18
Қазақстанда тиындар (негізінен орта ғасырларға жататын) көне қалаларда,
обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (Отырар,Тараз,Иасы т.б.) жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы
Қазақстанды мекендеген халықтардың Орта Азия, алдыңғы Шығыс, Қытай,
Жерорта теңізі, Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы
анықталды.
Алматыда нумизматикалық зерттеу жұмыстарыАрхеологияинститутында
жүргізіледі. Қазіргі нумизматика тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша
қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп
қойып отыр.
Геральдика. Гербтердіңпайда болуын, ондағы символикалық белгілердің
мазмұнын
ашу-геральдика
деп
аталатын
арнайы
тарихи
пән
айналысады.«Геральдика» термині латынның «heraldus»яғни жаршы деген
сөзінен шыққан. ОртағасырлықЕуропакорольдерінің сарайында гербтердің
кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді
жасайтын арнайы адамдар – герольдтар деп аталды. Кейіннен олар
«Герольдия»атты мекемелерге біріктіріледі. Олар геральдиканың белгілері мен
бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап тарихи пән ретінде қалыптасты.
Сфрагистика(грек. мөр), немесе сигиллография (лат–мөр) Ресми құжаттар,
бәрімізге белгілі, мөрмен расталады. Әр замандағы, әр елдің ресми мекемелер
мөрлерінің түпнұсқасын, түрінің өзгеруэволюциясын, олардың бетіндегі
символикалық бедерін зерттейтін ғылымды сфрагистика деп атайды.
Қазақ тарихы үшінбұл ғылымның өзектілігі ерекше. Қазақ би-сұлтандарының,
ру ақсақалдары мен хандардың жеке басын растайтын жүзік түріндегі
мөрлерінің болғандығы белгілі. Өкініштісі тарихи деректің осы бір үлкен
бөлігін зерттеу кенжелеп қалғандығы белгілі. Зерттеуші И. Ерофееваның «Кіші
жүз хан-сұлтандары» деген кітабынан басқа зерттеуді көрген емеспіз.
Тарихи география тарихға жақын ғылымдардың бірі. Екі ғылымның зерттеу
әдістері бірі-бірін толықтырып отырады. Тарихи оқиғалар географиялық
кеңістіктен өткендіктен тарихшылар географияның көмегіне сүйенеді.
Бұл ғылымның да бірнеше салалары бар.Тарихи география тарих пен география
ғылымдарының түйіскен жерінде пайда болған ғылым.Оның бірнеше салалас
бөлімдері бар. Олар мыналар:
1.Тарихи физикалық география (тарихи жертану) – ландшафттың өзгеруін
зерттейтін ең консервативті саласы.
2.Тарихи
саяси
география
–әлемнің
саяси
картасын,мемлекеттік
құрылымдарды, жаугершілік жорықтардың маршруттарын зерттейтін саласы.
3.Тұрғындардың тарихи географиясы –әр ел тұрғындарының этнографиялық
және географиялық ерекшеліктерін зерттейтін саласы.
4.Тарихи әлеуметтік география – қоғамдағы қарым-қатынастар және әлеуметтік
топтардағы өзгерістерді зерттейтін саласы.
5.Тарихи-мәдени география–рухани және материалдық мәдениетті зерттейтін
саласы.
19
6.Қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастарды зерттейтін саласы.
7.Тарихи экономикалық география – өндірістің дамуын зерттейтін саласы.
8.Тарихи-географиялық елтану.
Ғалымдардың есебі бойынша деректанудың айналасында алпыстан аса өзінің
жеке дара пәні бар ғылым салалары қалыптасқан. Олар жөнінде
деректанупәнінің жеке тақырыптарын ашқанда сөз болады.
Әдебиет
Г.А. Леонтьева, П.А. Шорин, В.Б. Кобрин. Вспомогательные исторические
дисциплины. – М., 1984.
Парфенов И.Д. Основы исторической библиографии. – М., 1990.
Грицкевич В.П., Каун С.Б., Ходин С.Н. Теория и историяисточниковедения.
Учебное пособие. Минск. 2000.
Данылевский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О.М.,Румянцева М.Ф.
Источниковедение: Теория. История. Метод. Источник российской истории.
Учебное пособие. РГГУ. – М., 1998.
3. ДЕРЕКТАНУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспар
1. Деректанудың ғылымға дейінгі кезеңі.
2.Рационалистік кезеңі.
3.Романтикалық кезеңі.
4.Позитивті кезеңі.
5.Марксистік кезеңі.
1.Деректанудың ғылымға дейінгі кезеңі
Деректанудың дамуы ұзақ және күрделі болды. Антикалық тарихшылардың өзі
барлық деректерге толық сенуге болмайтын түсінген еді. Ғылымға дейінгі
практикалық деректанудың элементтері ХV-ХVІ ғғ. қалыптаса бастады. Олар
мәтінге қатысты, діни-публицистикалық және саяси пікірталастарда,
жылнамаларды, актілерді құрастыру және бұйрық құжаттарын жүргізу кезінде
біліне бастады. Деректерге сын тұрғысынан қараудың элементтерін
20
Геродоттан, Ливийден, Полибийден, Тациттан және басқалардан көруге
болады.
Деректерге сын тұрғысынан қарау итальян гуманисі Лоренцо Валлаға(1407–
1457) тарих және филология мәліметтері негізінде, рим папасына Рим
империясының батыс бөлігіне зайырлы билік жүргізуге мүмкіндік берген
«Константин сыйының» жалған екендігін, ол ІV ғасырда емес, одан 400 жылдан
кейін папа кеңсесінде құрастырылғанын бұлтартпай дәлелдеуге көмектесті. Бұл
құпияны ашу папа кеңесінің зайырлы билікке ұмтылуының заңды тірегін
жойды және католик шіркеуінің жаулап алуына қарсы күреске дем берді.
Деректанулық ой мен әдістеменің дамуындағы жаңа кезеңХVІІІ ғасырда
баталды.Нақты-тарихи зерттеулер процесіндедеректер жәнедеректермен жұмыс
жасау әдістері туралы алғашқы теориялық түсініктер қалыптасты. Одан кейінгі
уақытта олар жетілдіріліп, жүйеленді және ХХ ғасырдың басында жеке
статусқа ие болды. Тарих әдіснамасы өз дамуында рационалистік (XVIII
ғ.),романтикалық (XIX ғ. бірінші жартысы), позитивті (XIX ғ. екінші
жартысы), мәдениеттанулық (XX ғ. басы), марксистік, таптық-
фармациялық (кеңес кезеңі: 20-шы 80-шы жылдар) жәнепосткеңестік,
өркениеттік-мәдениеттанулық(90-шы жылдар) кезеңдерден өтті.
2.Рационалистік кезеңі
XVIII ғасырда ресейлік тарих ғылымының негізі салынды. Оның қалыптасуы
мен дамуында В.Н. Татищев, И.Н. Болтин, М.В. Ломоносов, А. Шлецер және Г.
Миллер үлкен рөл атқарды. Олардың зерттеу әдіснамасының негізі ойлаудың
рационалистік стилі болды.
Рационализм ақыл-ой мен оны нақтылы көрсететін мемлеке-тті тарихтың
басты қозғаушы күші деп есептеді. Мемлекет тарихи зерттеулердің басты пәні
болды. Осы уақыттағы тарих ғылымына жылнама мәтіндері мен актілік
материалдарды жете зерттеу тән болды. Құжаттарды практикалық өңдеу
барысында тарихшылар әдіснамалық және әдістемелік тәжірибе жинақтады.
Бұл тарихшыларға тарихи деректерге ғылыми сынның қажеттігін көрсетті.
Осы қағиданы алғашВ.Н.Татищев жасады.Кейін тарихшылардың қызметіндегі
бұл сыни бағыт тарихи сын деп атала бастады. Оның мақсаты – деректер
баяндайтын фактілердің нақтылығын анықтау. XVIII ғасырда деректен
негізінен мәтіндікөрді. Сондықтан бұл кезеңде деректанулық анализ тарихи
филологиялық (мәтіндік-логикалық) сын сипатында болды. Ол ақыл-ой және
парасат тұрғысынан жүзеге асырылды. Оны әдіснамалық негіздеуге И.Н.
Болтин және А.Шлецер көп үлес қосты. Шлецер деректанулық анализде
төменгі сынды (сөздерді сынау) және жоғарғы сынды(істі сынау) бөлді.
Тарихи-сыни әдісХІХ ғасырдың бірінші жартысында Н.М.Карамзиннің,
П.М.Строевтың, М.П.Погодинның және басқа бірқатар тарихшылардың
нақты-тарихи еңбектеріндепрактикалық түрде дамыды. Тарихи деректанулық
сынның тәжірибелік тәсілдерін жасаумен қатар деректанулық әдіснама
жетілдірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |