  негізгі 
деректерге  шолу  жасалынған  (Қараңыз:  А.  Д.  Люблинская.  Источниковедение 
истории средних веков. Л., 1955.). 
1962 жылыВ. И. Стрельскийдің КСРО тарихының деректануы кітабы жарық 
көрді.Империализм  кезеңіндегі  (XIX  ғ.  аяғы  –  1917  ж.)  КСРО  тарихының 
деректанулық  ерекшеліктері  қарастырылады.  Осы  кезеңді  зерттеу  үшін  автор 
деректердің жеті түрін бөліп көрсетеді: 
1. 
Марксизм-ленинизмнің 
негізін 
қалаушылардың 
шығармалары. 
Коммунистік партия материалдары.  
2. 
Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізу материалдары.  
3. 
Әлеуметтік-экономикалық статистика. 
4. 
Заң материалдары және басқа құқықтық актілер. 
5. 
Мемуарлық және эпистолярлық әдебиет. 
6. 
Мерзімдік басылым. 
7. 
Көркем және ғылыми әдебиет ескерткіштері. 
Бұл  бөлімде  географиялық  зерттеулердің,  саяхаттардың,  экспедициялардың 
сипаттамалары да бар. Кітапта тарихи, деректерге ғылыми анализ, іріктеу және 
синтез  жасаудың,  деректерді  жіктеудің  жалпы  принциптері,  сондай-ақ,  КСРО-
дағы  мемлекеттік  және  партиялық  мұрағат  қорларын  жасау  процесі  және 
оларды ғылыми ұйымдастыру ашып көрсетілген.  
М.Н. Черноморскийдің1966 жылы жарияланған кітабы кеңес дәуіріндегі КСРО 
тарихының деректануына арналған (КСРО тарихы деректануы (кеңес кезеңі). 


32 
 
М.,  1968;  соныкі.  Автор  кеңес  дәуіріндегі  КСРО  тарихын  зерттеуге  қажет 
жазбаша деректердің негізгі түрлері деп есептейді: 
1) В. И. Лениннің шығармалары;  
2) Кеңес Одағының Коммунистік партиясының құжаттары;  
3) Кеңес үкіметінің заң актілері және қаулылар;  
4) КСРО халық шаруашылығын жоспарлау материалдары;  
5) статистикалық деректер;  
6)еңбекшілердің  бұқаралық  ұйымдары  (кеңестік,  кәсіподақ,кооперативтік, 
комсомоль және т.б.) құжаттарының негізгі түрлері;  
7) мерзімді басылым және публицистика, үндеулер мен жолдаулар;  
8) мемуарлар;  
9) халықаралық келісімшарттар және дипломатикалық хаттар. 
М.Н.  Черноморский  кітаптың  кіріспесінде  деректанудың  бірқатар  жалпы 
теориялық  сұрақтарын  қояды,  олардың  кеңес  қоғамы  тарихы  деректануына 
қатысты  ерекшеліктерін  анықтайды,  кеңес  кезеңіндегі  деректанудың  дамуына 
үлес қосқан, өзінің алдындағылардың еңбектерін атап өтеді. 
1967 жылы жарияланған М.А. Варшавчиктіңкітабы Кеңес Одағы Коммунистік 
партиясы  тарихының  деректануына  арналған.  Автор  өз  шығармасын  тарихи-
партиялық  деректануға  кіріспе  ретінде  қарастырады.  КОКП-ның  тарихын 
зерттейтін көптеген деректерді ол келесі топтарға бөледі: 
1) ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың – К. Маркс, Ф. Энгельс және 
В.И. Лениннің шығармалары;  
2) партиялық органдар мен партиялық ұйымдардың құжаттары; 
3)  кеңес  мемлекеттік  органдарының  және  еңбекшілердің  қоғамдық 
ұйымдарының құжаттары;  
4) Коммунистік партия және Кеңес мемлекеті қайраткерлерінің шығармалары;  
5) партиялық және кеңестік басылымдар (мерзімді және мерзімді емес);  
6)революциялық  қозғалыс  және  социалистік  құрылыс  қатысушыларының 
естеліктері;  
7) халықаралық жұмысшылар және коммунистік қозғалыстар материалдары; 
8) нақты әлеуметтік зерттеу мәліметтері;  
9) кино- фото- фоно- құжаттар;  
10) 
билік 
органдары, 
ұйымдары 
және 
т.б. 
материалдары. 
(Қа-
раңыз:М.А.Варшавчик.Предмет и задачи источниковедения истории КПСС. М., 
1967.).  М.А.  Варшавчиктің  кітабы  жарыққа  шыққанға  дейін,  «КОКП 
тарихының  сұрақтары»  журналының  беттеріндеоның  «КОКП  тарихы 
деректануының  кейбір  сұрақтары  туралы»  мақаласы  жарық  көрді,  осы 
мақаланы талқылау деректанудың бірқатар түбегейлі сұрақтарын қоюға жағдай 
жасады (Қараңыз: «Вопросы истории КПСС», 1962, № 4, 5, 6;1963, №1,2, 3,5.). 
Кеңес  деректануының  дамуында  С.Н.  Валктың,  В.К.  Яцунскийдің.  Л.  В. 
Черепниннің,  олардың  шәкірттері  мен  ізін  қуушылардың  еңбектері  өте 
маңызды  болды.Мәскеу  тарих-мұрағат  институтының  қосалқы  тарихи  пәндер 
кафедрасының,  ММУ-нің  және  Киев  университетінің  ғылыми-зерттеу 
жұмысының нәтижелері көзге түсті. 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау